Материалдар / "Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы" тәрбие сағат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы" тәрбие сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы!

Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы

Құрық ауылы

«Құрық орта мектеп-гимназиясы» кмм

технология пәні мұғалімі
Серекбаева Күмісай Әлімбаевна

Сабақтың идеясы (педагогикалық мақсат): Рухани жаңғыру құндылықтарын дамыту.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Күтілетін нәтижелер: Үшінші жаңғыру контекстінде тұлғалық даму идеялары мен жобаларын жасау.
Сабақтың құрылымы:
І. Бейнефильмді көру (15 мин).
ІІ. Бейнефильм идеясы мен сюжетін талқылау (шағын топтарда 10 мин).
ІІІ. Талқылау нәтижелерін презентация жасау (20 мин).
Сабақтың барысы.
1) Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Бүгінгі жаһандық дамуда бәсекеге қабілеттілік - ең басты қару. Дәуіріміздегі жаңа жаһандық қатерлерге қарсы мемлекеттің бәсекелестігін арттыру арқылы кез келген мемлекет жаңа индустрияландырудың ғаламдық үдерісіне қосыла алады. Осы ретте көптеген дамыған елдердің мысалын қарастыра отырып, экономиканы ынталандыру үшін жаңа технологиялар енгізудің маңызын сезетін едік. Яғни, соңғы жылдары шапшаң дамып жатқан интернет саудалары, энергоүнемді желілер, транзакцияларды жүзеге асыру бағытындағы мобильді қосымшалар және тағы басқалары - ең үлкен басымдыққа ие болып отыр. Ендеше, бәсекеге қабілеттіліктің өзегі де осында.
1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды.
1.«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру»
«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»
«Рухани жаңғыру
- табысты ел болуымыздың кепілі»
«Рухани жаңғыру
- ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту».
2.Шығармашыл тұлға –Елбасы.
Ерекше көңіл аударатын деректанулық талдау талаптарының бірі ол «Ғасырлар тоғысының» тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде пайда болуының тарихи жағдайы. Елбасының бұл еңбегі өзі айтқандай, Қазақстанның жаңа Конституция бойынша өмір сүре бастаған алғашқы айларында дайындалған.
1998 жылы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» деген атпен Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.
Сонымен қатар 1998 жылы Н.Назарбаевтың «Қалың елім, қазағым» және «Қазақстан-Ресей қатнастары» деп аталатын екі еңбегі жарық көрді.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін құру және нығайту тарихының маңызды дерек сөздерінің бірі, Н.Назарбаевтың 2001 жылы Астана қаласындағы «Елорда» баспасынан жарық көрген «Бейбітшілік кіндігі» атты еңбегі.
Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылы «Сындарлы он жыл» атты кітабы қауіпсіздік мәселесіне, 2005 жылы жарық көрген Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты кітабы Астана қаласының тарихына арналған. Н.Назарбаев еңбектері ел өмірінің барлық саласын қамтиды.
3. Ел басы күніне орай оқушы, ұстаз атынынан дайындалған Президентімізге деген арнау өлең тақпақтар.
Елбасымыз саған мәңгі ризамыз.
Үлкен-кіші, ағайындар-бәріміз
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздің пірімізде әніміз.
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Астана – қазағымның бас қаласы,
Арқада бой көтерген жас қаласы,
Көшірген Астананы орталыққа
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.
Қорытынды: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтарсыздар.Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда» деген Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың ұлы сөздерімен аяқтағым келеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!