Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"Емтиханға дайындыққа кезіндегі ас мәзірі, күн тәртібі"
Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар тарапынан балаларда қоодау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
857
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: « Не тәтті?» Сабақтың мақсаты: Тақырып идеясын ашу және оқу техникасын жетілдіру. Ойлау шығармашылығын дамыту. Би-шешендер, тіл құдіреті және ата- бабаларымыздың сөз тапқырлығы туралы түсінік беру және үлгі тұту.Сөйлеу мәдениетін дамыту. Күтілетін нәтиже: Тақырып идеясын ашады және оқу техникасын меңгереді, ойлау шығармашылығын дамытады.Би-шешендер, тіл құдіреті, ата-бабаларымыздың сөз тапқырлығы туралы толық мағлұмат алады және өнегелерін үлгі тұтады. Әдісі: Жоғарғы, төменгі сұрақтар,сыни ойлау,топтық жұмыс, топтық әңгіме,АКТ-ны пайдалану; Дерекккөздер: «Шешендік сөздер»кітаптары,би-шешендер суреттері, интербелсенді тақта, Жиренше шешен туралы ақпараттар, стикерлер,көрініс,постер,маркер,сызбалар, автор сызба-суреті, бағалау парақтары,АКТ; Пәнаралық байланыс: Ана тілі,Тарих, Әдебиеттік оқу пәндері.
Ана тілі сабағынан рефлексивті есеп Сабағым әдеттегідей амандасып, психологиялық тренингтен басталды.Оқушылар көңіл күйін «сабаққа дейінгі көңіл күй анықтаудан» және «Қошақаным», «Ботақаным» -деп, анасының еркелетін сөздерімен бастадым.Интербелсенді тақтадан «Ана» туралы айтқан Ғ.Мүсірепов туралы және шешендік сөздер, Жиренше шешен туралы көрсетіп, оқу арқылы олардың бұрынғы сабақтардан өзгешелігін өздеріне таптыра оырып сыни ойлауға мүмкіндік бердім. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Жоғарыда аталған еңбектерге сүйене отырып, оқушылар бұл сабақта диалогтік қарым-қатынасқа түсіп, өз ойларымен бөлісіп, сыни тұрғыдан ойлай отырып, идеяларын ортаға салып, оң әсер алғандығын байқадым. Оған әр топтың сол мәтінге көрініс қоюы дәлел.Ал өзімнің диалогтік әңгімені дамыту арқылы сыни ойлатуға, сыни ойлай отырып мәселелердің шешімін таба білуге, ойлау қабілеттерінің өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпал етуге болатындығына көзім жетті. Сондықтан да алдағы сабақтарымда осы әдіс-тәсілді жиі қолданатын боламын. «Ойлан, жұптас, бөліс»» әдісі бойынша оқушыларға : -сендер қалай жауап берер едіңдер?деген проблемалық сұрақтарға жауап алғанда дарынды оқушым Г.есімді оқушының сұрағы:»Мен де екінші баланың жауабына келісем, өмірде анамның сүтінен тәтті ештеңе жоқ, ол таза, оған ешқандай тәтті зат қосылмайды ғой» десе, ал С.есімді оқушының «Анам қанша тентек жасап мені ұрғаны батпайды, себебі ол баласын қатты ұрмайды, ұрса да жай ұрады»-деген жауаптары өте жүйелі, әрі мағыналы, сыни болды.Олар «ана» туралы топтастыру жұмысын да бірлесе отырып, ұйымшылдықпен тез жауап бере алды.Сабағымның соңын « Адам бойындағы жақсы қасиеттерді ата, жаз»-деп қорыттым. Қорытындылай келе, мұғалім сабақты ұйымдастырушы, сабақтың мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, сонымен бірге оқу барысында олардың серігі, оқушылардың қолдаушысы, бағыт берушісі болуы өте қажет. Өзімнің тәжірибем кезінде оқушылар өзіндік ізденуге, шығармашылықпен ойлауға диалогтік оқыту негізінде жоғары дәрежеге жетеді деген тоқтамға келдім. Оқу пирамидасында көрсетілгендей талқылаудың маңызы зор екеніне толықтай келісемін. Мен мектептегі тәжірибемнің барысында нұсқаулықта оқытуда қолданатын әңгімелесу түрлері: әңгіме – дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгімені жиі қолдандым. Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, сапалы білім берудің бірден – бір жолы – диалогтік оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру. Әсіресе бастауыш сыныптардағыАна тілі,Дүниетану ауызша сабақтарда зерттеушілік әңгіме арқылы жақсы нәтижеге жетелейді. Диалогтік оқыту өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден-бір жаңа қырынан танытады. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үнсіз оқушылар диалогтік кезінде ашылатындығын байқадым. Өйткені осындай сабақтар кезінде ол тең дәрежеде ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Жалпы айтайын дегенім, балалардың қалай оқитынын назарда ұстау білім үдерісінің нәтижелі болуы, мұғалімдердің оқуды өздігінен меңгеріп,таныта білген білім дағдылары мен амал ,көзқарасын зейін қойып зерделей білгенін білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады деп көрсеткен. Сөзімді қорыта айтқанда, іс тәжірибеме енгізген өзгерістер білім беру ісін жеке тұлғаға бағыттауымен маңызды. Мен бағдарламаның идеяларын басшылыққа ала отырып, болашақта ерінбей еңбек ететінімді түсіндім,болашаққа нық сеніммен қадам басу біздің ендігі міндетіміз.Яғни,үйренген әдіс-тәсілдерімізді жарты жолда қалдырмай, оны жетілдіру,дамыту қажет деп ойлаймын.Сол себепті тынбай үнемі ізденіс үстінде боламын деген ойдан арылғым келмейді.
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
1.Ұйымдастыру бөлімі 2.Психологиялық ахуал 3.Топқа бөліну 4.Үй тапсырмасын сұрау 5.Жаңа сабақ «Ой ашар»«Мағынаны тану»1.Автор туралы мағлұматОқулықпен жұмысНақыл сөзі:Ғабит Мүсірепов «Ана»43-жаттығу«Джиксо» әдісі «Қызығушылығын ояту»«Ойлан, жұптас, бөліс!»әдісі(Топтық, жұптық жұмыс) 2.Жиренше шешен туралы мағлұмат Оқулықпен жұмыс«Шығармашылық тапсырма»Сергіту«Ой толғау»әдісіДәптермен жұмыс Рефлексия Үйге тапсырма Бағалау | Сыныппен амандасады.Бәрі қосылып:Айдай арайлап, жұлдыздай жарқырапСудай таза көңілмен, бүгінгі сабағымызды бастайық!«Ботақаным», «Құлыншағым» арқылы топқа бөлу.Үй тапсырмасы : «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен».(шумақтап жатқа сұралады) Интербелсенді тақтадан(бейнебаян)Мақсатын айтамын,күннің жады, тақырып жазылады.43-жаттығуАвтор туралы мағлұматНақыл сөзі:Ғабит Мүсірепов«Ана»«Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет»(мағынасын түсіндіру) Постер: «Ана»туралы топтастыру Интербелсенді тақтадан Жиренше туралы (бейнебаян) Оқимын, түсіндіремін және өздеріне тізбектей оқытамынАктАдам бойындағы «жақсы» қасиеттерді ата, жаз. -Сабақ ұнады ма?-Ұнамады ма?? Шешендік сөздер жинақтау.Жиренше шешен туралы естіген-білгендерін айтып келу тапсырылады. Әр оқушы жауаптары арқылы бағаланады. | Амандасады,сабаққа дейінгі көңіл-күйлерін көңіл күйлерін көрсету. Топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын айтады. (шумақтап жатқа сұралады) Дәптермен жұмыс Оқушылар орындарынан оқиды.Бір-біріне түсіндіреді. «Ана» туралы өз ойларын ортаға салады. Танысады, біледі. Оқиды, түсінеді.Көрініс түрінде көрсету Қимыл-қозғалыспен көрсетуЖеке,жұптық жұмыс(айтады, жазады) Сұрақтарға нақты жауап береді.Өз ойларын жазып, стикермен смайликтерге жабыстыру. Шешендік сөз, Жиренше шешен туралы толық мағлұмат жинау. Өз-өздерін, жеке-жеке, топтық бағалау. |
Ана тілі сабағынан рефлексивті есеп Сабағым әдеттегідей амандасып, психологиялық тренингтен басталды.Оқушылар көңіл күйін «сабаққа дейінгі көңіл күй анықтаудан» және «Қошақаным», «Ботақаным» -деп, анасының еркелетін сөздерімен бастадым.Интербелсенді тақтадан «Ана» туралы айтқан Ғ.Мүсірепов туралы және шешендік сөздер, Жиренше шешен туралы көрсетіп, оқу арқылы олардың бұрынғы сабақтардан өзгешелігін өздеріне таптыра оырып сыни ойлауға мүмкіндік бердім. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Жоғарыда аталған еңбектерге сүйене отырып, оқушылар бұл сабақта диалогтік қарым-қатынасқа түсіп, өз ойларымен бөлісіп, сыни тұрғыдан ойлай отырып, идеяларын ортаға салып, оң әсер алғандығын байқадым. Оған әр топтың сол мәтінге көрініс қоюы дәлел.Ал өзімнің диалогтік әңгімені дамыту арқылы сыни ойлатуға, сыни ойлай отырып мәселелердің шешімін таба білуге, ойлау қабілеттерінің өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпал етуге болатындығына көзім жетті. Сондықтан да алдағы сабақтарымда осы әдіс-тәсілді жиі қолданатын боламын. «Ойлан, жұптас, бөліс»» әдісі бойынша оқушыларға : -сендер қалай жауап берер едіңдер?деген проблемалық сұрақтарға жауап алғанда дарынды оқушым Г.есімді оқушының сұрағы:»Мен де екінші баланың жауабына келісем, өмірде анамның сүтінен тәтті ештеңе жоқ, ол таза, оған ешқандай тәтті зат қосылмайды ғой» десе, ал С.есімді оқушының «Анам қанша тентек жасап мені ұрғаны батпайды, себебі ол баласын қатты ұрмайды, ұрса да жай ұрады»-деген жауаптары өте жүйелі, әрі мағыналы, сыни болды.Олар «ана» туралы топтастыру жұмысын да бірлесе отырып, ұйымшылдықпен тез жауап бере алды.Сабағымның соңын « Адам бойындағы жақсы қасиеттерді ата, жаз»-деп қорыттым. Қорытындылай келе, мұғалім сабақты ұйымдастырушы, сабақтың мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, сонымен бірге оқу барысында олардың серігі, оқушылардың қолдаушысы, бағыт берушісі болуы өте қажет. Өзімнің тәжірибем кезінде оқушылар өзіндік ізденуге, шығармашылықпен ойлауға диалогтік оқыту негізінде жоғары дәрежеге жетеді деген тоқтамға келдім. Оқу пирамидасында көрсетілгендей талқылаудың маңызы зор екеніне толықтай келісемін. Мен мектептегі тәжірибемнің барысында нұсқаулықта оқытуда қолданатын әңгімелесу түрлері: әңгіме – дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгімені жиі қолдандым. Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, сапалы білім берудің бірден – бір жолы – диалогтік оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру. Әсіресе бастауыш сыныптардағыАна тілі,Дүниетану ауызша сабақтарда зерттеушілік әңгіме арқылы жақсы нәтижеге жетелейді. Диалогтік оқыту өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден-бір жаңа қырынан танытады. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үнсіз оқушылар диалогтік кезінде ашылатындығын байқадым. Өйткені осындай сабақтар кезінде ол тең дәрежеде ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Жалпы айтайын дегенім, балалардың қалай оқитынын назарда ұстау білім үдерісінің нәтижелі болуы, мұғалімдердің оқуды өздігінен меңгеріп,таныта білген білім дағдылары мен амал ,көзқарасын зейін қойып зерделей білгенін білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады деп көрсеткен. Сөзімді қорыта айтқанда, іс тәжірибеме енгізген өзгерістер білім беру ісін жеке тұлғаға бағыттауымен маңызды. Мен бағдарламаның идеяларын басшылыққа ала отырып, болашақта ерінбей еңбек ететінімді түсіндім,болашаққа нық сеніммен қадам басу біздің ендігі міндетіміз.Яғни,үйренген әдіс-тәсілдерімізді жарты жолда қалдырмай, оны жетілдіру,дамыту қажет деп ойлаймын.Сол себепті тынбай үнемі ізденіс үстінде боламын деген ойдан арылғым келмейді.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)