Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
БАЙШУГУЛОВА БАКЫТГУЛЬ КАДЫРМЕНДИНОВНА
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы
орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Электрондық оқытудың жаңа мүмкіндіктері арқылы қосымша білімдерімен қаруланған қызметкерлер маңызды бәсекелестік артықшылыққа ие болады. Виртуальдік ұйымдардың жаңа үлгілері оқытудың қажеттігін арттыруда, оқытудың дәстүрлі бағдарламаларын қашықтан оқыту бағдарламалары барған сайын ығыстырып келеді және өз білімін басқарудың дамып келе жатқан жүйелері жинақталған тәжірибеден пайда табуға көмектеседі.
Білім беру – оған компьютерлендірілген оқыту, электрондық оқыту көзбе-көз оқыту сабақтары, семинарлар мен пікір таластар жатады.
Қазіргі заман талабы бойынша болашақ мұғалімдер электрондық оқулықтар қолдану тиімді болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиялармен педагогикалық үрдістің бірі. Сондықтан қазіргі кезде жоғары оқу орындарының педагогикалық үрдісіне электрондық оқулықтардың енуі – мұғалімдердің электрондық оқулықтарды пайдалануға міндеттейді. Сол себепті біз зерттеп жатқан мәселе бойынша ең алдымен электрондық оқулықтың мәні неде дегенге жауап іздеп отырмыз.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу процесіне электрондық оқулықтарды жасау және оны қолдану. Осы уақытқа дейін білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.
Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда беруге болады:
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с. түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер болуы мүмкін.
2. Кескінді – окулықтын мазмұнын қысқартылған мәтін, график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.
3. Өзін – өзі бақылаудың тесттік жүйесі – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тесттік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, оқушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы мүмкін. Бұл тесттер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезінде де пайдалануға болады.
Барлық оқушылар үшін “Информатика” пәнін оқытуда “Word редакторын окыту” электрондық оқулығын құруға Місrosоfоt Роwег Роіnt қолданбалы программасын қолдануға болады, Місrosоfоt Роwег Роіnt қолданбалы программасы арқылы презентация жасауға болады. Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар. Жалпы жағдайда презентация – баяндама жасау, шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, реферат, үлкен жобаларды қорғау, жоспарларды немесе техникалық ұсынысты талқыға салу, қандай да бір қызмет түрін ұсыну, идеяларды, қызмет түрлерін ұсыну – осының бәрі презентация болып табылады.[1]
Бүгінде интернетте автоматты режимде жұмыс істейтін көптеген презентацияларды көруге болады. Екінші жағынан алғанда презентация деп айрықша текті электрондық құжатты айтады. Ол өзінін мультимедиялық мазмұны мен кұжатты экранға шығаруды басқарудың айрыкша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактивті түрде өтеді, осы тектес құжаттарды арнаулы программалық құралдардың көмегімен дайындайды.
Қорыта келе электрондық оқулықтың құрамында:
-
Титул беті;
-
Мазмұны;
-
Аннотация;
-
Оқу материалының толық мазмұны (кескіндер, графиктер, иллюстрациялар, кестелер);
-
Тапсырмалар жүйесі;
-
Бақылау тестік жүйесі;
-
Мәтін бөлігін іздеу жүйесі;
-
Авторлар жөнінде мәлімет;
Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.
-
Оқытудың компьютерлік құралдарды дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні оқу процесінде пайдалану негізінде оқытудың сапасы артады.;
-
Оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге келетін шығындар азаяды;
-
Мұғалімдердің оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс – әрекетке көшуіне алып келеді;
-
Оқытудың мазмұны мен құрылымдарының өзгерістеріне қарай оқу процесін оқу – әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды женілдетеді.
Сонымен, мұғалімдердің электрондық оқулықтарды қолдану шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізі педагогикалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылады. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.[2]
Әдістемелік жүйенің бөліктері төмендегіше көрсетіледі:
-
оқыту мақсаты;
-
оқыту мазмұнынын құрамы; ақпараттық теориялық бөлік, тәжірибелік бөлік, меңгерген білім деңгейін анықтау;
-
оқыту құралдары;
-
оқыту әдістері;
-
оқыту түрлері.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа Жолдауында электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін нақты атап көрсеткені мәлім.
Ал электрондық оқулық жас буынның жаңа әдебиеті болып есептелетіні даусыз. Сондай-ақ ол компьютер технологиясының мүмкіндіктері мен кәсіби оқулықтардың дәрежесін біріктіреді.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты – оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін дамыту .
Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласындағы оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта электрондық оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Дегенмен, біздіңше электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылысы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электронды оқулықтың мазмұны оқушының зерделі ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы өте қажет: қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы, жинақтылығы, жүйелілігі, эстетикалық көркемділігі, жылдамдылығы, т.б.
Білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру оқушының білім сапасын арттыру мен жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін мынадай артықшылықтармен сипатталады.
1.Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Ол оқыту үрдісіндегі жаңа оқыту технологиясының үш нұсқасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
-
«Тереңдетілген» технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдау) ;
-
негізгі технология ретінде(белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялық қоры) ;
-
монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделген).
2.Білімге бір-бірімен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында (дистанционды формада) отырып қол жеткізуге болады. Бұдан концептуалды ұстанымдарды қалыптастыру мүмкіндігі төмендегі формада жүзеге асады:
-
оқыту – бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы:
-
баланың компьютерлік икемделе алуы;
-
оқытудың диалог түрінде болуы;
-
мұғалімнің кез келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;
-
оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект– субъект, объект- субъект;
-
жеке және компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.
Компьютерлік құралды оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндіктеріне қатысты мынандай қорытынды жасауға болады:
-
Компьютерлік оқыту құралдарының мүмкіндіктері информатика пәні бойынша өтетін сабақтарды едәуір түрлендіруге жол ашады, оқушылардың танымдық белсенділігіне қосымша ынталандырушылық ықпал етеді, соның нәтижесінде пән бойынша білім мен білік-дағды деңгейі көтеріле түседі.
-
Оқушылардың білімін қалыптастыру пәнді оқытудың мақсатты әдістемесін әзірлеуге жағдай жасайды.
Бір ескере кететін жағдай – информатика пәнінде сабақ беру барысында электронды оқу құралын әзірлегенде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн.
Қазіргі заманауи мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі деңгейде анықталады. Білім алушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және кескіндер мен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатьш көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың кұштарлығы оянады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Н.Н.Соболева и.др. Электронный учебник нового поколения. «Информатика негіздері» №6
2. Соловев А.В. Дидактика и технология электронного обучения в системе Кадис / Сборник статей «Индустрия образования». Выпуск6. М., МГиУ, 2002
3. М.Кирмайер. Мультимедиа: Пер. С нем. СПб.: BHV – Санкт-Петербург, 1994г.
4. А.Ж.Түсіпова. Компьютер – оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы // Қазақстан мектебі. 2004 №7
5. Н.Н.Соболева и.др. Электронный учебник нового поколения. «Информатика и образования» №6
6. Әбдиев Қ.С. Бейсик программалау тілі. Алматы, АлМУ, 1993.
7. Ж.А. Қараев. Активация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии. А., 1994г