Материалдар / Елі сүйген,елін сүйген-Елбасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елі сүйген,елін сүйген-Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Елін,жерін сүюге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2018
453
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Х.Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп








Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы

(5-сынып)









Өткізген: Садуова Г.К






Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы

Мұғалім:

  • Армысыздар, қадірменді ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!


-Бүгін біз,мектебімізде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз. Елбасы

Н. Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жолында біздің Қазақстанның жастары игілікті іс шараларды жүзеге асыруда.


Қ Р Мемлекетінің әнұраны


Мұғалім: 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР Президент сайлауы өтіп, оның қорытындысында Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев – достықтың, бірліктің бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған, ғасыр куәсі болған адам. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен.


Елбасы өмірімен таныс болыңыздар.

Үшқоңыр әні қосылып тұрады.

Өмірбаянына қысқаша шолу.


Оқушы: Қазақ топырағы киелі сонау зеңгір көк аспанмен таласып, Алатау баурайында Үшқоңыр биіктері «мен мұндалап» қол бұлғайды. Қаскелең тауынан бастау алып, қар суымен толысып, сай-салаға бөліне еркелей Шамалған өзені ағып жатыр. Осындай табиғаты тамылжыған өлкеде, жер жаннаты Жетісудың төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Елбасы дүниеге келген.


Мұғалім:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Елі үшін Асанқайғы бабасындай.


Елбасының фотоальбомы көрсетіледі.


М:

Елімізде атқарылып жатқан ірі де игілікті істердің бірі – кітап шығару ісі. Тәуелсіз даму жолына қатар түскен өзге елдермен салыстырғанда кітап шығару ісінен де мемлекетіміздің алға суырылып шыққандығының айғағы – экономикамыздың ілгерілеудің, саяси тұрақтылытың арқасында жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы.

ҚР. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 13 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның мәдениеті мен рухани құндылықтарын динамикалық дамытудың тарихи-мәдени жалғастығын жүзеге асыруға бағытталған. Ендігі кезекте алдарымызда Президентіміздің кітаптарына кезек берейік

Кітаптарын көрсету. Көрме ауызша айтылады.

Слайд көрсету.

М: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретіне танылып, өзінің Әнұранын, Елтаңбасын, Туын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білуі керек. Қазақ халқының асыл арманы асқақ әнге айналды.

Композитор Ш. Қалдаяқов пен ақын Жұмакен Нәжімидиновтің «Менің Қазақстаным» әнін Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың қосымша түзетілген нұсқасымен ауыстыру жайлы Парламентте қаралып, бір ауыздан қабылданды.

Ән «Елім менің »


М:

1997 жылы мемлекет басшысы қол жеткен нәтижелерге сай елді дамытудың ұзақ мерзімге белгіленген «Қазақстан 2030» стратегиясын жүзеге асыруды ұсынды. Бұл елдің өркендеуі, бүкіл Қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатынның жақсара түсуі.

Видеоролик 2030 жолдау көрсету.


М:

Тәуелсіз жылдардан бері елінің жүгін аудырмай алып келе жатқан кемел көшбасшымыз, кезекті Президент сайлауында өз бәсекелестерін айқын басшылықпен жеңіп, ел басқару тізгінін қолына қайта ұстаған тұңғыш Елбасымыз, екі тілде шешен де көсем сөйлеп, көсілте жаза білетін Н.Ә.Назарбаевты сондай айтулы тұлғалардың қатарынан көреміз.

Әйтсе де, сөз қашанда айтылар сәтін айтылуымен құнды. Халқымыдың : «Дер кезінде айтылмаған сөзді айтылмады деп есепте» деуінде де үлкен пәлсафалық мән жатыр. Демек, бүгінде еліміз заман көшіне ілесіп, жоғары қарқынмен дамып отырса, мұнда Елбасымыздың халқына керекті сөзді дер кезінде әрі әсерлі айта білген сұңғылалығының да өзіндік орны болғаны.

Ендеше, Н. Назарбаевтың қанатты қағидалары қамтылған «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабынан терең ой толғамдары мен тұжырымдарына құлақ асайық.




Мұғалім:

Көк орай шөбім,

Жайқалып егін,

Байлыққа толы кең дала.

Көркейіп өсіп,

Жайқалып жетіп,

Келесің міне Күн қала



Отан дейміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың салтанатты тұсау кесер тойы өткізілді. Астананы салуға Еуропа мен Азия мемлекетінің құрылыс компаниялары қатысты. Салыстырмалы түрде өте қысқа мерзім ішінде Президент мәдени орталығы, конгрессхол, мәдениет сарайы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Университеті, Халықаралық деңгейдегі қонақ үйі, жаңа аэропорт, ғимараттар салынып, ақын Абай Құнанбаев пен Кенесары ханға ескерткіш орнатылды.

Ендігі кезекте Президент мәдени орталығына саяхатқа шығап, тамашалайық!

Видеоролик: Президент орталығы

Ән:

М: Мейірім қазақ елінің Елбасы ел-жұртын, жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін, осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды. Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік блсын!

Осымен «Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы» атты Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа арналған кешімізді аяқтаймыз.

Қош сау болыңыздар!

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!