Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ең үздік тарихшы-2018 сайысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ең үздік тарихшы-2017» сайысы
Мақсаты: Әр оқушының өзіндік дамуына ықпал ету, шығармашылыққа баулу, ой-өрісін дамыту, өз пікірін еркін білдіре отырып қорытынды жасауына жағымды жағдай туғызу, іскер ұрпақтың қалыптасуына елеулі мүмкіндік жасау
Әрқашан да білім көптік етпеген
Талапсыз жан мұратына жетпеген
Сәлем бердік өрендерге талапкер
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
Бүгінгі «Ең үздік тарихшы-2017» сайысына қош келдіңіздер!
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына -
деп мына бүгінгі бақ сынасар үздіктердің үздігі сайыскерлерімізді ортаға шақырып, таныстырып өтейін.
1. “Қандай сынақ болса-дағы беріспе, әрқашанда үміткер бол жеңіске” атты ұранды желеу етіп келген_________________________________
2. “Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен,
Білімді болсаң жығарсың”-
атты шумақты ұстаныммен келіп отырған ___________________________
3. “Досқа жан-тәніммен берілу сенімді тірек, бақытқа барынша ұмтылуда білімде керек” - деген ұранымен сайысқа қатысып отырған ______________________________________________________
4. “Білімдінің жолы ақ, болашағы нақ” ұранымен ____________________________________________________________
5. “Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп” атты жалынды ұстаныммен келіп отырған _________________________________________________
6. “Бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын тәуелсіздік таңы үшін” атты рухты ұранымен сайысқа келіп отырған _______________________________________________________________
7. “Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар” ұстанымымен__________________________________________________
8. “Білімнен асқан қазына жоқ. Қазына құпия. Ол ақылмен, біліммен ғана ашылады.”-дейді. Осындай ұранмен келіп отырған ______________________________________________________________
9. Иесі қазақ, киесі ғажап даламның,
Мен боламын қызы батыр данамның – деп келіп отырған_____________________________________________________
10. Тәуелсіз елімнің мен ұланымын,
Тарих пәнін ұнатамын – деп келіп отырған _______________________________________________қарсы алыңыздар.
Сайыскерлер ортаға шығып өздерінің реттік номерлерін алсын.
Білім сайысының кезеңдері:
Таныстыру /барлығы 10 оқушы қатысады/
«Қоржын ашар»
Тапқырлық
Бейне сұрақ
Ұяшық таңдау
Жекпе-жек. Үйге тапсырманы орындау. «Егер де мен ...»
Сайыстың шарттары:
Қатысушы сайыскерлер ІІІ кезеңнен өткеннен кейін ұпай сандары саналады. Ең аз ұпай жинаған 3 сайыскер ойыннан шығады. Қалған сайыскерлер сайысты әрі қарай жалғастырады. ІV-V кезеңнен өткен соң тағы да ұпай сандары саналып ең аз ұпай жинаған 3 сайыскер ойынды тоқтатады. Қалған 4 сайыскер ойынды жалғастырады. Солардың ішінде біреуі ғана «Ең үздік тарихшы -2017» атанады.
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса нық сын алар- дегендей кез-келген сайыс бағалануы тиіс. Осының аражігін ажырататын қазылар алқасы деген болады. Бұл жарыстың ажырамас бір бөлшегі, біз де сол үрдіс бойынша әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасын сайлап алсақ. /әділ- қазыларды сайлау/
Ағартушы ғалым Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық”дегеніндей, бір Аллаға сыйынып сайысымызды бастайық!
Ендеше сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілейміз!
І-кезең: Таныстыру.
Сайыскерлер кезек бойынша өздерін таныстырып өтеді.
ІІ-кезең: «Қоржын ашар» Бұл ойында әркімге түрлі тапсырмалар беріледі. Оқушы соны орындауы тиіс. Қанағаттандырған оқушы 10 ұпай жинайды
1.Қаратаудың басынан көш келеді
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді
Ел-жұртынан айрылған жаман екен
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді- бұл өлең жолдары қай оқиғаға байланысты. Мән-жайын түсіндір.
