Материалдар / Электрлік тоқпен зақымдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Электрлік тоқпен зақымдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек қорғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2021
207
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Электрлік тоқпен зақымдану
Жоспар:
1) Қорғаныс шараларының жіктелімі.
2) Электр тогымен зақымданудан қорғанудың негізгі техникалық құралдары.
1 Қорғаныс шараларының жіктелімі. Қорғаныс түрлері
Электр қондырғыларға қызмет көрсеткенде және жұмысының
тұрақтылығы кезінде, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электр
қондырғыларға қызмет етуде техникалық ережелерді дәл сақтау және электр
жарақаттарынан қорғану бойынша іс-шараларды өткізу керек.
Қорғаныс құралдары ток жүретін бөліктермен адам денесі арқылы
өтетін токты азайту үшін немесе керек кезінде жұмыстағы кернеуде болғанда
істеуге арналған. Бұл азайуға екі тәсілдің біреуімен жетуге болады: жанасу
кернеуі қауіпсіз мәнге дейін азаяды немесе нөлге тең болады.
2 Электр тогымен зақымданудан қорғанудың техникалық құралдары
Қазіргі кезде келесі құралдар өте кеңінен тараған: қорғағыш жерлендіру;
нөлдеу; қорғағыш ажырату; желілерді бөліп қорғау; аз кернеуді қолдану;
оқшаулағышты қолдану; кездейсоқ жанасудан қорғау; оқшаулайтын қорғағыш
құралдар.
Электр қондырғыларды пайдалану кезінде сол немесе басқа техникалық
құралдардың нақты түрін пайдалану керектігі электр қондырғылардың
құрылымдарының
ережелерінде
және
тұтынушылардың
электр
қондырғыларын пайдалану ережелерінде көрсетілген.
2.1 Қорғағыш жерлендіру-бұл кернеуде болып қалуы мүмкін ток
жүрмейтін металл бөліктерді жермен әдейілеп қосу
Ол электр қондырғының корпусқа түйісу салдарынан кернеуде болып
қалатын корпусқа және басқада металл ток жүрмейтін бөліктерге жанасу
жағдайында электр тогынан қорғайды. Электр машиналарының және
трансформаторлардың, аппараттардың және басқару шкафтардың,
шамшырақтардың, каркастардың, бөлгіш щиттердің корпустары, кабель
құрастырмалар және қосқыш муфталар, трубалар, электр сымдар және т.б.
жерлендіруге жатады. Қорғағыш жерлендірудің мағынасы барлық осы металл
құрастырмалар адам денесінің кедергісінен бірнеше есе аз кедергі арқылы
жермен қосылады да, токтың негізгі бөлігі жер арқылы өтіп, ал жанасу кернеуі
қауіпсіз мәнге дейін төмендейді.
Егерде корпус жерленген болса, онда адам денесі және жерлендіргіш
жалпы ток үшін I0 жерге тогыстырылған Rч және Rз кедергілі тармақтар

параллель қосылған болады (4.1,б суретті қара). Оқшаулағыштың белсенді
кедергісімен жалпы ток I0 толық анықталады. Ол, олардың кедергілеріне кері
пропорционал екі параллель тармақтар бойынша таралады, 4.2 - суретте
көрініп тұрғандай, жерлендіргіш құрылғы үш элементтен жерлендіргіштен,
жерлендіргіш магистралдан және жерлендіргіш сымдардан тұрады.

а – жанасу сызбасы; б – эквивалентті сызба.
өткізгіштер.
4.1 сурет - Қорғағыш жерлендіру

1 –жерлендіргіштер;
2 жерлендіру магистралы;
3

жерлендіргіш
4.2 сурет - Жерлендіргіш құрылғы

Жерлендіру ток жүрмейтін бөліктердің жерлендіргіштермен
жерлендіргіш өткізгіштер көмегімен іске асады. Жерлендіргіштің және
жерлендіргіш сымдардың жиынтығы жерлендіргіш құрылғы деп
аталады. Жерлендіргіштер табиғи және жасанды болады.
Табиғи жерлендіргіштер ретінде мыналар пайдаланылады:
-жерге жүргізілген, жануға және жарылуға қауіптілерден басқа, су құбырлары
мен әр түрлі сұйықтықтар мен газдардың металл трубалары;

-ғимараттар мен үйлердің жермен жанасып жатқан темір-бетон
құрастырмалары;
-жермен жүргізілген кабельдердің қорғасын қабыршақтары;
-электрленбеген темір жол магистральдарының рельс жолдары, дәліз жолдары
және т.б.
Жасанды жерлендіргіштер үшін әдетте тік және жазық электродтар
қолданылады. Тік электродтар (жерлендіргіштер) ретінде болат трубалар және
шыбықтар, сонымен бірге ұзындығы 2,5...3м кем емес бұрышты болат
пайдаланылады. Жерге енгізілген тік электродтардың жоғарғы ұштарын болат
жолақтармен пісіргіштің көмегімен қосады: жерлендіргіш контур деп
аталатын контур пайда болады. Жасанды жерлендіргіштер үшін
қолданылатын болат трубалардың диаметрі 25-60 мм, ұзындығы 2,5-3,0 м,
қабырғаларының ең аз қалыңдығы 3,5мм болуы керек, 1000В дейінгі
кернеудегі оқшауланған және жерленген бейтарапты ауыспалы токты электр
қондырғыларда жерлендіргіш құрылғының кедергісі 4 Ом аспауы керек,
1000В жоғары кернеулі оқшауланған бейтарапты желістерде жерлендіргіш
құрылғының кедергісі 10 Ом аспауы керек, 1000В жоғары кернеулі және
жерленген бейтарапты желістерде жерлендіргіш құрылғының кедергісі 0,5 Ом
аспауы керек.
Өндірістік бөлмелерде екі немесе одан да тармақты жерлендіргіш
өткізгіштер жерлендіру магистралын құрайды. Жерлендіру магистралына
жерлендіргіш жабдықты қосу жеке сымдармен жүргізіледі. Жерлендірілетін
корпустарды тізбектей қосу рұқсат етілмейді (4.3 суретті қара).

