Материалдар / Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
756
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» тарих апталығының ашылу салтанаты

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу;

Дамытушылық: оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, қабырға газеттері, т.б.

Әнұран

Ұлдана: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сүйінші, мектебімізде тарих апталығы басталып жатыр.


Айбек: Қойшы, Ұлдана, соған да сүйінші сұрайсың ба?, оның несі жақсы, тағы да ашық сабақ, қабырға газеттерін шығару басталады. Осы тарихтың бізге қажеті не, түсінбеймін, таусылмайтын жылдар мен оқиғалар, барлығын есте сақтау да қиын.


Ұлдана: Қателесесің Мадихан, мектебімізде оқылатын басқа пәндер сияқты тарих сабағының да маңызы өте зор. Әрине онда көптеген жылдар кездеседі, бірақ сабақты күнделікті оқып жүрсең еш қиындығы жоқ. Ал қуанған себебім апталық барысында біз сабақтан тыс та көптеген мәліметтермен танысатын боламыз. Оны сен бүгінгі ашылу салтанаты барысында да байқайсың. Бүгінгі кеш тақырыбының «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» деп аталуының өзінде көп мағына жатыр.


Айбек: Е-е, солай ма, ендеше байқап көрейін.


Ұлдана: Цицерон: Тарих – дәуірлердің куәгері, шындықтың шырайы, есте қалар өмір, өткен күннің іздері деген екен  

Айбек: Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,

Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын,

Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,

Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.


Ұлдана: Көрініс: «Шырақтың ерлігі»


Автор: (Балзия) Сахнада І Дарий тақта отыр, қасында нөкерлері, есіктен үсті-басы жараланған Шырақ кіреді. Дарий алдында тізесін бүге отырып:


Шырақ (Мағжан):

-О, Патшам, менің түп ата-бабам парсы болатын, сол үшін сақтар мені тұтқында ұстады, парсы әскерінің келе жатқанын естіп тұтқыннан құтылып, соларға қосылу үшін түн жамылып қашамын деп қолға түсіп қалдым. Содан осындай күйге түстім. Орайын тауып, әйтеуір қашып шықтым, осы араға өліп-талып зорға жеттім.

І Дарий (Азамат):

-Енді саған не керек?

Шырақ (Мағжан):

-Сізден өтініп сұрарым, сақтарда кеткен кегімді қайтаруға көмектессеңіздер екен. Менің де сіздерге көмегім тиер, сақ жерінде жылқы бағып жүргенімде жерлерінің ой-шұқырын түгел біліп алғанмын. Олардан кегімді қайтару үшін өлсем де аянбаймын!

І Дарий (Азамат):

-Білсең айтшы, сақтар қазір қайда?

Шырақ (Мағжан):

-Мен қашатын түні сақтар бүкіл әскерін алысқа, басқа жерге әкетуді ұйғарды. Мен ол жерді жақсы білемін. Егер сіздер тура жолмен төте тартсаңыздар, ол араға олардан әлдеқайда бұрын баруларыңызға болады. Сонда ептеп тынығып алып, алыстан шаршап келген сақ жауынгерлеріне тасадан шығып, тарпа бассаласыздар, оларды ауға түскен балықтай оңай олжалайсыздар. Ол үшін жолға жетерлік жеті күндік ас-су алып, жедел жүріп кету керек.

(Шырақты нөкерлер сахна сыртына әкетеді)

І Дарий (Азамат) орнынан тұрып қасындағы кеңесшісіне:

-Іздегеніміз алдымыздан табылды, жеңіс қолымызда десек те болады. Атағымыз әлемге жайылатын болды.

(Барлығы шығып кетеді)


Автор: (Балзия)

Тілегіне орай құдайдың өзі айдап келген Шырақтың арқасында сақтарды күтпеген жерден алдынан шығып, қырғын таптыратынына, сөйтіп атын әлемге жаярына берік сенген І Дарий оның соңына ері, жорыққа аттанды. Уәделі жеті күн өтіп, сегізінші күнге аяқ басты. Азық бітіп, су таусылды. Аттары мен адамдары шөлден әлсірей бастағанын көрген І Дарий Шырақтың алдап әкелгеніне көзі жете бастайды. Сонда І Дарий әскерінің қолбасшысы Ранасбат күйініп былай дейді:

Ранасбат (Нұрдаулет):

-Не мақсатпен сен осындай ұлы патшаны алдап, ұшқан құсы, жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, оның қалың әскерін қырғынға ұшыратпақсың? Енді бізге алға да, артқа да жол жоқ қой?

