Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
15 ҚАРАША
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ
арналған дайын материалдар
«Электрден зақымданудан алдын – алу жолдары»
Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1060
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Электрден зақымданудан алдын – алу жолдары»
Сабақтың мақсаты: Студенттерге электрден зақымдану алдын - алу туралы, өндірістегі маңыздылығын түсіндіру. Электрден зақымдану себептері мен сақтануы туралы игерілген білімдерін бекіту, нақтылау.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, ток көзінің ішкі кедергі болатындығы және кедергі артқанда ток азаятындығын дамыту. Тәрбиелік: Электр тогының адам денесіне әсері және адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау , тұрмыста ток соққанда алғашқы көмек көрсете алуға тәрбиелеу, достық адамгершілік қасиеттерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекі құралдары: слайд, карточка, тест карта,макет.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Физика, математика , сызу.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- студенттеррды сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру.
I кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. Электрден зақымдану себептері
2. Электрден зақымданудан сақтану
3. Электр тогы соққан кезде алfашқы көмек көрсету тәртібi ЭЛЕКТРДЕН ЗАҚЫМДАНУ СЕБЕПТЕРІ
Адамның организмі арқылы күші 0,1 А тоқ өтетін болса, ол адам өмірі үшін қатерлі деп саналады.Дені сау адамның организмінің электр кедергісі ондаған мың Ом-ға тең.Оның нақты мөлшері адамның денсаулығы мен күш-қуатына байланысты. Ерекше бір қолайсыз жағдайларда адам организмінің электр кедергісі небары 400-1000 ом мөлшерінде ғана болады. Ом заңының формуласын пайдалана отырып есептегенде 40 В кернеудің өзі адам өміріне қатерлі екендігін аңғару қиын емес.Адамдарды тоқ соғу көбінесе мына жағдайлардың салдарынан болады: а) тоқ келтіретін бөліктерге, жалаңаштанған проводтарға жанасудан, электр машиналарының, рубильниктердің лампылы патрондардың, сақтандырғыштардың, сондай-ақ кернеу жағдайында тұратын приборлар мен аппараттардың контактілеріне жанасудан;б) электр қондырғының қалыпты жағдайда кернеуде болмайтын, бірақ изоляциясы бүлінуі салдарынан кернеу жағдайында тұрған бөліктеріне жанасудан; в) электр қондырғысының бөлігі болып саналмайтын, бірақ қандайда бір жағдаймен тоқ өткізіп, кернеу жағдайында тұрған бөліктеріне, мысалы қондырғы орналасқан үйдің дымқыл қабырғаларына, металл конструкцияларына жанасудан;г)электр сетінің үзілген проводының жерде жатқан ұшына жақын барудан.Электр тоғы соғудың қаупі адам тікелей жерді басып тұрғанда тоқ жүретін проводтардың біреуімен немесе тоқ жүретін басқа бір бөлігімен жанасқан кезде туады. Сондай-ақ бір мезгілде проводтарды біріне және дымқос қабырғаға немесе жермен қосылған металл конструкцияға жанасу да қауіпті.Әсіресе адамның кернеу түсіп тұрғанда тоқ жүріп тұрған 2 проводқа бір мезгілде жанасуы өте қауіпті. Сурет-2. Қорғауыш жабдықтар: а) резеңке қолғап; б) резеңке боты; в) резеңке галоштер; г) изоляциялық тақтай төсеніш; д) изоляциялық төсеніш және кілемше Адам организмінен электр тогы өткенде ең бірінші орталық нерв жүйесі бүлінеді, осының нәтижесінде жүрек бұлшық еті жұмысы және демалу органдары бүлінеді. Бүліну дәрижесі токтыің күші және жиілігі адам организмінен токтың жүру жолы. Адам организміне 50-60 Гц ток әсер етеді. Ток күшінің параметріне келетін болсақ бірнеше миллампер әсер етеді. 25 мА (0,025 А) тоғы ұрғанда бұлшық еттер қарсып қалады да, адам тогы бар сымның ажырау үшін саусақтарын қимылдата аламайды. 100 мА (0,1 А) тогы ұрса, жүректің және демалу органдарының параличі болады. Техника-қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес қауіпті ток 50 мА (0,5 А) шамасында қабылданды. Адамның терісінің беті белгілі электрлік кедергісіне ие. Бұл кедергі әр түрлі себептерге байланысты (тері ылғалдылығы, тер капилярының кеңеюі) және 800-ден — 100000 Ом-ға дейін болады. Алкоголь пайдаланған кезде кедергі күрт төмендейді. Егер адамның кедергісін 1000 Ом-ға тең деп алсақ, онда кернеуі U=IRадам = 0,05 · 1000 = 50 В-ға тең, ток қәуіпті деп есептелінеді. Бұл кезде энергия көзі Р = V · I = 50 · 0,05 = 2,5 Вт-қа тең қуат беру керек. Егер энергия қуаты осы саннан төмен болса, онда жоғары кернеу адам организміне зиян келтірмейді, Бірақ жағымсыз жағдай болады.