2.1727-1728 жылдары Торғай даласындағы Сарысудың орта ағысы алқабында Қарасиыр деп аталатын кең жазықта бірікке жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді. От қарумен қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының бірікке күшіне төтеп бере алмады. Осы қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Бұл қазақ батырларының рухын көтерген қай шайқас? Бұланты шайқасы
3.Хан Абылай атандың
Дүниеден шықпай мініңіз
Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрдыңыз
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың
Әділдікпен жүрдіңіз
Әдепті іске кірдіңіз – деп қазақ халқының мүддесін көздейтін саясатты жүргізуде Абылай ханға кеңесші бола білген кім? Бұқар жырау
4.Бұл сөздің шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар «уыз» сөзінен шықты десе, екіншілері «садақтың оғы» деген сөзден шыққан дейді. Үшіншілері «өгіз» деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Бұл қай тайпа туралы айтып тұр? Оғыз
5. Мұсылман діні VІІІ ғасырдан бастап кең етек жая бастағанда Қарлұқ қағаны Сатұқ Боғра хан мемлекеттік дін есебінде қабылдаған. Алайда 955 жылы билікті өз қолына алған Мұса хан мұсылман дінін мемлекеттік дін деп қабылдады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекетті ата.
Қарахан мемлекеті
6.1818жылы патша өкіметі қазақтардың Жайық өзенінен өтіп, Бөкей Ордасына көшіп келуіне тыйым салатын бұйрық шығарды. Бұйрықтың орындалуын Орал казактары қадағалап отырды. 1834 жылы болған жұтта жағдайды шиеленістіріп жіберді. Осы жұтты пайдаланған князь Юсупов қазақтардан өз аймағын қыстап шыққаны үшін мал басынан салық алды. Сонымен қатар Каспий теңізі өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ руларына Қарауылқожа Бабажанұлының билеуші болып келуі көтеріліске түрткі болды. Бұл қай көтеріліс?
7. 10 ұпай тегін
8. Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орнаған кезі. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп еске алады. Көрнекті орыс тарихшысы Левшин оны даналығы, оның ел билеудегі шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің ақылгөйі, заңгер Ликургке теңеген. Оның тұсында қазақ еліне орыс мемлекеті, Жоңғар мемлекеті, Орта Азия хандықтары қауіп төндірді. Бұл кім? Тәуке хан
9. Еңбектері адамды даналыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, иамандылыққа шақырады. Аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді. Сопылық ілімнің насихатшысы болады. Бұл кім? Қожа Ахмет Йассауи
10.Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуға тілек білдірген билеуші топтары мен Әбілқайырдан ант алу үшін Анна Иоанновна Қазақстанға арнайы елшілік жіберді. Ол кім?
ІІІ.Тапқырлық :
Бұл кезеңде 10 ұяшық берілген. Әр ұяшықта тақырыпқа байланысты сұрақтар таңдалынады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан
Тұлғалар 1. «Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу. Білімді адам көп нәрсені біледі, қабілеті, дарыны арқылы белгісіз нәрселерді ашады...»- деген ұлағатты сөз қалдырған ғалымды білесің бе? Әлемде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғалым, данышпан, ұлы ойшыл кім? Әль-Фараби
2.1940 жылы Аматыдағы Шамалған ауданында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын Теміртау, Қарағанды қалаларында қарапайым жұмысшы болып бастаған ол, бүгінде үлкен қызметтегі адам. Бұл кім жайында? Н.Назарбаев
3. Қағанның шайқастарға тікелей өзі қатынасуына әрі ылғи да жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойды. Ол қай қаған және қай елдің қағаны? Түргеш қағаны Сұлу қаған.
2. Ескерткіштер: 1. Алматы қаласының маңындағы Есік қаласынан
1969 жылы К.Ақышев не тапты? Алтын Адам
2. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында
орналасқан, Ақыртастан сәл кішілеу ғимарат?
