Материалдар / Ең үздік эссе.Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ең үздік эссе.Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлт болашағына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
2438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«К.Кадыржанов атындағы Қызылқия жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеме

















Эссе тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»













Орындаған: физика пәні мұғалімі Усанова Айжан Төлеубайқызы



2016-2017 оқу жылы

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы»

Қазіргі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен мәртебесін алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені әр елдің, алаштың өзіндік болмысына тән мақсат, мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы мен мақсаты.

Ал, мақсат пен мұрат – болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші-идеал. Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мақсат-мұраты еркін халық болу, өзгелермен терезесі тең мемлекет болу, өз елінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу.

Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты әрбір Қазақстан азаматының, қазақ азаматының, қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы, әрі белсенді азаматы, әрі өз елінің негізгі патриоты дәрежесіне көтерілуі.

Отансүйгіштік-адам бойына азаматтық санамен қалыптасатын қасиеттің бірі. Азаматтық сана-біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті, өткен мен келешек ұрпақ алдындағы асыл парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды, саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс.

Қазақстан Республикасының этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті-жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын жастар тәрбиелеу»-деп атап көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу, білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі. Этномәдениет арқылы біздің ұрпағымыздың бойына ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру критерилерін жасау қажет.

Әр халықтың өзіне тән тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-тіршілігіне, тұрмыс-салтына, дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-материалдық, мәдени құндылықтары қалыптасады.

Қазақ халқы-бай тарихының иесі. Қазақ даласының аты әлемге мәшһүр әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ахмет Иассауи, М.Қашқари сияқты ғұламалармен танымал. Олардың еңбектері ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени өміріне зор үлес қосқан, асылдары. Тарих қоржынынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың сол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынаған еліміздің танымал ғалымдарының қажырлы еңбектері-жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары екендігі даусыз.

Сонау Орхан-Енисей тас жазулары, ежелгі мәдениет жәдігерлері, сондай-ақ, Есік қаласынан табылған «Алтын Адам» ескерткішінен бастап, халық шеберлерінің қолөнер туындыларының үлгілері-осының бәрі Қазақстан мәдениетінің қазынасын байытып, бүгінгі ұрпақтың рухани білім көзіне айналды. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәлім-тәрбие қазыналарын жинақтап, оны этнопедагогиканың негізгі мазмұнына енгізсек, сол мазмұнды жүзеге асырудың басты құралы-этномәдениет құндылықтары.

Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтарының тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, қазақ халқы ұрпағының дарынды, өнегелі азамат болып өсуіне халқымыздың әдеби-музыкалық, кәсіби-тұрмыстық фольклорларынан терең білім беру керек.

Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосуда. Қазақ фольклоры тілінің бейнелілігімен, көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен, мазмұндық өткірлігімен аса құнды қазына. «Өнер алды-қызыл тіл»-деп, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» шешкен ата-бабаларымыз, халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама болатын, ұрпақтарға тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Ұлт болашағы үшін құндылығы аса зор қазақ батырларына арналған көптеген дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жанын пида еткен батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының рухани жан дүниесінің бірлігі, ерлігі мен патриоттық қасиетін баяндайтын лиро-эпостық жырлар мазмұны, рухани тазалығы, адамгершілік пен махаббатты паш ететін халқымыздың асыл қазыналары.

Ұрпақ тәрбиесінің тағы да бір негізгісі болып табылатын құндылығы жоғары қазақ халқының музыка мәдениеті, қай кезде болмасын жыршылар, күйшілер, өлеңші-әншілер шығармаларынан туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігінен эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі тұнып тұр. Ұлт болашағы жастарды Отансүйгіштікке, ұлтына деген адалдыққа, әділетке шақырып, жақсылықты жеңіп шығатынына сенуге, жамандықпен күресе білуге, жақсы атаулыға ұмтылуға дәріптеп отырады.

Халқымыздың тарихи-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік болмысына байланысты аңшылық-саятшылығы, ағаш, тері, жүн өңдеуге қатысты қолөнері, зергерлік өнері тағы да басқа сан-алуан. Халық данышпандылығының бар асылын бойына жинаған сәндік-қолданбалы өнері – ұлт болашағын тәрбиелеудің қайнар көзі болып табылады. Ұлтымыздың байырғы және қазіргі қолөнер бұйымдары рухани-материалдық құндылық ретіндегі әлемдік мәдениет аясындағы алатын орны және тәлімдік маңызы бағаланып, жан-жақты талданған.

Ұлт тағдыры - ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз өз ұрпақтарын ежелден ізгілікке, имандылыққа, ізеттілік пен кішіпейілділікке, имандылық пен салауаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Қазіргі қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдай ұлттық рухтың ерекше күштілігін қажет етіп отырғанда, мына «ашық қоғамда» ата-салт дәстүрдің алар орны ерекше екендігін естен шығармауымыз қажет. Туған жердің, тілдің, ата-дәстүріміздегі адамдар арасындағы ізеттілік, сыйластық, әйел затын ардақтау, қонақ жайлылылық, қосылған сәтте қайырымдылық тағы да басқа дәстүр, салтымыздағы биік рухани-адамгершілік негіздері болып отыр.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»-деген ұлы Мұхтар Әуезов. Халқымызда «Ағаш түзу өсу үшін оған қажет кезінде көмектесуге болады, ал, үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»-деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өзі-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Рухани-адамгершілік пен тәрбие-екі жақты процесс.

Елін сүйген әрбір азамат елінің салт-санасын, мәдени-рухани мұрасын қастерлеп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді ұлт болашағы ұрпақ бойына сіңіріп қалыптастыруға бәріміз бір кісідей ат салысуымыз қажет деп ойлаймын.

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» - деген тақырыпта жазған эссемді ақиық ақындарымыздың бірі Мұхтар Шахановтың «Төрт ана»-деген өлең шумағымен аяқтағым келіп отыр. Ол өлең шумағында былай деген екен:

... Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа да.

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүрі, салт-санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және Туған Тарихи, еске алуға қаншама,

Ауыр әрі қасиетті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!