Материалдар / Еңбекке баулу пәні бойынша 2 сыныптан 1 тоқсанға арналған қысқа мерзімді жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еңбекке баулу пәні бойынша 2 сыныптан 1 тоқсанға арналған қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбекке баулу пәні бойынша 2 сыныптан 1 тоқсанға арналған қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Шілде 2024
897
15 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Өзім туралы (табиғи материалдармен жұмыс)

Сабақтың тақырыбы:

«Менің күн тәртібім» Ереже кітапшасын жасау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.1.2.1 материалдардың қолданылу саласын анықтау;

2.1.2.2 түрлі материал қасиеттерінің сипатына қарай қолданылу саласын анықтау

Сабақтың мақсаты:

Шығармашылық идеяларды білу және тану маңыздылығымен танысу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы



Оқушылармен амнадасу, танысу.

Топтарға бірігу

Бағалау парақшасымен таныстыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Еңбекке баулу туралы не білеміз?


Солнце 1



Сабақ тақырыбын хабарлау.

«Өзін-өзіне қызмет ету деген не?» деген сұрақтардың төңірегінде әңгімелеседі.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді









Оқушылар жұлдызшаға өз ойларын жазады..











Сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқушылар өздеріне ұнайтын гүлдер

(сары,қызыл,жасыл)

алады.

«Аялы алақан»

Тренинг.





Ортасы





Бұл сабақ әңгіме түрінде өтеді. Оқушылар өнердің негізгі түрлерімен танысады. Оқушылар олардың көпшілігімен таныс, мұғалім балалардың танымын«өнер» түсінігімен кеңейтеді.

МЕНІҢ КҮН ТӘРТІБІМ 
Мен сағат 7 00–де тұрамын. Таңертеңгі тамақ ішемін. Сабақ сағат 8 30-да басталады. Үйге сағат 13 00-де келемін. Екі сағат демаламын. Сағат 15 00-ден 17 00-ге дейін сабақ оқимын. Сағат 17.00- ден 18.00- ге дейін таза ауада далада ойнаймын. 18.00 де кешкі ас ішемін. Кешкі астан кейін анама көмектесемін. 19.00- дан 21.00- ге дейін теледидардан қызықты мультфильмдер қараймын. Сағат 21 00 -де ұйықтаймын. 

Оқушылар мәтінді түсініп оқып, түсінгендерін аударады.

2-тапсырма. Сөйлеп үйрен. 
Сағат ... тұрамын. 
Сағат ... тамақ ішемін. 
Сағат ... сабақ басталады. 
Сағат ... үйге келемін. 
Сағат ... сабақ оқимын. 
Сағат ... теледидар көремін. 

Сарамандық жұмыс

3-тапсырма. Өзің туралы айт, жаз.(оқушы өзінің күн тәртібі туралы айтып, дәптерге жазады).

 

Қорытынды: 
1. Сен нешеде оянасың? 
2. Таңертеңгі асты нешеде ішесің? 
3. Мектепке дейін немен барасың? 
4. Мектепте сабақ нешеде бітеді? 
5. Қай уақытта үйге келесің? 
6. Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың? 

Үйге тапсырма беру: күн тәртіптерін жазып келу.

Бағалау : жинаған карточка санына байланысты.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.









Оқушылар өзіне қызмет жасау құралдарын еске түсіріп, талдап, төмендегі сұрақтарға жауап береді.












Жұмыстардың барлығын нөмірлеп, кестені дәптерлеріне сызып, оған туынды нөмірі мен

бейнелеу өнері түрлерінің атауын сәйкестендіріп сызады.


Дескриптор

Материалдың негізгі атауы мен қолданылу саласын анықтайды

Оқулық





Қағаз қиындысы

Бояу, желім, күнтізбе


Аяқталуы



Оқушылар еңбекке баулудың не екенін, өзіне қызмет жасау түрлерін білді.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау.

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген

Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Өзім туралы (табиғи материалдармен жұмыс)

Сабақтың тақырыбы:

Күзгі ғаламат

Табиғи материалдармен жұмыс

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.1.2.1 материалдардың қолданылу саласын анықтау;

2.1.2.2 түрлі материал қасиеттерінің сипатына қарай қолданылу саласын анықтау

Сабақтың мақсаты:

Табиғи материалдардан әр түрлі бұйымдар, ойыншықтар, бейнелер жасап үйренудің әдіс-тәсілдерін үйрете отырып,табиғи материалдардың қасиетін меңгерту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты, дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсетеміз!

