Материалдар / Емтихан материалдары. 8-сынып. Қазақ тілі мен әдебиеті. 4 нұсқа.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Емтихан материалдары. 8-сынып. Қазақ тілі мен әдебиеті. 4 нұсқа.

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс тілінде оқытатын мектептің 8-сыныбы үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен емтихан материалдары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2024
147
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8сынып (Т2) оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары


1-нұсқа


8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.

8.5.1.1- болжалдық, бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.2 - еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.3 – етістіктің шартты, бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.4 - күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.


Наурыз мерекесі

22 наурыз – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиеді, жер үстіне шаттық орнайды. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. «Наурыз» сөзі иран тілінің «ноу» – «жаңа», «руз» – «күн» деген сөздерінен шыққан. Наурыз мерекесін ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғдалықтар «наурыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп түрліше атаған. Қазақстан Кеңестер Одағы құрамында болған кезде бұл мерекені тойлауға тыйым салынды. Көктем мезгілінің шуақты мерекесі – Наурыз 1988 жылы қайта жаңғырды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен елімізде Наурыз мейрамы 2010 жылдан бері тойланып келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды. (118 сөз)


  1. Наурыз мерекесін ежелгі гректер қалай атаған?

А. Патрих

В. Су мейрамы

С. Гүл гардон

Д. Навасарди

Е. Норис ояхе

  1. ҚР Президенті Наурыз мерекесін тойлау туралы қай жылы жарлыққа қол қойды?

А. 1988 жылы

В. 2010 жылы

С. 2015 жылы

Д. 1991 жылы

Е. 2000 жылы




  1. «Наурыз» сөзі қандай мағына білдіреді?

А. Жаңа жыл

В. Жаңа ай

С. Ескі жыл

Д. Жаңа күн

Е. Ескі күн [3]


Айтылым. Тыңдалым мәтіні бойынша жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Өз ойыңызды, жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз. Диалогта етістіктің шартты, бұйрық рай түрлерін, демеулік шылауларды орынды қолданыңыз. (10-12 үнқатым). [3]

Әдеби тіл нормаларын қолдану. [3]


Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.


Ұлыстың ұлы күні

Ұлыстың ұлы күнi – татулық тойы, ынтымақ мерекесi. Наурыз мерекесіне дайындық барысында адамдар үйлерін жинап, аулаларын кір-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады, гүл егеді. Бұл күні қыстан аман шыққан жұрт бар ренiш-өкпесiн ұмытып, бір-біріне тек жақсы тiлектер тiлейдi. Мерекелік дастарқан жаяды. Таң атқаннан бастап таныстарының үйіне кіріп, құтты болсын айтады. Әр жерде ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, ән шырқалады, би биленеді, қыз-жігіттер алтыбақан тебеді.

Наурыз күні наурыз көже пісіріледі. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын!" - деп бата береді.

Тәуелсіздігіміздің арқасында қайта жаңғырған, дәстүрімізді дәріптеп, асыл мұраларымыздың бедерін айшықтауда орны ерекше бұл мереке - қазақ халқы үшін «жақсылықтың бастауы». (114 сөз)


  1. Шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.

  1. Оқиғаның басталуы:

  2. Дамуы:

  3. Шиеленісуі:

  4. Шарықтау шегі:

  5. Шешімі: [3]


  1. Шығарма кейіпкерлерінің образына баға беріңіз. Тапсырманы орындау барысында күшейткіш үстеулерді орынды қолданыңыз. (5-6 сөйлем) [3]

Әдеби тіл нормалары - [1]

Жазылым.

«Наурыз мерекесін насихаттауды қалай жақсартуға болады?» Осы көтерілген мәселе бойынша пікіріңізді, ұсынысыңызды білдіріп, 110-120 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эсседе бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді орынды қолданыңыз.

[12]

Әдеби тіл нормаларын қолдану - [2]







Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8–сынып (Т2) оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары


2-нұсқа


8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.4.2.1 -эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.

8.5.1.1- болжалдық, бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.2 - еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.3 – етістіктің шартты, бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.4 - күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.


Наурыз мерекесі

22 наурыз – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиеді, жер үстіне шаттық орнайды. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. «Наурыз» сөзі иран тілінің «ноу» – «жаңа», «руз» – «күн» деген сөздерінен шыққан. Наурыз мерекесін ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғдалықтар «наурыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп түрліше атаған. Қазақстан Кеңестер Одағы құрамында болған кезде бұл мерекені тойлауға тыйым салынды. Көктем мезгілінің шуақты мерекесі – Наурыз 1988 жылы қайта жаңғырды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен елімізде Наурыз мейрамы 2010 жылдан бері тойланып келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды. (118 сөз)


  1. Наурыз мерекесін бирмалықтар қалай атаған?

