Материалдар / Электролиз тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Электролиз тақырыбы бойынша тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Электролиз тақырыбы бойынша дайын тест тапсырмалары жауап кілтімен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2024
3784
7 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыптық тапсырмалар мен жаттығулар

1. Алюминий сульфатының ерітіндісін электролиздеп алюминийді алуға бола ма? Түсіндіріңдер.

2. Күміс нитратының AgNO3 ерітіндісінің электрондық теңдеуін құрастырыңдар. Электролиз аяқталған соң электролизерде қандай заттың ерітіндісі қалады?

3. Натрий хлоридінің ерітіндісін электролиздегенде, анодта көлемі 2,24 л (қ.ж.) хлор бөлініп шықты. Түзілген натрий гидроксидінің массасын есептеңдер.

Жауабы: 8 г.

4. Мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісін электролиздегенде, анодта көлемі 6,72 л (қ.ж.) оттек түзіледі. Катодта түзілген мыстың массасын есептеңдер.

Жауабы: 38,4 г.

5. Мырыш хлориді ерітіндісінің электролизі кезінде катодта 68,25 г мырыш, ал анод- та 28,22 л (қ.ж.) хлор бөлінді. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда хлордың шығымы 90% болса, мырыштың шығымы қандай?

Жауабы: 75%.

6. Күміс нитраты ерітіндісінің электролизі кезінде катодтың массасы 10,8 г-ға артты. Анодта қандай газ бөлінді, оның көлемі қандай?

Жауабы: Ѵ(О) = 0,56 л.


Тақырыптық тест тапсырмалары

1. Электролиз үрдісінде шығым 65% болса, 1т алюминий алу үшін жұмсалатын шикізаттың массасы

А) 5.6т В) 6.4т С) 6.7т D) 2.9т Е) 4.4т

2. Электролиз процесінде сулы ерітінділерде катиондары тотықсызданбайтын металдар қатары

A) Mn, Zn B) Ni, Sn C) Cu, Ag D) Cu, Hg E) Ca, Na

3. 30% қоспасы бар 34.5г мырыш сульфатының сулы ерітіндісін электролиздегенде катодтағы металдың массасы мен анодтағы газдың көлемі (қ.ж.):

А) 1.68л В) 3.36л C) 9.75г D) 9.36г Е) 8.96л F) 9.8г

G) 8.4г Н) 11.2л

4. Осы металдардың тұздары пиротехникалық фейерверк жасағанда, салют атқанда қолданылады

A) K, Na, Li B) Be, Sr, Ba C) Be, Mg, Ra D) Rb, Cs, Fr E) Ca, Ba, Sr

5. Массасы 34г күміс нитратының сулы ерітіндісін электролиздегенде катодта бөлінген күмістің массасы мен анодта бөлінген газдың (қ.ж.) көлемі

А) 5.4г; 6.72л В) 21.6г; 1.12л С) 2.16г; 4.48л D) 1.08г; 11.2л

Е) 10.8г; 2.24л

6. Тек балқымасының электролизі арқылы алынатын зат

A) Cl2 B) О2 C) Br2 D) F2 E) I2

7. Натрий сульфатының судағы ерітіндісін электролиздегенде катодта көлемі 8.96л ауадан 14.5 есе жеңіл газ бөлінген. Анодта бөлінген газдың (қ.ж.) көлемі

А) 4.48л В) 5.6л С) 2.24л D) 3.36л Е) 6.72л

8. Егер анодта 67.2м³ (қ.ж.) газ бөлінсе, онда электролизге ұшыраған калий хлориді балқымасының зат мөлшері (моль)

A) 2 000 B) 3 000 C) 4 000 D) 6 000 E) 5 000

9. Натрий гидроксиді балқымасының электролизі кезінде катодта натрий, ал анодта оттек бөлінеді. Электролиз теңдеуін жазып, 1600г сілті электролизінде түзілетін газдың мөлшері (моль)

A) 4 B) 8 C) 10 D) 16 E) 3 F) 5 G) 12 H) 1

10. Калий йодидінің балқымасының электролизі нәтижесінде анодта массасы 50.8г йод бөлінсе, катодта бөлінген заттың массасы

A) 17.4г B) 22.7г C) 18.0г D) 26.1г E) 15.6г F) 25.0г G) 15.3г H) 19.2г

11. Өндірісте жер балшықтан тазартылған алюминий оксидіне натрий- алюминий фторидінің қоспасын қосып электролиздеп алады.