Шырақ (Мағжан):

-Жеңіс! Жеңіске жетті деген осы. Отандастарымның басына үйілген қасіреттің қара бұлтын кері серпіп, сендерді шөл мен қалжыраған аштыққа әкеп қамадым. Енді қайда барсаңдар да табатындарың ажал!

(Барлығы сахнадан шығып кетеді, күй ойнап тұрады)


Автор: (Балзия)

Өзегін тілген өкінішті ызадан қаны қайнап, басына шапқан Ранасбат Шырақтың басын өз қолымен алады. Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен есіл ер осылайша азаттық жолында құрбан болады.

Сақ жеріне атақ-даңқ іздеп келген І Дарий кездейсоқ нөсердің арқасында аман қалады, бірақ әскерінің көп бөлігін жоғалтады. І Дарийдің бұл жорығы б.з.б.518 жылдары болған еді.


Балзия:

Біздің тарих шиырлы, бұралаңды.
Қызыл қан мен
Көз жастан құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып айтпай,
Келе жатыр
Айырылмай мұнар әлі.
Қайран шындық қанша рет тұралады.
О, тәңір-ай,әлдекім тарих десе.
Көз алдыма келтірем мұнараны.
Кавказдағы шыңдардың біріндегі,
Күнді бағып көзі оның ілінбеді.
Сол мұнара секілді біздің тарих,
Құдіретке бас иіп күлімдеді.
Қалған шындық құдірет тасасында,
Сәті түсіп сырыңды ашасың ба.
Бет-бейнеңді мәңгілік өзгерттің бе,
Ұлылықтардың айналып асасына.
Біздің тарих шиырлы,бұралаңды,
Қызыл қан мен
Көз жастан құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып айтпай,
Келе жатыр айырылмай мұнар әлі.

  

Жайық Айбек:

Көнбейді тарих бос сөзге,

Халықтың жолы – қиын жол

Беттері оның бір кезде

Малынған қанға оның мол

Ойсыз да жадсыз сүйгендік,

Еркіндік болар жолын қор.


Мейірбек:

Тамырымда қайнаған қан сыр шертеді тарихтан,

Үйренген жоқ ол тарихты кітаптан не халықтан.

Жүрегіммен тыңдап барлық құпиясын елімнің,

Нәсілімнің асылдығын біліп түгел қанныққам.

Жүрек жазған шежірені жаттаудан еш жалықпан!

Атилла мен Шыңғыс сырын қаламменен жазбаған,

Қылыштары ұшқын шашып,тарих жырын маздаған.

Нелер ұлы даналарды көлеңкеде қалдырып,

Тек Цезарь мен Ескендірді алып шықты қазбадан!

Тамырымда жүрді шарлап, даңқы Оғыз бабамның,

Ол бір асқақ тұлғасы еді мынау жалпақ ғаламның

Түркияда,Түркістанда жаттар Оғыз ұранын,

Ол ұраным - ұлы Отаным- шетсіз,шексіз Тарихым!

Ақжүніс:

Ей, жас ұрпақ,жауқазыным,көктемім!

Беймәлім бе,саған менің өткенім,

Білесің бе, халқын азап шеккенін,

Арпалысып өтті ме олар теп- тегін?

«Елім - айды» құлағыңа ілдің бе,

Сырым неге көтерілді,білдің бе?

Мансұқ етіп еліктірген ермекті

Тарихыңның қойнауына кірдің бе?

Не жетпеді Кенесары тарланға,

Не үшін өлді ер Исатай арманда,

Алаш үшін жанын қиған боздақтар

Сатты ма олар Ұлт намысын арзанға?

Шаттанғанда туды ғой деп азат күн

Неткен аштық қырып салған қазақты.

Ел басына кімдер әкеп төңкерді.