А. Патрих

В. Су мейрамы

С. Гүл гардон

Д. Навасарди

Е. Норис ояхе


  1. Наурыз мерекесі қашан қайта жаңғырды?

А. 1988 жылы

В. 2010 жылы

С. 2015 жылы

Д. 1991 жылы

Е. 2000 жылы

  1. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне қашан ие болды?

А. 1988 жылы

В. 2015 жылы

С. 2010 жылы

Д. 1991 жылы

Е. 2000 жылы [3]


Айтылым. Тыңдалым мәтіні бойынша жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Өз ойыңызды, жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз. Диалогта етістіктің шартты, бұйрық рай түрлерін, демеулік шылауларды орынды қолданыңыз. (10-12 үнқатым). [3]

Әдеби тіл нормаларын қолдану. [3]


Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.


«Мәңгілік ел» идеясы

«Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді.

Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар. Сондықтан олар білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Қазақстан тағдыры үшін ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік! (120 сөз)


  1. Шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.

1.Оқиғаның басталуы:

2.Дамуы:

3.Шиеленісуі:

4.Шарықтау шегі:

5.Шешімі: [3]


  1. Шығарма кейіпкерлерінің образына баға беріңіз. Тапсырманы орындау барысында күшейткіш үстеулерді орынды қолданыңыз. (5-6 сөйлем) [3]

Әдеби тіл нормалары - [1]

Жазылым.

«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға қандай үлес қоса аласың?» Осы көтерілген мәселе бойынша пікіріңізді, ұсынысыңызды білдіріп, 110-120 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эсседе бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді орынды қолданыңыз. [12]

Әдеби тіл нормалары - [2]







Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8–сынып (Т2) оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары


3-нұсқа


8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.4.2.1 -эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.

8.5.1.1-бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.2 - еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.3 – етістіктің шартты, бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.4 -күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Наурыз мерекесі

22 наурыз – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиеді, жер үстіне шаттық орнайды. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. «Наурыз» сөзі иран тілінің «ноу» – «жаңа», «руз» – «күн» деген сөздерінен шыққан. Наурыз мерекесін ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғдалықтар «наурыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп түрліше атаған. Қазақстан Кеңестер Одағы құрамында болған кезде бұл мерекені тойлауға тыйым салынды. Көктем мезгілінің шуақты мерекесі – Наурыз 1988 жылы қайта жаңғырды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен елімізде Наурыз мейрамы 2010 жылдан бері тойланып келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды. (118 сөз)


1.Қазақ халқы осы күнді қалай атаған?

А. Бірлік күні

В. Жақсылық күні

С. «Ұлыстың ұлы күні»

Д. Тәуелсіздік күні

Е. Конституция күні



2. Наурыз мейрамы қай жылы жаңғырды?

А. 1991

В. 1994

С. 2010

Д. 2004

Е. 1988



  1. Елімізде Наурыз мейрамы қай жылдан бері тойланып келеді?

А. 2010 жылдан бері

В. 2008 жылдан бері

С. 2001 жылдан бері

Д. 1999 жылдан бері

Е. 1991 жылдан бері [3]



Айтылым. Тыңдалым мәтіні бойынша жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Өз ойыңызды, жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз. Диалогта етістіктің шартты, бұйрық рай түрлерін, демеулік шылауларды орынды қолданыңыз. (10-12 үнқатым). [3]

Әдеби тіл нормаларын қолдану. [3]


Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Көксерек

Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойды. Өзіне жеке асқұйғыш - итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды. Түнде Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Қасында не аяқ жағында көрпенің астында Көксерек жатады.

Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды, жемейді. Жалғыз-ақ кісі көзі тайса болды, қазір жоқ қылады. Бірақ егер тіпті қарны ашып кетсе, өзіне бермеген асты да жеп қояды. Кейде сондай жерде ұсталып, таяқ та жейді. Талай рет оқыста төбесіне таңқ етіп тиген оқтау бойын тызылдатып, шыпыртып тиген қамшыны да татты. (115сөз)

М.Әуезов

  1. Шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.

1.Оқиғаның басталуы:

2.Дамуы:

3.Шиеленісуі:

4.Шарықтау шегі:

5.Шешімі: [3]


  1. Шығарма кейіпкерлерінің образына баға беріңіз. Тапсырманы орындау барысында күшейткіш үстеулерді орынды қолданыңыз. (5-6 сөйлем) [3]

Әдеби тіл нормалары - [1]

Жазылым.



