Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Елімнің ертеңі- Тәуелсіздік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Елімнің ертеңі – Тәуелсіздік»
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін жас өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру.
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп айтуға баулу, ой-өрісін кеңейту.
3.Тәрбиелік: Отан Ананы құрметтеуге, Тәуелсіздікті бағалай білуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлтжанды болуға тәрбиелеу.
Ақниет Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар! Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің ертеңі – Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Бақтияр Желтоқсан оқиғасы әркімнің жадында, тарихи ғасыр жылнамасында мәңгілік жазылып қалды. Өйткені ол дүниені дүр сілкіндірді. Еркіндікпен теңдікті талап еткен ел ұландарының, жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді.
Ақниет Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далаға жылап келіп қуанғам –
деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші?!
Бақтияр Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді.
Тарих ертегі емес, бұрмалап – бопсаласаң шырылдап жылайтын, обал – сауабы өте ауыр ақиқат. Олай болса, қазақ тарихына, яғни өткеніне бір сәт үңіле қарасақ.
Нұрдаулет 200 жыл патшалы Ресейдің отары болдық.
Жұлдыз 70 жыл әміршіл – әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айырылдық.
Димаш 1920 – 1921, 1931 -1932 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық – зомбылықтан елінен безіп, өз ұясын, руын, туған – туысқанын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті.
Нұрмерей Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.
Асылхан 1916 жылғы көтерілістер ұлы дүрбелеңге ұласты. 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді.
Ақниет 1986 жылғы 16 – желтоқсан - Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің өте қысқа пленумы болды. 18 минут қана өткен пленум қазақ халқының тағдырын тас – талқан етті.
Бақтияр Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткер Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты орнынан алып, оның орнына Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы, республикаға мүлдем бейтаныс Колбин тағайындалды. Желтоқсанның 17 – сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталды.
Шапағат Желтоқсанда,
Алматыда,
Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда
Күңірене күн күркіреп тау жақтан
Жайдың оғы жалаң қақты шатқалда.
Дидар Аппақ қала
Аппақ ғалам
О, тоба
Найзағайлар қар жалап тұр жотада!
Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар
Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.
Ұлдана Кім көріпті о заманда, бұ заман
Найзағайды көк аязда құлаған.
Кеуделерде үрей бөрі ұлиды
Болсайшы аман – мына ғалам, дін аман!
Мұхтар Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы.
Ақмерей Мұз жастанып азаттықтың жолында
Тәуелсіздік туы тұрды қолында
Сойыл таяқ ойнаса да жаныңда
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.
Роя Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
Дания Нашақор деп, ұлтшыл деп
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.
Ердаулет Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын
Жауыздар бастан тепкен күн.
Әсем Жігіттер итке таланып
Ер басын күрек шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып
Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.
Ақбота Колбинге қазақ атынан тұңғыш наразылық айтқан Жұбан ағамыздың «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деп басталатын өлең жолдары қазақтың өр мінезін, туралығын айқын бейнелейді.
Дания Ж.Молдағалиев. Мен, қазақпын.
Мен – қазақпын, мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Нұрмерей Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйддырған даланы кең.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен
Асылхан Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.
Жүрегі бар кеудеме шын ғашықтың.
Жанар таудай жойқынмын жұлқынғанда
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.
Көрініс
Автор: Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жалынды, жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті.
Тергеуші: Рысқұлбековты тергеуге алып келіңдер!
Күзетшілер: Рысқұлбеков тұр! Жауапқа жүр!
Тергеуші: Рысқұлбеков Савицкийді өлтірген сенсің, мойында!
Қайрат: Бұл дегенің қып – қызыл қиянат қой. Мен тышқан да өлтіріп көрген жоқпын.
Тергеуші: Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілденеді.
Қайрат: Мен ешкімді де өлтіргем жоқ.
Тергеуші: Савицкийді өлтірдім демей – ақ қой, оқиғаға қатыстым десең де болады.
Қайрат: Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабылып отырған жала.
Тергеуші: Бұдан ешқандай пайда жоқ, ісін сотқа түсірейік. Содан соң көресің.
Сот хатшысы: Сот келеді. Орындарыңыздан тұрыңыздар.
Сот: Айыпкердің ісін таныстырыңыз.
Тергеуші: Кешегі желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушы қылмыскер екені дәлелденді.
Сот: Айыпкер қылмысыңызды мойындайсыз ба?
Қайрат: Тұтқынға түстім жаутаңдай
Жоламай ешкім қасыма
«Ақтық сөзін не?» деген
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма
Жоқ пейіл менде жасымақ.
Қорлай беріп қайтадан.
Титыққа орыс жетпесін
Туған жердің намысы
Бөтен қолда кетпесін.
Тергеуші: Қысқарт тіліңді, жап аузыңды!
Сот: Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қылмыстық кодекстің 173 бабының 1 тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі – өлім жазасына кесілсін.
Тергеуші: Ал, декабристер, соңғы ақтық сөзіңді айт
Қайрат: Ақтық сөзді енді мен
Сотқа да бір айтайын
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Автор: Қайрат Рысқұлбеков 21 жасқа қараған шағында тұтқындалып, Семей түрмесінің 21 – камерасында 1988 жылы 21 мамыр күні қапылыста дүниеден өтті. Қайрат 1992 21 – ақпанда ақпанда ақталып, оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Жұлдыз Тегеурінді соққылары жарақтан
Ақша қарға судай ақты қайнап қан.
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айрыларын Ләззат, Ербол, Сабирадан, Қайраттан.
Бақтияр Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мухаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды асыл азаматтарымыздың өздері өлсе де, өшпестей із қалдырған ерен ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.
