Материалдар / Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
362
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы



Президент дегеніміз - өз елінің

тәрбиелі тұтқасы.

Ж.Аймауытов



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасына деген өз ықыласымды білдіру менің ел алдындағы борышым деп білемін. Себебі, Елбасының ерен еңбегінің жемісін көрудеміз. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының «Ел дегенде егіліп, жұрт дегенде жұмыла қызмет ет»,- деген сөзі соның айғағы. Сондай-ақ, Елбасы: «Елдің берекесі мен қуатының бастауы - ел ішіндегі тыныштық, біртұтастық»,- деген сөзі де соның дәлелі.

Қазақ халқы үшін егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізу оңайға түскен жоқ. Қазақ халқы аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репресссияны да бастан өткізгені бәрімізге аян. Бірақ халқымыз елдігін, бірлігін көрсетіп, жеңіске жетіп отырды. Алайда, жеңіс те оңайлықпен келмегені бәрімізге белгілі. Қандай соғыс болмасын, елді құтқарып қалған ел бірлігі, ынтымақтастығы, тұтастығы.Халқымыздың «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегені соның дәлелі десек те болады. Бейбіт заманның өзінде де небір қиямет-қайым, халқымыздың еңсесін түсірер күндер болды. Сондай қиындықтарды жою барысында Елбасы осы тарих тағлымдарын басшылыққа алып, небір қиын сәттерден өз жолын тауып шыға білді. Оның бәрі Елбасымыздың біліктілігі мен білімінің арқасы десек артық болмас.

Елбасының біраз кітаптарында «ғасыр» сөзінің болуы, жолдау бағдарламаларының «2030»,«2050» деп аталуының өзі оның болашақтан үлкен үміт, жақсылық күтетінін айқын білдіреді.

Өмір заңы - үнемі үздіксіз өсу, жаңару, алға ұмтылу. Ол үшін елімізде тыныштық, бейбітшілік болуы аса қажет. Ал біз үшін осындай елде өмір сүру- үлкен бақыт, мақтаныш.

Елбасының осы бағытта аянбай тер төгіп, еңбек еткеніне халық куә. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой. Осыған орай, білікті де білімді көшбасшының арқасында еліміз әлемге танылды. Ал еліміз елдігін көрсетіп, ерлігін танытты. Бізді ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен басшыларымыздың аянбай еңбек етуі бүгінгі нұрлы күндерге жеткізді.

Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сындарлы саясатының арқасында небір қиын жағдайлардан сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың жолына түскен елдердің қатарына өтуі де соның дәлелі десек болады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстанның түпкір-түпкірінде жоғары деңгейде атап өтілуде. Осы аталған мерекеге орай, біздің мектепте де түрлі іс-шаралар өткізілуде. Мектеп мұражайы мен кітапханада арнайы бұрыш ұйымдастырылып, Елбасы туындылары мен фотосуреттері қойылды. Арнайы видеороликтер әлеуметтік желіге жүктелді. Мектеп түлектері Елбасына деген ыстық ықыластарын эссе жазу арқылы және арнайы сынып сағаттарында жан-жақты пікіралмасу арқылы жеткізді. Сондай-ақ мектебіміздегі «Елсана» газетіне шығармашылық жұмыстары жарық көрді. Ол жұмыстар мектебіміздің А.Байтұрсынұлы атындағы мұражайында сақтаулы. Мұндай іс-шаралар жастарды Отанын, халқын сүйіп, елжандылыққа тәрбиелеуге қосар үлесі зор деп өз эсселерінде, ойтолғауларында мақтанышпен жазуының өзі Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, «Президент дегеніміз - өз елінің тәрбиелі тұтқасы»,- деген ойын дәлелдей түседі.

Қазақ халқының асқар таудың биіктерінен көрінуі, халықты бірлікке, еңбекқорлыққа, татулыққа шақырып отырған Елбасымыздың алға қойған мақсаттарының арқасы. Біз осындай елде туып, өсіп  жатқанымызға, мол мұрасы халыққа аманат болған, ұлылар есімі сара жол болып қалған алып мемлекетте тұрып жатқанымызға ризамын. Ендеше, Елбасымыздың парасатты еңбегін ерекше бағалап, құрметтейік. Елбасының еренді, қажырлы еңбектерінен үлгі алайық!









Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Н.Назарбаев «Жүз жылға татитын он жыл» - «Атамұра», 2001 ж.

  2. Н.Назарбав «Тарих толқынында» - «Атамұра», 1999 ж.

  3. Ж.Аймауытов шығармалар жинағы – Алматы: «Ел-шежіре», 2013 ж.

  4. Б.Момышұлы / https://kitap.kz/



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!