«Айтыс өнерін қалай дамытуға болады?» Осы көтерілген мәселе бойынша пікіріңізді, ұсынысыңызды білдіріп, 110-120 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эсседе бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді орынды қолданыңыз. [12]

Әдеби тіл нормалары - [2]





Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8–сынып (Т2) оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары



4- нұсқа

8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.4.2.1 -эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.

8.5.1.1-бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.2 - еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.3 – етістіктің шартты, бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.4 -күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.


Наурыз мерекесі

22 наурыз – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиеді, жер үстіне шаттық орнайды. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. «Наурыз» сөзі иран тілінің «ноу» – «жаңа», «руз» – «күн» деген сөздерінен шыққан. Наурыз мерекесін ежелгі гректер» «патрих, бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғдалықтар «наурыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп түрліше атаған. Қазақстан Кеңестер Одағы құрамында болған кезде бұл мерекені тойлауға тыйым салынды. Көктем мезгілінің шуақты мерекесі – Наурыз 1988 жылы қайта жаңғырды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен елімізде Наурыз мейрамы 2010 жылдан бері тойланып келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды. (118 сөз)


1. 22 наурыз қандай күн?

А. Күн мен түннің теңелген күні

В. Жаңбыр жауған күн

С. Аузы аққа тиген күн

Д. Қар жауған күн

Е. Жылы күн

2. Қашан Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды?

А. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін

В. Қазақстан Кеңестер Одағы құрамында болған кезде

С. Ерте замандағы қазақ елінде

Д. ХІХ ғасырда

Е. ХҮІІІ ғасырда

3. Тәжіктер Наурызды қалай атаған?

А. «гүл гардон», бәйшешек

В. су мейрамы

С. «навасарди»,

Д. «патрих»

Е. «нардуган» [3]




Айтылым. Тыңдалым мәтіні бойынша жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Өз ойыңызды, жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз. Диалогта етістіктің шартты, бұйрық рай түрлерін, демеулік шылауларды орынды қолданыңыз. (10-12 үнқатым). [3]

Әдеби тіл нормалары - [3]



Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.



Қазақ ғарышкері

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры.

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан "Союз ТМ-13" кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі "Мир" орбиталық кешенімен түйісті. Биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды.

Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулер негізін қалауға, саяси және қоғамдық қызметтерге белсене араласты. (115 сөз)


  1. Шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.

1.Оқиғаның басталуы:

2.Дамуы:

3.Шиеленісуі:

4.Шарықтау шегі:

5.Шешімі: [3]


  1. Шығарма кейіпкерінің образына баға беріңіз. Тапсырманы орындау

барысында күшейткіш үстеулерді орынды қолданыңыз. (5-6 сөйлем) [3]

Әдеби тіл нормалары - [1]

Жазылым.

«Мен ғарышқа ұшсам...» Осы тақырып бойынша пікіріңізді, ұсынысыңызды білдіріп, 110-120 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эсседе бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді орынды қолданыңыз. [12]

Әдеби тіл нормалары - [2]













Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

Дескриптор

Балл

Тыңдалым

Мәтін тыңдап, сұрақтарға жауап береді

1

- сұрақтарға жауап береді;

0,5

Айтылым

Тыңдаған мәтін бойынша диалогқа түседі

2

- жұбымен жұмыс жасайды;

0,5

Оқылым

-прозалық шығарманың композициялық құрылымын анықтайды, кейіпкердің іс -әрекетіне баға береді.

3

-прозалық шығарманың композициялық құрылымын анықтайды (0,5 балл),

-кейіпкердің іс -әрекетіне баға береді. (0,5 балл).

1

Жазылым


- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынады;

- жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

4

- эссе құрылымы мен дамуын сақтайды (0,5 балл)

- тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (0,5 балл).



2


Әдеби тілдің нормалары

болжалдық, бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады; еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады; етістіктің шартты, бұйрық рай қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады; күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады, демеулік шылаулардың қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.


2-4

- болжалдық, бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады (0,2 балл);

-еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады (0,2 балл);

-етістіктің шартты, бұйрық райларын ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады (0,2 балл);

-күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады (0,2 балл);

-демеулік шылаулардың ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады (0,2 балл).


1




2-кесте Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы

(оқыту өзге тілде)

р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Тыңдалым

1-тапсырма - 0,5 балл;

0,5

3

2

Айтылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

0,5

3

3

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

4

Жазылым

- құрылымын сақтауы - 0,5 балл;

- мазмұны-1 балл;

- лексика-грамматикалық норманы сақтауы - 0,5 балл.

2

12

5

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6


Жалпы


5

30























Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8–сынып (Т2) оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары


1-нұсқа


8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.

