Материалдар / "Елім менің" патриоттық ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Елім менің" патриоттық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіс жолында 6 асу бар, сол асулардан сүрінбеңіздер, әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Сонымен қатар әр айналым соңында Гүлсім Мешітқалиқызы ән жасырып отырады. Сол әнді тапқан топқа екі ұпай қосылады. Әр айналым ережесіне нақтырақ тоқталып отырамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
845
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А438425_1370323863_300_0_0.png қтөбе қаласы №34 орта мектебі









«Елім менің»

«Жас Ұландықтарға» арналған патриоттық сайыс




Өткізген: Аға тәлімгер Елекеева Ж.А










2013-2014 оқу жылы


Саламатсыздарма қадірменді қонақтар, құрметті әріптестер

және оқушылар! Бүгінгі “Ұлы дала ұландары”  думанына қош келдіңіздер!

 

   Сіздермен бірге болып отырған “Ұлы дала Ұландары” думанын  жүргізуші

 Ақтөбе қаласы  №34 орта мектебінің аға тәлімгері Елекеева Жанна Аманнолақызы.

 

Елім менің” думанына 2 топ қатыстырылады   және білім бәйгесін баптап келген,

топ басшылары болуы тиіс.

 

    Оң қанатта  ____________________

  Сол қанатта ___________________

                                                       

 Ал, енді сіздердің топтарыңызбен таныс болайық.

 

    1._____________________ сіздердің топтарыңызда  кімдер бар. 

  2. ____________________ сіздердің топтарыңызда кімдер бар.

 

Мен екі топқа да сәттілік тілеймін!

        

           Бүгінгі “Ұлы дала ұландары” думанын  әсем әнмен  әрлейтін  музыка пәнінің мұғалімі Гүлсім Мешітқалиқызы.

        Екі топтың ұпай санын есептеп отыратын  есепші сайлап аламыз.

 

    Жеңіс жолында 6 асу бар, сол асулардан сүрінбеңіздер, әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. 

 Сонымен қатар әр айналым соңында Гүлсім Мешітқалиқызы   ән жасырып отырады. 

       Сол әнді тапқан топқа екі ұпай қосылады.  Әр айналым ережесіне нақтырақ тоқталып  отырамыз.

 

Ал, қазір бізде І айналым. 

      І айналымда экран арқылы үш бейне сұрақ болады. Сұраққа қарама-қарсы тұрған ойыншылар   жеке-жеке  жауап бере алады.

      Сұрақты оқып болған соң, жалаушаны бірінші болып көтерген ойыншы жауап 

бере алады.

                                                 Дұрыс жауап бір ұпай

Сұрақтар   оқиғалартұлғалар туралы  болмақЕреже түсінікті болған сияқтыОйыншылар дайын болсаэкранға назар аударайық.

 

   1-ші бейне сұрағымызбен таныс болыңыздар.

Бұл экрандағы сурет қай мезгілді білдіртеді, бұл суретке кім өлең арнап жазған, сол өлеңнің тақырыбын ата.

Жауабы:Түн мезгілі.   авторы:    Абай Құнанбаев,    «Желсіз түнде жарық ай»        

    

                       Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

2-ші бейне сұрағымыз  тұлғаларды таныстыру.

 Сұрақ мынадай.  Бұл суретті кімге арнап салған,  суреттің тақырыбын ата,

  ол тұлғаның шын есімі, кімнің  шөбересі.

    Жауабы:Шоқан Уалиханов:    Бұл сурет «Қырдың жас түлегі» деп аталады.

Шын есімі Мұхаммедқанафия  Абылайханның шөбересі.

 

3-ші бейне сұрағымыз телехабардан үзінді.

  Бұл қай жер және бұл кім?

      Жауабы: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев, Ақ Орда

 

                                          Гүлсім Мешітқалиқызы ән жасырады.  (Ана туралы жыр)

 

                   Ендігі кезекті есепшіден екі топтың ұпайын білейік.

ІІ  айналымда

  Ойыншылар қазақ тілінен сынақ тапсырады. Бұл айналымда ұпайы аз топтан бастаймыз.  Әріптер өз орнымен орналасып сөз құрылуы керек.

                                                    Дұрыс  жауап бір ұпай.

1 – ші топқа:

1.      Жауапкершілік 

2 – ші топқа:

           1. Тәкаппарлық

 (1 минут уақыт беріледі)

Гүлсім Мешітқалиқызы ән жасырады.      (Әке туралы жыр)

 

Ендігі кезекті  есепшіден екі топтың ұпайын білейік.     

ІІІ айналымға да келіп жеттік.

          Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Еліміздің    

     кемел болашағы да қазақ тілінде. Ана тілін меңгерген ұлтжанды білімді  

      ұрпақ еліміздің ертеңі, тәуелсіздіктің тірегі.

          Олай  болса сіздердің қазақ тілінен білімдеріңізді сынаймыз.

     Экранда фразеологиялық сөз тіркестері  беріледі, сол сөздің мағынасын табыңыздар. 

Дұрыс жауап бір ұпай 

1-топқа:

1 - сұрақ

Салы суға кетті.

Жауап:

Бір нәрсені жоғалтқан кезде, ренжігенде, уайымдағанда,

мұңаю деген мағнаны білдіреді

2-топқа: 

1 – сұрақ. 

Ойында қалды. 

Жауап:

Жадында, көңілінде сақталды, ұмытылмады.  

Гүлсім Мешітқалиқызы ән жасырады.       (Ақ бұлақ)

Ендігі кезекті  есепшіден  екі топтың ұпайын білейік.

ІV айналым.

          Ата-ана және бала туралы  мақал-мәтелдің жалғасын табу.  

  Әр топқа 10 мақал-мәтел беріледі. Оны топ басшылары оқиды. 

  1,5 минут  уақыт беріледі.  Сол 1,5 минут уақытта қанша  мақал-мәтелге жауап беретінін  білейік.

Дұрыс жауап бір ұпай.

1 – топқа 

  1. Балалы үйдің ...... жатпас.    (ұрлығы)

  2. Бесіксіз үйде ....... жоқ.        (береке)

  3. Әкеге баланың ...... жоқ .        (алалығы)

  4. Ағайын-алтау, ана .......      (біреу)

  5. Бір жақсы қыз ...... ұлға татиды.        (екі жаман)

  6. Ұл туғанға - .......  туар.                         (күн)

  7. Жеті атасын білмеген ...... белгісі.          (жетімдіктің)

  8. Баланың жақсысы қызық,       

 Баланың жаманы .......                (күйік)

  1. Анасы сүйгеннің ......  сүй.          (баласын)

  2. Ердің анасы- .......  анасы.         (елдің)

2 – топқа.

     1. Балам – балым, баланың баласы -     .....    (жаным)

     2. Асығу баланың ісі.

         Аттандыру - ...... ісі.           (ананың)

     3. Қызға берген .......                  (білінбес)

     4. Ата - ........ сыншы.               (балаға)

     5. Әкенің қадірін ........ болғанда білерсің.       (балалы)

     6. Кіші баланың ұятын ....... көтереді.            (үлкен бала)

     7. Өспейтін бала,

         Өнбейтін ....... даулайды.                   (дауды)

     8. Қыз жоқ жерде ..........  жоқ.             (қызық)

     9. Бала көңілдің гүлі, ......... нұры.        (көздің)

   10. Он бала бір әкеге жүк болмайды,

         Бір әке  .......... жүк болады.              (он балаға)

Гүлсім Мешітқалиқызы ән жасырады.        (Көктудың желбірегені) 

Ендігі кезекті  есепшіден  екі топтың ұпайын білейік.

V айналымда

 Өткен ғасырларда қазақ халқы  көшпенді өмір сүрді. Күнделікті  тұрмыс-тіршілігінде  мал өнімдерін  пайдаланған.  Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне байланысты.  Ата-бабаларымыздың  заттардың атауын табыңыздар.  

(Асық, арқан,  қамшы, шаңырақ)

Дұрыс жауап бір ұпай.

1-топқа:    

      1-сұрақ: Асық - асықтың түсуіне  байланысты атаулары болады.      

       Сол атаудың «Шоңқа» деп  аталатын атауының мағынасын түсіндіріңдер.  

Жауап:

Шоңқа - асықтың аша жағының жоғары қарап тік тұру қалпы. 

2-ші сұрақ.

Арқан- жүннен жасалынған  бұйымдар. Арқанның атауларын атаңдар.

Соның ішінде «Желі арқан» қандай мақсатта қолданылатынын

түсіндіріңдер. 

Жауап:

«Желі арқан»- құлынды, нарды тізбектеп байлайтын арқан.

2-топ:

    1-сұрақ:

 Шаңырақ- халқымыздың көшпенді  өміріндегі  негізгі баспанасы киіз үй болды.

 Киіз үйдің басты бөлігі - шаңырақ. Оның құрамдас бөлігінің бірі –  тоғын деген қандай мақсатта қолданған. 

Жауап:

жел арқанды байлайтын жіп.

2 –сұрақ.

