Материалдар / Еңбек қуанышы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еңбек қуанышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні бойынша 5 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Еңбек қуанышы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2022
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК





«Бекітемін»____________________

Колледж әдіскері: Қайсанова Ж.Қ

«Келісемін»___________________

Пән мұғалімі: Жакыпова А.К

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: «Еңбек қуанышы»








Мектеп: «№8 – көркем эстетикалық білім беру және тәрбиелеу жалпы орта білім беретін мектеп – кешені»

Әдіскер: Жакыпова А.К

Сыныбы: 5«В»

Мерзімі: 10.12.2021ж

Тобы: 409

Машықкер: Сәмет Теңге

Баға: «___» ___________




Семей 2021ж.

Өтетін орны: «№8 – көркем эстетикалық білім беру және тәрбиелеу жалпы орта білім беретін мектеп – кешені»

Сынып: 5 «В» Оқушы саны: 21

Тақырыбы: «Еңбек қуанышы»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: еңбексүйгіш, жауапкершілік, төзімділік


Мақсаты: Адам өміріндегі адал еңбектің маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының маңызын ашу.


Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға адал еңбек ұғымын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштік қасиеті туралы түсінік беру

  • Оқушыларды еңбекті қадірлеуге, адал еңбек етуге баулу арқылы жауапкершілік қасиетін дамыту

  • Оқушыларды төзімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(Кітап, дәптер, дәйексөз, таратпа материалдар, түрлі-түсті қаламдар) т.б.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрайды.

«Жан жүрек сыры» жаттығу

Тақтаға үлкен ақ жүрек ілінеді. Ол тірі емес, бірақ біз оқушылар оған жан береді. Ол үшін оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылады, оған жылы, мейірімді сөздер жазуларын сұралады. Сосын әр оқушы өзін атын айтып, қолындағы кішкентай жүрекшелерді үлкен ақ жүрекке орналастырады.

Стикер арқылы жүзеге асады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Отты жүрек» оқып келу.

Сұрақтар:

1. Адам неліктен жүрегін таза ұстауы?

2. Ізгі ой адамды неге жетелейді?

3. Адам тәрбиелі болу үшін қандай қасиеттер қажет?

4. Өзіңді өзің тәрбиелеу үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүрсің? Айтып бер.

Жұмыс дәптерлерін тексеру.

  1. Дәйексөз:

«Еңбек түбі – береке»

Халық мақалы

1. Дәйексөзді қалай түсіндіңіздер?

2. Еңбекқор адам қандай адам?

3. Еңбек еткенге жақынсыңба?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Әңгімелесу (мұғалім сыйы)

Мақта қыз бен мысық

Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:

Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:

Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.

Мақта қыз:

Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:

Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.

Мақта қыз:

Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады.

Сиыр, маған қатық берші! – дейді.

Сиыр:

Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.

Мысық ағашқа барып:

Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.

Ағаш:

Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.

Қыздар оған:

Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.

Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

Дүкенші:

Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады.

Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.

Тауықтар:

Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.

Тышқан қорыққанынан:

Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.

Мысық:

Маған бір уыс тары бер, – дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Сұрақ:

  1. Мақта қыз мысықты не үшін шақырады?

  2. Сен Мақта қыздың орнында болсаң не істейсіз?

  3. Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

  4. Мақта қыз бен мысықтың бір-біріне жасағаны дұрыспа?


  1. Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма

Мақал – мәтелдерді жалғастыру

2-тапсырма

Мазайканы құрастырып, әңгіме жазу.

3-тапсырма

Еңбекқор және сотқар бала екеуінің суретін қоямыз. Балалар бір бірден алып әнгіме құрастыру.

Қатар бойынша жұмыс

  1. Топпен ән айту.

Болайықшы осындай

Өлеңін жазған және әнін жазған:

А.Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы осындай. 2рет


Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы осындай. 2рет

https//youtu.be/ cөзімен

  1. Үй тапсырмасы.

«Күн күлше» әңгімені оқып келу.

Жұмыс дәптеріне жазу

  1. Қорытынды бөлім.

Сабақты пойыз әдесі арқылы қорытынды жасау. Оқушылар алдарында тұрған стикерлерге өздерінің сабақты қалай түсінгендерін жазып, пойызға іледі.

Тақтаға пойыз ілінеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!