Материалдар / Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш класс мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2018
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді: Кудайбергенов Д.Н

Класы: 2 «О»

Күні: 27.11.2017

Мұғалім: Қожан С.Ж

Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Мақсаты:Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев туралы кең түсінік беру. Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.Оқушыларды Отан сүйгіштігіне, адамгершілігіне, Отанына, халқына адал қызмет етуге, президент өмірін үлгі етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сөзжұмбақтар, сызбалар, ребус, елбасының суреттері мен нақыл сөздер.

 Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің  тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын! Тәрбие сағаты мынадай кезеңдерден тұрады:
Кезеңмен таныстыру.

I-кезең. «Менің балалық шағымның аспаны»

II-кезең. «Біздің тұңғыш Президентіміз»

кезең «Менің балалық шағымның аспаны»

Сұрақ-жауап жүргізу:

-Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)

Біздің елордамыз қай қала? (Астана)

Сөзжұмбақ шешу.

Қыстың бірінші айы \желтоқсан\

Мемлекеттік Рәміздеріміздің бірі \Әнұран\

Көмір шығатын кен орны, қазақстанның ірі қалаларының бірі \Қарағанды\

Елордамыз қай қала? \Астана\

Қазақстанда шығатын ең басты қазба байлығы, қоймалжың, сұйық зат. \мұнай\

Ащы және тұщы судан тұратын Қазақстанның ірі көдлдерінің бірі \Балқаш\

Еліміздің бұрыңғы астанасы, \Алматы\

Қазақстанның ең суық жері \Атбасар\

Қазақстанның мемлекеттік Рәміздерінің бірі Әнұранның авторы \Жұмекен\

(жауабы: Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері)

Біздің елбасымыз кім?

Мұғалім: – Ендеше, балалар, Біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы өз білетінімізді ортаға салайық. Сонымен елбасымыздың балалық шағына саяхат жасайық!.

Елбасының балалық шағына саяхат.

Оқушылар елбасымыз жайлы қандай мәліметтер білеміз? (Оқушылар елбасының балалық шағы жайлы мәліметтер айтады) :

1-оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Қ.Аманжолов

2-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
3-оқушы:    
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
4-оқушы:  
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
5-оқушы:            

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
6-оқушы:

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

 II–кезең  «Біздің тұңғыш Президентіміз»

Көрініс көрсету;

Мұғалім: Балалар, үйге мен сендерге шығармашылық тапсырма берген едім. Иә, кім ойлап, не алып келді екен? Қане, балалар, шығыңдаршы, өз ойларыңды жеткізіңдер.

Мен шықсам бола ма?

Иә, шыға ғой Сұлтан.

Мен бүгін өз ойымнан мынаны жасап келдім. Мұның атын мен әлі қойған жоқпын. Бірақ, осындай ғимарат болса екен деген ой келді де, ағашқа ұқсас діңі бар, тармақтала жан-жаққа таралған бұталары бар, төбесінде алтын жұмыртқасы бар ғимарат көз алдымнан кетпей қойды. Содан сой, осындай  әлемде жоқ ғимараттар біздің елімізде болса екен деп ойладым. Бүгін мен жәй жобасын жасадым. Келешекте осы ғимаратты шындыққа айналдырғым келеді.

-Осы айтқаның періштенің құлағына шалынып, еліміздің төрінен келешекте осындай ғимараттар орын ала берсін. Осы бетіңнен тайма. Жарайсың, отыра ғой!

Мұғалім: Елбасының асқақ армандары мен жетістіктері, міне, осы күндерден басталды.

Топтастыру;

Негізгі кейіпкерімізге мінездеме беріп көрейік. Елбасымыз қандай адам?

Ақылды, білімді, қайсар, қайратты, мәдениетті, өнегелі, тәрбиелі, жігерлі, батыл, ақын, сауатты, аңшы, спортпен шұғылданады, т.б.

Елбасы жайлы мәлімет.

7-оқушы:   

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар

Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

-Ата Заң жайлы кім айтады, қанекей, не білеміз?

14-оқушы:
1993 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
8-оқушы:«Ата Заң»   Әлия
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
9-оқушы: 

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
10-оқушы:  

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Сабақты  қорытындылау:

Осы бейнеклиптен қандай әсер алдыңдар?

Оқушылар , бүгін біздер елбасымыз жайлы сабақтан толық мәліметтер алдық деп және оны өмірлік қажеттіліктерімізге пайдалана аламыз деп ойлайсыңдар ма?

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Елбасымыз басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Өйткені, елімізді басқарар білімді басшымыз барда, қой аузына бозтоғай жұмыртқалаған осындай керемет заманда өмір сүріп жатқан біздің қандай арманымыз бар? Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Еліміз дамыған елдер қатарынан көрініп, елбасымыз қолға алған стратегиялардың арқасында мемлекетіміз қарқында дамып, өркендеп келеді. Мұның бәрі елбасымыздың арқасында. Елбасымызды құрметтеп, қолда барда алтынның қадірін білейік, ағайын! – дей отырып,
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!