Отызыншы жылдардағы азапты?

Тастатпауға бүкіл ұлтты күресуге,

Өз елінде жүрмеу үшін бүрсеңдеп,

Желтоқсанда көтерілген жас ұлан

Тәуелсіздік жаршысы олар.

Біл сен де!

Айбек: -Неткен батырлық, жалғыз адам бір елді аман алып қалған. Мен бұл аңыз әңгіме екен десем, сонда расымен де тарихта болған ба?


Ұлдана: Иә, біздің тарихымызда елі мен жері үшін жанын қиюға даяр ерлер мен батырлар көп болған.

Балам, сенің бұл халқың-батыр халық,

Батырлығын жауына татырды анық.

Байқағанға осы да осалдық па,

Байтақ мекен көз жетпей жатыр неғып!...

Көрініс: «Қазақ хандығының құрылуы»

Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.

Уәзір (______________________): Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға (_______________________): Кірсін!
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға (______________________): Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей (______________________): Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек(______________________): Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей (______________________): Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.
Есен-бұға (____________________): Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға (__________________): Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
1 Ақсақал (__________________): Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2 Ақсақал (___________________): Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3 Ақсақал (___________________): Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.

Есен-бұға (__________________): Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір(______________________): Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға (______________________): Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей (______________________): Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек (______________________): Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткен арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)
Керей (______________________): «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.

Ақсақал (Мақсат): Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.
(Ұлттық киім киген қыздар шашу шашады, сахнада күй орындалады да қыздар би билейді).

Айбек: «Бәйшешек» би ансамблінің орындауында «Қазақ биі» қарсы алыңыздар


Ұлдана: Сұлтан Мирастың орындауында «Жаса Қазақстан» әні.


Айбек: Біздің тарих! Бұл дегенің шежіре,

Азап пенен бақ сыйлаған еліме.

Көп болды ғой көз алартқан пенделер,

Қазағымның ұлан-байтақ жеріне.


Ұлдана: Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай.

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме?-


Набира: «Мен мен едім...»


Ақнұр:

Өткенім бар-өкініш, жасыра алман,

Тарихым бар жазылған ғасырлардан.

Қазақ деген ел барын әйгіледім,

Жаңа ғасыр, сен енді бас ұр маған!

Орындалсын аңсаған асыл арман!


Ақбота: Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.

Нұрсұлтан Назарбаев

Аида:

Қазір елім достықтың гүлістаны,

Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы.

Мейрамдарын елімнің бірге тойлап,

Мұнда сан ұлт қосылып гүл ұстаған.

Орнап отыр елімнің тәуелсіздігі,

Қолға тиді елдің ерік тізгіні.

Ұлты үшін жанын берер ұлдары,

Дербес, берік мемлекетпіз біз бүгін.

Әнұраным қайрат беріп шырқалған,

Елтаңбам бартөрден орын ол алған.

Тілім алып мемлекеттік мәртебе,

Көк туым бар көк аспанмен ұштасқан.

Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.


Камшат:

Өзіңе бүгін қызыға елім қарадым,

Шалқытып көңіл, шарықтап енді барамын.

Тарихты терең үңіліп еске аламыз,

Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.

Тәуелсіз жылдар сыйласын елге ғажабын,

Қалсыншы артта көрген бір ауыр азабың.

Саналы әрі ұлтжанды болып ұрпағың,

Шалқи бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым!


Бексейіт: Тәуелсіздік толғауы


Ұлдана: Өмеш Ержанның орындауында «Жаса қазағым!» әні.

Айбек: Иә, Ұлдана, сен дұрыс айтыпсың, тарихты білудің маңызы өте зор екен. Тіпті қазақтың ән мен жырының өзі тұнып тұрған тарих екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Тарих деген қызық екен. Шіркін, жыл бойы тарих апталығы болып, осылай ән мен биден тұратын сабақ өтсек, қандай керемет болар еді.


Ұлдана: Иә, қазақ халқының әні мен жырының өзі тұнып тұрған тарих! Тек оны терең ұғына білу керек.

Айбек: Халқым менің! Саған қарап жұбанам,

Тарих беті қатпар-қатпар бұралаң.

