Материалдар / Ең алып ғаламшарлар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ең алып ғаламшарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материял ыңғайлы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат.


«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұны денсаулықты нығайтуға, негізгі дене сапасын дамытуға және ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған; қозғалыс мәдениетін қалыптастыру, жалпы дамытушылық және түзету бағытындағы дене жаттығуларымен қозғалыс тәжірибесін байыту; дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеттерінде дағдылар мен біліктілікке үйрету, дене шынықтыру жаттығуларын өз бетінше ұйымдастыруға негізделген.

Дене шынықтыру сабағына қатысушылардың қызметін қатаң реттеу қажет. Бұл сабақтың сауықтыру бағытына ішінара қол жеткізеді. Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жүктемелерді саралауды сақтау қажет. Оқу процесінде өз денсаулығын нығайту және ұзақ уақыт сақтау, еңбек қызметін оңтайландыру және белсенді демалысты ұйымдастыру үшін дене шынықтыру құндылықтарын белсенді пайдалана алатын білім алушылардың жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру қамтамасыз етілуі тиіс. Жұмысқа кіріскен кезде педагог білім алушылардың денсаулық жағдайын, жынысын, физикалық дамуын, физикалық дайындығын, психикалық қасиеттерін т.б. даму ерекшеліктерін ескеруі керек.

Дене шынықтыру сабақтарын өткізу кезінде педагогтің басты назары білім алушыларды техникалық даярлауға бағытталуы тиіс. Білім алушы алдыңғы жаттығуда талаптарды орындағанға дейін жаттығуларды қиындату ұсынылмайды. Жаттығуларды таңдауда білім алушыларды қызықтыра отырып, жаттығуларды орындаудағы техникалық шеберліктерін өсіруге ынталандыру керек. Дене шынықтыру сабағы кезіндегі білім алушылардың алдына қойылған міндеттердің қиындығын біртіндеп арттыру қозғалыс тұрғысынан да, қабылдау тұрғысынан да сақталуы керек.

Дене шынықтыру сабағының тиімділігі сабақты өткізу әдістемесімен ғана емес, сонымен қатар бірқатар ұйымдастырушылық шарттармен де анықталады:

- қолда бар жабдықтарды ұтымды пайдалану;

- оқытудың техникалық құралдарын қолдану;

- сабақты өткізу орнының ерекшелігін есепке алу (спорт залы немесе мектеп жанындағы спорт алаңы, стадион немесе саябақ, тегіс немесе тегіс емес жер);

- сыртқы ортаның сипаты және т. б.

Сабақты ұйымдастыру үшін төмендегі жағдайларды қамтамасыз ету:

1) санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;

2) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

3) сабақта айналысатын қызметті ұйымдастырудың әдісін (тәсілін) таңдау, тапсырмаларды жақсы орындауға мүмкіндік береді.

«Денешынықтыру»пәні 1-4-сыныптар

1-4-сыныптарда білім алушылар «салауатты өмір салты» ұғымын білуі, «жаман әдеттердің» не екенін түсінуі, өздерінің физикалық қасиеттерін анықтай білуі керек.

«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру жәнеспорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту;өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға ынталандыру;білім алушылардың төзімділікке,ширақтыққа,күштілікке,ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту;Отанға деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелеу; білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру;жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде дене шынықтыру туралы түсініктерін қалыптастыру.

2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі:

  • 1-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты құрайды.

  • 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

  • 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

  • 4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.


«Денешынықтыру»пәні,5-9-сыныптар

5-9-сыныптарда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру бойынша тапсырмаларды орындауы (жалпы дамыту жаттығуларының әртүрлі жиынтықтарын құрастыру, дене шынықтыруға арналған жаттығуларды таңдау), спорттық ойындарда, жарыс әрекеттерінде пайдалану үшін креативті ойлауды дамыту, сонымен қатар бос уақытын ұйымдастыра білуі керек.

Оқу бағдарламасында денешынықтыру мен спортты дамыту тарихы бойынша білімді қалыптастыру; негізгі дене дамуы қасиеттерін жетілдіру, арнайы спорттық біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту, атапайтқанда, әр түрлі дерек көздерден алынған ақпаратты пайдалану,оны тиісті нысан данақты ұсыну қабілеті;ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту;адамгершілік-жігер,моральдық-ерікқасиеттерінқалыптастыруқарастырылған.

2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі:


  • 5-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

  • 6-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

  • 7-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

  • 8-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

  • 9-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.


10-11-сыныптарда оқушылардың оқу жүктемесі мен демалысын жоспарлай білуі, денені дамыту жаттығуларын таңдау, дене жаттығуларының техникасын талдау, алған білімдерін өз бетінше оқуға қолдана білу керек.

  • 10-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

  • 11-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.


«Дене шынықтыру» пәнінің сыныптар бойынша мазмұны:

- 1-2-сыныптар үшін: денсаулық туралы білу; қауіпсіздік ережесі; дене тәрбиесі дегеніміз не; күн тәртібі; жүру және жүгіру; секіру және лақтыру; ойын арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту; сюжеттік-рөлдік қозғалмалы ойындар; бірқатар гимнастикалық фигураларды үйрену; қазақ ұлттық қозғалыс ойындары; доппен және секіртпемен орындалатын ойындар мен тапсырмалар; ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар; қауіпсіздік ережесі; ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту; ойын арқылы коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары; ойынға шығармашылық идеялар; жеке қозғалыс белсенділігі; салауатты өмір салтын қалыптастыру; ашық ауада физикалық қозғалыс; жылдамдық, күш пен ептілік; секіруді дамыту үшін тапсырмалар; эстафета және қозғалмалы ойындар;

Пән бойынша бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың қозғалыс белсенділігін (спорттық және қозғалыс ойындарының санын арттыру есебінен) және сауықтыру процесін арттыруға бағытталған.

Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/коньки/кросс дайындығы сабақтары өңірлердің климаттық жағдайларына сәйкес өзара алмастырылады.

Мұғалімнің әр сабақ сайын жүргізетін бақылау жұмыстары жүйелі түрде іске асырылады және білім алушының тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындап жатқандарын түсінуге, олардың білім алу траекторияларына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

«Есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек. Яғни, білім алушы «есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!