Материалдар / «Еліміздің рәміздері-егемендігіміздің айғағы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Еліміздің рәміздері-егемендігіміздің айғағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
768
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Жамбыл облысы әкімдігінің

білім беру басқармасы

«№8 Мойынқұм колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық

кәсіпорны






Тәрбие сағатының

тақырыбы:

Shape1




Топ шебері: Тушумова Л.Т

ОП-234 топ









МОЙЫНҚҰМ АУЫЛЫ

2020ж


Сабақтың тақырыбы: «Еліміздің рәміздері-егемендігіміздің айғағы»
Сабақтың мақсаты:
І.
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Білім алушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ. Білім алушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі - түсті суреттер,
буклеттер, карта, мақал - мәтелдер, Отанын, жер туралы нақыл сөздер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалім кіріспесі.
3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.
4. Қорытынды.
Кіріспе бөлім:

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой - пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан дегеніміз не?
- Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.
– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен - көліміз, ұлан байтақ жеріміз, Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.
Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал - мәтелдер айтып көрейік:
1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан - елдің анасы, (Ел - ердің анасы)
4.
Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю - (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам - ( ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)
9. Ел іші - (алтын бесік)
10. Тіл - тәуелсіздік (тірегі)
Отан – жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»
Н. Ә. Назарбаев.
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Бүгінгі бізің топ сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Көк аспан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Алтын дән» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және«Қыран» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған деректеріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығамыз.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы.

2 - бөлім: Туымен - Тұғырлы, Елтаңбасымен - Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!
«Көк аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға салады.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі.
Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою - өрнек алтын түсті.
Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын қалаушылардың бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы
Елтаңбаның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Рәмiздiк тұрғыдан мемлекеттік елтаңбасының негiзi - шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегi.
Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелі түркілер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Тұлпар - дала дүлдiлi, ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.
Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi.
Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Тудың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Мемлекеттік ту - көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Бiрыңғай көк түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады.
Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.
Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркі халықтары үшiн қасиеттi ұғым.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.
Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстанның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
Әнұранның сөзін Қазақстан Республикасының әр азаматы жатқа білуі тиіс.
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша, 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әнін жазған – композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар – Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов.

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

 Бірге:

«Көздің қарашығындай сақтауға:
- Құрметтеуге:
- Мақтанышпен қорғауға:
- Тұмардай сақтауға:
- Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз:
Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!