Талай зардап қайғы-мұңның соңынан,

Егемендік алғаныма қуанам!


Ұлдана: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарланба, жарқыра!

Тарихымда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата-баба рухына!


Ән: «Тәуелсіздік - байлығым» (қатысушылардың барлыгы шар, жалау ұстап шығады)















































Тақырыбы: «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» тарих апталығының ашылу салтанаты

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу;

Дамытушылық: оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, қабырға газеттері, т.б.


______________________: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сүйінші, мектебімізде тарих апталығы басталып жатыр.


______________________: Қойшы, Гүлнұр, соған да сүйінші сұрайсын ба, оның несі жақсы, тағы да ашық сабақ, қабырға газеттерін шығару басталады. Осы тарихтың бізге қажеті не, түсінбеймін, таусылмайтын жылдар мен оқиғалар, барлығын есте сақтау да қиын.


______________________: Қателесесің Мадихан, мектебімізде оқылатын басқа пәндер сияқты тарих сабағының да маңызы өте зор. Әрине онда көптеген жылдар кездеседі, бірақ сабақты күнделікті оқып жүрсең еш қиындығы жоқ. Ал қуанған себебім апталық барысында біз сабақтан тыс та көптеген мәліметтермен танысатын боламыз. Оны сен бүгінгі ашылу салтанаты барысында да байқайсың. Бүгінгі кеш тақырыбының «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» деп аталуының өзінде көп мағына жатыр.


______________________: Е-е, солай ма, ендеше байқап көрейін.


______________________: Цицерон: Тарих – дәуірлердің куәгері, шындықтың шырайы, есте қалар өмір, өткен күннің іздері деген екен  

______________________: Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,

Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын,

Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,

Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.


Көрініс: «Шырақтың ерлігі»

Сахнада І Дарий тақта отыр, қасында нөкерлері, есіктен үсті-басы жараланған Шырақ кіреді. Дарий алдында тізесін бүге отырып:

Шырақ (________________ ):

-О, Патшам, менің түп ата-бабам парсы болатын, сол үшін сақтар мені тұтқында ұстады, парсы әскерінің келе жатқанын естіп тұтқыннан құтылып, соларға қосылу үшін түн жамылып қашамын деп қолға түсіп қалдым. Содан осындай күйге түстім. Орайын тауып, әйтеуір қашып шықтым, осы араға өліп-талып зорға жеттім.

І Дарий (__________________):

-Енді саған не керек?

Шырақ (__________________):

-Сізден өтініп сұрарым, сақтарда кеткен кегімді қайтаруға көмектессеңіздер екен. Менің де сіздерге көмегім тиер, сақ жерінде жылқы бағып жүргенімде жерлерінің ой-шұқырын түгел біліп алғанмын. Олардан кегімді қайтару үшін өлсем де аянбаймын!

І Дарий (__________________):

-Білсең айтшы, сақтар қазір қайда?

Шырақ (__________________):

-Мен қашатын түні сақтар бүкіл әскерін алысқа, басқа жерге әкетуді ұйғарды. Мен ол жерді жақсы білемін. Егер сіздер тура жолмен төте тартсаңыздар, ол араға олардан әлдеқайда бұрын баруларыңызға болады. Сонда ептеп тынығып алып, алыстан шаршап келген сақ жауынгерлеріне тасадан шығып, тарпа бассаласыздар, оларды ауға түскен балықтай оңай олжалайсыздар. Ол үшін жолға жетерлік жеті күндік ас-су алып, жедел жүріп кету керек.

(Шырақты нөкерлер сахна сыртына әкетеді)

І Дарий (__________________) орнынан тұрып қасындағы кеңесшісіне:

-Іздегеніміз алдымыздан табылды, жеңіс қолымызда десек те болады. Атағымыз әлемге жайылатын болды.

(Барлығы шығып кетеді)

Автор:

Тілегіне орай құдайдың өзі айдап келген Шырақтың арқасында сақтарды күтпеген жерден алдынан шығып, қырғын таптыратынына, сөйтіп атын әлемге жаярына берік сенген І Дарий оның соңына ері, жорыққа аттанды. Уәделі жеті күн өтіп, сегізінші күнге аяқ басты. Азық бітіп, су таусылды. Аттары мен адамдары шөлден әлсірей бастағанын көрген І Дарий Шырақтың алдап әкелгеніне көзі жете бастайды. Сонда І Дарий әскерінің қолбасшысы Ранасбат күйініп былай дейді:

Ранасбат (____________________):

-Не мақсатпен сен осындай ұлы патшаны алдап, ұшқан құсы, жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, оның қалың әскерін қырғынға ұшыратпақсың? Енді бізге алға да, артқа да жол жоқ қой?

Шырақ (_____________________):

-Жеңіс! Жеңіске жетті деген осы. Отандастарымның басына үйілген қасіреттің қара бұлтын кері серпіп, сендерді шөл мен қалжыраған аштыққа әкеп қамадым. Енді қайда барсаңдар да табатындарың ажал!

(Барлығы сахнадан шығып кетеді, күй ойнап тұрады)

Автор:

Өзегін тілген өкінішті ызадан қаны қайнап, басына шапқан Раснарабат Шырақтың басын өз қолымен алады. Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен есіл ер осылайша азаттық жолында құрбан болады.

Сақ жеріне атақ-даңқ іздеп келген І Дарий кездейсоқ нөсердің арқасында аман қалады, бірақ әскерінің көп бөлігін жоғалтады. І Дарийдің бұл жорығы б.з.б.518 жылдары болған еді.


______________________:

Біздің тарих шиырлы, бұралаңды.
Қызыл қан мен
Көз жастан құралады.
Өзекті өртер өксік
ті ашып айтпай,
Келе жатыр
Айырылмай мұнар әлі.
Қайран шындық қанша рет тұралады.
О, тәңір-ай,әлдекім тарих десе.
Көз алдыма келтірем мұнараны.
Кавказдағы шыңдардың біріндегі,
Күнді бағып көзі оның ілінбеді.
Сол мұнара секілді біздің тарих,
Құдіретке бас иіп күлімдеді.
Қалған шындық құдірет тасасында,
Сәті түсіп сырыңды ашасың ба.
Бет-бейнеңді мәңгілік өзгерттің бе,
Ұлылықтардың айналып асасына.
Біздің тарих шиырлы,бұралаңды,
Қызыл қан мен
Көз жастан құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып айтпай,
Келе жатыр айырылмай мұнар әлі.

  

______________________:

Көнбейді тарих бос сөзге,

Халықтың жолы – қиын жол

Беттері оның бір кезде

Малынған қанға оның мол

Ойсыз да жадсыз сүйгендік,

Еркіндік болар жолын қор.


 ______________________:

Тамырымда қайнаған қан сыр шертеді тарихтан,

Үйренген жоқ ол тарихты кітаптан не халықтан.

Жүрегіммен тыңдап барлық құпиясын елімнің,

Нәсілімнің асылдығын біліп түгел қанныққам.

Жүрек жазған шежірені жаттаудан еш жалықпан!

Атилла мен Шыңғыс сырын қаламменен жазбаған,

Қылыштары ұшқын шашып,тарих жырын маздаған.

Нелер ұлы даналарды көлеңкеде қалдырып,

Тек Цезарь мен Ескендірді алып шықты қазбадан!

Тамырымда жүрді шарлап, даңқы Оғыз бабамның,

Ол бір асқақ тұлғасы еді мынау жалпақ ғаламның

Түркияда,Түркістанда жаттар Оғыз ұранын,

Ол ұраным - ұлы Отаным- шетсіз,шексіз Тарихым!

______________________:

Ей, жас ұрпақ,жауқазыным,көктемім!

Беймәлім бе,саған менің өткенім,

Білесің бе, халқын азап шеккенін,

Арпалысып өтті ме олар теп- тегін?

«Елім - айды» құлағыңа ілдің бе,

Сырым неге көтерілді,білдің бе?

Мансұқ етіп еліктірген ермекті

Тарихыңның қойнауына кірдің бе?

Не жетпеді Кенесары тарланға,

Не үшін өлді ер Исатай арманда,

Алаш үшін жанын қиған боздақтар

Сатты ма олар Ұлт намысын арзанға?

