Материалдар / Эмоцияның адам өміріндегі рөлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эмоцияның адам өміріндегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада эмоцияның адам өміріне қалай әсер ететінін психологиялық тұрғыдан қарастырдым.Әрі эмоцияның өмірімізден бөлек, өз болашақ мамандығымда қандай әсері мен маңызды бар екенін талдадым. Басты мақсат, еркін форматта эмоция тақырыбын жан-жақты талдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2024
97
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
2500 тг 1875 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Армансыз адам, қанатсыз құспен тең.Бүгінгі қозғайтын тақырыпты міне осы тіркеспен бастағым келіп отыр.Иә, адам өмірге келген соң, өсе келе оның да қол жеткізгісі келетін асқақ армандары мен мақсат-мұраты болады.Әрі оның болуы да хақ.Сол секілді мен де өсе келе өзімнің нақты мақсаттарым мен қалауларымның бар екенін түсіндім. Ең алдымен, әрине мектепті аяқтағаннан кейінгі өзімнің армандаған ең жақсы универ студенті атану және өз қалаған мамандығыма грантқа түсу болатын. Себебі, алдағы болатын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары балл алып, ата-анаңның үмітін ақтаған оқушы болу қандай жетістік шіркін...Сол уақытта менде өзімнің бойыма берілген қабілеттер мен қалауымды тізгіндей отырып, «журналист» мамандығын таңдаған болатынмын. Ал, зерттей келе бұл мамандықтың қара шаңырағы – ҚазҰУ универі екенін білдім. Иә, мұндағы ең маңызды стратегия армандап, соған жетсем деп, құр қол отыру емес.Сол арманды мақсатқа айналдырып, мақсатыңды орындау үшін еңбек ету.Еңбектің арқасында ғана армандар мақсатқа, мақсат шындыққа айналады.Осы соңғы екі жылда өзім бұл теорияның жетістікке жетудің нақты жолы екенін түсіндім.Нәтижесінде, қазір менде өзім армандаған журналистика факультетінде өз армандаған универім ҚазҰУ-да грант иеленген студент ретінде білім алып келемін.Мұны не үшін айтып жатырмын десеңіздер, адам армандағанда, алдына мақсат қойғанда миында қашанда сезінетін қуанышты эмоциялары, қорқыныш сезімі бәрі-бәрі қатар жүреді.Адамның миы қарапайым ойлап армандағанның өзінде эмоция автоматты түрде қосылады. Әрине, эмоция себебі өмірімізге әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі.Сол үшін қазіргі мақаламда алғаш өз армандаған универіме келгендегі алған эмоцияларыммен бөлісіп, әрі осы таңдаған мамандығымда эмоцияның атқарар рөлі қаншалықты маңызды екеініне тоқталамын.

Алғаш шығармашылық емтихан кезеңіне келіп, өз универімде болашақ мұғалімдерімнен дәріс алғанда менен бақытты жан болмады.Себебі, қанша жыл армандап келген универге деген ең алғашқы сезімдерің бөлек болады. Сол кездегі басты мақсат - осында грантқа түсу, қаунышты эмоция сыйлайтын сәтке қол жеткізу болатын.Алғаш факультет табалдырығын аттап, алғаш универ айналасындағы барлық әдемілікті, тау бейнесін көру ең керемет, ең ұмытылмас эмоцияларды сыйлады. Иә, эмоциялар біздің өміріміздегі сәттерді әрдайым есте сақтауға көмек беретініне, ерекше күндерді есте сақтауымызға көмек беретін фактор екеніне тоқталдық.Енді осы эмоцияның мен таңдаған мамандықтағы маңыздылығына талдау жасасам...

Эмоциялар біздің денемізге маңызды сигналдар ретінде қызмет етеді, біздің қажеттіліктеріміз бен сыртқы оқиғаларға реакцияларымызды көрсетеді. Мысалы, қорқыныш бізге қауіп туралы ескертеді, ал қуаныш қызықты, бақытты сәттерімізді арттырады. Әлеуметтік өзара әрекеттесуде де эмоция маңызды рөл атқарады, яғни коммуникация процесінде. Ал коммуникация процесі мен таңдаған журналистика саласындағы ең маңызды дүние.

Эмоциялар қарым-қатынаста, ақпаратты қабылдауға, білдіруге және журналист ретінде әрбір ситуацияны түсінуімізге әсер етеді. Біріншіден, эмоциялар біздің ішкі күйіміз және жағдайға деген көзқарасымыз туралы ақпаратты беру құралы болады. Мысалы, күлімсіреу қуанышты немесе достықты білдірсе, қабағы мұңды адаммен қатынастағы наразылықты білдіруі мүмкін.

Журналист ретінде эмоцияның атқаратын маңызы мен рөлі қандай?

1.Қандай оқиға да болмасын обьективті пікірде болу.

Жеке адам ретіндегі сезімдеріңізге емес, маман ретінде нақты фактілерге назар аудару.

2.Логиканы қолдану.

Яғни жазу кезінде.Мақалалар, жазылатын сюжеттер эмоциялық тұрғыдан алып қарағанда логикалық құрылымға сәйкес келуі тиіс.

3.Эмоцияларыңызды тежеп білу.

Иә , рас маман ретінде әртүрлі жағдайдағы жаңалықтар түрлі эмоцияларды тудыруы мүмкін.Ойлануға, ол эмоцияларды түсінуге өзіңізге қашанда уақыт беріңіз.

4.Журналистика этикасына сай болу.

Ақпаратты оқырманға ұсыну кезінде әділдік, дәлдік тұрғысынан қарастыру.Бұл статегиялар біхздің болашақта психологиялық тұрғыдан мықты маман болуымызға көмектеседі.

Иә, біз қазір универ қабырғасындағы жәй білім алушы студенттерміз.Бірақ, болашақ маман ретінде қашанда кез-келген жағдайға моральдық тұрғыдан дайын болуға тиіспіз.Себебі, журналисттер төртінші билік иелері.

Журналистер халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізуші дәнекерлер.Сол үшін журналситтер эмоцияға ерік беруіне, оқиғаны эмоциялық тұрғыдан қабылдауына болмайды.Осы үшін қазір де мен психологиялық денсаулық, эмоциялық білім, мінез, жігер,тұлғааралық қатынас негіздерінен жалпы алғанда психология пәнінен білім алып келемін. Бір сөзбен айтқанда, осы мақаланы жазып, жұмысты аяқтауыма да себеп болған психология пәнінің дәріскері Болтаева Алия Масакбаевна болатын.Қорыта келгенде, осы тақырыпты жазу барысында өз мамандығымнан бөлек, жеке тұлға ретіндегі сезінетін эмоцияларымның қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздім.

Өмірде өз эмоцияларыңызды басқара білу, эмоционалдық сауаттылық пен өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту қашанда маңызды. Эмоция адамға өзін түсінуге мүмкіндік береді: маған не ұнайды және нені жек көремін? Мен белгілі бір құбылыстар мен оқиғаларға қалай қараймын? Мен үшін не қымбат, неден бас тарту оңай? Біз ішкі жан дүниемізбен эмоциялар мен сезімдер тілінде сөйлесеміз.Бір сөзбен айтқанда, эмоцияларсыз біз өмірді толық сезіне алмас едік. Олар кейде басқа ақыл-ой мүмкіндіктерінің көмегімен есте сақтай алмаған сәттерді есте сақтауға көмектеседі. Эмоциялар әрқашан бізбен бірге, кейде біз бақытты, әрі табысты сәььерімізді есте сақтау үшін тоқтап, оларды тыңдауымыз керек...Сонда ғана психологиялық тұрғыдан дені сау, саналы тұлға бола аламыз!





Журналистика факультетінің 1 курс студенті

Сайфулла Н.Б

Оқытушысы: Болтаева А.М





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!