2Al2О3 4Al + 3О2 – 3352 кДж Осы реакция кезінде 419 кДж жылу жұмсалса, айырылған алюминий оксидінің массасы

A) 25.5г В) 17.9г C) 21.4г D) 28.7г E) 12.8г

12. Массасы 18.8г мыс (ІІ) нитратының судағы ерітіндісін электролиздегенде катодта бөлінген мыстың массасы

A) 4.8г B) 12.8г C) 6.4г D) 9.6г E) 3.2г


13. NaCl + H2O теңдеуіндегі коэффициенттер қосындысы

A) 12 B) 13 C) 7 D) 11 E) 8 F) 6 G) 15 H) 9

14. Мыс хлоридінің балқымасын электролиздегенде катодта 68г мыс, анодта 22.4л(қ.ж) хлор бөлінді. Түзілген хлордың шығымы

A) 57% B) 48% C) 49% D) 85% E) 52% F) 36% G) 45% H) 94%

15. Хлорды өнеркәсіпте алу:

А) ас тұзы мен күкірт қышқылы В) концентрлі ас тұзының ерітіндісі

С) мырыш пен тұз қышқылы D) кальций хлоридінің балқымасы

Е) калий бихроматы мен тұз қышқылы F) калий хлораты мен тұз қышқылы

G) тұз қышқылы мен марганец (IV) оксиді Н) калий перманганаты мен тұз қышқылы

16. Натрий хлоридінің ерітіндісі электролизденгенде 5.6л (қ.ж) сутек бөлінген болса түзілген натрий гидроксидінің массасы

A) 20г B) 8г C) 10г D) 32г E) 4г

17. Na - өте белсенді металл, оны таза күйінде тек электролиз әдісімен ғана алуға болады. Таза натрий алу үшін 585кг натрий хлориді балқымасын электролизге ұшыратты. Практикалық шығым 90% болса алынған өнім

массасы

А) 207 кг В) 345кг С) 230кг D) 250кг Е) 105 кг

18. Массасы 12г ас тұзының балқымасы электролизі арқылы көлемі 1.5л (қ.ж) хлор газы алынған. Өнімнің шығымы:

A) 75.5% B) 55.5% C) 44.5% D) 25.5% E) 65.2%

19. Натрийді өнеркәсіпте алу реакция теңдеуі

A) NaCl (эл.тоғ)→ B) Na +H2O→ C) Na + Cl2→ D) Na + O2→ E) Na + Br2

20. Қосылыстары жалынның түсін қызыл кірпіш түске бояйтын өте белсенді зат кәдімгі температурада галогендермен әрекеттесіп тұз түзеді. Өнеркәсіпте тұздарының балқымасын электролиздеу арқылы алады

A) Ba →BaCl2→Ba B) Na →NaCl→Na C) Ca →CaCl2→Ca

D) H2 →HCl →Cl2 E) Ca →CaCl2→O2

21. Анодта 6.72л (қ.ж.) газ бөлінген болса, электролизге ұшыраған калий хлоридінің балқыма

күйіндегі мөлшері:

А) 0.8моль В) 0.9 моль С) 0.1 моль D) 0.3моль Е) 0.6моль

22. Өндірісте алюминий алу әдісі

A) Al2O3 + HCl→ B) Al(OH)3→ C) AlCl3 + NaOH→

D) Al2O3 + NaOH→ Е) Al2O3 (электролиз)→

23. 2моль темір (ІІ) хлориді бар ерітінді электролизденгенде түзілетін темір (ІІ) гидроксидінің массасы

A) 160г B) 320г C) 360г D) 180г E) 80г F) 120г G) 90г H) 270г

24. Криолит балқымасындағы 510кг Al2O3 электролизденгенде катод пен анодтағы шығымы 80%-ды құрайды. Катодтағы өнімнің массасы мен анодтағы өнімнің көлемі

А) 48.6м3 В) 134.4м3 С) 233кг D) 49.5м³ E) 49.6м3 F) 323 кг G) 216кг Н) 435кг

25. Al2O3 2Al + 1.5O2 теңдеуі бойынша 30% қоспасы бар 2кг бокситті электролиздегенде анодта бөлінетін газдың көлемі (қ.ж.)

