Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Елтану курсы бойынша ҰМЖ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«№ 44 Жаңа дала» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырып: Елтану.
Пәні : География
Сыныбы: 10
Аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат.
Автор: Алипова Газиза Сабитовна
«Жаңа дала» ауылы.
2018жыл.
АЛҒЫ СӨЗ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы 10 шілдеде Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызын және қазірдің өзінде оқушыларға пән бойынша мектепте қажетті инновациялық курстар жоқ екендігін атап көрсетіп, өскелең ұрпаққа туған жерге деген махаббаты, елжандылығы мен отаншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында «Өлкетану» пәнін өту керектігін міндеттеді. Демек, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан тарихы пәнінен тереңдетілген курстар ендіру кезек күттірмейтін мәселенің бірі болып саналады.
Мектепте жүргізілетін өлкетану жұмыстары яғни, туған өлкенің тарихын зерттеу, соның нәтижесінде жинақталған материалдарды оқу-тәрбие жұмыстарында жоспарлы, жүйелі түрде пайдалану аса маңызды. Егерде мектепте бұл жұмыс жақсы жолға қойылып, жиналған материал мектеп мұражайында немесе өлкетану үйірмелерінің арнайы бұрыштарында сақталса және де ол материал ретінде тарих сабақтарында пайдаланылып отырса, оқытудың алдына қойған үш міндетті: білімділік, тәрбиелік, дамытушылықты ойдағыдай жүзеге асыруға үлес қосады.
Осыған орай, өлкетану жұмыстары бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру және шығармашылықпен жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында Мақтарал тарихына арналып жасалған өлкетану жұмыстарының жинақталған материалдары электоронды көмекші құрал ретінде шығаруға ұсынылды.
Бұл электронды оқулықты тарих, өлкетану, география сабақтарында пайдалануға болады.
Жаратылыстану - математика
бағыты бойынша 10 сыныпқа арналған «Елтану» тақырыбындағы
факультативтік курс бағдарламасы.
Курстың білім беру мазмұны құрлымындағы орны: «Дүниежүзілік
экономикалық географиясының жалпы сипаттамасы» тарауының бір бөлігі
болып есептеледі.
Түсінік хат.
Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы әлемнің тұтас, жекеленген аймақтарын және елдеріндегі шаруашылық пен халықтың дамуы мен орналасуы заңдылықтарын қарастыратын қоғамдық географиялық ғылым.Халықаралық қатынастар, адамзаттың ғаламдық мәселелері және қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынас мәселелерін қозғағанда ол қазіргі әлемнің даму сатысын, Дүниежүзіндегі ТМД елдері мен Қазақстан Республикасының экономикадағы және саясаттағы орны мен рөліне сипаттама беруге тусінуге көмектеседі. Қазіргі заманның өзекті мәселесі бұл жан- жақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру. ХХІ ғасыр- білімді шәкірттердің ғасыры. Қай қоғам болмасын адамзат баласыныі басты міндеттерінің бірі – ақылды, саналы, еңбексүйгіш тәрбиелеу. Жер бетіндегі барша халық ұрпағының адал , ержүрек , қайырымды , ар-ұятты мол елжанды азамат болғанын қалайды. Оқушылар әлемдік өзгерістер мен құбылыстардың кеңістікте көрініс табуын танып біледі. Адамзат өмір сүріп отырған әлем өзара тығыз байланысты,әрі өзара тәуелді.Біз бәріміз бір планетада қатарласа тіршілік етеміз,ал бұл планетамызды бөлшектеп танып-білу өте-мөте қиын. Міне,сондықтан бұл «Елтану» курсында бүкіл дүние жүзі елдері жайлы әңгіме ететін боламыз. . Оқушылардың осы курс бойынша географияға қатысты ақпараттарды өз бетімен «тауып алуы» үшін оларды арнаулы және жалпы ғылыми жүйелілікке бағыттау.
Мақсаты:
«Елтану»курсы- оқушыларға
географиялық білім беру, бүкіл әлемнің аумақтық ерекшеліктері
туралы бастапқы нақты білім беру,бұлардың біртұтастығын түсіндіру
және осының негізінде басқа шетелдермен жеке аймақтарға деген
танымдық қызығушылығын тудыру,кәсіби бағдар беру.Қазақстандағы
дүние жүзі георграфиясының ажырамас бір бөлігі ретінде бірлікте әрі
салыстыра оқыту.Жалпы дүниені тұтас түрде көре білуге,басқа
халықтардың тарихы мен мәдениетіне,өзіндін ерекшелігіне құрметпен
қарай білуге тәрбиелеу. Теориялық алған білімдерін практикалық
түрде дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Міндеттері:
-Елдердің табиғат
жағдайларымен табиғат ресурстарын шаруашылық тұрғыдан
бағалауға;
-Халықтардың тарихи-этнографиялық,қоғамдық және
әлеуметтік,экономикалық мәселелерді оқып үйренуді қалыптастыру;
-Оқушыларға дүниежүзі елдерінің халқын олардың
салт-дәстүрлерін,дінін,мәдениетінен кеңірек оқытып үйрету;
-Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы,табиғат ресурстары мен
халықтар туралы,шаруашылығы және өның ғылыми-техникалық
жағдайындағы даму беталыстары жайында түсінік беру;
-Дүниежүзінің шаруашылығының жетекшң салаларына жалпы сипаттама
жасай алуы -Дүниежүзі елдерінің қазіргі типологиясын, сонымен бірге
д,ниежүзінің саяси картасын -Түрлі тақырыптық карталармен жұмыс
істей білуі;
-Курс бойынша алған білімін ғылыми зерттеушілік жұмысқа
бағыттау;
-Географиялық мәдениеті мен білімін жетілдіруді қалыптастыру;
-Оқушыларды еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау және экономикалық
тәрбие беру;
-Әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы
оқушылардың жалпы қабілетін дамыту.