Білеулі
3. Бұл ескерткіш Қарлұқ қағанатының кезінде 766-893 жылдары салынған. Аңыз бойынша сұлу қызға ғашық болған Алан-Хазар есімді жігіт
3.Ғылым: 1.Халықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін зерттейтін
ғылым саласы қалай аталады? Этнография
2.Теңгелер туралы ғылымды зерттейтін ғылым саласы
Нумизматика
3.Адам қаңқасын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Антропология
4. Қалалар: 1.Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның астанасы болған қалалар
/Орынбор, Қызылорда, Алматы/
2.Астана қаласының орнындағы ең ежелгі қала орны қалай
аталған? Бозоқ
3.Адам баласының жас кезіндегі атауымен басталып аталатын қала қалай аталады? Баласағұн
ІV – кезең: Бейне сұрақ /Экраннан сұрақтар қойылады.
Сәлеметсің бе, «Ең үздік тарихшы-2017» сайысына қатысушы? Саған жеңіс тілеймін. Менің сұрағым:
Алғаш көмірді тапқан адамды білесің бе? Аппақ Байжанов 1833жылы
«Манас жырын » алғаш рет қағазға түсірген саяхатшы, ғалымды ата Ш.Уалиханов
Қазақ жерінде орта ғасырларда өмір сүрген бұл мемлекет 9 тайпадан құралған. Аумағында 25 қала болған. Бұл қай мемлекет? Қарлұқ
Торы, Маркус, Құршақұз хандары қай мемлекеттің хандары. Керейттер
Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық, ежелден Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабын қоныстанған. Олар туралы; «Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар» деп жазылған бұл қандай халық? Соғдылар
Сиырдан алынатын ақтың атымен басталатын ежелгі қаланы аташы. Сүткент
Бұл мемлекеттің құрылуында қарлұқ тайпасы басты роль атқарған және бұл мемлекет ислам дінін қабылдаған алғашқы мемлекет. Қарахан
Әль-Фарабидің толық атын атап берші. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Узлах Тархани
V – кезең: Ұяшық таңдау /5, 10, 15ұпай сандарына сұрақтар қойылады. Ескертетін бір жағдай ұяшықтардың ішінде 1 сұрақ бос болып шығады. Ұпай сандары есептелінеді.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторларын ата
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларын ата
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қай жылы қабылданды?
Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына қай жылы мүше болды?
Астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілген уақыты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін бірінші мойындаған ел
Балалар күні қай күні тойланады?
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
Мектебімізде жыл сайын берілетін сыйақы кімнің атымен аталады?
Президенттің сайлау күні қай күні тойланады?
Осы кезеңнен кейін аз ұпай жинаған з сайыскер сайыстан шығады.
VІ –кезең: Жекпе-жек Бес жолды өлең немеес қысша эссе. Жалпы оқушылардың шығармашылықтарын тексеру. Тапсырмада тақырып беріледі.
«Тарих пәнін ұнатамын»
Мен өз елімнің патриотымын
Егерде мен Елбасы болсам...
Тарихқа деген құрметті қалай насихаттауға болады?
Қазақстан – ата-бабам мұра етіп қалдырған мекен
Елімнің болашағы қазіргі жастар
Мектебімізді қалай көркейтеміз?
Мұғалім мен оқушылар арасындағы байланысты қалай күшейтуге болады?
Қорытынды.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
«Тарих пәні үздігі» деп жүрейікші.
Әділ-қазыларға тек әділдікті
Ал,білімді жастарға сәттілік тілейікші-
деп әділ-қазыларға сөз беріліп, жеңімпаздар марапатталады.
Құттықтайық ал енді
Дарын болған ұланды.
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы.
Қуаныштан жанары
Шоқтай болып жанады-
дей отыра бүгінгі «Ең үздік тарихшы-2017» сайысымызды аяқтаймыз!