Физика пәнінен жылдық
қорытынды тест. 11 - сынып
● Электродинамика. Тербелмелі қозғалыс
1. Механикалық тербелістердегі m масса электромагниттік
тербелістердегі қандай шамаға ұқсас?
А. ток күшіне
В. жылдамдыққа
С. индуктивтілікке
Д. зарядқа
2. Контурдағы, ток күшінің тербелістері фаза бойынша заряд
тербелістерінен қанша шаға өзгереді?
А. π/2 - ге кемиді
В. π/4 - ке кемиді
С. π/4 - ке озады
Д. π/2 - ге озады
3. Тербелмелі контурдан, энергия көзіне және процестерден тұратын
құрылғы?
А. троизисторлы генеротор
В. троизистор
С. генеротор
Д. трансформатор
4. Тұйық контурды тесіп өтетін магнит ағыны өзгерсе, онда Е=-∆Ф/∆t
индукциялық эқк - і өндіріледі. Бұл қандай құбылыс?
А. өздік индукция құбылысы
В. электромагниттік индукция құбылысы
С. фотоэффект құбылысы
Д. интерференция құбылысы
5. Активті, индуктивтік және сыйымдылық кедергілер тізбектей
жалғанғанда байқалатын резонанс:
А. жиіліктер резонансы
В. кернеулер резонансы
С. меншікті жиіліктер резонансы
Д. кедергілер резонансы
6. Айнымалы токтың қуаты тек ток күшімен кернеуге ғана емес,
сонымен қатар олардың...
А. тербеліс фазаларының айырымына да тәуелді
В. тербеліс фазаларының қосындысына да тәуелді
С. тербеліс фазаларының көбейтіндісіне де тәуелді
Д. тербеліс фазаларының қатынасына да тәуелді
7. Кез - келген индукциялық генетатордың негізгі бөліктері:
А. ротор, статор, якорь
В. индуктор, якорь, статор
С. ротор, индуктор, якорь
Д. индуктор, якорь, щеткалар мен сақиналар
8. Трансформатор қандай құбылыстың негізінде жұмыс істейді?
А. өздік индукция құбылысы
В. электромагниттік индукция құбылысы
С. фотоэффект құбылысы
Д. интерференция құбылысы
9. Трансформатордың трансфармация коэффициенті екінші және бірінші
катушкалардың орам сандарының қатынасына тең мәнін көрсет:
А. n_2/n_1 =k
В. n_1/n_2 =k
С. n/n_1 =k
Д. n_2/n=k