Проблема:Дүние жүзі елдеріндегі аймақтық және глобальды
мәселелердің түпкілікті шешімін таппауы;экологиялық жағдайдың
қауіпті құбылысқа айналуы;елдер арасында өзара интеграцияланған
экономиканың толық дамымауы;елдердің географиялық тұрғыдан дамуы
жонінде толық ақпараттың тапшылығы.
Пәнаралық байланыстар: Экономикалық география, биология, тарих, география, экономика, дінтану, т.б.
Ғылыми болжам: Бұл бағдарлама оқушылардың 5-7 сыныптарда жинақтаған материалдарын тереңдете оқыту арқылы білімдерін кеңейтіп , ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын толық жеткізе білумен қатар, өмірге деген көз қарасын қалыптастырады. Дүние жүзі елдері географиясының ғылыми мәселелеріне талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау және болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеуге болар еді.
«ЕЛТАНУ» курсының жылдық жоспары.
№ |
Тақырыптар |
Сағат саны |
Сабақ түрлері |
|
Кіріспе. Монархиялық 30 елдер. |
3сағат |
|
1 |
Азиядағы 14 мемлекет. |
1 |
Топпен жұмыс. |
2 |
Батыс Еуропадағы 12 мемлекет. |
1 |
Картамен жұмыс. |
3 |
Африкада 3 мемлекет. Того (мұх.ел) |
1 |
Топпен жұмыс. |
|
Федеральды басқарудағы мемлекет. |
4сағат |
|
4 |
Бат.Еуропа 5ел. Ресей Федерациясы. |
1 |
Топпен жұмыс. |
5 |
Шетелдік Азиядан 5мемлекет. |
1 |
Топпен жұмыс. |
6 |
Африка материгінен 3 мемлекет. |
1 |
Топпен жұмыс. |
7 |
Америкадан 9 мемлекет. |
1 |
Картамен жұмыс. |
8 |
Архипилаг елдерге саяхат. |
1 сағат |
Сайыс. |
9 |
Картамен жұмыс |
1 |
Ойын. |
|
Мұхитқа шығалмайтын 42 елдер. |
5сағат |
|
10 |
ТМД 9 мемлекет. |
1 |
Топпен жұмыс. |
11 |
Шетелдік Азиядан 5 мемлекет. |
1 |
Ойын. |
12 |
Латын Америкасынан 2 мемлекет |
1 |
Топпен жұмыс. |
13 |
Батыс Еуропадан 11 мемлекет. |
1 |
Картамен жұмыс |
14 |
Африка материгінен 14 мемлекет. |
1 |
Картамен жұмыс |
15 |
Демогафиялық саясат. |
1 |
|
16 |
Халқының саны жөнінен елдерді топтастыру. |
1 |
Картамен жұмыс |
|
Пайдалы қазбалар. |
10сағат |
|
17 |
Дүниежүзіндегі 10 ірі көмір бассейндері. |
1 |
Картамен жұмыс |
18 |
ОПЕК-ке мүше мемлекеттер. |
1 |
Картамен жұмыс |
19 |
Газ өнеркәсібі. |
1 |
Топпен жұмыс. |
20 |
Темір кені белбеулі мемлекет. |
1 |
Сайыс |
21 |
Қалайы белбеулі мемлекет. |
1 |
Ойын |
22 |
Алюмини белбеулі мемлекет. |
1 |
Семинар |
23 |
Фосфор белбеулі мемлекет. |
1 |
Ойын |
24 |
Күкірт белбеулі мемлекет. |
1 |
Сайыс |
25 |
Уран белбеулі мемлекет. |
1 |
Картамен жұмыс |
29 |
Мыс белбеулі мемлекеттер. |
1 |
Ойын |
|
Көлік географиясы. |
1сағат |
|
30 |
Машина жасау саласында жетекші мемлекеттер. |
1 |
Картамен жұмыс |
31 |
Көшбасшы елдер.(Үндістан,Мексика,Бразилия) |
1 |
Сайыс |
32 |
Дамуы жағынан артта қалған елдер. |
1 |
Картамен жұмыс |
33 |
Мешеу елдер. |
1 |
Картамен жұмыс |
34 |
Қорытынды. Тест жұмыстары. |
1 |
Тест жұмыстары |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
-
Дүниежүзінің саяси , экономикалық және әлеуметтік географиясы.Шымкент 2009
-
География және табиғат журналы №3 2003 ж, №1,3,5,6 2004 ж, №3,5,6 2005 ж, №3 2006ж.
3.Дүниежүзінің экономикалық-әлеуметтік географиясы 10-сынып В. П. Максаковский. Алматы, 2004 ж -
Қазақ энциклопедиясы. Алматы, 2001 ж.
-
ҚР энциклопедиялық анықтама. Алматы, 2001 ж.
-
Дүние жүзі елдеріне аймақтық шолу . Атлас Алматы-2009.