А) 691.77л В) 461.18л С) 345.89л D) 576.48л Е) 230.6л

26. 58.5г натрий хлоридінің судағы ерітіндісін электролиздегенде анодта бөлінген газды калий бромиді ерітіндісінен өткізді. Түзілген бромның зат мөлшері (моль)

A) 0.1 B) 0.3 C) 1.5 D) 0.2 E) 0.5

27. Ерітіндісін электролиздегенде металл түзетін тұз (дар)

A) NaNO3 B) LiCl C) AgNO3 D) KNO3 E) Ba(NO3)2

F) NaCl G) Ca(NO3)2 H) KCl

28. Калий хлориді ерітіндісінің электролизі кезінде анодта түзілетін зат

A) H2 B) H2O C) K D) Cl2 E) O2

29. 25%-дык CuSO4 ерітіндісін катодта металл толық бөлінгенше электролиздеді. Электролизден кейін түзілген күкірт қышқылын бейтараптауға 2М 250мл КОН ерітіндісі жұмсалды. Бастапқы CuSO4 ерітіндісінің массасы (г)

A) 80 B) 120 C) 40 D) 200 E) 160 F) 250 G) 320 H) 150

30. Электролиз кезінде сулы ерітінділері тек сутекті тотықсыздандыратын тұз (дар)

А) никель (ІІ) хлориді D) кальций хлориді G) темір (ІІ) хлориді

В) магний хлориді Е) алюминий хлориді Н) мыс (ІІ) хлориді

С) қорғасын (ІІ) хлориді F) мырыш хлориді

31. Ерітінді электролизі кезінде катодта тек сутек газы бөлінетін зат

A) CuSO4(aq) D) ZnSO4(aq)

B) AgNO3(aq) E) KOH(aq)

C) FeCl2(aq)

32. Мырыш сульфаты ерітіндісінің электролизі кезінде катодта 13.0г металл бөлінген. Егер теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы 85% болса, анодта бөлінген газ және оның көлемі (қ.ж.)

А) 1.9л ЅО2 D) 3.8л Н2

В) 6.72л O2 Е) 4.48л Н2

С) 3.8л O2

33. Мырыш сульфаты ерітіндісінің электролизі кезінде катодтың массасы 5.4г артты. Анодта бөлінген газдың көлемі және зат мөлшері

А) 1.23л В) 1.86л С) 0.03 моль D) 0.05моль Е) 0.75л F) 0.90л G) 0.08 моль Н) 0.04 моль

34. Натрий гидроксидінің балқымасының электролизі теңдеуіндегі реагент алдындағы коэффициент

A) 7 B) 8 C) 6 D) 4 E) 5

35. Стандартты электродтық потенциалы ең төмен элемент

A) Au B) Co C) Li D) Cu E) Fe

36. Натрий хлоридінің толық электролизі кезінде катодта 5600мл (қ.ж.) газ бөлінді. Катодта бөлінген газды литиймен араластырғанда түзілген заттың массасы және электролизердің басқа өнімдері

A) Cl2 B) 21.25г C) NaOH D) O2

E) 0.25г F) Na G) 4.00г H) 10.55г

37. Стандартты электродтық потенциалдары металл (дар) нөлден жоғары

A) Li B) Al C) K D) Hg E) Au F) Fe G) Pt H) Na

38. Марганец (ІІ) сульфаты ерітіндісінің электролизі кезінде түзілетін өнім

A) →Mn +H2↑ + O2↑ + H2S C) →Mn +H2↑ + H2SO4

B) →MnO + H2↑ + O2↑ + H2SO₄ D) →Mn +H2↑ + O2↑ + H2SO4

E) →MnO4 +H2↑ + H2SO4

39.Тұздардың сулы ерітінділері электролизінің өнімдерін анықтау үшін енжар электродтарды қолданғанда келесі ережелерді есте сақтау қажет

