Материалдар / Электронды поштамен файлдарды қабылдау және жіберу

Электронды поштамен файлдарды қабылдау және жіберу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
1362
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

(ортақ тақырып: «Ғарышқа саяхат»)

Мектеп: Шоғы Мұңалұлы атындағы

5 жалпы білім беру орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жаңғақбаева Ұ.О.

Сынып: 4

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электронды поштамен файлдарды қабылдау және жіберу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.2 файлдары қоса жіберілген хабарламаларды электрондық почта арқылы қабылдау және жіберу;

Сабақтың мақсаты

  • электрондық поштамен қарапайым поштаның айырмашылығын түсіндіру

  • электрондық пошта жәшігіндегі бумалармен танысу;

  • интернет желісі арқылы деректерді қабылдау және жіберу;

Бағалау критерийі

  • электрондық поштамен қарапайым поштаның айырмашылығын біледі,

  • электрондық поштада бумалар құрады және жоя алады;

  • интернет желісінде деректерді файлдармен қоса жібереді және қабылдайды.

Тілдік мақсаттар


  • Дерек алмасу – Обмен информацией – Exchanqe of information

  • Поштаны жөнелту – Отправить – Send mail

Құндылықтарға баулу

Интернеттің, оның ішінде электрондық поштаның қыр-сырын үйрете отырып, оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа жәнеде өз достарының пікірін тыңдай білуге баулу

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Интернетке деректер жіберу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтыңтың басы




3 минут













Топқа біріктіру


Ұйыдастыру. Оқушыларен амандасу, сабаққа қатыс тексеру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Маңғыстау жаңбыры» әдісі

Маңғыстауда жел тұрды. (Алақанмызды үйкейміз).

Жаңбыр тамшылап бастады. (Саусақпен шерту).

Жаңбыр күшейуде. (Кеудемізді алақанымызбен кезектесе соғамыз).

Жаңбыр құйып кетті. (Аяғымызды алақанымызбен кезектесе соғамыз).

Енді дауыл көтерілді, бұршаққа айналды. (Аяғымызбен жер тепкілейміз).

Мынау не? Дауыл басылуда. (Аяғымызды алақаныызбен кезектесе соғамыз).

Жаңбыр басылуда. (кеудемізді алақанымызбен кезектесе соғамыз)

Жаңбыр сиреді. (Саусақпен шерту).

Желдің жәй сыбысы. (Алақанмызды үйкейміз).

Күн жарқырады. (Қолдарымызды жоғары көтереміз).

Оқушылар қоржыннан асық алу арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ «Пошта»

2-топ «Дерек»

3-топ «Интернет»

Компьютер, интерактивті тақта, сабаққа қатысты слайд






Сабақтың ортасы






5 мин

«Кім білгір?» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушылар ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.

1. Электронды пошта деген не?

2. Әлемде қандай электронды пошта қызметі кең қолданыста?

3. Қазақстандық пошталық сервер қалай аталады?

4. Не себепті қазір Интернетсіз өмірді елестету қиын?

5. Неліктен кейбір адамдар Интернеттің пайдасынан зияны басым деп есептейді?

ҚБ Оқушыларды бағалау «Керемет», «Жақсы», «Талпын» смайликтері арқылы жүргізіледі.

Оқушылар сұрақтарға дұрыс, әрі нақты жауап беруіне байланысты бағаланады.




Сабақтың ортасы



5 минут

Жаңа сабақ «Кинометафора» әдісі

Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру, оқушылар ютуб желісі арқылы бейнеролик тамашалайды.

  • Бейнероликтен не көрдік?

  • Бүгінгі сабақта қандай тақырып қарастырамыз? Мұғалім оқушыларды не түсінгендігін тыңдап, электронды поштамен файлдарды қабылдау және жіберу бойынша түсініктерін толықтырады

https://www.youtube.com/watch?v=xhjLB5LTWUs



7 минут






















8 минут















































10 минут

1-тапсырма (Ж)

Венн диаграммасы

Оқушылар Венн диаграмасы арқылы постер қорғайды. Тақтаға электронды поштаның әдеттегі поштадан айырмашылығы мен ұқсастығын жазып іледі.

Дискриптор:

  • Венн диаграммасы арқылы оқушылар электронды поштаның әдеттегі поштадан айырмашылығын жазады;

- ұқсастығын табады.

ҚБ Оқушылар бір-бірін бағалайды. Бір топ алдын ала жазып алынған жауаптарын оқыған кезде, қалған топтар бір-бірін алақан соғу арқылы бағалайды. Мұндағы, Жұллдызша «Толық дұрыс», төртбұрыш «Жартылай дұрыс», үшбұрыш «Жауап әлсіз»

СТ Тапсырманы орындау барысында деректер тәсілі қолданылды. Оқушылар тақырыпқа қатысты жаңа материалдарды бір-біріне түсіндіру арқылы жаңа деректер алады.

2-тапсырма (Т)

«Бірлік» әдісі

Оқушылар Quizlet онлайн ресурсынан планшетке сілтеме арқылы келген тест жұмысын топ болып бірге ұйымдасып, тиянақты орындайды.

Дискриптор:

Оқушылар Quizlet онлайн ресурсымен автоматты түрде дайын болған тест жұмысын топ болып орындау арқылы электронды поштамен танысады.

ҚБ Оқушылардың топ болып келісіп сәйкестендіруді сәтті жүргізуіне қарай Бас бармақ арқылы бағаланады.

90-100% - 3 ұпай

70-80% - 2 ұпай

50-60% - 1 ұпай

50% төмен – 0 ұпай

СТ Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

3-тапсырма

Практикалық жұмыс (Ж).

«Кім жылдам» әдісі арқылы оқушылар жеке компьютерге отырып тапсырма орындайды.

Әрқайсысы алдыңғы сабақта өздерінің атына ашылған электронды поштасына жұмыс жасайды.

1. Жұмыс үстеліндегі Қазақтаннан шыққан ғарышкерлердің суретін мұғалімнің поштасына

uldanai-871987@mail.ru жіберуі керек.

2. Электронды почтада кез келген атпен бума құрып көр.

3. Қазақтаннан шыққан ғарышкерлер туралы не білесің? Microsoft Word мәтіндік редакторынде мәтінді теріп, қайта мұғалімге жібер.

Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут, Талғат Мусабаев 341 күн 9 сағат 48 минут, ал Айдын Айымбетов 9 күн 20 сағат 13минут 51 секунд болған.

Дискриптор:

  • Оқушы өткен сабақта ашып үйренген электронды поштасын қайта ашып қарайды

  • деректерді өз поштасынан жібереді

  • өзге поштадан дерек қабылдайды

  • бума ашып үйренеді.

ҚБ Мұғалім дискрипторға сүйене отырып, әр оқушыны «Қызыл», «Сары», «Көк» медальдар арқылы жеке бағалайды, мұндағы,

«Қызыл» - толық орындаған оқушыға

«Жасыл» - жартылай орындаған оқушыға

«Көк» - мүлдем орындамаған оқушыға

СТ Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.

Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Стикер, тақта

















Shape1 Shape3 Shape2






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