Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Еңбек етсең ерінбей...»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
ШҚО әкімдігінің білім басқармасы
КМҚК «Құрылыс колледжі»
Келісілген
Топ жетекшілері Бекітемін
бірлестігінің Директордың тәрбие ісі
жетекшісі: Дутбаева А.Ж. жөніндегі орынбасары
« » 2018 жыл А.Хуанарқызы
« » 2018 жыл
«ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ...»
(ашық тәрбие сағатының әзірлемесі)
Әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер бірлестігінде қаралды
Хаттама № 2 С-22 тобының жетекшісі
ПБ төрайымы: Оразымбетова Р.Д. Оразымбетова Р.Д. « » 2018 жыл
Семей-2018
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Еңбек етсең ерінбей...»
Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс шара бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Түрі: кездесу-сұхбаттасу
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,тақырыптық слайдтар
1.Ұйымдастыру (кабинетті тазалау, безендіру)
2.Шақырылған қонақтар:
*зейнеткерлік демалыстағы колледждің еңбек ардагері Жанзаков С.А. және топ шебері Калиев Е.К.)
*оқытушылар қауымы мен топ студенттері, С-11, С-12, С-21 топтарының белсенділері
2. Тәрбие сағатының барысы:
2.1.Топ жетекшісінің сөзі: «Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты – еңбек.
Сабағыңды жөндеп, Әзірлесең еңбек.
Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек!» дегендей құрметті қонақтар, оқытушылар қауымы және студенттер бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Еңбек етсең ерінбей...» деп аталады.
Тәрбие сағатымыздың мақсаты: еңбек туралы түсініктерімізді кеңейту. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіну, еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылықты арттырудың жолын аға буынның әңгімелерінен түсіну, шын еңбектенуге, еңбексүйгіштікке өзімізді тәрбиелеу.
Бүгінгі ашық тәрбие кездесу сағатымыздың қадірлі қонағы зейнеткер, өз ісінің шебері, колледж студенттерінің атасы, тіпті сіздерге шеберлік сабақтарын беретін шеберлердің шебер-ұстазы Жанзаков Серік Әміреұлы және Калиев Ерлан Калиұлы ортамызда.
*Алдымен бүгінгі кездесу сағатымызды қарапайым «еңбек» туралы сұрақтарға жауап алудан бастайық
-Еңбек, Еңбексүйгіштік деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
-Еңбек адамға не үшін қажет?
-Қандай адамды еңбекқор дейміз?
-Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
Оқушылардың өзіндік түсінігін тыңдау, жақсы жауаптарды атап өту
Топ жетекшісі:
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Себебі адам бойындағы ізгілік, қайырымдылық, өз-өзіне сенімділік еңбек тәрбиесі арқылы келеді. Адам баласын еңбекке, кәсіпке үйрету адамзат қоғамы тарихымен бірге келе жатқан тәрбие нысаны. Осы орайда Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты 2006 жылы 27 қаңтарда жарияланған бағдарламасында: «Әлемнің әміршісі-еңбек, Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек»деген сөздері барша қазақстандық азаматтарды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырған мәні зор өсиет сөз. Еліміз табысты 24 жылды артқа тастап, нарықтық экономикадан индустриялды-инновациялы елге айналды және солай бола бермек. Сондықтан еңбек адамына деген құрметті күн Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жарлығымен 2013 жылы 22 қараша № 698 қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» деп белгіленген. Мақсат: еңбек адамының беделін көтеру және жастардың еңбекке деген талпыныстарын белсендіру. Осы мақсатта көп жылдар бойы алған мамандықтарын ел экономикасының игіліне арнаған бүгінде басқа кәсіпті игерген еңбек адамдары көп-ақ. Оның жеңісі мен табысын жасайтындар әрине әр түрлі техникалық мамандықты иеленгендер, әр салада жүрген кәсіп иелері. Назарларыңыз бейне роликте (2,5) болсын.
Көргеніміздей әскери мамандықты игерген азамат қазіргі уақытта мал шаруашылығымен айналысқан, нағыз еңбек адамы болса, келесі бір азамат жол серік болып қызмет жасайтындығын көрдік. Ондай үлкен оқулар оқып, мамандық алып, бүгінде қарпайым қызметті жасап жүргендер көп. Кез-келген еңбекті, кәсіпті, мамандықты игеру, оның табысын көру бәрі де өзіміздің ниетімізге байланысты. Ендеше сөзді тыңдап қана қоймай мына бір тапсырмаларды орындауға көшейік.
«ШИРАТУ» ойыны: шарты: сендерге мамандықтың сипатын айтамын, ал сендер ол қай кәсіп, қай еңбек түрі, қай мамандық екендігін табыңдар
1.ең жасыл кәсіп- (бағбан, орманшы)
2.ең жауапты мамандық-(сот, прокурор, хирург)
3.ең ақылды мамандық –(оқытушы, ғалым)
4.техникалық мамандық- (инженер, монтажник, дәнекерлеуші, құрылысшы)
5.ең еркін мамандық- (суретші)
6.халыққа жақын мамандық-(журналист, саяхатшы)
7.ең тәтті кәсіп-кондитер, аспазшы
8.ең батыл мамандық-(құтқарушы, милиционер)
Топ жетекшісі: Жақсы. Рахмет!
«Қонаққа сұрақ» айдарына көшейік
«Ата кәсібі-бала кәсібі, ата өнері балаға мұра»дегендей әңгіме барысын шақырылған шебер-ұстазымыз Серік Әміреұлына берейік.
Сұрақтарың болса қойып, қонақпен әңгімемізді жалғастырайық.
-Қандай оқу орнын бітірдіңіз?
-Еңбек жолын қалай басталды?
-Неден басталды?
-Қандай қызықты және есте қалатын еңбек жолдарыңыз болды?
-Өз шеберлерің Ерлан Калиұлына сұрақтар қойыңдар
-Мамандықты өзіңіз таңдадыңыз ба, әлде ата-анаңыз бағыт берді ме?
-Сіздің мамандығыңызбен жүрген шәкірттеріңіз бар ма?
Рахмет, сіздер үшін әсем ән...........................................................................
Топ жетекшісі:
Құрметті оқушылар, адамға өмір сүру үшін не қажет? Табиғаттан игіліктерді игеру үшін, яғни еңбек ету үшін. Еңбек арқылы барлық материалдық игіліктер жасалады. Табиғат- адамға берілген таусылмайтын сый. Ал тағам десек бірден еске түсетіні – нан. Нан үлкен еңбекпен келетін ас төресі. Тағамнан басқада қажетті киім, білім, үй, оның жиһаздары бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді
«Қайдан келдің, бауырсақ?» шағын көрніс
|
|
|
Оқытушы:
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
Қуыршақ:
— Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
Бауырсақ:
— Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
Қуыршақ:
— Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
— Наубайдан келдім нан жапқан.
Қуыршақ:
— Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
— Диірменнен келдім ұн тартқан.
Қуыршақ:
— Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
— Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің
көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Кезек топ оқушыларында
1-оқушы
Түбінде баянды еңбек егін
салған,
Жасынан оқу оқып, білім
алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбек ет, өнер үйрен мына өмірден.
2-оқушы
Еңбек деген байлық бар
Ерінбеген
жететін,
Жоқшылық деген
жебірді
Жермен жексен ететін.
3-оқушы
Еңбек етсең
еленерсің,
Еңбегіңе
кенелерсің,
Есің жиып етек
жауып,
Елге жетіп
теңелерсің.
4-оқушы:
"Еңбек ет те егін ек,
Жарымасаң маған
кел.
Белді бу да бейнет
қыл,
Байымасаң маған кел".
Топ жетекшісі: Енді сендердің «еңбек » тақырыбына байланысты нақыл сөз, мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктеріңізді тексеретін кезең «Жалғасын тап» кезеңі: тақтадан мақал-мәтел сөздердің бір жолы, келесі жолын сендер айтасыңдар
1.Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )
2.Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )
3.Еңбек адамның … ( екінші анасы )
4.Еңбек – ата, … ( жер – ана)
5.Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )
6.Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )
7.Еңбек адамның көркі... (Адам заманның көркі)
9.Еңбекке бейім болсаң... (қатарыңнан кейін болмайсың)
(жақсы қатысқан оқушыларға сыйлық бар)
Мына сөздің мағынасын
ашатын сөздерді топтастырайық
(Мысалы: табыс, қуаныш, бақыт,
жақсы өмір, білім, кәсіп, құрмет,
мақтаныш т.б.)
Қорытынды:
Енді қортынды шығаратын кез келді.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді,
күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл
болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді.
Сөз соңында айтарым қандай кәсіп, мамандық, еңбек түрі болмасын өзінің қызықтарымен, қиындықтарымен табысты болмақ екен. Міне оның мәнін бүгінгі қонағымыз Серік Әміреұлының сұқбатынан және өздерің естіген, айтқан ойлардан түсіндік. Шақырғанымызды елеп, сыйлы қонағымыз болып, өздерің игеріп жатқан мамандықтың қаншалықты ертеңгі өмірге қажеттілігін түсіндірген атамызға көп рахмет айта отырып, сыйлығымызды берейік. Ал сендерге құрметті топ оқушылары, оқытушылар қауымы мен басқа топ белсенділері «Еңбек ердің санаты, Білім ердің қанаты»,- дегендей жақсы оқып, тәрбиелі болып, ертеңгі мамандықты жақсы иесі болуларыңызға тілектеспін. Уақыт тауып, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
Көріскенше күндеріміз жақсы болсын!!!