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Білу және түсіну

Жаңа сабақ:

Табиғи материалдармен жұмыс. «Күзгі вальс» композициясын құрастыру.

Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.

Табиғи матералдармен жұмыс істеуде оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – домбыраны құрастыру, сырмақ, ер тоқым, сәукеле мен камзол, аяққап т.б. жасау ұсынылған.

 Өте ерте заманда адамдар тағам өнімдерін алу үшін дақылдар өсіріп, оның сабағын(сабанын) қолданған және шаруашылық қажетіне пайдаланған.Сабаннан жасалған төбе жабындысы, егер дұрыс және шеберлікпен реттеліп жабылса, ондаған жылдарға жарамды қызмет етеді.

Сабаннан жасалған қалпақ, төсеніш, себет, шаруашылық керек-жарағы, балалар ойыншықтары тұрмыста кеңінен пайдаланылады.

Көптеген шеберлер қазіргі кезде де сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын даярлау үшін сабанды арнайы өңдеуді үйренді. Өңдеуден өткізгеннен кейінгі сабан өте жақсы жылтырап, түсі құлпырып, реңі әр түрге енеді. Сабанның сапалысынан тоқу өнерінде әртүрлі заттарды тоқу, жапсыру, безендіру, әсемдеу жұмыстарын жасайды. Оны тігін бұйымдарында да әшекейлеуге, түстерді безендіруге қолданады.

Шеберлер сабанды маусымның соңы немесе шілдеден бастап, күз бойы, өсімдіктің масағы өсіп шыққан уақытқа дейін даярлайды.

Табиғи материалдарды қазіргі кезде 4 топқа бөледі:

1. Өсімдік материалдары (дәнді дақылдар, ағаш бүрлері, сүйекті ағаш, түрлі өсімдік ұрықтары)

2. Жануар материалдары (сүйек, жүн, тері)

3. Гоеграфиялық материалдар (тас, ұлутас, құм) 

4. Пластмасса материалдар (целлофан, пластмасс)                           

Сұрақ-жауап әдісі

1. Ине жасалатын темірді ата?          А) болат, ә) жай темір, б) ұзын темір

2. Табиғи материалды ата?               А) ине, ә) біз, б) пластмасса

3. Технологиялық құрал?                   А) қалаш, ә) қашау, б) қалып

4. Жүн матаны ата?                            А) мақта, ә) драп, б) жібек

5. Ою-өрнектердің неше түрі бар?            А) 6, ә) 8, б) 10

6. Киімдердің стилі нешеге бөлінеді?      А) 5, ә) 4, б) 2

7. Кілемнің түрін ата?                        А) алаша, ә) тұскиіз, б) қоржын

8. Киізден жасалған ыдыс салатын әшекейлі дорба? А) дорба, ә) аяққап, б) жүкаяқ

9. Иттабан оюы көбінесе қай жерлерге салынады? А) киіз үйдің есігіне, қораның қақпасына, ә) киіз үйдің ортасына, б) үйдің төріне 

10. Ұлттық ерлер баскиімін ата?          А) қалпақ, ә) кимешек, б) орамал

Сөзжұмбақ

Табиғат сөзіне құрастыру

1. Бұйым пішілетін зат? (мата)

2. Тігін құралы (Қайшы)

3. Белдемше бұйымының үстіңгі бөлігі (белдік)

4. Тігін құралы (ине)

5. Бұрғылау аспабы (бұрғы)

6. Ұлттық киім (камзол)

7. Үтіктеу құралы (үтік)

 

Сарамандық жұмыс

Қажет құралдар: қажетсіз компьютер дискісі, диаметрі 0,7см қызыл моншақтар, итмұрынның кепкен жемісі, күзгі үлкен және майда жапырақтар, жасанды гүлдер, тығын, пышақ, әмбебап желім, шам-қауыз(свечка)

Жұмыстың орындалу реті:

1. Композицияны дискіге орналастыру. Тығынды дөңгелектеп 0,5см қалыңдықпен кесіп, дискінің ортасынашыбықтарды жабатындай желімдеу

2. Гүлдердің ортасына теріс жағына желім жағып, дискіге шеңбер бойынша жапсыру

3. Итмұрын жемісінің сабағына желім жағып, оларды гүлдердің арасына жапсыру. Үлкен жапырақтың екі жағына 3 моншақтан жапсыру. Шырақты қою.