Ақниет Шағылса да тауға тиіп жас тауы
Ерлік еді намысқа шоқ тастауы
Күллі әлемді шулатқан сол екі күн
Болған екен бостандықтың бастауы.
Бақтияр Қазақ жастары ереулі қазақ халқының ерлік, жауынгерлік рухының жоғалмағанын көрсетті. Сол желтоқсанның ұшқыны отқа айналып, алып империя – Кеңестер Одағы құрдымға кетіп, 1991 жылы 16-желтоқсандағы Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік ретінде орнықтыруға нық қадам басты.
Ақниет 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сайланып, сол жылы 16 – желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялады.
Хор. Ел қорғауға әзірміз.
Диас Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде мемлекеттік рәміздері бар. Қазақ елінің рәміздеріне – оның Туы, Елтаңбасы, асқақты да әулетті Әнұраны жатады.
Б.Ақниет Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында 32 арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста – ұлттық «қошқармүйізді» оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою – өрнек – алтын түсті.
Жібек Бірыңғай көк – көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады.
Кәмшат Күн – қозғалыс, даму, өсіп – өркендеудің және өмірдің белгісі. Қанатын жайған құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі.
Әсемгүл Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының негізгі – шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады. Түндік – таза көк аспанын бейнелейді.
Димаш Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Тұлпар – дала дүлділі, ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты. Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «Қазақстан» деген жазуы бар.
Нұрғиса Мақтанышым ежелгі халқым менің
Бақытты өмір еліме ақ тілегім
Әйгілі боп келеді бар әлемге
Көк байрағы жарқырап Алтын Гербім.
Ернар Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Әсем Кең далалы, кең пейілді қазақпыз
Құл емеспіз еркін жанбыз азатпыз.
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Диас Астана туралы көп толғауға болады. 1998 жылы 16 мамырынан бастап Астана қаласы деп аталды. Астана еліміздің нақ ортасында аса маңызды жолдардың торабында орналасқан. Астана болғалы архитектуралық айшығы күрт өзгеріп көрсе көз сенгісіз көркем шаһарға айналды.
Роя Астана қазағымның бас қаласы
Еркін елдің айбынды астанасы
Гүлденді қазағымның жас қаласы
Көреген Нұр ағаның бастамасы.
Мухаммед – али Астана айбынды орда қазағыма
Іліккен талай елдің назарына
Есілдің етегінде бой көтерген
Тамсанып қарайды ел ажарына.
Шапағат Тамсанбай кете алмас сенен ешкім
Бәйтерегім көз тоймас бір белессің
Лондон, Париж, Вашингтон, Мәскеуден де
Дубайдан да артықсың, кем емессің.
Ақбота Ұмыт болып кешкен бастан азап – мұң
Келді міне күткен ұзақ азат күн
Ұлан байтақ Сарыарқаның төсінде
Бой көтерді Елордасы қазақтың.
Дидар Көркейе бер, менің ғажап Астанам
Қиядағы арман қалам, жас қалам
Бар әлемге жетті сенің дыбысың
Аспаныңда қалықтаған асқақ ән.
Ән. Астана. Ақниет, Жұлдызай
Ақмерей Тамсанады бәрі алғаш көргенде
Шақырады биіктерге өрлеуге
Болашақтың үміт оты жалындап
Жарқырайды мәңгілікке сөнбеуге.
Нұрдаулет 2002 жылы Евразияның кіндігі – Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған.
Астана – Бәйтерек монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. Бұл 1997 жылы мемлекетіміздің елордасы Астана аталғанын білдіреді.
Ұлданай «Астана – Бәйтерек» монументі – темірден, шыныдан және бетоннан жасалған бірегей сәулетті ғимарат. Оның көлемі таң қаларлықтай үлкен. 105 метрлі биіктіктегі метал құрылысы, салмағы 1000т-дан артық және 500 діңгек қадаммен отырғызылған. «Астана – Бәйтерек» монументі бейнелейтін негізгі ой – бұл Әлем Ағашы.
Жібек 2005 жылдың 22 наурызда Астананың сол жағалауында ғажайып абрис жаңа ерекше астаналық көрініс болып табылатын «Нұр – Астана» орталық мешіті бой көтерді.
Димаш 2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы – Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат. Пирамида, қатты және қырлы, бізге мәңгіліктің мызғымас символы ретінде жетіп отыр. Пирамида – Есілдің екі жағалауынан да көрінеді. Ал түнде оның шыңы ішінен жанып тұрады.
Мұхтар Гүл Астана – ұлы елімнің бесігі
Күллі әлемге кең тараған есімі.
Ән мен жырға арқау болған бұл шаһар
Қазағыма тәңірі берген нәсібі.
Әсемгүл Өз Астанам, өз ордам
Өмірлі шат қараңыз
Біз бақытты баламыз
Аялы Отан құшағы
Содан қуат аламыз.
Нұрғиса Күндей күліп өсеміз
Шаттық тұрмыс кешеміз
Ер жеткенде халыққа
Адал еңбек етеміз.
Б.Ақниет Біздер жақсы оқимыз
Білім нәрін тоқимыз
Өсіп ғалым болғанда
Елді қорғау – ойымыз.
Ән. Хор. Гүл жазира Қазақстан.
Көрініс «Астанаға саяхат»
Бақтияр Би «Саржайлау»
Ақниет Ән «Алатау» Димаш пен Ақмерей
Ән «Қарабауыр қасқалдақ» Бақтияр мен Әсем
Ән «Атамекен» Ақбота мен Ақмерей
Ән «Саулем – ай» Бақтияр, Нұрдаулет, Дидар
Би «Гимнастика»
Ақниет Құрметті көпшілік!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
Бақтияр Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңіліміз көтеріңкі, күніміз шаттыққа толсын. Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік, достар!