Материалдар / Еңбек қуанышы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еңбек қуанышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәні бойынша 5қа арналған ашық сабақ. Сабақтың мақсаты жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсіну және оны өмірде басшылыққа алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2021
398
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Тарау:

Адам болам десеңіз...

Педагогтің аты-жөні

Башикова Меруерт Жомартовна

Күні:


Сынып: 5

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы №13

Еңбек қуанышы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Өздігінен білім алуға және шығармашылыққа қызығушылық танытады, өзін-өзі көрсете білуге ұмтылады.

Құндылық:

Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, төзімділік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адам өміріндегі адал еңбектің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

- «адал еңбек», «еңбек қуанышы» ұғымдары туралы түсінік беру;

- еңбекті қадірлеуге, адал еңбек етуге баулу;

- еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(1 минут)


  1. Жағымды көңіл күй

(1-3 минут)



Оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.




«Нұрға бөлену» жаттығуын өткізеді.

Сабаққа дайындығын көрсетеді.


Терең тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдер-ге арналған әдістемелік құрал

https://www.youtube.com/watch?v=LCiAfCCwc7A

  1. Үй тапсырмасын тексеру (алдын ала берілген) (әңгімелесу)

(3-5 минут)

Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс » әңгімесін айтып береді.

Сұрақтар:

1. Еңбекке үйренудің қандай пайдасы бар?

2. Қолғабыс ету, көмек беру дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Еңбек ету адамға не үшін қажет?

4. Өзің отбасында қандай еңбекпен шұғылданасың? Айтып бер.

Оқушылар әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, әңгіме мазмұнынан дұрыс әрекет құндылығын тереңірек ұғынады, адам еңбек ете отырып, жауапкершілік, еңбекқорлық, төзімділік қасиеттерін бағалап, жақсы өмір сүруге ұмтылады.

Оқулықтың 54-беті, №14 сабақ

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (әңгімелесу)

(3-4 минут)


Еңбек түбі-береке.

Халық нақылы

Сұрақтар:

1. «Еңбек», «Еңбексүйгіштік» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2. Еңбек адамға қандай қуаныш сыйлайды?

3. Еңбектің адам өміріндегі пайдасы қандай?

4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.

Дәйексөзді бірнеше рет қайталап айтады.

Сұрақтарға жауап бере отырып, дәйексөздің мағынасын ашады.

Дәйексөзді дәптерге көшіріп жазады.

Слайд, жұмыс дәптері

  1. Оқиға айту (әңгімелесу)

(3-8 минут)



Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі желісі арқылы түсірілген бейнебаянды көру.

Сұрақтар:

1.Әкесі мен баласы жолда нені көрді?

2.Әкесі баласына не деді?

3.Бала әкесіне қалай жауап қайтарды?

4.Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?

5.Баланың іс-әрекеті туралы не деуге болады?

6.Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

7.Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

8.Еңбекке үйренудің қандай пайдасы бар?

9.Еңбек ету адамға не үшін қажет?

10.Қолғабыс ету, көмек беру дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар бейнебаянды көргеннен кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, жауапкершілік пен еңбекқорлық, төзімділік туралы ой толғап, «керек тастың ауырлығы» болмайтындығын түсінеді, яғни барлығы еңбектің арқасында болатындығын сезінеді.

https://go.mail.ru/search_video

5.Шығарма-шылық жұмыс


(12-15 минут)



Оқушыларды 2 топқа топтастырады.

«Еңбек қуанышы» тақырыбында сахналық қойылым жасаңдар.

1-топ: «Отбасындағы еңбек».

2-топ: «Еңбек ету барысындағы қарым-қатынас».

Сахналық қойылымды талқылағаннан кейін мұғалім сабақтың дәйексөзін еске түсіріп, шығармашылық тапсырмадан кейінгі қорытындылармен байланыстыруды ұсынады.

Оқушылар «Еңбек қуанышы» атты сахналық қойылым жасап, өз жұмыстарын ортада көрсетеді.

Баяу әуен қойылады.

6. Жобалау қызметі


«Еңбек балалар көзімен» фотосуреттер жинауды ұсынады.

Тақырыптары:

1) «Мен мақтан ететін еңбекқор адам»

2) «Қазақстандағы ең басты кәсіп»

3) «Өзім үшін еңбек етемін»

4) «Елім үшін еңбек етемін».

Берілген тапсырманы шығармашылықпен орындайды.


7. Үй тапсырмасы

(1-2 минут)

Мәди Айымбетовтың «Күн күлше» әңгімесін оқып келу.

58-беттегі №4 тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.

Үй тапсырмасын жазады.

Оқулық, жұмыс дәптері

8. Топпен ән айту

(2-3 минут)

Оқушыларға топпен ән айтуды ұсынады.

«Болайықшы осындай»

Өлеңі мен әнін жазған Айымкүл Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүл толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай!

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай!

Мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экраннан өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

9. Сабақтың қорытынды сәті

(1 минут)


Мұғалім оқушыларға бір сәт көздерін жұмып, сабақтан қандай жақсы қасиеттерді алғандарын, не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады.

Адам еңбекпен өседі. Еңбек адамды жақылыққа, игілікке жеткізеді. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа, бақытқа бөлейді. Адал еңбектің жемісі тәтті болады.

Бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады.

Рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.


2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!