Жұмысты аяқтау, қорғау

Қорытынды

  • - Бүгінгі сабақта табиғи материал түрлерінің көптеген түрлерімен танысып, қандай жұмыстар жасауға болатынын білдік. Ендеше сабақтан алған білімдеріңді тексеріп көрейік.

  • Табиғи материалдар қайдан алынады?

  • Қандай түрлерін білеміз?

  • Қандай бұйымдар жасауға болады?

  • Бөліктер қалай бекітіледі?

Бағалау

Үйге тапсырма: «Икебана» суретін құрастыру

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.





















Оқушылар жұмыстарын салуға кіріседі.

Дискриптор

Түрлі материал қасиеттерінің сипатына қарай қолданылу саласын анықтай білуді үйренеді.



Сурет дәптері Ағаштар салынған суреттер

Қағаз

қарындаш


Аяқталуы





Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:








Еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: сабақ 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Өзім туралы (табиғи материалдармен жұмыс)

Сабақтың тақырыбы:

Мерекелік ашықхат

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.1.4.1шығармашылық жұмысқа қажет материалдарды және орындаудың реттілігін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Шығармашылық жұмысқа қажет материалдарды орындау;

Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, қағазды қос бүктеу, пішініне сәйкес әшекейлей білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сабақта атмосфералық қатынасорнатау қалыптастыру.

Балалар біз бір- біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылуы арқылы,жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша,қандай қуаныш!

Сыныпты конфеттер арқылы екі топқа бөлеміз.

( Конфеттің қағазындағы суретке көңілімізді аударамыз). Өткен сабағымызды еске аламыз.

«Суреттер галереясы» әдісі арқылы.

1.Ұсынылған суреттердің арасынан мектепке қатысты суреттерді топтастыр.

2. Неліктен осы суретті таңдағандығыңды түсіндір қазақша,орысша,ағылшынша атауларымен таныстыру.

3.Сурет бойынша сұрақтар құрастырамыз.

Кері байланыс :Топтарды « Жұлдызшамен» бағалау әдісін қолдану.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Суретті қағазды конфеттер.





Суреттер жиынтығы.





Ортасы





«Миға шабуыл» әдісі.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылардың назарын өзіме аударам:

- Сендер мына жерден не көріп тұрсыңдар?

Хаттар қандай түстермен боялған?

Балалар, біз бүгінгі сабақта алуан түстермен танысатын боламыз.

Балаларға аналарына арнап ашық хат жасаудың жолдарын түсіндіреді. Өздері таңдап алған қағаздарды ортасынан қос бүктеп, оны саусақпен бастырып, сындырып алуды ұсынады. Бүктелгенг гүлдің,8 санын алдын ала дайындап, қиылып қоямын. Оны жолақ қағаздармен безендіруге болады. Өрнектердің түстерін балалар өздерінің қалауы бойынша таңдайды және өздігінен дербес әшекейлейді.

Сергіту сәті

Сарамандық жұмыс

Бағалау

Үйге тапсырма: Ашық хат құрастыру

Оқушылар қағаздарды

бүктейді, гүлдердің түсін таңдайды, жіңішке

жолақтар қиып алады, оны ашық -

хаттың бүктелген

түп жағына тігінен жапсырады.






Оқулықтан   тапсырмаларды орындау.

Дискриптор

Шығармашылық жұмысқа қажет материалдарды орындайды.


АКТ қолдану

Мұғалім- оқушы

https://bilimland.kz

Құрал- жабдығын қадағалау т.б.

.


ҚЕ. қайшы мен желіммен.




Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Аяқталуы



Өз сабағыңызды талдау үшін осы әдісті пайдаланыңыз. Көңіл-күй смайликтерін жабыстыру.

Picture 1

Әр оқушы өзінің

ашық хатын

көрсетіп, қалай безендіргенін айтып береді.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:




Еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Өзім туралы (табиғи материалдармен жұмыс)

Сабақтың тақырыбы:

Күзгі композиция (гербарий, гүл, жапырақтан)

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.1.1.1 материалдың түрлерінің тарихы туралы зерделеу;

2.1.1.2 материал қасиеттерінің сипаттамасын (жұмсақтығы, тығыздығы, беріктігі, түсі,пішіні, көлемі) анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіруді үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сабақта атмосфералық қатынасорнатау қалыптастыру.

Амансың ба? Алтын күн,

Амансың ба ? Көк аспан.

Амансыңба достарым ,

Сендерді көрсем қуанам.

Балалар біз бір- біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылуы арқылы,жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша,қандай қуаныш!

Сыныпты конфеттер арқылы екі топқа бөлеміз.

( Конфеттің қағазындағы суретке көңілімізді аударамыз). Өткен сабағымызды еске аламыз.

«Суреттер галереясы» әдісі арқылы.

1.Ұсынылған суреттердің арасынан мектепке қатысты суреттерді топтастыр.

2. Неліктен осы суретті таңдағандығыңды түсіндір қазақша,орысша,ағылшынша атауларымен таныстыру.

3.Сурет бойынша сұрақтар құрастырамыз.

Кері байланыс :Топтарды « Жұлдызшамен» бағалау әдісін қолдану.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Суретті қағазды конфеттер.





Суреттер жиынтығы.





Ортасы





«Миға шабуыл» әдісі.

-Балалар, жақында ғана айналаның бәрі жап- жасыл еді, ал, қазір ағаштардың жапырақтары сап –сары болып кетіпті. Күз мезгілінде осындай өзгерістер болып, жапырақтар сарғайып жерге түседі. Себебі күннің сәулесі азаяды, күн қысқарады, ауаның температурасы мен ылғалдылығы төмендейді. Сол кезде жапырақ өз бойындағы нәрді бұтаққа береді де, жапырағы үзіліп жерге түседі.

  • Ендеше ,балалар, жапырақ туралы қызық мәліметтерді білу үшін жапырақтарға назар аударайық.

Балалармен  бірге  жапырақатардан  бірнеше тәжірибе жасап көрейік.

  1. Тәжірибе: Балалар жасыл жапырақты қолдарына алып умаждаған кезде, ол өз пішінін сақтап қалады. Себебі оның бойында дымқыл бар. Сары жапырақты умаждаған кезде ол үгітіп шашылады. Себебі оның бойында дымқыл жоқ, құрғақ. Сондықтан ол үгітіліп, шашылып өзінің бастапқы қалпына келе алмайды.

  2. Тәжірибе: Балалар қазір біз жапырақтардың жануын, жанбауын бақылаймыз. Сары құрғақ жапырақты жақсақ ол жанады. Жасыл жапырақты жақсақ жанбайды, бойында ылғал бар.

Ал, енді балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

  • Ойын ойнағыларың келе ма?

  • Ендеше біз фишкаларды таңдау арқылы, өз орындарымызды табайық.

Педагог жетекшілігімен ойын «Сиқырлы жапырақтар»

  1. Қураған жапырақтарды жылы суға салып, қалпына келген жапырақты түстеріне қарай қыстырғышпен ілу.

  2. Үлкейткіш әйнекпен жапырақтардың ұсақ тамырларын көру.

  3. Тұзды қамырды тақтайша бетіне жайып, жапырақты қамырдың  бетіне қойып, ермексаз кескішімен жапырақты  қиып аламыз.

  4. Жапырақтардан гербарий  жасаймыз. Слайгер пакетіне  балалар жапырақтарды орналастырып, слайгер пакетінің аузын жабады,слайгер пакетінің үстіне аққағазды  қойып, ыстық үтікпен бастырамыз.

  • Қане, балалар, жұмысымызды аяқтап болсақ, дымқыл сүрткішпен қолымызды сүртейік.

  • Балалар, сендердің жасаған жұмыстарың маған қатты ұнады, сендерге «керемет» деген баға беремін.

«Отшашу» әдісі

Құрылымдалған  ойын: «Көлеңкесін тап»

Шарты:   Көлеңкесіне қарай суреттерді орналастыру.

Постер қорғау: 2 топқа бөліну.

  1. Күзгі табиғат құбылыстары.

  2. Күзгі жемістер.





Сондай-ақ оқулықтағы мәтін, иллюстрациялар мен сұрақтарды пайдаланып, жұмыс істейді.



Оқулықтан   тапсырмаларды орындау.

Дискриптор

Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіруді үйренеді.

АКТ қолдану

Мұғалім- оқушы

https://bilimland.kz

Құрал- жабдығын қадағалау т.б.

.


ҚЕ. қайшы мен желіммен.




Ұжымдық, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Аяқталуы



Өз сабағыңызды талдау үшін осы әдісті пайдаланыңыз.

Қорытындылау «Ашық микрофон» әдісі.

  • Жасаған тәжірибеміз ұнадыма?

  • Қандай тәжірибелер жасадық?

  • Қандай ойындар ойнадық?


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:




Еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің отбасым және достарым (қағаз түрлерімен жұмыс)

Сабақтың тақырыбы:

Тамыры терең – отбасым (коллаж)

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.1.1.1 материалдың түрлерінің тарихы туралы зерделеу;

2.1.1.2 материал қасиеттерінің сипаттамасын (жұмсақтығы, тығыздығы, беріктігі, түсі, пішіні, көлемі) анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Материал қасиеттерінің сипаттамасын (жұмсақтығы, тығыздығы, беріктігі, түсі, пішіні, көлемі) анықтау


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



І. Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу.

І топ – Қызыл

ІІ топ – Сары

ІІІ топ – Көк

3 тілде айту:

  1. Кызыл– Красный - Red

  2. Cары – желтый– Yellew

  3. Көк – Синий - Blue (түстер)

Оқушылар осы түстер жайлы не білеміз?

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Сандар (1,2,3)


Үш тілде айту

Микрафон» әдісі



11-20 мин




Ортасы






21-35 мин













Қызығушылықты ояту.

Бейнежазба арқылы сабаққа назар аудару және тақырыпқа түсу.

Видеоны қарап болғаннан кейіноқушыларға таныстырылымды көрсетеміз, ол таныстырылымда екі отбасылық сурет болады 1. Графикада орындалған ал 2. Кескіндемеде орындалған, осы екі сурет арқылы бейнелеу өнерінің 2 түрімен таныстырамыз.

Портреттерде бейнеленген адамдар туралы сұрақтар қоямызыз. Мысалы,

«Отбасы мүшелерінің қайсысы бейнеленген: анасы ма, әкесі ме? Кім ең үлкені? Кім ең кішісі?» және т.б. Олар туралы не білетінін сұраймыз. Оқушыларға ойлау қабілеттеріне байланысты қолдау көрсетеміз.

(С, К) Оқушыларға ойын арқылы отбасы мүшелерінің рөлдерін, түр-сипаттарын, тұрыстарын қалай білдіруге болатынын көрсетіңіз.

. «Мен бақытты екенімді қалай көрсетемін?», «Көңілсіз екенімді қалай көрсетемін?», «Кәрі адамды көрсету үшін, маған не істеу керек?» деген сұрақтар қоюға болады.

(С) Альбомға қарындаш немесе көмір қарындаш материалдарын қолданып сурет салғанда, түр-сипатын қалай келтіруге болатынын көрсетіңіз. Жұмысты жұппен жасауға болады. Адам мінезін, сезімін және эмоциясын көрсетуде материалдарды қалай қолдануға болатынын көрсетіңіз (мысалы, смайликтер).

Көрсетіп болғаннан кейін оқушыларға смайликтер бейнеленген карточкаларды таратып береміз.

Оқушылармен бірлесіп жұмысымызға арналған критерилер құрастырамыз, мысалы:

1. Ұқыптылық;

2. Бас мүшелерін бейнелеу;

3. Жұмысты графикада орындау;

  • (Ж, ОТ) Оқушылар жұптаса отырып, альбомдарына бір-бірінің нобайын салады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.










Оқушылар шағын топпен бір-біріне тұрыстарын қайталап көрсетеді.