А) кернеу қатарында Аl-дің сол жағында орналасқан металдар тұздарының ерітінділерінің электролизі кезінде катодта сутек (Н2) бөлінеді

В) кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдар тұздарының сулы ерітінділері электролизі кезінде катодта сутек бөлінеді

С) кернеу қатарында Аl мен Н арасында орналасқан металл тұздарының электролизі кезінде металл катионын және сутек ионын тотықсыздандыратын процестер қатар жүруі мүмкін емес

кернеу қатарында Аl-дің сол жағында орналасқан металдар тұздарының ерітінділерінің электролизі кезінде катодта металл бөлінеді

Е) кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдар тұздарының сулы ерітінділері электролизі кезінде катодта металл бөлінеді

Ғ) кернеу қатарында Аl мен Н арасында орналасқан металл тұздарының электролизі кезінде металл катионын және сутек ионын тотықсыздандыратын процестер қатар жүруі мүмкін

40.Мыс (ІІ) сульфаты сулы ерітіндісінің электролизі кезінде жүретін үдеріс

А) катодта тотығу В) анодта тотығу С) анодта тотықсыздану D) катодта тотықсыздану

41. Мыс (ІІ) сульфаты сулы ерітіндісінің электролизі кезінде жүретін үдеріс

А) катодта Cu2++2e =Cu0 В) катодта 2H2O – 4e = O2+4H+ С) анодта Cu2++2e =Cu0

D) анодта 2H2O – 4e = O2+4H+ Е) катодта Cu2+ - 2e =Cu0 Ғ) анодта 2H2O + 4e = O2+4H+

42.Натрий хлоридінің сулы ерітіндісінің электролизі кезінде жүретін процесс

А) катодта 2Cl +2e =Cl20 В) катодта 2H2O + 2e = Н2+2ОH С) анодта 2Cl - 2e =Cl20 D) анодта 2H2O – 4e = O2+4H+ Е) катодта 2H2O - 2e = Н2+2ОH Ғ) анодта 2Cl + 2e =Cl20

43. Күміс нитратының сулы ерітіндісінің электролизі кезінде 5,6 л газ бөлінді. Катодта қанша металл бөлінді?

А) 27 г В) 108 г С) 54 г D) 10,8 г Е) 5,4 г Ғ) 2,7 г

44. 200 г 16%-тік мыс (ІІ) сульфатын электролиздегенде ерітінді массасы 8 г кемігені байқалды. Электродтарда бөлінген зат массаларын есептеңдер

А) 6,2 г мыс В) 1,6 г оттек С) 1,8 г оттек D) 6,4 г мыс Е) 6,0 г мыс Ғ) 2,0 г оттек

45. 200 г 16%-тік мыс (ІІ) сульфатын электролиздегенде ерітінді массасы 16 г кемігені байқалды. Электродтарда бөлінген зат массаларын есептеңдер

А) 12,4 г мыс В) 3,6 г оттек С) 3,2 г оттек D) 12,0 г мыс Е) 12,8 г мыс Ғ) 4,0 г оттек

46. 200 г 16%-тік мыс (ІІ) сульфатын электролиздегенде ерітінді массасы 25 г кемігені байқалды. Ерітіндідегі қосылыстардың массалық үлестерін есептеңдер

А) ω(CuSO4)=8,33 % В) ω(H2SO4)=11,2 % С) ω(CuSO4)= 4,15%

D)ω(H2SO4)=5,1% Е) ω(CuSO4)= 2 % Ғ) ω(H2SO4)= 10,65 %

47. 200 г 16%-тік мыс (ІІ) сульфатын электролиздегенде ерітінді массасы 8 г кемігені байқалды. Ерітіндідегі қосылыстардың массалық үлестерін есептеңдер

А) ω(CuSO4)=8,33 % В) ω(H2SO4)=11,2 % С) ω(CuSO4)= 4,15%

ω(H2SO4)=5,1% Е) ω(CuSO4)= 2 %

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!