Материалдар / Еңбек етсең ерінбей 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еңбек етсең ерінбей 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне өте қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2021
984
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: _______________

Күні: _______________

: 27

Мұғалімі:

Сыныбы: 10

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Еңбек етсең ерінбей

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Үнемшілдік, өз – өзіне сенімділік, ұқыптылық

Мақсаты: Оқушыларға еңбек етудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мінңн ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды үнемшідікке үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы өз – өзіне сенімділік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Шаттанушы мен күдікшіл»

Бастаушы бір сөйлем айтады, келесі қатысушы оны жағымды пікірмен жалғастырады, одан кейінгі қатысушы соңғы сөйлемді алып, жағымсыз пікір қосады, келесі жағымды ой айтады. Осылайша жалғаса береді.

2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №26 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау

2. Келесі сабақ. №27, «Неге арналсаң, соны істе!» мәтінін оқып келу

Сұрақтар:

Автор «өз орнында қызмет ету» дегенде нені меңзейді?

Неліктен әркім өз орнында қызмет еткенде еңбек жемісті болады?

Өз ісіне деген сүйіспеншілік пен табандылық адамды қандай игіліктерге жеткізеді?

Жүсіпбек Аймауытовтың «Өмір бойы еңбек еткен адамның қандай кемелдікке жеткенін сол адамдарың өмірінен көруге болады» деген ойын басшылыққа алып, өздеріңіз білетін еңбегінің жемісін көріп отырған адамдар туралы әңгімелеп беріңіздер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Байлық — қанағат пен еңбекте.

Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. 

Сұрақтар:

  1. Еңбектің адам өмірінде алатын орны қандай?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Өсиет1


Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:

Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты.

Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:

Неғып отырсың? – дейді.

Жігіт:

Жәй отырмын, – деп жауап береді.

Шал:

Шыныңды айт! – деп қыса бастайды.

Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:

Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін,- дейді.

Жігіт:

Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, – дейді.

Шал:

Қандай өсиет айтып еді? – дейді.

Жігіт:

Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», – деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», – деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», – деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, – дейді.

Шал тұрып жігітке:

Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал», – дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» – дегені. «Қала сайын үй сал» – дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас ішсең, бал же» – дегені: «Еңбек істеп, ас ішсең, балдан тәтті болады» – дегені еді, – деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.

  • Осы өсиетке сәйкес пікірлеріңіз қандай?

  • Айтылған өсиеттің мәнін дұрыс әрекет құндылығымен қалай байланыстыруға болады?

  • Сіздер өмірлеріңізде қандай дұрыс әрекеттер жасадыңыздар? Неге?

  • Адам өміріндегі дұрыс әрекеттің маңыздылығын дәлелдейтін өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер.



5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

2-тапсырма. «Адал еңбек иесі» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіңіздер. Өздеріңіз білетін еңбек адамдарымен сұхбаттасып, олар (ата-анаң, туысқандарың, ұстазың, таныстарың, досың, белгілі адамдар және т.б.) туралы альбом, слайд немесе қолдан шағын кітап әзірлеңіздер.


6. Топпен ән айту.

Адам

Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі

Әні Әсет Бейсеуовтікі

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.

Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Қайырмасы:

Адам боп өтейік,

Адам боп туған соң.

Мақсатқа жетейік,

Мақсатты қуған соң.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап ұзартады әр күнін.

Сәл қуанса, шығарады ол естен,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Қайырмасы.


7. Үй тапсырмасы.

1. №7 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау

2. Келесі сабақ. №28, «Адалбақан» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!