400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭЛЕМЕНТТЕР ХИМИЯСЫ КУРСЫН ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНА СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ САПАСЫН АНЫҚТАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭЛЕМЕНТТЕР ХИМИЯСЫ КУРСЫН ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНА СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ САПАСЫН АНЫҚТАУ

Аңдатпа

Мақалада дидактикалық ойындардың түрлері, құрылу жолдары туралы элементтер химиясы курсын оқытуда дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігі туралы талқыланды. Соңғы уақытта оқыту процессіне жаңа стандарттардың енуіне байланысты оқытудың теориясы мен практикасында жаңа нәрселерді іздеп, оқытудың мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, формаларын одан әрі жетілдіріп отыру қажет. Оқу процессіндегі жаңа стандарттар жоғары оқу орындарында да, орта мектептер мен колледждерде де оқыту сапасына жаңаша көзқараспен қарауға әсер етті. Оқу орындарында заманауи оқыту технологияларды қолдану оң әсер етті. Соның ішінде ойын технологиясын оқытуда ойындарды қолдану әрбір студенттің өз мүмкіндігінше сабаққа қатысуын қамтамасыз етеді.

Түйін сөздер: дидактикалық ойын, GBL, ойын технологиясы, элементтер химиясы, жоғары оқу орны

Кіріспе. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарының қойылатын талаптардың бірі – бәсекеге қабілетті білімді мамандарды дайындау екендігі айтпасақ та белгілі. Жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талаптар тиісінше заман талабы өзгерген сайын өзгеріп отырады. Соның ішінде қойылатын талаптардың ең міндеттілерінің бірі оқу процесінде заманауи технологияларды қолдану болып отыр.

Қазіргі таңда әлемдік өз білімін әрдайым жетілдіріп отыратын бәсекеге қабілетті, білікті, кәсіби дағдылары қалыптасқан маман дайындау басымдық көрсетіп отыр. Сонымен қатар бүгінгі таңда әрбір елдің экономикалық жағдайы, әлемдегі орны сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жоғары оқу орнындағы пәндерді оқытуда заманауи технологияларды қолдану бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды шығарудың бастамасы деп ойлаймыз.

Оқу процесінде заманауи технологияларды қолдануды Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. еңбектерінен көре аламыз. Олардың пікірінше білім беру саласындағы "технология" термині ол кез келген білім беру саласында жақсы нәтиже алуға бағытталған ғылыми және іс жүзінде негізделген әдістер мен құралдардың жиынтығын білдіреді деп анықтама берген. [1]

Дүйсембінова Р.Қ. – ның жазған еңбегінде «технология» techne – өнер, шеберлік және logos – ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік туралы ғылым дей отырып, жаһандану жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «инновациялық технология» , «жаңа оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «дидактикалық тенология» деп аталатын жаңа ұғымдардың пайда болуына ықпал етті деп тұжырымдаған. [2] Сонымен қатар, Г.П.Байбекова оқыту саласындағы инновациялық шешімдер, талап етілетін цифрлық құзыреттіліктер мен кәсіби дағдыларды мақсатты, жеке дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп атап көрсетеді. Соболева Е.В. атап өткендей, цифрлық компоненттерді дәстүрлі білім беру моделіне кіріктіру нұсқаларының бірі оқыту процессінде ойын технологияларын қолдану болып табылады . [3]



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
17.06.2024
360
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі