Материалдар / ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі – практикалық мақсат болып табылады. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге үйретеді және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындайды. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдар мен тапсырмаларды қолдану ерекшелігі жоғары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2017
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ

ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ

Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі – практикалық мақсат болып табылады. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге үйретеді және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындайды. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдар мен тапсырмаларды қолдану ерекшелігі жоғары.

Қазіргі таңда оқулық меңгеретін білімдердің негізі болса, ал электронды жұмыс дәптері оның көмекші құралы. Сондықтан, әрбір пән бойынша  электронды жұмыс дәптерлері күн сайын жетілдіріліп келеді.

Оқу жүйесінде электронды жұмыс дәптерін қолдану:

– біріншіден, әртүрлі жүйелік және логикалық ойлауды қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған көптеген тапсырмалар мен жаттығулар есебінен оқулық шеңберін кеңейтеді;

– екіншіден, тапсырмалардың баспа негізінде болуы олардың көшірілуін немесе айтып жаздырылуын емес, тура орындалуын қамтамасыз етеді;

–  үшіншіден, сыныпта компьютерлер саны жетпеген жағдайда, сыныпты екі топқа бөлуге болады: бір топ компьютерде жұмыс жасаса, келесі топ жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Электронды жұмыс дәптерін мұғалімдер оқушылардың білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде пайдалана білуін бағалау үшін және ағымды білімін анықтау үшін қолданады. Мұғалім сабақта балалардың жұмыс жасау үстінде жауапкершілік сезімінің оянуына да ықпал ете білуі керек.

Электронды жұмыс дәптеріне келесі топтағы сұрақтар мен тапсырмалар енуі қажет:

  • меңгерілген материалды еске түсіру;

  • ойлау операцияларын дамыту;

  • меңгерілген теориялық білімді тәжірибеде пайдалану.

Сондай-ақ:

  • әртүрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмалар;

  • оқушылардың өздік жұмыстарына арналған тапсырмалар мен бос орын.

Сонымен қатар электронды жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар сурет, сызба, кесте түрінде орындалады. Сөзжұмбақ, кестелерді толтыру оқушылардың ойлау қабілетін, іс дағдыларын қалыптастырады.

Сабақта жұмыс дәптерін қолданудың әдістері әртүрлі болуы мүмкін, төменде жиі қолданылатын әдіс нұсқалары көрсетілген:

  • электронды жұмыс дәптері жаңа тақырыпты меңгеру және оны бекіту кезінде қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруді дәптерге енгізілген әрбір сабақ тақырыбы бойынша ақпараттық кешен негізінде жүзеге асыруға болады.

  • электронды жұмыс дәптері көмегімен өткен тақырыпты қайталау және қорытындылау. Бұл нұсқаны қорытынды қайталау сабақтарында қолданған жөн.

Жаңа материалды жұмыс дәптері көмегімен өздік меңгеру. Электронды жұмысты дәптерде орындау үшін онда жеткілікті бос орын қалдыру ұсынылады. Мұндай жұмыс әрбір оқушымен жеке орындалады, оларды өздік, зерттеу жұмыстарына тартады.

Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы-ол компьютер.Бұл тарауда сендер: компьютердің неден тұратынын, компьютердің әрбір құрылғысының не үшін керек екенін, компьютер пернетақтасының қандай пернелерден тұратынын білетін боласыңдар. 

Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде-дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажет болды. [8, с.51]

Сондайа-ақ, электронды жұмыс дәптері осындай компоненттерден тұрады:

  • Блок – схема

  • Бақылау сұрақтары

Осы компоненттерді қолдана отырып психология-педагогикалық талаптарға тән:

  • оқудың тақырыбына сәйкестендіру

  • басты айқын бөлінуі

  • көрнекiлiгі

 

Сонымен бірге оқу ақпаратты жалпылау үшін құбылыстардың мәнін анықтап, қажетті түсіндірулерімен   толықтыру.

Жазуларыдың қаріптері айқын орындалуы керек.

Бақылау тапсырмалары өтілген тақырыптарға   арналған және сұрақтар қосылуы керек.

Электронды жұмыс дәптерiнде бақылау тапсырмалары дұрыс тұжырымдалған, айқын, оқушыға түсінікті болуы тиіс.

Негiзiнде электронды жұмыс дәптерлерiнің мынадай белгілеріне бөлуге болады.

Бiрiншiден, электронды жұмыс дәптері көп мақсаттылы және маңызды болғаны тиімді.

Екіншіден, электронды жұмыс дәптеріне арналған тәжiрибе, бақылау, тәжiрибелiк жұмыстарды өткiзу бойынша күнделiк болады.

Үшіншіден, электронды жұмыс дәптері оқулықтың функциясы болып табылады.

Көбінесе электронды жұмыс дәптері орта буын оқитын оқушыларына есептелген.

Көп мақсатты электронды жұмыс дәптері – негiзінде өзiндiк жұмыстарды танып оқытуға белсенділік қызметін арттыратын дидактикалық құрал.

Электронды жұмыс дәптерді практикалық жұмыстарда қолданған ыңғайлы.

Оқушылардың білім сапасын тексеруде және қорытынды бақылау жұмысын тексерген кезінде қолдану жөн.

Сонымен,электронды жұмыс дәптерлерiнің  қолдану аясы өте кең.

Электронды жұмыс дәптерлерінің дидактикалық қосымшасы оқулық кешенінің ғылыми – әдістемелік нұсқауы мен мұғалімнің жетекшілігімен қарастыруы керек.

Мұғалім электронды жұмыс дәптерді табысты пайдалану үшін тиісті әдістемелік құралдар мен әдістерді тиімді жақтарын қолдану керек.

Ол үшін білім берудің нұсқауларымен сай болуы тиісті.

Бұл оқу барысында   электронды жұмыс дәптерлерiн қолдану кезінде бiртұтас талаптарды құрайды.

Электронды жұмыс дәптерін құрастыру кезінде баламалы мүмкіндіктер аз емес:

  • қарастырылған бағдарлама бойынша толық оқу материалымен қамту немесе тек қана таңдамалы тақырыптармен шектелу;

  • қайталау және бекіту тапсырмаларымен шектелу немесе қамтамасыз етілетін түрлі  дидактикалық тапсырмаларды қосу;

  • электронды жұмыс дәптерлерді диск түрiнде шығару;

  • тапсырмалармен және жаттығулармен шектелу немесе жұмыс дәптерін оқулықпен байланыстырып тапсырмаларды қосу.

Электронды жұмыс дәптерлеріне арнайы тапсырмалар құрастырылады. Ерекшелігіне келсек оқушы   тапсырмаларды орындай отыра ойлау процесі дамиды. Жұмыс дәптерінің ерекше қасиетін айтсақ, мұғалім  оқушының  ойлағыштық қабілетінің дамуына итермелейді  деп ойлаймын.

Сонымен электронды жұмыс дәптері сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта, үйге берілген тапсырманы орындау барысында арнаулы мектеп оқушыларының информатика пәні сабағына деген қызығушылығын арттырып, жазу, оқу техникасын жетілдіріп, пайдалануға үлкен көмек береді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!