400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Еңбек етсең ерінбей

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: _______________

Күні: _______________

: 28

Мұғалімі:

Сыныбы: 10

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Еңбек етсең ерінбей

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Үнемшілдік, өз – өзіне сенімділік, ұқыптылық

Мақсаты: Оқушыларға еңбек етудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мінңн ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды үнемшідікке үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы өз – өзіне сенімділік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Бұл кім?»

Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.

Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.

Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...».

Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады.

2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №7 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау

2. Келесі сабақ. №28, «Адалбақан» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

Тоқтар Әубәкіровтың топырақты, жусан мен қазақ әнін, елтаңбаны өзімен бірге ғарышқа алып ұшуының себебі неде?

Ғарышкердің орнында болсаңыздар, сіздер ғарышқа не алып ұшар едіңіздер?

Ғарышкер жастарға қандай тілек айтты?

Ғарышкерді осындай жетістіктерге жеткізген қандай қасиеттері деп ойлайсыздар?

Ақпарат көздерінен ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің еңбекқорлығы, азаматтығы жайлы ақпараттар жинап, әңгімелеп беріңіздер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Талап еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой - 

Бес асыл іс көнесеңіз.

Абай Құнанбайұлы

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).


Екі күрек


Ұста шеберханасында екі күрек жасалынды. Олар бірдей болатын. Күректің бірі сарайдың бұрышында қалды. Екінші күректі шаруа арбасына салып өріске алып келді. Бірінші күректің өмірі екінші күрекке қарағанда әлдеқайда жеңіл болды. Өрісте еңбекке жараған күрек жылтырап, әдемі болып кетті. Екі күрек сарайда қайта жолыққан кезде, олар бір-бірлеріне таңданыспен қарады. Ешқандай іске пайдаланылмаған күректі тот басып кетіпті. Ол жылтырап тұрған құрбысына қызғана қарап:

  • Айтшы, сен қалайша әдемі болып кеткенсің? Маған сарайдың бұрышында тыныштықта тұрған кезім жақсы болып еді, - деп сұрады.

  • Сені құртқан әрекетсіздік, ал мені құлпыртқан - еңбек, - деді бірінші күрек.


  • Тек дене еңбегі ғана адамға жағымды әсер ете ме?

  • Адамның қалыптасуына қандай еңбек маңызды? Неліктен?

  • Қандай құндылықтар арқылы еңбекқорлыққа жетуге болады?

  • Сырт келбетімен де, жан дүниесімен де сұлу адамдарды білесіңдер ме? Әңгімелеп беріңдер.



5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

2-тапсырма. «Адал еңбек иесі» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіңіздер. Өздеріңіз білетін еңбек адамдарымен сұхбаттасып, олар (ата-анаң, туысқандарың, ұстазың, таныстарың, досың, белгілі адамдар және т.б.) туралы альбом, слайд немесе қолдан шағын кітап әзірлеңіздер.


6. Топпен ән айту.

Адам

Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі

Әні Әсет Бейсеуовтікі

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.

Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Қайырмасы:

Адам боп өтейік,

Адам боп туған соң.

Мақсатқа жетейік,

Мақсатты қуған соң.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап ұзартады әр күнін.

Сәл қуанса, шығарады ол естен,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Қайырмасы.


7. Үй тапсырмасы.

1. №28 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау

2. Келесі сабақ. №29, «Рухани ұлы мұрат» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.05.2021
865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі