Материалдар / Елімнің еркіндігі -тəуелсізлік!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елімнің еркіндігі -тəуелсізлік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəуелсіздік туралы кеш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кеш жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге талпындыру, халық батырларын құрметтеуге үйрету, адамгершілік, патриоттық сезімдерді арттыру арқылы Отанын сүюге және қорғануға тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

Көрнекіліктері: акт залының безендірілуі, қабырға газеттері, портреттер, мақалалар жинағы.

Кештің жүру барысы:

-Ата, не ойлап отырсыз?

-Ә балам атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

-Ата өткен өмір деген не?

-Ә балам «өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

-А, ол қандай болған?

-Ендеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атым,

        Жинадым ескілерден тарих хатын.

        Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

        Айтылған аталардың аманатын.

Жүргізушілер:

І ж.: Арайлап таңың атты,аттан,қазақ,
Ерікті елдік алдық,мақтан,қазақ.
Аңсаған арманыңа қолың жетті,
ІІ ж.: Күреске белің буып аттан,қазақ.
Ұмытпа өткеніңді,асыл қазақ,
Еселеп ерлігіңді асыр,қазақ.
Нұрсұлтандай бас басшы бастауында

Қосылды бір ортаға басың қазақ

І ж.: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және осы кештің қонақтары

ІІ ж.: «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты тарихи кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

Барша қауымды Тәуелсіздіктің туын желбіреткен желтоқсан мерекесімен құттықтаймыз.

Желтоқсанның желімен жеткен Тәуелсіздік күні құтты болсын. Баршаңызға баянды бақыт, жанұялық жарасым, ынтымақты өмір тілейміз.

Тарих өткен өмірді сөз еткенімен, оның барша тағылымы бүгін мен болашаққа қызмет етеді. XVII ғасырдың басынан 1986 жылғы Желтоқсанға дейінгі аралықта қазақ халқы 300-ге тарта көтерілісті бастан кешірді. 1723-28 жылдары қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына ұшыраған күндері тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен әйгілі. Биылғы жыл бұл оқиғаға 270 жыл толып отыр. Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зорбалаңға тап болды.

«Елім-ай» әні орындалып тұрады.

Сахнада аянышты өмір кешкен, жая жалпы шұбырған жұрт. Әйелдер мен балалар адм төзгісіз жол азабына шыдай алмай келе жатыр. Алқакөл көлінің жағасына келіп, сұлап жатқанда бір ақсақал адам шығады: «Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жаманшылықтың бәрін ұмытпауы керек, біз осы күнімізді күнімізді не деп атасақ болады?».

Сонда ішінен бір қария шығады: мұның атын «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болсын. Мұның мәнісі атамекен, мал-мүлкімізден айырылып, жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босып, табанымыз ағарып, азып тозып кетіп бара жатырмыз. Бұл оқиғаны осылай атағанымыз жөн болар.

Жаугершілік заманда қарақылды қақ жарған, елге тек бірлік, береке, тыныштық тілеген айбынды да аруақты Төле би, Қазыбек, Әйтеке де ел тағдырына қатысып бәтуәлі істер тындырғанын білеміз.

Қаз дауысты Қазыбектің елшілігінен көрініс.

Жоңғария қоңтайшысы «Қазақтың атақты үш биінің бірі келсін. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрған иісалмас біреу келсе, бітім болмайды.

Төрде отырған Төкең екі биге кезек қарап:

-Уай, қос інім қос шырағым! Аға боп алдарыңа түсейін деп тұрмын. Ағаң-алдыңдағы әуелеп өскен дарағың. Інің-қанатың мен құйрығың, қайрап салар жарағың. Артымда сендер барда қанат жайып самғармын, алдаспанды сермермін. Дауласқанды жайғармын, алдаспанды сермермін. Дауласқанды жайғармын, жауласқанды жерлермін. Мен барайын бұл жолға!

Сонда Әйтеке

-Уай, Төкем! «Аға бордан, іні зордан» демей ме. «Іні-найза, аға-қорған» демей ме. Арқамды қорғанға тіремеймін бе, найзамды ерсілі-қарсылы ірімеймін бе. Жағаласқанды жапырып, дауымды аршып, күремеймін бе. Менің баруым жөн емес пе

Сол кезде Қазыбек

-Уай, асыл ағам! Уай асқақ інім! Ағасы бардың жағасы бар емес пе. Жағасы бардың тоқсан пәледен сақтар панасы бар емес пе. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен. Қазақта хандыққа жолсыз таласқандар болғанымен, билікке жөнсіз таласқандар болған емес. Ендеше, әділ би, Әділетін өзің айт: аттың басы күшті ме, белі күшті ме, құйрығы күшті ме?

Төленің жауабы:

-Шырағым Қазыбек, жол бастайды әманда омырауы жүйріктің. Бөгелекті қуарда пайдасы мол құйрықтың. Аттың белі қызыметті көп қылар, саған кепті кезегі осы жағы бұйрықтың. Жай онда қолыңды:

Атасызға ата бол!

Батасызға бата бол!

Арып-ашқан қаріптің,

Жел жағына жота бол!

Панасызға пана бол,

Кек сақтамас бала бол!

Дос сүйініп қас сыйлар,

Асу бермес дана бол!-деп батасын береді.

Жоңғар қонтайшысымен Қазыбек кездеседі.

-Жөніңді айтшы, атың кім?

-Атым Қазбек, әкем Келдібек, Халқым қазақ, руым Қаракесек.

Даусың қаз дусындай қаңқылдап тұр екен, датыңды айтшы.

-Біз қазақ елі-мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

Елімізді басынбасын деп,

Ордамыздан құт қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Жау аяғына жаншылмаған елміз,

Басымыздан намысты асырмаған елміз,

Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.

Адал ниетті ақтай білген елміз.

Атаның өсиетін балаға,

Балның өнерін атаға,

Айтып тарата білген елміз.

Құлақтың құрышын қандырып,

Әділ сөзді халыққа айта білген елміз деп екеуі келісімге келіп, қол алысады.

І-ж. Кез емес жаугершілік аттан атты

Алаңның шеруі емес салтанатты

Қытымыр қыстың басы сол бір айда

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты

ІІ-ж. Дауылға желтоқсанның желі айналды

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы

Күтпеген ісі ақыры не болды деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің төтенше Пленумы болып өтті. Пленум Д.А.Қонаевты Бірінші хатшы міндетінен босатып, оның орнына Ресейден келген Колбинді тағайындады. Пленум 18 минутта аяқталды.

Транспораттар ұстап жастар алаңға шығады.

  1. Әр Республикаға өз басшысы

  2. Қазақстан жасасын!

  3. Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

  4. Талап-тілегімізді айтамыз. Шықсын басшылар ортаға.

Әскери адам: Первая рота! Слушайте мою команду. Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремисов и хулиганов. Первая рота за мной.

Желтоқсаншыларды әскери адамдар шашынан жұлып, сүйретіп алып кетеді.

Ән «Желтоқсан желі»

Сөзі: Ә.Тінәлиев

Әні: А.Асылбеков

Орындайтын:

Қайратпен жүргізілген тергеу бізге құпия болып қалды, жүзден он пайызын білмейміз. Қайратпен тергеуші арасындағы тергеу төмендегідей болған деп жорамалдаймыз.

Бауыржан Үсеновтың тексінің ізімен жазылған «Ерте солған жыр гүлі» атты көрініс.

Қайрат-

Тергеуші-

Қ. Таспа тілгенімде тәнімнен тозақ ғұмырдың

Балағаттайсың маған бір тиын түсіндім

Жазықсыз емен қайталай берем несіне

Оқып көр міне, өлеңге түнде түсірдім

Т. Түкірдім мен жырларыңа

Ит не деген өткір едің

Ине сұқтым тырнағыңа

Өлердей ғып тепкіледім

Алдап арбау тәсілімен

Салдым жанға қанша бұғау

Тәнің таудың тасы білем

Мойындата алмадым-ау

Қ. Мойындата алмайсың

Адал арым

Көзің жетіп болды ғой бағалаған

Меңсіз едім жақпасаң маған қасқа

Отыз жеті емес бұл замандасқа

Т. Байқа сексен жеті бұл бүлігі көп

Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп

Тіліңі безеп өлең айт маған десең

Савицкиді алаңда өлтірдің сен

Қ. Бітер екен осы ір кеңес қашан

Инженерді көргем жоқ мен ешқашан

Өлтіргем жоқ

Құдай мен достар куә

Т. Ах, баскесер тағы да басталды ма

Періштедей бейкүнә жұтынасың

Куә, қалың қалайша құтыласың

Қ. Соншалықты зымиян болар ма едің

Қолдан жасап алдыңдар түсінемін

Қалай тани қояды олар мені

Ғұмырымда көрмеген кісілерім

Қалай жасап береді заңға «мұжық»

Алаң шетін баспаған маржан «шұжық»

Қ. Жүрегіме зіркілің от қояды

Шұқыдым деп мастанба

Көзге кенет

Сен сияқты зұлымдар көп қой әлі

Әлде қашан дүние өзгерер еді

Кетсем дағы атылып өкінбеймін

Күресімді бірақ та тоқтатпаймын

Міне саған түкірем алдыменен

Тфу, бетіңе жан алғыш.



Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Қайратты ақтау жөніндегі анықтама.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының Пленумы 1992 жылғы 21 ақпанда Қайрат Рысқұлбековтың Халық Жасақшысы Савицкидің өміріне қастандық әрекет жасалу оқиғасына байланысты ісін қарап Қайраттың бұл қылмысты жасауға қатысты дәлелденбеген деп бұл жөніндегі барлық сот шешімдерін бұзды, іс қысқартылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсанның17-18-дегі оқиғаларына қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау Жарлығына байланысты ҚРК-ның 65 бабымен Қ.Рысқұлбеков ақталды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі Сот алқасының төрағасы О.И.Исаханов. 23.03.1992 жыл.

Кеңес өкіметі өмір сүрген 70-жылда Қазақстанды басқарған 21 басшының 18-і күштеп жіберілгендер мен басқа ұлт өкілдері болса, қазақтан үш-ақ басшы болған екен. Олар: Мұхаметқалиев, Шаяхметов, Қонаев.

Ән: «Қара бауыр қасқалдақ»

Сөзі: Раушановтікі, Әні: Амановтікі

Орындайтын:

-Азаттық үшін арпалысып сол жолда құрбан болған

-Сырым бтырдың аруағына

-Кенесары хан мен Наурызбай батырдың аруақтарына

-Исатай мен Махамбеттің аруақтарына

-Амангелді мен Бекболат батырдың аруақтарына

-Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқайдың аруақтарына

-Қайрат пен Ләззат қыздың аруақтарына

-1986 жылдың құрбандарына мың тағзым.

Осы бір жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі бостандық жағына бас тіккен азаматтар туған елінің тәуелсіз мемлекет болғандығын көре алмай өмірден өткендер рухына тағзым етіп еске алу ұлттық парызымыз.

Қазір осы құрбандарға бір минуттық үнсіздік жариялаймыз.

Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан уақиғасының бас қаһарманы- Қайрат Рысқұлбеков небәрі жиырма екі-ақ жыл ғұмыр кешті. Есіл ер зұлым күштің құрбаны болды. Бірақ өзі кеткенімен артында өлмес ерлік ісі, азаматтық асқақ даңқы қалды.Қайраттың соңғы хаты. Оқитын:

Иә, мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, көпшілікпен бірге. Барғанда да Қонаевтың күйін күйттеп барған жоқпын. Тек қана ол жерге барған себебім, бар мақсатым, біріншіден олжерде не болып, не істеп, не қойып жатқан өз көзіммен көру болды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып өлтіріп жатыр дегенді елден естіген соң, өз басым қолымды жайып «күл болмасаң, тұл бол» деп отыруға еркектік ар-намысым еш жетпеді. Ер қатарында ер қара боп, санасы бар сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін, құдайға шүкіршілік, менің де көркейген кеудем де нағыз ерге лайық «намыс» баршылық.

Сол жерде қолымнан келгенше бір көмегімді бергенім де рас. Ол үшін әлі күнге дейін еш өкінбеймін, керісінше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бірақ та, бір құдай өзі куә, адам баласын еш өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сормаңдай менің қолымнан келмейді. Еш уақытта, ешқашан да...

Ал әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегені үшін бір милицияны ұрып соққаным рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман-есен зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен жасаған бар теріс қылық, бар қылмысым осы ғана.

Мінсіз де асыл анашым-ай. Тағдырдың тауқыметін көп көрдіңіз ғой. Түсінген жанға сол да жеткілікті. Басыңызды 20 жыл бойы торлаған Сізге қайғы уайым болмайын. Ардақты анашым! Бар жеткен жерім осы. Аяғыңа жығылайын. Ақ сүтіңізді ақтай алмай көз жұмып бара жатқаным үшін сорлы балаңызды кешіріңіз! Өтінемін, кешірім өтінемін.

Жоқ! Жазықсыз жиырма жыл бойы азап шегетін мен емеспін. Ерте ме, кеш пе нағыз адам өлтіруші қылмыскерлер әлі-ақ табылады. Бұл ақиқат. Жүрегім сезеді. Менің өліміме тек жалақорлар мен тергеуші соттарды кіналаңдар. Соңғы рет қимастықпен беттеріңізден сарғайған сағынышпен сүйдім!!!

Қайрат. 1988 жылы 22 мамыр.

4. Тарих өткен өмірді сөз еткенімен, оның барша тағылымы бүгін мен болашаққа қызмет етеді. ХҮІІ ғасырдың басынан 1986 жылғы желтоқсанға дейінгі қазақ халқы 300-ге тарта көтерілісті бастан кешірді. 1723-28 жылдары қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына ұшыраған күндері тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен әйгілі. Биылғы жыл бұл оқиғаға 270 жыл толып отыр. Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат зор зобалаңға тап болды.

6.Жаугершілік замандақарақылды қақ жарған, елге тек бірлік, береке, тыныштық тілеген айбынды да, аруақты Төле би, Қазыбек, Әйтеке де ел тағдырына қатысып бәтуәлі істер тындырғанын білеміз. Қаз дауысты Қазыбектің елшілігінен көрініс.

9.1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің төтенше Пленумы болып өтті. Пленум Д.А.Қонаевты Бірінші хатшы міндетінен босатып, оның орнына Ресейден келген Колбинді тағайындады. Пленум 18 минутта аяқталды.

11.Ән «Желтоқсан желі»













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!