400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ең қарапайым геометриялық фигуралармен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне дайын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Бисенова А.Т. 12.02.2018ж.

Математика 4 - сынып
Тақырыбы:
Өткенді пысықтау

Мақсаты: Үш таңбалы сандарға көбейту дағдысын тиянақтау, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай отырып өздігінен жұмыс істеуге баулу.Сыныпта ынтымақтастық орната отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже: Үш таңбалы сандарды көбейте алады. Есептеу дағдылары қалыптасып, өзбеттерімен жұмыстануға қызығушылықтары артады. Ынтымақтастық атмосферасын құрады. Алған білімдерін өмірде пайдалана алады.
Әдістер: сұрақ-жауап, есептер, логикалық есептер шығару, «Ыстық картоп» , «Ой толғау», «Миға шабуыл» әдістері

Көрнекіліктер: Дидактикалық материалдар, слайд

Сабақтың барысы:

№

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1

Психологиялық ахуал

(шаттық шеңберде тұрады)

Қол алысып, қане ,біз,

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге

Қандай жақсы бір жүру!

Достарыңмен бір болу

Бірігеміз бәріміз

Қиындықты жеңеміз,

Есептерді шешеміз.

2

Өткенді қайталау: «Ыстық картоп» әдісі бойынша сұрақтарға жауап алу.


-Математика пәнінде қандай амалдарды пайдаланамыз?

-Қозғалысқа қатысты есептерде нені табамыз?

- Жылдамдықты қалай табамыз?
-Уақытты қалай табамыз?
-Қашықтықты қалай табамыз?

3

Оқулықпен жұмыс:

Picture 1

Оқушылар көбейтінділердегі айырмашылықтарды айтады.

1-мысал баған түрінде жазып, есептеледі.

Әр жағдайда неше толымсыз көбейтінді бар , неліктен екенін ауызша түсіндіреді.

4

Ой толғау:

-Математика пәніндегі шамалар?

-Уақыт өлшем бірліктерін кему ретімен ата

-Масса өлшем бірліктерін өсу ретімен ата

-Ұзындық өлшем бірліктерін өсу ретімен атап бер.

8-логикалық тапсырманы түсіндіру

Күндізгі 1-ден түнгі 12-ге дейін 11 сағат уақыт бар.

Әр жарты сағат сайын 1 рет соғатын болса, 11 сағатта неше рет соғады?

(оқушылар өзбеттерімен орындайды)

86кг+1ц15кг=...ц....кг

2апта-12тәул=...тәул

1т-3ц45кг=...ц...кг


11•2=22 рет соғады.

5

Оқулықпен жұмыс:

Өрнектердің мәнін тапқанда орындалу тәртібін кім айтады?

2-өрнектердің мәнін табады:

1-қатар:

43070+7140:51•506=113910

2-қатар:

78050+94500:630•608=169210

3-қатар:

(7368:24+145)•27=12204

Тақтадағы оқушы:

(3090:15+219)•37=15725

6

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.

(қимылмен айтады)

7

Есеп дегеніміз не?

Есептің өзі нешеге бөлінеді?

-Қозғалысқа қатысты есептердің өзі қалай бөлінеді?

Ауылдан бір уақытта бір бағытта велосипедші мен жаяу жүргінші шықты. Велосипедшінің жылдамдығы сағатына 16км/сағ, ал жаяу жүргіншінің жылдамдығы одан 4 есе аз. 4сағат өткенде олардың бір бірінен арақашықтығы қандай болды?


4-есеп бойынша теңдеу құрастырып, шығарту.

3-есептің мазмұны бойынша оқып, шартын жазып, тақтада орындайды.

Ш:34000:8•26=110500

Ж: 1 қап қант 4250 тг, 26 қап қант 110500 тг тұрады.



-бір-біріне қарама –қарсы бағытқа қозғалу

-бір-бірінен қарама қарсы бағытқа қозғалу

-қуып жету қозғалысына

-қалып қою қозғалысына

Есептің мазмұнын ауызша талдап, өзбеттерімен шығарады?

(тақтада оқушылар орындап, ауызша талдайды)

Ш:16:4=4 16•4-4•4=48

Ж: 4 сағат өткенде бір-бірінен арақашықтығы 48 км болады.


А)1кг+х=3кг+2кг Ә)500г+х=3кг

Ж: қауын: 4кг Ж: ірімшік 2кг 500г

8

Қорытынды:

7-тапсырма ауызша орындалып, талданады.

Геометриялық фигураларды ата

Аудан мен периметрдің формуласын жаз

Шеңбер мен үшбұрыштың ауданын қалай есептейміз?

Оқушылар көлемнің формуласын жазады.

Шеңбер, радиус, диаметр туралы айтып естеріне түсіреді.

Радиусы 4см шеңбердің диаметрі неше см болады?

Диаметрі 9см шеңбердің радиусы неше см болады?

9

Миға шабуыл:



10

Үйге тапсырма: №5-6, 57 бет.



Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау


Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алып, бағалаын қойдыртады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
607
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі