Материалдар / Эмоцияны басқара білу – тұлғалық дамудың негізі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эмоцияны басқара білу – тұлғалық дамудың негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқару психологиясы сабағында өткен эмоция тақырыбы жайлы мағлұмат
Авторы:
09 Желтоқсан 2023
164
9 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эмоцияны басқара білу – тұлғалық дамудың негізі

Эмоция – психологиялық күрделі процесс. Бұл сөздің этимологиясына келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «қозғалу» деген мағынаны білдіреді. Сол себепті де, эмоциялардың барлығы белгілі бір іс-әрекетті жасауға негіз болады. Эмоция арқылы адам баласы кез келген дүниеге ой-пікірін яки көзқарасын білдіреді. Демек, біздің өміріміз эмоцияға толы. Күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекеттеріміз яғни күлу, қуану, реніш пен мақтаныш сынды көңіл-күйдің бәрі эмоция арқылы көрініс табады.

Нейрофизикалық құбылыс болып табылатын эмоция жайлы күнделікті өмірде көп айтсақ та, жіті біле бермейміз. Осы эмоция туралы көптеген қызықты мәліметтерді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті магистранттары оқитын «Басқару психологиясы» пәні арқылы алдық. Ұстазымыз Жубаназарова Назираш Сулейменовна бұл хақында теория, талдау арқылы лекция және семинар сабақтарын жүргізді. Магистранттар да барынша атсалысып талдау жасады. Жалпы эмоция туралы зерттеудің қайнар көзі грек заманына тұспа-тұс. Бұл тақырып жайында Платон мен Аристотель еңбектерінде жазған. Екеуі де бір-біріне қарама-қарсы пікірде болды. Платонның көзқарасы бойынша эмоция санаға кедергі келтіруші. Ал, Аристотельдің ойы керісінше. Яғни, эмоция адамға қажет әрі пайдалы деп санады. Дегенмен, Платонның пікірі бірінші танымал болып, басқа да адамдардың пікіріне негіз болды. Атап айтсақ, Рене Декарт, Джон Локк.

Қазіргі таңда эмоцияны үшке бөліп қарастырады. Олар: аффектілер, эмоция, сезім. Аффект дегеніміз өте тез әрі басқаруы қиын эмоция. Бұның пайда болу себебі қандай да бір оқиғаға негіз болады. Ол өзі ішінен екі бөлінеді. Жағымды және жағымсыз аффект. Жағымсыз аффект көп болған кезде адам бойында жылау, ашулану, ұрсу сынды эмоциялар басым болады. Ал, жағымды аффект болғанда күлу, секіру, қуану сынды эмоция басым. Ғалымдардың кейбірі аффекті туралы жақсы пікірде емес. Себебі, адамның кемшілігі деп қарастырады. Екінші түрі бұл – эмоция. Эмоция бірінші түрге қарағанда өте бай. Эмоцияда адамның жай-күйі аралас келеді. Үшіншісі – сезім. Сезімнің басты ерекшелігі ситуацияға мүлдем қатысы жоқ. Сезім адамның жандүниесінде яки ішінде ғана сақталып тұрады. Ол қоршаған ортаға білінбейді де. Осының нәтижесінде адамдар сезімдерін тысқары шығару үшін түрлі әрекеттер жасайды. Және де сезімді өзгертудің өзі уақытты қажет етеді.

Сонымен қатар, эмоцияның атқаратын қызметтері де бар. Яғни, төрт түрлі қызмет атқарады. Бағалау, ояту, итермелу, іске асыру, экспресстивті қызметтер. Бағалау қызметі дегеніміз оқиға жайлы жақсы немесе жаман деген көзқарасты айқындайды. Ояту, итермелеу қызметі – белгілі бір іс-әрекетті жасауға негіз болу. Іске асыру қызметі – бойымыздағы бір ағзаның өзгеріске ұшырауы. Экспресстивті қызмет – мимика, дауыс арқылы жұмыс істейді. Яғни, осы дүниелер арқылы біздің эмоцияларымыз түрлі қызметін атқарып жатыр.

Аталған мәліметтердің бәрі эмоция туралы жалпы түсінікті қалыптастыруға түрткі болады. Ендігі эмоцияны басқару жайлы сөз өрбітсек. Эмоцияны басқару дегеніміз көңіл-күйге жауап беру әрі қиын әрекет кезінде өзін-өзі шегере білу. Осы арқылы адамның танымы, мақсаты жұмыс істейді. Егер де адам өз эмоциясын басқара алмаса түрлі кедергіге душар болуы ықтимал. Себебі, эмоцияның басты көрініс табуы ол сыртқы ортамен тығыз байланысты. Ашулану, ренжу, жылау сынды жағымсыз эмоциялардың бәріне белгілі-бір оқиға түрткі болады. Эмоцияны басқара білу адамның психологиялық жай-күйінен де хабар береді.

Эмоцияның біздің білім алуымызға да әсері зор. Яғни, сырттан келген ақпарат бірінші таламусқа, кейін амигдалаға, одан кейін барып мидың алдыңғы қыртысына жетеді. Осының нәтижесінде біз жаңа әрі тың мағлұматтарды санамызға және бойымызға сіңіреміз. Біз осы «Басқару психологиясы» пәні арқылы эмоцияны басқара алуды және оқу процессі кезінде эмоция қалай жүзеге асатынын білдік.

Қорыта келе, эмоция – адамның ажырамас бөлігі әрі ішкі тілі. Осы арқылы адамның сезімін, ойын, арманын, тілегін білуге болады. Ал, эмоцияны басқара білу – тұлғалық дамудың негізгі тірегі. Сонымен қатар, қоршаған ортамен жақсы коммуникация құруға болатын басты құрал.


Жубаназарова Н.С.

психология ғылымдарының кандидаты, профессор.


Мамытова А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!