Шаттанғанда туды ғой деп азат күн

Неткен аштық қырып салған қазақты.

Ел басына кімдер әкеп төңкерді.

Отызыншы жылдардағы азапты?

Тастатпауға бүкіл ұлтты күресуге,

Өз елінде жүрмеу үшін бүрсеңдеп,

Желтоқсанда көтерілген жас ұлан

Тәуелсіздік жаршысы олар.

Біл сен де!

______________________:

-Неткен батырлық, жалғыз адам бір елді аман алып қалған. Мен бұл аңыз әңгіме екен десем, сонда расымен де тарихта болған ба?

______________________: Иә, біздің тарихымызда елі мен жері үшін жанын қиюға даяр ерлер мен батырлар көп болған.

Балам, сенің бұл халқың-батыр халық,

Батырлығын жауына татырды анық.

Байқағанға осы да осалдық па,

Байтақ мекен көз жетпей жатыр неғып!...

Көрініс: «Қазақ хандығының құрылуы»

Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.
Уәзір : Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға (_______________________): Кірсін!
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға (______________________): Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.
Есен-бұға (_____________): Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға (________________): Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
1 Ақсақал (________________): Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2 Ақсақал (________________): Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3 Ақсақал (_________________): Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.

Есен-бұға(_______________): Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға (______________________): Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткен арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
Ақсақал (________________): Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.
(Ұлттық киім киген қыздар шашу шашады, сахнада күй орындалады да қыздар би билейді)
Би: ___________________________

Ән: «Қазақ елі осындай» ___________________________

______________________: жүрг

Біздің тарих! Бұл дегенің шежіре,

Азап пенен бақ сыйлаған еліме.

Көп болды ғой көз алартқан пенделер,

Қазағымның ұлан-байтақ жеріне.

______________________: Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай.

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме?-

Ән: «Мен мен едім...»

Би: «Тәуелсіздік жылдары» композиция»


оқушы:

Өткенім бар-өкініш, жасыра алман,

Тарихым бар жазылған ғасырлардан.

Қазақ деген ел барын әйгіледім,

Жаңа ғасыр, сен енді бас ұр маған!

Орындалсын аңсаған асыл арман!


оқушы: Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.

Нұрсұлтан Назарбаев

оқушы:

Қазір елім достықтың гүлістаны,

Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы.

Мейрамдарын елімнің бірге тойлап,

Мұнда сан ұлт қосылып гүл ұстаған.

Орнап отыр елімнің тәуелсіздігі,

Қолға тиді елдің ерік тізгіні.

Ұлты үшін жанын берер ұлдары,

Дербес, берік мемлекетпіз біз бүгін.

Әнұраным қайрат беріп шырқалған,

Елтаңбам бартөрден орын ол алған.

Тілім алып мемлекеттік мәртебе,

Көк туым бар көк аспанмен ұштасқан.

Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.


оқушы:

Өзіңе бүгін қызыға елім қарадым,

Шалқытып көңіл, шарықтап енді барамын.

Тарихты терең үңіліп еске аламыз,

Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.

Тәуелсіз жылдар сыйласын елге ғажабын,

Қалсыншы артта көрген бір ауыр азабың.

Саналы әрі ұлтжанды болып ұрпағың,

Шалқи бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым!

Ән: «Қазақстан елім менің!»


______________________:

Иә, Гүлнұр, сен дұрыс айтыпсың, тарихты білудің маңызы өте зор екен. Тіпті қазақтың ән мен жырының өзі тұнып тұрған тарих екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Тарих деген қызық екен. Шіркін, жыл бойы тарих апталығы болып, осылай ән мен биден тұратын сабақ өтсек, қандай керемет болар еді.


______________________:

Иә, қазақ халқының әні мен жырының өзі тұнып тұрған тарих! Тек оны терең ұғына білу керек.

______________________:

Халқым менің! Саған қарап жұбанам,

Тарих беті қатпар-қатпар бұралаң.

Талай зардап қайғы-мұңның соңынан,

Егемендік алғаныма қуанам!


______________________:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарланба, жарқыра!

Тарихымда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата-баба рухына!


Хор: «Қазақстаным» (қатысушылардың барлыгы шар, жалау ұстап шығады)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!