а – дұрыс;
б – дұрыс емес.
4.3 сурет - Жерлендіру магистралына жерлендіретін жабдықты қосу
2.2 Нөлдеу
Жерленген бейтарапты желістерде қорғағыш жерге қосу жерге
тұйықталу кезінде жанасу кернеуінің тиімді төмендеуін қамтамасыз ете
алмайды.
Сол себепті, апат қаупін қауіпті кернеудің жанасуының – токтың өту
уақытының болу ұзақтығын қысқарту жолымен төмендетеді. Осы мақсатта
нөлдеуді орналастырады – кернеуде болып қалуы мүмкін нөлдік қорғағыш
өткізгіш металл ток жүрмейтін бөліктермен әдейі электрлік қосу (5 суретті
қара). Нөлдік қорғағыш өткізгіш ток көзінің орамасының (қоректендіретін
трансформатор) тұйық жерлендірілген бейтарап нүктесімен нөлденетін
бөлікті жалғастырады. Мұндай жүйеде корпусқа тұйықталу тогы негізінен
фаза тізбегі – нөл («түйін» фаза нөл): трансформатор орамасы – фазалық сым
– нөлдік сым – трансформатор бейтарабы (Н нүктесі) деп аталатын жүйе

бойынша өтеді. Қанша дегенмен бұл тізбекте кедергі аз, корпусқа тұйықталу
ең жоғарғы қорғаныстың іске қосылуын және желіден зақымданған электр
қондырғының тез автоматты түрде ажыратылуын тудыратын бір фазалы қысқа
тұйықталуға айналады.
Ең жоғарғы токтан қорғану ретінде балқығыш сақтандырғыштар,
магниттік қосқыштар және жылулық релелі контакторлар, сонымен бірге
жылулық элементі бар электромагниттік немесе қосарланған расцепительді
(кескішті) автоматты қосқыштар қолданылады.
2.3 Аз кернеуді пайдалану
Бұл терминмен, электр тогымен зақымдану қаупін азайту үшін
қолданылатын 42 В кем емес нақты көрсетілген кернеу анықталады.
Электрленген қол аспап пен алып жүретін шамдарды қоректендіру үшін аз
кернеулер пайдаланылады, себебі адам онымен жұмыс істегенде ұзақ уақыт
осы жабдықтың корпусымен байланыста болады және оқшаулағышы
зақымданған жағдайда электр тогымен зақымданудың жоғарғы қаупіне
ұшырайды. Өндірістік жағдайда 12 и 36 (42) В аз кернеулерді пайдалану
қарастырылған. Мысалы, 12 В кернеу және адам денесінің кедергісі 4кОм
кезінде ол арқылы өтетін ток 12:4=3 мА аспайды, бастапқы жібермейтін
токтан біршама төмен.
Өте
қауіпті
жұмыс
жағдайында (қараңғылық,
ылғалдылық,
жерлендірілген металл құрастырмалармен жанасу мүмкіндігі) өте қауіпті
бөлмелерде (металл сыйымдылықтарда, кабель құдығында, ток өткізетін
еденде отырып немесе жатып жұмыс істегенде және т.б.) алып жүретін қол
шамдарын 12 В аспайтын кернеумен қоректендіруі керек.
2.4 Оқшаулау
Электрлік оқшаулау кернеуде дұрыс тұрмаған жеке сымдардың өзара
немесе металл бөліктермен (жабдықтардың корпустары, «жер») түйісуін
болдырмау үшін арналған. Оқшаулаудың бұзылуы («тесілу») электр
жабдықтың апатына алып келеді және адамдарға төтенше қауіп туғызады.
Оқшаулағыштың дұрыстығы – бұл электр қондырғылардағы қауіпсіз
жұмыстың негізгі жағдайы.
2.5 Кездейсоқ жанасудан қорғау
Ток жүретін бөліктерге кездейсоқ жанасуды болдырмауда, оларды
биікте орналастырады немесе қоршауларды, бөгеттерді, дабылдарды
қолданады. Ток жүретін бөліктерді оқшаулау және қоршау мүмкін болмаған
жағдайда немесе тиімді болмаса оларды қауіпсіз биіктікте орналастырады.
Ғимараттардан тыс аспандағы желілерде жалаң сымдар қолданылады, 1000В
дейінгі кернеудегі желі үшін биіктігі 6 м кем емес, 110 кВ дейін – 7 м және 110

кВ жоғары желі үшін – 8 м. Егерде ЖЖ елсіз жерден немесе адамдарға
жетпейтін жерде өтсе, іліну биіктігі кішірейтілуі мүмкін. Өндірістік үйлердің
ішінде қоршалмаған ток жүретін бөліктер (тролдар, байланыс желілер)
еденнен 3,5 м биіктіктен кем емес биікте төселеді. Білікті маманға рұқсат
етілген электротехникалық бөлмелерде, кернеуге байланысты ең аз іліну
биіктігі 2,5 м ден 3,4 м дейін болады.
Бақылау сұрақтары.
1. Табиғи жерлендіру бұл ....?
2. Жасанды жерлендіру бұл ....?
3. Жасанды жерлендіруде қолданылатын тік электродтардың ұзындығы?
4. Жасанды жерлендіруде қолданылатын болат трубалардың диаметрі?
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!