Материалдар / Эндокриндік бездер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эндокриндік бездер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бездер туралы қысқаша мәлімет. Эндокриндік бездердің жіктелуі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
574
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЕЗДЕР


Бездер - безді эпителий жасушаларынан тұратын мүшелер, белгілі бір затты секреттейді (бөледі).

Түзетін заты - секреция.

Бөлінетін заты - секрет.


Безді эпителий жасушаларынан секреттердің қайда бөлінуіне байланысты 3 топқа бөледі.

Сыртқы секрециялық бездер - экзогинді

Ішкі секрециялық бездер - эндокринді

Аралас секреция бездері


Гормондар - ішкі секреция бездері бөліп шығаратын, ағза мүшелерінің қызметін өзгертетін биологиялық белсенді зат.

Гуморальдық реттелу - ағза қызметінің гормондар қанға бөліну арқылы реттелуі.


Гормондар ең алғаш біржасушылардан ж/е балдырлардан табылған. Өсімдіктерде фитогормондар өсімдіктің өсуін реттейді.


Гормондардың қызметі бұзылуының аурулары

Гиперфункция

гормондар мөлшерінен көп бөлуі

Гипофункция

Бөлінуі тиіс мөлшерінен аз бөлінуі


ЭНДОКРИНДІК БЕЗДЕР


бездер

салмағы

қызметі

Гипофиз

0,5 - 0, 65 г

Негізгі эндокриндік без. Аралық мидың астыңғы жағына бекінген. Пішіні үрмебұршақ тәрізді. 25 гормон бөледі. Барлық эндокриндік бездің қызметін атқарады (ұйқы безінен басқа).

Соматропин-өсу гормоны-барлық ұлпалар мен ағзаға әсер етеді.

Қалқанша без

30-60 г, жаңа туған балада 1-2 г

Мойынның алдыңғы жағында, пішіні таға тәрізді, екі бөліктен тұрады.

Тироксин гормонын бөледі. Ағзаның дамуы мен өсуіне әсер етеді. Құрамында болатын химиялық элемент - йод.

Эндемиялық зоб (алқым ісуі) - ересектерде йод жетіспеуінен қалқанша безінің ұлғаюы. Кретинизм - жас балаларда йод жетіспеуінен, ақыл есінің, жыныстық жетілуі, бойының өсуінің тоқтауы.

Миксидема - қор заттар жиналып, зат алмасу төмендеуі, тері астына су жиналуы, семіру, дене температурасы 35 болып үнемі тоңуы, әлсіз, ұйқышыл болуы.

Базедов ауруы - бадырақ көз.

Қалқанша маңы безі

20-50 мг

Паратгормон гормонын бөледі. Қызметі: фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттеп, қанға өткізеді.

Айырша без (тимус)

Жасөспірім безі

Балалық шағында 30 г.

Жыныстық жетілген соң 20 г. кішірейетін без

Иммундық жүйенің орталық мүшесі. Тимозин гормонын бөледі.


Кеуде қуысында кеңірдектің жоғары ұшында орналасқан.

Бүйрек үсті безі


Бүйректің жоғары ұшында орналасқан. Екі қабаттан тұрады: милы, қыртысты.

Қыртысты қабаты


Күйзеліс кезінде бөлінеді. Майлар мен көмірсу алмасуын реттейді. Бұлшық еттер белсенді болады.

Милы қабаты


Адреналин, нарадреналин гормонын бөледі. Қант мөлшері артады. Ағзадағы процестерді тездетеді.

Эпифиз

0,2 г

Ртаңғы ми мен аралық ми ортасындағы домалақ пішінді без.

Мелотонин гормонын бөледі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!