Материалдар / Электр заряды, зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы, зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісі, біртекті және біртекті ем
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Электр заряды, зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы, зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісі, біртекті және біртекті ем

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарыЭлектр заряды, зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы, зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісі, біртекті және біртекті емес электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, электр өрісінің суперпозиция принципі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2021
1001
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3 Бөлім.Электр және магнетизм



Күні: 02.12.21

Мұғалімнің аты-жөні: Утегенова Ә.А


Топ: 13

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Электр заряды, зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы, зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісі, біртекті және біртекті емес электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, электр өрісінің суперпозиция принципі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану


Сабақтың мақсаты

1. Нүктелік заряд ұғымын, зарядтардың өзара әсерлесу күші Кулон заңының физикалық мағынасын тұжырымдап электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын қолданып есептерді шешу

2. Зарядттың беттік және көлемдік тығыздығын сипаттай отырып зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңына есептер шығару

3. Кулон заңы және электр зарядының сақталу заңына байланысты деңгейлік есептерді шығару


Бағалау критерийі

1. Нүктелік заряд ұғымын, зарядтардың өзара әсерлесу күші Кулон заңының физикалық мағынасын тұжырымдап электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын қолданып топтық есептерді шығарады

2. Зарядттың беттік және көлемдік тығыздық формулаларын қолданып зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңына жұптық есептерді шығарады.

3. Кулон заңы және электр зарядының сақталу заңдар ұғымын пайдаланып, деңгейлік есептерді шығару



Тілдік мақсаттар


Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Нүктелік заряд

Точечный заряд

Point charge

Сақталу заңы

Закон сохранения

Conservation law

Көлемдік тығыздық

Объемная плотность

Bulk density



Құндылықтарға баулу





Индустрияландыру мен инновацияларға негіздеоген экономикалық өсу. Тұйық жүйедегі еңбек пен шығармашылықтың қосындысы өмір бойы білім беру сақталады



Пәнаралық байланыс

Есептер шығаруда, амал орындауда математика пәнінен білімдерін қолданады.



Алдыңғы білім



Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы



















Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Сәлемдесу

Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбері» (оқушылар бір-біріне тілек айтып, көңіл-күйін көтеріп,бауырмалдығын оятады)

Топтарға біріктіру: «Мозайка» әдісі негізінде жүргізіледі. Оқушылар карточкалар алып, жазылған мәлімет, жұмбақ бойынша топқа бірігеді.

Сынып 3 топқа бірігеді:

I Кулон заңы

II Нүктелік заряд

III Көлемік тығыздық


Үй тапсырмасын тексеру: «Миға шабуыл» әдісі

Мақсаты: Өткен тақырып бойынша оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету.


  1. Температура дегеніміз не?

  2. Жұғу, қылтүтіктік деп қандай құбылыстарды айтады?

  3. Термодинамиканың I заңын изопроцестерге қалай қолданамыз?

  4. Идеал газ күйінің негізгі теңдеуі қандай?

  5. Гигрометрдің және психрометрдің көмегімен қандай шаманы анықтай аламыз?

  6. Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi қандай?


Қалыптастырушы бағалау: Әр топ бір-бірін бағалайды

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл



Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi туралы түсіндіреді, тәжірибесі арқылы ғылыми көзқарасын қалыптастырады

1.Термодинамиканың негізі ұғымдарының анықтамаларын айтады

2. Физикалық шамалардың ХБЖ-да өлшем бірліктерін айтады

3. Негізгі теңдеулерді қалай қолданатынын айтады


1-3




4-7



8-10

Сабақтың мақсатын анықтау: Тапсырмамен дескрипторды сәйкестендіріп бағалай критерийін шығарамыз

Мозайка бөліктері болып табылатын карточкалар жиынтығы

Сабақтың ортасы











23 мин

I.Жаңа материалды зерттеу. Ақпаратпен жұмыс.

Ойлау деңгейі - білу және түсіну, талдау, қолдану.

Белсенді оқу әдісі - «Өрмекші» әдісі.

Берілген есепті топ ішінде орындап, жаңа материалды пысықтап, түйінді ойларды өрмекші ішіне жазып постерді қорғайды. Өрмекшінің басына есептің тапсырмасын жазады, денесіне керек формуласын, аяқтарына өлшем бірліктерін ХБЖ-ге айландырып, шешімдерін жазады.