ЭЛЕКТРДЕН ЗАҚЫМДАНУДАН САҚТАНУ Электрден зақымданудан сақтану үшін қорғауыш жабдықтар: резеңке қолғап, резеңке боты, резеңке кілемше, қорғауыш штангілер қолданылады. Электр монтаждау жұмыстарын орындауда қолданылатын металл аспаптарын саптарына резеңке түтік кигізіледі.Сондай-ақ электр тоғы соғу қауіпін қажетті жерлерде ұдайы ескертіп отыру үшін: «Кірме — өміріңіе қауіпті », «Қоспаңдар — адамдар жұмыс істеп жатыр », деген және т.б. жазуы бар плакаттар іліп қойылады. Эдетте ондай плакаттар қондырғысы орналасқан бөлмелердің қабырғаларымен есіктеріне, электр қалқандары мен рубильниктер үстеріне, электр тоғы жүретін линиялардың тіреулеріне т.б. ілінеді. Электр қондырғыларын монтаждау және жөндеу жұмыстары бірқатар талаптарға сәйкес жүргізіледі:а) барлық электр қондырғылары, олардың тоқ жүретін бөліктеріне адам кездей соқ тиіп кетпейтінде етіліп, монтаждалған болуы керек: проводтары мен кабельдер мұқият изоляцияланған болуға, тоқ жүретін басқа бөліктері құндақтар, жәшіктер, шкафтар түрінде жасалған қорғауыш болуға тиіс; б)электр жабдықтарының тоқ жүруге арналмаған, металл бөліктері жерлестірілу қажет, яғни мыс проводтар арқылы жермен қосылған болуы керек, бұл сақтық тоқ жүрмейтін бөліктерде кенеттен кернеу пайда болған жағдайда оларға жанасқан адамдарды тоқ соғу қаупінен сақтап қалу үшін қажет, мұндай жермен қосылатын проводтардың кедергісі 4 Ом-нан артпау керек; в) электр тоғы соғу қаупінен аулақ болу үшін кернеу түсіп тұрған электр қондырғыларында монтаждау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді..
ЭЛЕКТР ТОГЫ СОҚҚАН КЕЗДЕ АЛFАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ ТӘРТІБIЕгер ток соккан адам eciнeн танып қалса, немесе өлiмшi халге жетсе, жедел дәрiгер шақыру керек те, бiрден қолдан дем алдыруға кipicy керек. Зақым шеккен адамның дем алуы қалпына келген соң, дәрiгер келгенше, оны жылы орап тастау керек, өйткенi дененiң мұздауы бұл жағдайда зиянды.Ток cоққaн адам көп жағдайларда ток әсepiнeн өз бетiнше арылып шыға алмайды, өйткенi ток әсepiнeн адамның сiңiрлерi тартылып қалады. Ток соққан адамға мұндай жағдайда көмек көрсету үшiн электр қондыргысын немесе оның тиiстi бөлiгiн ток көзiнен дереу айыру керек. Eгeр бұлай ету мүмкін болмаса (рубильник қашық орналасқан болып, оған жету қауiптi болған жағдайларда),онда ток соққан адамды тоғы бар Проводтан мына тәсiлдердiң бiрін қолданып ажыратып алу керек:аякка резеңке галош, қолға резеңке қолғап киiп немесе қолды құрға" шүберекпен мұқият орап алып, кернеуге ұшыраған адамды тартып, тоғы бар проводтана ажыратып алу керек;ток cоккан адамды оның киiмiнiн құрғaқ жерiнен ұстап тартып, тоғы бар проводтан ажыратып алу керек;құрғақ тақтайдың үстiнде тұрып немесе тақтайды ток соққан адамньың астына қарай сырғытып, кұлап жатқан адамды тоғы бар проводтан ажыратып алу керек;ағаш сабы бар балтамен электр желiсi проводтарын жеке-жеке шауып (кернеу 250 В-тен артпаса) бөлiп тастау керек.6-сурет Үш сымды 7-сурет. Адам денесі және үш фазалы желідегі оқшаулатқыш кедергісін паралельді таратылу сымы жалғау Электр торабындағы сымдардың оқшаулану кедергісі шектелінген сызықтың, сымдардың арасында тоқ болады. Ол жер арқылы тұйықталып жатады. Егер жерде тұрған адам желі сымның бір ұшына тиіп кетсе, адам өміріне қауіп төнеді. Себебі шығып жатқан тоқ адамның денесінен өтеді. Ал қуатты энергия жүйесіндегі шығып жатқан тоқ 50 мА- ден жоғары болады .Шығып жатқан тоқ Rоқш»Rадам болғандықтан шығып жатқан тоқ параллель түтіндер Rадам және Rоқш бойымен тарайды .Адам денесінен шығып жатқан тоқтың өтуі оқшаулама бүлінген. Шығып жатқан токтың адам денесінен өтуі оқшаулама үзілген жерге машинаның металл бөліктерінің жанасуы.Осы жағдайда қәуіпсіздікті қаматамасыз ету үшін металл бөліктерді қорғаныстық жермен қосу жасалады. Жермен қосу болат құбыр, бұрыштар көмегімен жерге қажетті тереңдікте жасалады. Сурет-8. Үш сымды желідегі жерлестіру қорғаныс сызбасы Сурет-9. Адам денесімен жерлестіргіш арасындағы токтың бөлінуі Сурет-10. Үш өткізгіш сымды желінің қорғаныстық жерге қосу сызбасы. Сурет-11. Адам денесі және жерлестіргіш арасындағы таратылу тогының бөлінуі.
ІІІ. Кезең.Өткен тақырыптарды қайталау« Жалпы электротехника және электроника негіздері » — пәні екі бөлімнен тұрады:
- Жалпы электротехника
- Электроника негіздері
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)