«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Еңбек түбі береке»

Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Еңбек түбі береке»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Еңбек түбі береке»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Еңбек түбі береке»

Күні


Класс жетекші:

11 сынып

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы, «Еңбек түбі береке»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

3-САБАҚ:

11- сыныптар:« :«Қауіпсіз еңбек жағдайларын қалай қамтамасыз ету керек?»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың еңбек туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру

Қауіпсіздік мақсаты

Қауіпсіз еңбек туралы ақпаат беру, оны қамтамасыз ету жолдарымен таныстыру. Негізгі міндеттері 1.жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек шартын талқылау; 2.жұмыскердің құқы мен міндеттері туралы еңбек кодексіне тоқталу; 3.еңбек қауіпсіздігі тұрғысында жұмыскерге жүктелген талаппен таныстыру.

Құндылықтар:

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Апта дәйек сөзі

Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы.(Абай)

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

3. Оқушыларды топқа бөлу





Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Еңбек , еңбексүйгіштік деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсындар?

Қандай адамды еңбекқор дейміз?

Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?





Оқушылардың пікірі тыңдалды

Компьютер

















Сабақ басы (13 мин)












Құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымызды еңбекке арнаймыз. Еңбек болмаса, жер бетінде тіршілік болмас еді. Айналаңыздағы үйлер, сауда орталықтары, мектептер, ескерткіштер және т.б. түрлі ғимараттар — мыңдаған жұмыскерлердің күшімен құрылған. Қаламыздың қазіргі келбеті — ол халықтың еңбегі. Сабағымызды мына өлең шумақтарынан бастайық:

Дүниеге мені әкелген Еңбек сен – ғазиз анамсың. Қиынның кілтін әперген, Өскелең ойым, санамсың. Сондықтан сені сүйемін, Сүйемін қымбат досымдай. Тек саған басымды иемін. Қадірін үшін осындай. (Тұрсынхан Әбдірахманова)


Балалар Еңбек құралдары атасақ


Еңбек құралдары:

Ұста құралы:

Шаруа құралы:

Тігінші құралы:



Шығармашылық жұмыс
Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді.

1 топ мақал-мәтелдерді айтады

2 топ мағынасын түсіндіреді

























Еңбек құралдары: кетпен, орақ, күрек,қысқыш,біз

Ұста құралы:балға, төс, қысқыш

Шаруа құралы: тырма, кетпен, күрек

Тігінші құралы: ине, қайшы







1.Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор


2.Еңбегің болмаса елге өкпелеме


Ынтасының болмаса желге өкпелеме

3.Еңбегі аздың өнбегі аз

4.Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар

5.Еңбегің өнімді болса

Көңілің сенімді болар

6.Еңбек адамнынң екінші анасы

7.Еңбек адамның көркі

Адам заманның көркі


Презентация

Суреттер

Ортасы (20 мин)


Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.


Қандай айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды.


Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді?


Көптеген оқушыларды «болашақта қандай мамандық таңдау керек?» деген сұрақ мазалайды. Бұл — оқушының өміріндегі ең маңызды қадам. Сондықтан, осы мәселеге қазірден бастап ерекше мән беру керек.


Енді оқушылар сіздерге қояр сұрақтарымыз бар. Сол сұрақтарға кезек берейік.


1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейміз?


2.Өзіңізді еңбекқормын деп санайсызба?


3.Адал еңбек деген ұғым нені білдіреді?


4.Еңбектің жемісі дегеніміз не?


Еңбектену тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?


Презентация

Қауіпсіздік сабағы 10 мин

Еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Еңбек ету құқы деп еңбекке қабілеті бар адамның өз еңбегімен өмір сүруге қажетті табыс табу мүмкіндігін айтады.

«Республика азаматының еңбек етуге құқы бар,ол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз қалауына, қабілетіне және арнайы даярлығына сәйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік алу құқығын қамтиды...» (Конституция, 19-бап).

Демек, азаматтар еңбек етуге құқын еңбек шартын жасау және кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану арқылы жүзеге асыра алады. Азаматтардың басым көпшілігі еңбек шарты арқылы еңбек етеді. Еңбек шартының белгілері:

- еңбекші нақтылы еңбек ұжымының құрамына енеді;

- еңбек шартында көрсетілген қызметті орындайды;

- еңбек ұжымында белгіленген еңбек тәртібіне бағынады;

- еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбек ақыны алады;

- ұжымның әкімшілігі еңбекшіге жұмыс істеуге лайықты жағдай жасайды.



https://youtu.be/FKicYDjYTW4?si=ZA-S-auI5fEgrTM-

2 мин

Соңы






Қорытынды Сабақты қорытындылау

Сабаққа белсенді қатысқандарын үшін көп рақмет. Еңбек ақша табуман қатар, бізді жауапты, қайратты және төзімді болуға үйретеді. Қандай саланы таңдасаңыздар да, білікті маман болуға тырысыңыздар.

.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Рисунок 23



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.00.2024
1909
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі