Материалдар / «Еңбек –түбі береке» атты ашық тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Еңбек –түбі береке» атты ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
класс жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2021
1898
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы №57 ЖББОМShape1



«БЕКІТЕМІН»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

Агисова А.Т.

______________________


АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ


 

 

 Өткізген : Карибаева А.С.

 8 «ә» класс оқушылары

 





2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы :«Еңбек –түбі береке»

Мақсаты:Еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Студенттерді еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 

1. Нақыл сөз: Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

                                                                                                          Б.Момышұлы.

2.  Мақалдар: «Шыдамды еңбек, ақыл-ой ,

Анық досың біліп қой».

                       «Адам баласының ең жаманы —   талапсыз».

3. Слайд: «Еңбек елдің көркі, ер елдің көркі»

4. Бейне баян: «Еңбек етсен ерінбей тояды қарнын тіленбей»

 Тәрбие сағатының барысы:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Топ жетекшісі:

Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Бұдан сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
- Иә жарайсыңдар еңбек туралы бүгінгі тәрбие сағатымыз «Еңбек түбі – береке» тақырыбында болмақ.
Топ жетекшісі: Оқушылар мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. (оқушылар хормен)
Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам. (2 рет қайталау)
Еңбекшіл досым – ай
Болайықшы осындай.
Топ жетекшісі: Енді бәріміз назар аударайық.Мақал –мәтелдер жасырамын.Сол мақалдың жалғасын сіздер табасыздар.

Еңбек ерлікке жеткізер ......... Ерлік елдікке жеткізер

Еңбек етпей елге өкпелеме ......... Егін екпей жерге өкпелеме

Еңбек етте мақтан...... Ойнап күлде шаттан

Еңбек адамның ............Екінші айнасы

Клесі тапсырма : Анаграмма шешу мен сіздерге сөздер жасырам сол сөздерді әріптерді орыны келтіріп дұрыс жауабын шешу.

Ш Е Н І Р К Е / ЕРІНШЕК/

Е І Д Ә Т П / ӘДЕПТІ/

К Е Б Ң Е / ЕҢБЕК/

Келесі тапсырма оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұрақ-жауа .Ой бөлісу:

1.Сіздердің қазіргі негізгі еңбектеріңіз қандай?

2.Адам бойында қандай қасиеттер болғанда қандай жетістіктерге жетуге болады?

3.Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз:

4.Өзіңді еңбек қормын деп санайсызба ?

5.Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

6.Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?

(Нақыл сөз ба әлде мақал – мәтел ма) «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді»
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.

Келесі тапсырма Полиглот:

Hairdresser

Шаштараз

Парикмахер

Pilot

Ұшқыш

Пилот

Builder

Құрлысшы

Стройтель







Қорытынды: Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөліседі .Еңбек сүйгіштік ,еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленетіндігін түсіндік деп ойлаймын. Қорыта айтқанда адам тек еңбектің арқасында жетіліп дами бермек.

Иә, оқушылар айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.

Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
            Сонымен оқушылар еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен.

Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.
            Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не түйдік?
           Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

 



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!