8.5.1.1- болжалдық, бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.2 - еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.3 – етістіктің шартты, бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.4 - күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.


1.Наурыз мерекесін ежелгі гректер қалай атаған?

А. Патрих

В. Су мейрамы

С. Гүл гардон

Д. Навасарди

Е. Норис ояхе


2.ҚР Президенті Наурыз мерекесін тойлау туралы қай жылы жарлыққа қол қойды?

А. 1988 жылы

В. 2010 жылы

С. 2015 жылы

Д. 1991 жылы

Е. 2000 жылы

3.«Наурыз» сөзі қандай мағына білдіреді?

А. Жаңа жыл

В. Жаңа ай

С. Ескі жыл

Д. Жаңа күн

Е. Ескі күн [3]


Айтылым. Тыңдалым мәтіні бойынша жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Өз ойыңызды, жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз. Диалогта етістіктің шартты, бұйрық рай түрлерін, демеулік шылауларды орынды қолданыңыз. (10-12 үнқатым). [3]

Әдеби тіл нормаларын қолдану. [3]




Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.


Ұлыстың ұлы күні

Ұлыстың ұлы күнi – татулық тойы, ынтымақ мерекесi. Наурыз мерекесіне дайындық барысында адамдар үйлерін жинап, аулаларын кір-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады, гүл егеді. Бұл күні қыстан аман шыққан жұрт бар ренiш-өкпесiн ұмытып, бір-біріне тек жақсы тiлектер тiлейдi. Мерекелік дастарқан жаяды. Таң атқаннан бастап таныстарының үйіне кіріп, құтты болсын айтады. Әр жерде ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, ән шырқалады, би биленеді, қыз-жігіттер алтыбақан тебеді.

Наурыз күні наурыз көже пісіріледі. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын!" - деп бата береді.

Тәуелсіздігіміздің арқасында қайта жаңғырған, дәстүрімізді дәріптеп, асыл мұраларымыздың бедерін айшықтауда орны ерекше бұл мереке - қазақ халқы үшін «жақсылықтың бастауы». (114 сөз)


1.Шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.

  1. Оқиғаның басталуы:

  2. Дамуы:

  3. Шиеленісуі:

  4. Шарықтау шегі:

  5. Шешімі: [3]


2.Шығарма кейіпкерлерінің образына баға беріңіз. Тапсырманы орындау барысында күшейткіш үстеулерді орынды қолданыңыз. (5-6 сөйлем) [3]

Әдеби тіл нормалары - [1]

Жазылым.

«Наурыз мерекесін насихаттауды қалай жақсартуға болады?» Осы көтерілген мәселе бойынша пікіріңізді, ұсынысыңызды білдіріп, 110-120 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эсседе бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді орынды қолданыңыз.

[12]

Әдеби тіл нормаларын қолдану - [2]




















Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8–сынып (Т2) оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары


2-нұсқа


8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.4.2.1 -эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.

8.5.1.1- болжалдық, бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.2 - еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.3 – етістіктің шартты, бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.4 - күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.



1.Наурыз мерекесін бирмалықтар қалай атаған?

А. Патрих

В. Су мейрамы

С. Гүл гардон

Д. Навасарди

Е. Норис ояхе


2.Наурыз мерекесі қашан қайта жаңғырды?

А. 1988 жылы

В. 2010 жылы

С. 2015 жылы

Д. 1991 жылы

Е. 2000 жылы

3.БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне қашан ие болды?

А. 1988 жылы

В. 2015 жылы

С. 2010 жылы

Д. 1991 жылы

Е. 2000 жылы [3]


Айтылым. Тыңдалым мәтіні бойынша жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Өз ойыңызды, жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз. Диалогта етістіктің шартты, бұйрық рай түрлерін, демеулік шылауларды орынды қолданыңыз. (10-12 үнқатым). [3]

Әдеби тіл нормаларын қолдану. [3]


Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.


«Мәңгілік ел» идеясы

«Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді.

Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар. Сондықтан олар білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Қазақстан тағдыры үшін ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік! (120 сөз)


1.Шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.

1.Оқиғаның басталуы:

2.Дамуы:

3.Шиеленісуі:

4.Шарықтау шегі:

5.Шешімі: [3]


2.Шығарма кейіпкерлерінің образына баға беріңіз. Тапсырманы орындау барысында күшейткіш үстеулерді орынды қолданыңыз. (5-6 сөйлем) [3]

Әдеби тіл нормалары - [1]

Жазылым.

«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға қандай үлес қоса аласың?» Осы көтерілген мәселе бойынша пікіріңізді, ұсынысыңызды білдіріп, 110-120 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эсседе бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді орынды қолданыңыз. [12]

Әдеби тіл нормалары - [2]





















Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8–сынып (Т2) оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары


3-нұсқа


8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.4.2.1 -эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.

8.5.1.1-бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.2 - еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.3 – етістіктің шартты, бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.4 -күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақ халқы 22 наурызды қалай атаған?

А. Бірлік күні

В. Жақсылық күні

С. «Ұлыстың ұлы күні»

Д. Тәуелсіздік күні

Е. Конституция күні


2.Наурыз мейрамы қай жылы жаңғырды?

А. 1991

В. 1994

С. 2010

Д. 2004

Е. 1988


3.Елімізде Наурыз мейрамы қай жылдан бері тойланып келеді?

А. 2010 жылдан бері

В. 2008 жылдан бері

С. 2001 жылдан бері

Д. 1999 жылдан бері

Е. 1991 жылдан бері [3]


Айтылым. Тыңдалым мәтіні бойынша жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Өз ойыңызды, жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз. Диалогта етістіктің шартты, бұйрық рай түрлерін, демеулік шылауларды орынды қолданыңыз. (10-12 үнқатым).

[3]

Әдеби тіл нормаларын қолдану. [3]



Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Көксерек

Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойды. Өзіне жеке асқұйғыш - итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды. Түнде Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Қасында не аяқ жағында көрпенің астында Көксерек жатады.

Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды, жемейді. Жалғыз-ақ кісі көзі тайса болды, қазір жоқ қылады. Бірақ егер тіпті қарны ашып кетсе, өзіне бермеген асты да жеп қояды. Кейде сондай жерде ұсталып, таяқ та жейді. Талай рет оқыста төбесіне таңқ етіп тиген оқтау бойын тызылдатып, шыпыртып тиген қамшыны да татты. (115сөз)

М.Әуезов

1.Шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.

1.Оқиғаның басталуы:

2.Дамуы:

3.Шиеленісуі:

4.Шарықтау шегі:

5.Шешімі: [3]


2.Шығарма кейіпкерлерінің образына баға беріңіз. Тапсырманы орындау барысында күшейткіш үстеулерді орынды қолданыңыз. (5-6 сөйлем) [3]

Әдеби тіл нормалары - [1]

Жазылым.



«Айтыс өнерін қалай дамытуға болады?» Осы көтерілген мәселе бойынша пікіріңізді, ұсынысыңызды білдіріп, 110-120 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эсседе бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді орынды қолданыңыз. [12]

Әдеби тіл нормалары - [2]

































Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8–сынып (Т2) оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары



4- нұсқа

8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.4.2.1 -эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.

8.5.1.1-бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.2 - еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.3 – етістіктің шартты, бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.4 -күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.



1. 22 наурыз қандай күн?

А. Күн мен түннің теңелген күні

В. Жаңбыр жауған күн

С. Аузы аққа тиген күн

Д. Қар жауған күн

Е. Жылы күн

2. Қашан Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды?

А. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін

В. Қазақстан Кеңестер Одағы құрамында болған кезде

С. Ерте замандағы қазақ елінде

Д. ХІХ ғасырда

Е. ХҮІІІ ғасырда

3. Тәжіктер Наурызды қалай атаған?

А. «гүл гардон», бәйшешек

В. су мейрамы

С. «навасарди»,

Д. «патрих»

Е. «нардуган» [3]




Айтылым. Тыңдалым мәтіні бойынша жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Өз ойыңызды, жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз. Диалогта етістіктің шартты, бұйрық рай түрлерін, демеулік шылауларды орынды қолданыңыз. (10-12 үнқатым). [3]

Әдеби тіл нормалары - [3]

Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.



Қазақ ғарышкері

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры.

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан "Союз ТМ-13" кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі "Мир" орбиталық кешенімен түйісті. Биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды.

Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулер негізін қалауға, саяси және қоғамдық қызметтерге белсене араласты. (115 сөз)


1.Шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.

1.Оқиғаның басталуы:

2.Дамуы:

3.Шиеленісуі:

4.Шарықтау шегі:

5.Шешімі: [3]


2.Шығарма кейіпкерінің образына баға беріңіз. Тапсырманы орындау барысында күшейткіш үстеулерді орынды қолданыңыз. (5-6 сөйлем) [3]

Әдеби тіл нормалары - [1]

Жазылым.

«Мен ғарышқа ұшсам...» Осы тақырып бойынша пікіріңізді, ұсынысыңызды білдіріп, 110-120 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эсседе бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді орынды қолданыңыз. [12]

Әдеби тіл нормалары - [2]






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!