Материалдар / Елтану(Азия елдері) авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елтану(Азия елдері) авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
1243
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ж. Нұрсейітов атындағы № 233 орта мектеп









Елтану

(Азия елдері)
















Құрастырған: География пәнінің мұғалімі:

Мырзабаева Лариса Серікқызы












Қызылорда қаласы 2020

Түсінік хат


Қазіргі кезде дүниежүзі елдері арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан да мектеп оқушыларының дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жөніндегі білім негіздерін қалыптастыратын пән ретінде географияның маңызы артады.

Қазір таңда дүниежүзі елдері өзара байланысты және тәуелді бола түсуде. Бұл жағдайда географияның алдында барған сайын жаңа әрі аса жауапты міндеттер тұр: соның бірі – мемлекеттердің интеграциялық процеске ұмтылуы.

Сондықтан да қазіргі кезде әрбір оқушы өз елінің тарихы, табиғаты, экономикасы мен экологиясын біліп қана қоймай, дүние жүзі елдерінің тарихы мен табиғаты, экономикасы мен экологиясы, халықаралық байланыстары туралы да білулері керек, өйткені олар келешекте әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін болады. Міне осы тұрғыдан да Елтану курсының маңызы зор.

Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі. Негізгі курсты оқыту барысында болашақ география мамандықтарының географияның өзара әрекеттес байланысты қоғамдық пәндер жүйесі ретінде түсініктердің, географиялық идеялардың дамуы қарастырылады.

Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде Елтанудың тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі зор.

Елтану бұл – Азия дүние бөлігіндегі мемлекеттердің тарихы, табиғаты, халқы, экономикасы т.б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады.

Бұл курс географиялық ұғымдар мен қатар экономикалық географияның негізгі ұғымдарын түсінуге, қолданылу аясын меңгеруге пәннің мазмұнын, түрі мен әдістерін, міндеттерін игеруге бағыт береді.

Курсқа өткізілуі әртүрлі формадан тұратын – еркін пікірлесу, пікірталас, тренинг, іскерлік ойын, әдебиеттерге шолу, конспект жазу, сондай-ақ оқушылардың өзіндік жұмысы және сыныптан тыс жұмысы –

34 сағат кіреді.

Сарамандық жұмыс - рефераттық жұмыстарды қорғаудан, рейтингтік және басқа тапсырмаларды (картамен, ауызша, жазбаша жұмыс, глоссарий, кесте құрастыру) орындаудан тұрады.

Курс халықаралық қатынас, әлемдік экономика, елтану, аймақтану, мәдениеттану, саясаттану, өнер, тарих, туризм сияқты мамандықтарды қалаған оқушыларға бағыт-бағдар, көмек береді.




Қолданбалы курстың мақсаты:


  • География пәніне байланысты мамандық таңдаған оқушыларға бағыт-бағдар беру;

  • География саласын оқушыларға оқыту барысында Азиядағы жеке елдер жайлы жан-жақты білім беру.

  • Азия елдері туралы физикалық-экономикалық кешенді сипаттама беруді үйрете отырып, «табиғат-aдам», «табиғат-шаруашылық», «табиғи орта- тіршілік», «табиғи орта–мәдениет, салт-дәстүр» және т.б. ұғымдарды қалыптастыру.

  • Қоғам өмірі мен мемлекеттер жөнінде танымдық деңгейдегі мағлұматтармен таныстыру;

  • Жеке елдердің қазіргі геосаяси жағдайын талдау арқылы саяси географиялық білімнің негізін қалау;

  • Азия елдерінің табиғат ресурстарының таралуы мен пайдалану мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы географиялық-экологиялық мәдениетті меңгеруге үйрету:

  • Азия елдерінің физикалық-экономикалық география мәселелерін біріктіріп қарастыру, жеке елдерге елтану бағытында сипаттама беру.

  • Мемлекеттердің географиялық бет-бейнесін танып-білу негізінде өз елін сүюге, басқа елдер мен олардың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;


Қолданбалы курстың міндеттері:


  • Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу;

  • Оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;

  • Алған білімдерін дүние жүзінде болып жатқан өзгерістермен байланыстыра отырып, кейбір проблемалық мәселелер жөнінде өз ойларын, пікірлерін айта білуге үйрету;

  • Өзіндік жұмыс жасауына ықпал жасау;

  • Азия елдерінің табиғат жағдайлары мен ресурстарына;

  • Азия елдерінің aшылу және игерілу тарихына;

  • Азия елдерінің хaлқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салтына;

  • Азия елдерінің географиялық дaмуы мен елдердің шаруашылық құрылымына;

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, географияның бүгінгі таңдағы ғаламдық проблемалары мен әр түрлі әлеуметтік-саяси жағдайдағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтер арқылы арттыру;

  • Географиялық карта, атластармен жұмыс жасай білуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинай білуге дағдыландыру.

  • Дүние танымдық қaбілеттерін, шығaрмашылық қабілеттерін дамытa отырып, олaрдың құзырлылығын арттыру.


Күтілетін нәтиже:


  • Осы курсты меңгере отырып оқушы географиялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерітер мен оқиғаларға баға бере алатын саяси сауатты, салауатты өмір салтын серік еткен, мәдениетті тұлға болып қалыптасады және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, ынта-ықыласы артады.

  • өз Отанын ғана емес, басқа елдердің де тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді;

  • оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.

  • оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.

  • оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.

  • отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.


Әдістемелік нұсқаулар.


Осы курсты меңгеру барысында оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған білімдері сарамандық жұмыстар мен сынақ жұмыстары (тест) арқылы толықтырылады.

Дәптерге дәрістер, тезистер құрады, кесте, сызбанұсқа, ғаламтордағы ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтер мен диаграммалар, сонымен қатар рефераттар дайындап, слайд жасалып, әрбір жұмысты қорытындылап, бағалау.

Қолданатын құрал-жабдықтар:


Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс:


тарих, дінтану, құқық негіздері, өнер, экономика, экология, сызу, биология. картография және топография негіздері.

Оқытудың іс-әрекет түрлері:

  • Бағдарлама география, тарих, экономика, саясаттану мамандығы туралы түсінік қалыптастырады.

  • Оқушылар Азия елдері туралы деректерді, мәліметтерді талдап, зерделейді.

  • Материалды проблемалық оқыту тәсілі арқылы географиялық-танымдық білімді дамыту, яғни:

  • Елдің cаяси географиялық жағдайына баға беру;

  • тaлдау-салыстыру;

  • сипаттау;

  • пікір-талас;

  • картaмен жұмыс

  • толықтыру әдістерін меңгереді.

  • Ақпарат көздерінен негізгі ұғымдарды, мәліметтерді қысқарта жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасай алады, тезистер құрастырады.

  • Даталарды, цифрларды, фактілерді және статистикалық мәліметтерді енгізе отырып, қысқаша жазады (конспектілеу), кесте, диаграммалар құрайды.

  • Қосымша әдебиеттер мен мерзімді баспасөздегі және де әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен хабарларды салыстырып, өз пікірін білдіреді,тұжырымдайды, дәлелдейді.

  • Сабақты түрліше деңгейде ұйымдастыра отырып, оқушылардың алған білімдеріне тексеру жүргізіледі.

Оқушылардың пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:

Білім және білік. Оқушыларға елтану бағытында білім бере отырып, Азия елдерінің саяси картадағы орны және олардың дамуы мәселелерін сипаттай алуға көмектеседі.


Оқушылар міндетті түрде білуі қажет:

  • пәннің негізгі оқытылу жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін және оқу бағдарламасы мен керекті әдебиеттер, көрнекі құрал- жабдықтардың мазмұны мен мәтінін;

  • курстың оқу кешен бағдарламалары мен керекті әдебиеттер тізімдерінмен және басқа қандай пәндермен тығыз байлансты екендігін;

  • бейіндік курс бойынша , базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей білу;

  • елдердің мемлекеттік құрылысы мен басқару формаларын;

  • табиғаты мен геосаяси жағдайын;

  • жеке елдердің халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салтын;

  • аймақтардың шаруашылық дамуы мен елдердің шаруашылық құрылымын;


Оқушылар мынадай талаптарды орындауға үйренеді:

  • елдің экономикалық-географиялық жағдайына баға беру;

  • карта, құжаттар, әдебиеттер және ақпаратпен жеке жұмыс істеуді білу;

  • елдердің табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық әрекетімен өзара байланыстырып талдай білу;

  • әр түрлі дерек көздерін пайдаланып, кез келген елге елтану бағытында сипаттама құрастыру;

  • бір елдің мысалында немесе кейбір аймақтардың дамуындағы саяси географиялық немесе геосаяси факторлардың арақатынасына талдау жасауды;

  • географиялық карталармен және атластармен, қосымша анықтамалықтар және әдебиеттермен жұмыс істей білуді;

  • қазіргі саяси үрдістер мен әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға баға бере және талдай білуді.

  • бір елдің мысалында немесе кейбір аймақтардың дамуындағы саяси географиялық немесе геосаяси факторлардың арақатынасына талдау жасауды;

  • халықтарды демографиялық-географиялық тұрғыдан зерттеуді;

  • географиялық карталармен және атластармен, қосымша анықтамалықтар мен статистикалық материалдар және әдебиеттермен жұмыс істей білуді;

  • белгілі тақырыптар бойынша тезистер құрып, баяндама, рефераттар жазып, хабарлама дайындай білу;

  • ғылыми жобалар жазу;


Оқушылардың пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:

Пән аралық байланыстар: Физикалық география, дүние жүзінің экономикалық географиясы, картография және топография негіздері.







11-сыныпқа арналған «Елтану»( Азия елдері) қолданбалы курсқа арналған оқу бағдарламасының күнтізбелік жоспары

(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың түрі

Білімділік нәтижесі


Сағат

саны

Мерзімі


I тарау. Кіріспе



1


1

Азия елдерінің географиясы


Дәріс сабақ




II тарау. Орталық Азия елдері



6


2

Қазақстан

Лекция

Конспект

1


3

Қырғызстан

Әңгімелеу

өз.жұмыс

1


4


Тәжікстан

Әңгімелесу-сұхбаттасу

Хабарлама дайындау

1


5

Түркіменстан

Лекция-баяндау

Реферат

1


6

Өзбекстан


Диспут

Конспект тұжырымдық карта жасау

1


7

Сарамандық жұмыс № 1

практикалық

Картамен жұмыс

1



III тарау. Шығыс Азия елдері



5


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!