Мақсаты: Жұмыстары туралы талқылап, идеасымен бөлісіп, ынтымақтастығын арттырады.

Жұмыс формасы- топтық, топпен бірігіп тапсырманы орындайды. Әр топ есептерін жүйелі кезең бойынша шығарып, әр кезеңін әрбір оқушы айтып қорғайды.

Дағдыларын дамыту –оқылым, жазылымйтылым.

Саралау: диалог және қолдау көрсету

Бағалауды ұйымдастыру формасы: өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы.


Тапсырма №1.1

1 топ – Қандай құбылысты электрлену деп атайды?

2 топ – Диэлектриктерді қандай әдіспен электрлейді?

3 топ – Зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңына тұжырымдама беріңдер


Тапсырма №1.2.

1-есеп. Бір-бірінен 5 см арақашықтықта орналасқан 10 нКл және 15 нКл нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күшін анықтаңдар.

2-есеп. Бір-бірінен 5 см арақашықтықта орналасқан бірдей екі нүктелік заряд 0,4 мН күшпен өзара әрекеттеседі. Осы зарядты анықтаңдар.

3-есеп. Бірі оң 15 мкКл зарядпен зарядталған, екіншісі -25 мкКл теріс зарядталған екі бірдей шарды жанастырады және қайта 10 см арақашықтыққа алшақтатады. Әр шардың зарядын және олардың жанасқаннан кейінгі өзара әркеттесу күштерін анықтаңдар.


Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

1.Нүктелік заряд ұғымын, зарядтардың өзара әсерлесу күші Кулон заңының физикалық мағынасын тұжырымдап электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңдарын есеп шығаруда қолданады


- Нүктелік заряд ұғымын, зарядтардың өзара әсерлесу күші Кулон заңының физикалық мағынасын тұжырымдайды

- Кулон заңының формуласын жазыды

- Кулон заңының формуласын түрлендіріп, зарядты анықтау формуласын жазады

- Нүктелік зарядты қосатын түзу бойымен әсер ететін кулондық күшті анықтайды





1-3


4-7


8-10


Кері байланыс: Тапсырманы орындау барысында нені білдің?

Қандай қиындықтар туындады?

Нені білгің келді?

Оқушының қиындық туғызған сұрақтарын мұғаліммен бірге талқылайды


II. Жаңа материалды меңгеру.

Ойлау деңгейі - білу және түсіну, қолдану, талдау.

Белсенді оқу әдісі - «Ойлан, Жұптас, Бөліс».

Мақсаты: Оқушылар тапсырманы өз бетінше қарастырып, жұптасып шешімін табады, тәжірибесімен бөліседі. Оқушылардың есте сақтау қабілеті (мұқият тыңдалым) сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады.

Жұмыс формасы - жұптық.

Дағдыларын дамыту –оқылым, жазылым, айтылым.

Саралауқорытынды

Бағалауды ұйымдастыру формасы: өзін-өзі бағалау, өзара бағалау

Тапсырма №2.

1-есеп

Ұзындығы 1м жіптің ұштарына ілінген массалары бірдей екі кішкене шарға 9· Кл заряд берілді. Олардың ауытқу бұрышы . Шарлардың массаларын анықтаңдар.


2-есеп

Зарядының беттік тығыздығы 16,7 мкКл/ шексіз жаөықтыққа жақын орналасқан нүкетедегі электр өрісінің көлемдік тығыздығын табыңыз. Ортаның диэлектрлік өтімділігі Е=2.


3-есеп

Жіпте массасы 20г зарядталған шар ілулі тұр. Шардың салмағы екі есе азаюы үшін шардан 5 см арақашықтықтақандай зарядын орналастыру қажет? Шардың заряды Кл


Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

2.Зарядттың беттік және көлемдік тығыздық формулаларын қолданып зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңына есептерді шығарады.


-есептің шартын дұрыс жазады

-ХбЖ-не келтіреді

- Зарядттың беттік және көлемдік тығыздық формулаларын түрлендіріп массаны анықтайды

-Электр өрісінің көлемдік тығыздығын анықтайды

-Салмақ пен заряд арасындағы байланысты анықтайды.

1-3



4-7




8-10


Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі бойынша жүзеге асырылады.











III

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!