В Казахстане впервые отмечают «День труда». Он учрежден Указом Президента Республики Казахстан от 22 ноября 2013 года № 698 и отмечается в последнее воскресенье сентября.
Этот праздничный день - дань уважения миллионам тружеников, которые днем и ночью работают на заводах и фабриках, в рудниках и шахтах, в различных сферах экономики и социальной сферы преумножая богатство нашей страны.
В республике принимаются активные меры по улучшению условий труда и повышению его привлекательности. Растет занятость и повышается его эффективность. В различных сферах общественного производства трудятся более восьми миллионов казахстанцев. Поднимается авторитет человека труда и усиливается трудовая мотивация молодежи.
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев в статье «Социальная модернизация Казахстана: 20 шагов к Обществу Всеобщего Труда» заявил, - « Сегодня стала очевидной иллюзорность концепции потребительского общества, которая была широко распространена с 60-х годов прошлого столетия.
Весь мир с особой остротой убедился, что эта идеология потребления оказалась губительной. Она породила массовое социальное иждивенчество в развитых странах мира и является одной из главных причин глобального кризиса.
Этой ложной идее, которая никак не может быть реализована не только во всем мире, но даже в развитых странах, можно найти конструктивную альтернативу.
И такой альтернативой является идея Общества Всеобщего Труда.
Здесь не изобретается никакой специфической идеологии.
В конечном счете, все ценности мировой цивилизации, все экономические и культурные богатства создаются человеческим трудом, а не виртуальными финансовыми институтами.
Поэтому именно реальный производительный труд мы и должны поставить в основу нашей политики социальной модернизации.
Сегодня труд – как решающий национальный фактор в условиях XXI века, в условиях глобальной конкуренции, – должен быть выдвинут на первый план».
Идея Н.А.Назарбаева о переходе к Обществу Всеобщего Труда начинает обретать в республике конкретные очертания и имеет под собой реальную почву. Согласно прогнозу, в 2013-2017 годах по республике прирост численности экономически активного населения в среднем составит 127,8 тыс. человек. Ожидается, что рост экономики и экономически активного населения приведут к росту численности занятых к 2017 году до 9,16 млн. человек.
В современном экономическом развитии Казахстана интеллектуальный потенциал нации играет решающую роль. И в этой связи важно, чтобы подрастающее поколение и взрослое население получали качественное и непрерывное профессиональное образование и обучение, позволяющее работать на самых современных предприятиях республики, применяющих новейшее оборудование и технологии, выпускающих продукцию или оказывающих услуги на уровне международных стандартов.
Собственно, с целью привлечения внимания к человеку труда, его деятельности на благо общества, как примеру для подрастающего поколения и появился в календаре День труда. В рамках нового праздника, пройдет чествование ветеранов труда и профессионалов, внесших личный вклад в развитие и укрепление экономики Казахстана. Страна выразит глубокое уважение и признательность этим достойным людям. На их примере самоотверженного служения избранному дело учится, и будет учиться молодежь.
Лучшие представители различных профессий будут награждены медалью «Еңбек ардагері», - это единая ведомственная награда для награждения работников различных отраслей экономики и лиц, достигших пенсионного возраста, которые имеют общий стаж работы более 40 лет, в том числе не менее 10 лет в одной отрасли, и достигших наивысших результатов в трудовой деятельности.В Департаменте юстиции города Астаны помнят и заботятся о своих ветеранах труда находящихся на заслуженном отдыхе. В их числе Байзакова Нурия Жаржановна, Малгаждарова Кульзия Кабдушевна, Нигматуллина Сафура Шафкатовна, Савкенова Амина Толегеновна, Лебединская Клавдия Александровна, Денисенко Валентина Евгеньевна, Андреевских Ирина Ильинична, Курнусова Раиса Федоровна, Мустафина Алма Енсегеновна, Мухаметова Фатима Сагитовна, Имашев Кусаин Имашевич.Работают в коллективе и передают молодежи свой богатый опыт такие специалисты с большим стажем, как главный специалист отдела по праворазъяснительной работе и оказанию юридических услуг населению Зура Хамитовна Жакиянова, главный специалист отдела организации работы по РАГС и апостилированию Рыскуль Байгазиевна Маканова, главный специалист отдела РАГС района Сарыарка Гульнара Камильевна Байганина, руководитель РАГС района Есиль Бахытжамал Аблаевна Базарбаева и другие.