Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо және гиперфункция)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо және гиперфункция)
Бөлім: |
«Координация және реттелу» |
Педагогтің аты-жөні: |
Налибаева Д |
Күні: |
1.03.2024ж |
Сыныбы: 8 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо және гиперфункция). |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.1.7.6 эндкриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау. |
Сабақтың мақсаты: |
эндкриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атайды; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы бір-біріне жүрек береді; |
Оқушылар ұстазымен амандасады, жүректен жүрекке әдісі арқылы бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады; |
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. |
|
|||
«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.
|
Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады; |
Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. |
презентация |
||||
Сабақтың ортасы
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Сыртқы секрецяи бездері дегеніміз не? Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады? Гормон деген не? Гуморальды реттелу ұғымына сипаттама бер. Гиперфункция деген не? Гипофункция ұғымына анықтама бер. Ішкі секреция бездерін атаңдар. |
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;) |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. |
презентация |
|||
Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Тапсырма. Қалқанша безінен гормон аз өндіріледі, ал басқада артық өндіріледі. Ауру адамның іс-әрекетінен ауру түрін анықтаңыз.
|
Бағалау критерийі:
-Эндокринді бездердің қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды сипаттайды;
|
Дескриптор:
-қалқанша безінің гормонының аз және көп бөлінуінен туындайтын себептерін түсіндіріп, ауру түрін анықтайды – 2 балл; |
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері |
||||
Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау тапсырмасы беріледі. Сұрақтар мен тапсырмалар. 1.Бездер қандай ұлпаға жатады? 2.Ағза жұмысының реттелуін белгілері бойынша жүйелейді. Реттелудің қай түрі бірінші пайда болды, неге? 3.Табиғатта болатын реттелудің түрлерін түсіндіріңдер…........ 4.Неліктен қанның құрамындағы көмірсу мөлшері жеген тағам түріне, оның құрамына қарамастан тұрақты болатынын түсіндіріңдер………. 5.Қандай гормондар ағзада зат алмасуға қатысады және олар қандай бездерде түзіледі? 6.Гормондардың артық бөлінуінен немесе жетіспеушілігінен пайда болатын аурулардың бір-бірімен байланысын сипаттаңдар…............. 7.Екінші реттік жыныстық жетілудің белгілері, жыныс бездері бөлетін гормондарды атаңдар…............. |
Бағалау критерийі:
-гормондардың артып немесе жетіспей қалуынан туындайтын аурулардың себептерін салыстырады;
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)
|
Дескриптор:
-гормондардың артып немесе жетіспей қалуынан туындайтын аурулардың себептерін сипаттайды– 2 балл; |
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері |
||||
Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады. Биологиялық тапсырмалар:
1. Гликогеннің қандай мүшелерде қорға жиналатынын, оның глюкозаға айналуын және оған қандай гормондар қатысатынын сызба түрінде бейнелеңдер........ 2. Эндемиялық зоб пен кретинизм ауруларының пайда болу себебі ол………….. Аурулардың пайда болуын қандай бездің жұмысымен байланыстыруға болады? 3. Соматотропты гормондардың түзілуі және оның мөлшерінің өзгерулеріне байланысты пайда болатын аурулардың белгілеріне талдау жасаңдар…………. 4. Біздің ағзамызда қандай без гипофизге тәуелсіз және неліктен? 5. Бүйрекүсті бездерін белгілері бойынша жүйелеңдер……………. 6.Қай қабатындатүзіледі? Әсер ету жылдамдығы қандай? 7.Көңіл күйге немесе зат алмасуға байланысы бар ма? |
Бағалау критерийі:
-бездердің маңызды екенін бағалайды және аурулардың пайда болу себептерін анықтайды;
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)
|
Дескриптор:
-бездердің маңызды екенін атайды және аурулардың пайда болу себептерін түсіндіреді– 2 балл; |
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
||||
Сабақтың соңы
|
«Шульманның үш көмекшісі» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». |
|