Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
емтихан билеттері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектеп директоры
________ Г.Енсегенова
«№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілетін
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер
ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
Мектеп тәлігері: Дәрменова Ш.Н.
Ақтау қаласы
2017/2018 оқу жылы
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер
ұйымына қабылдау салтанатты жиынының жүрісі
Өтетін орны: «№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі» КММ, АКТ зал
Өтетін уақыты: 15.12.2016 ж. сағат: 11:00-12:00
Фонфар. Ортаға жүргізушілер шығады.
1 жүргізуші: Қайырлы күн білімді де білікті оқушылар!
2 жүргізуші: Армыздар қымбатты да қадірлі ұстаздар, ! Бүгінгі «Жас Ұлан» ұйымының салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына білімді де алғыр, талантты да талапты оқушыларымызды қабылдау жиынына қош келдіңіздер!
1 жүргізуші: Тәуелсіздігі айқын, мәртебесі биік берекелі еліміздің мерейтойы қарсаңында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын оқушылар түзел, тік тұрамыз! Ортаға Қазақстан Республикасының мемлекетік туы әкелінсін!
(Әнұран айтылады)
2 жүргізуші: ҚР-ның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев қолдауымен құрылған Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 2011 ж. 6 шілдеде Республикалық маңызы бар ұйым болып қабылданған болатын.
1-Жүргізуші:
Мен – Қазақпын! Ұланымын елімнің!
Мен - Қазақпын тірегімін жерімнің!
Ұланымын туын көкке көтерген
Ертеңімін егеменді елімнің!
2-Жүргізуші:
Менің елім – Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып атыңды әнге қосамын!
Мәңгілікке қымбатсың сен туған ел,
Арта берсін абыройың, атағың!
І-жүргізуші:
Ендеше, оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының
қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат,
міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат
етіңіздер.
ІІ-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір
мүшесі:
І
жүргізуші:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық
болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын
шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп,
өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін
шексіз сүйеді.
ІІ
жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей
галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын
құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту
керек.
І
жүргізуші:
Шет елдердің мемлекеттік нышандары,
адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған,
киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен
әуестенбейді.
ІІ
жүргізуші:
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы,
қарапайым мінезде
ұстайды.
І
жүргізуші:
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын,
мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта
түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін
болады.
ІІ
жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына
адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал
азаматтары.
І
жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының
тәуелсіздігі мен бостандығы үшін
күресуші
ІІ
жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың
атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға
дайындалады.
І
жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және
спортта өжет те
қайсар.
ІІ
жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал
жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы
керек.
І
жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп
түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп
түсін.
Аталған мақсат, талап,
ережені,
Орындауға бәріңде
міндеттісің!
1 жүргізуші: Жас Ұландар түзел, тік тұрыңдар! «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануға дайындығы туралы рапорт тапсырылсын!
Тәлімгер: (Рапорт қабылдайды және тапсырады).
«Жас Ұлан» ұйымының төрағасы:
-
Құрметті «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушылар дайын. Рапорт тапсырылды.
Тәлімгер:
-
Рапорт қабылданды.
-
Құрметті «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі «11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануға дайын. Рапорт тапсырылды!
А. Ж. Ақмурзаева:
- Рапорт қабылданды. Сөз сөйлейді.
1 жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымы түзел, тік тұрыңдар!
(«Жас Ұлан» ұйымының әнұраны айтылады)
2 жүргізуші: Қазақ елінің Қыраны, Тәуелсіз елдің Ұланы АНТ беруге дайын бол!
(АНТ беріледі)
Ант қабылданады
Мен, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН
Жас ұлан! Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі
негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге дайын бол!
1 жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымына қабылдансын!
(Жас Ұлан мүшелері жаңа қабылданатын оқушыларған галстуктары мен төс белгілерін тағады)
Барлық оқушылар хормен: Жас ұлан – әрқашан – биікке – самға
1 жүргізуші: «Жас Ұлан» түзел, тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы сахнадан алынсын!
2 жүргізуші: Жас Ұландықтар! Егеменді еліміздің, Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің еңсесін түсірмей, баталы бабаларымыздың байрағы, жігерлі жастарымыздың айғағы Қазақ елінің абыройын асқақтататындай өз Отанының патриоты, білімді болыңыздар!
І жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп-гимназия
директоры Нұрланова Тұрғанкүл Мырзабекқызына және директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исмаилов Сәкен Мұқатайұлына
беріледі.
(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және «Жас
Ұланның» туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып
кетеді)
Қошемет
көрсетіледі.
ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан»
ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі
азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. ҚР туы
шығарылсын.
І
жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық
шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық
атқа.
Келеміз егеменді ел төріне
өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын
қақпа.
ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас
Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау
рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп
жариялаймыз.
1 жүргізуші: Біз сіздерден үлкен үміт күтеміз! Сәттілік!