     Қамшы - халқымыздың көшпенді  өміріндегі ер адамзаттардың  қаруымен бірге киімдерінің ажырамас бір бөлігі-қамшы болды

    Сол қамшының сабындағы ілмек бөлігі қалай аталады

Жауап:

      Ілмек бөлігі қамшының сабы,  теріден жасалған ілмек.

 

Гүлсім Мешітқалиқызы ән жасырады.          (Үкілі кәмшат)

Ендігі кезекті есепшіден  екі топтың ұпайын білейік.


 

Құрметті көрермен, қымбатты ойыншылар!

VI айналымға да келіп тоқтадық.

 Бұл нағыз шешуші кезең. Әр ойыншыға екі әріп тиесілі. Мен қойған сұрақтарға осы әріптердің көмегімен жауап берулеріңіз тиіс.Топ басшылары сөздің дұрыс шығуына көмектесеміз. 

Дұрыс жауап бір ұпай. 

Кезекті 1-топқа береміз. Ә-Е, К-Ш, І-Е, М-С

 

1. Ақын іздеген ....кім?.......   ел бақыты.     (әкім)

2. Киіз үйдің сықырлауық дейтін бір бөлшегі.      (есік)

3. Екеуінің басын ұстасаң суға кетесің.               (кеме)

                             4. Пиала шыны деп аталатын ыдыс        (кесе)

                             5. Төрт-түлікке жатпайтын жануар       (есек)

                             6. Актер Асан Әлінің әкесі                           (Әшім)

 

 

Кезекті 2-топқа береміз. М-Н, А-Ұ, Р-Т, А-Қ

 

                             1. Сиса, барқыт, бөз бұлар нелер?                 (мата)

                            2. Адал сөзінің антонимі   (арам)

                            3. Атадан балаға қалатын не?  (мұра)

                            4. Рудың бір түрі    (тана)

                            5. Орталық Қазақстан өзені  (Нұра)

                           6. Жарыста жеңіске жетелейтін қанатты сөз.    (ұран )

 

Гүлсім Мешітқалиқызы ән жасырады.        (Астанам менің)

 

Ендігі кезекті есепшіден екі топтың ұпайын білейік.

 

Ал енді ойыншылар міне біз  нағыз шешуші кезеңді де сәтті аяқтадық. Олай болатын болса, жеңімпаздарымызды ортаға шақырайық. Бүгінгі «Ұлы дала ұландары» патриоттық сайысының жеңімпазы болған  ............................. тобын марапаттаймыз!

 

Құрметті көрермендер, қымбатты ойыншылар! 

Азат еліміз, байтақ жеріміз, жаны жомарт ұл-қыздарымыз аман болсын.

 

Келесі кездескенше жүзіміз нұрлы, күніміз  шуақты болсын.

 




.............



















1-топқа

  1. Балалы үйдің ...... жатпас.    (ұрлығы)

  2. Бесіксіз үйде ....... жоқ.        (береке)

  3. Әкеге баланың ...... жоқ .        (алалығы)

  4. Ағайын-алтау, ана .......      (біреу)

  5. Бір жақсы қыз ...... ұлға татиды.        (екі жаман)

  6. Ұл туғанға - .......  туар.                         (күн)

  7. Жеті атасын білмеген ...... белгісі.          (жетімдіктің)

  8. Баланың жақсысы қызық,       

Баланың жаманы .......                (күйік)

  1. Анасы сүйгеннің ......  сүй.          (баласын)

  2. Ердің анасы- .......  анасы.         (елдің)





2 – топқа.


  1. Балам – балым, баланың баласы -     .....    (жаным)

    

 2. Асығу баланың ісі.

     Аттандыру - ...... ісі.           (ананың)

    

 3. Қызға берген .......                  (білінбес)

    

 4. Ата - ........ сыншы.               (балаға)

    

 5. Әкенің қадірін ........ болғанда білерсің.       (балалы)

    

 6. Кіші баланың ұятын ....... көтереді.            (үлкен бала)

    

 7. Өспейтін бала,

         Өнбейтін ....... даулайды.                   (дауды)

   

 8. Қыз жоқ жерде ..........  жоқ.             (қызық)

  

 9. Бала көңілдің гүлі, ......... нұры.        (көздің)

 

 10. Он бала бір әкеге жүк болмайды,

         Бір әке  .......... жүк болады.              (он балаға)



Shape1






















































Shape2






















































Shape3






















































Shape4






















































Shape5






















































Shape6








































































Shape7




































Shape8






















































Shape9






















































Shape10






















































Shape11






















































Shape12






















































Shape13






















































Shape14






















































Shape15






















































Shape16



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!