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

Түстерді материал қасиеттерінің сипаттамасын (жұмсақтығы, тығыздығы, беріктігі, түсі, пішіні, көлемі) анықтайды.

АКТ қолдану







Бейнежазба (кемпірқосақ жайлы)


«От шашу» әдісі



36-45 мин

Аяқталуы



Рефлексия. «Желкенді кеме» арқылы оқушылардың түсінгендерін білу.

  1. Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығы сітті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя.

  2. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя.

  3. Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.



Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.


Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:














Еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің отбасым және достарым (қағаз түрлерімен жұмыс)

Сабақтың тақырыбы:

Қағаз жолақшасы – квиллинг


Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.2.2.1 үлгіні пайдаланып бұйымның бөлшектерін дайындау, біріктіру;

2.2.2.3 қарапайым тәсілдермен материалдарды пайдаланып бөлшектерді модельдеу және құрастыру

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.

Балалар шеңбер құрып бір-біріне тілек айтады, «Мен ұнататын түс» әдісімен 4 топқа бірігеді.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқу мақсаттары ашылады.

-Біздің қолымыздағы қағаздар қандай түсті?

-Суретшілер түстерді жылы және суық түстер деп бөледі. Сенің қолыңдағы түс жылы және суық түстің қайсысына жатады деп ойлайсың? Неліктен?

-Ендеше бүгінгі сабақта айналадағы түстерді жылы және суық түске ажыратып, түстер арқылы жыл мезгілдері туралы әңгімелейміз.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін– бірі бағалау.

Қызыл, сары, көк, көгілдір түсті қима қағаздар



11-20 мин




Ортасы






21-35 мин












36-75 мин

(Ұ)Тапсырма-1 «Байланыстыр» әдісі.

Оқулықтың суреттерге мұқият қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Жұмыс дәптеріндегі жылы түсті жұлдыздарды қызыл сызықпен байланыстыр. Суық түсті жұлдыздарды көк сызықпен байланыстыр.

-Мұғалімнің түсіндірмесі:

Танымдық анықтама. Ата-бабамыз темірден түйін түйіп, жаңқаға жан бітірсе, шығыс Азия халқы қарапайым қағазды қалай пайдалану керектігін жақсы біледі, оның қыры мен сырын да жеткілікті меңгерген. Қағаз жайында, қағаздың кереметі жайында сөз қозғағанда, оның Еуропа жұртшылығына да жат дүние еместігін айта кеткен жөн. Өйткені қағаздың отаны саналатын Қытай-Азия елдерімен қатар алыста жатқан еуропалықтар да қарапайым қағазды қолөнерде таптырмас материал ретінде кеңінен қолданады.

Қытайлық азамат Цай Лунь қағазды ойлап тапқанда қандай үлкен жаңалық ашқанын, бәлкім, білмеген де болар?! Ол алғаш ағаштың ішкі бетінен алынған жаңқаны жұқалап, түрлі бейнелер салуға пайдаланыпты. Осылайша, қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашыныңқабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. Ал оның пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады.VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп, қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алса, бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырып, бамбук сабақтары, ағаш қабығы, кендір, шүберектен қағаз алу технологиясы қолға алынды. Ал жүз жыл өткенде жапондықтар өздерініңқағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан да асып түсті. Уақыт өте келе қағаз Азия елдерінен соң арабтарға, Батыс елдеріне жеткен.

Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздыңқыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару-нағыз шеберліктің белгісі.

Қағазға байланысты әр түрлі қолөнер түрлері бар:

  • Квиллинг -(ағыл. «quilling» - құс қауырсыны)

  • Киригами -(жапон. Kiru -қию, gamy-қағаз)

  • Оригами - (жапон. Origamy -бүктелген қағаз)

  • Скрапбукинг -(ағыл. Scrapbooking- «құрақкітап»)

  • Папье-маше - (фр. papier mâché- шайналған қағаз)

  • Аппликация - (лат. Аpplication-жалғау, жабыстыру)

Мұндағы пайдаланылатын негізгі материал - қарапайым қағаз. Қағаздың қыр-сырын қанық білетіндердіңқатары-қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар. Квиллинг-жұқа қағаз таспаларын шиыршықтап орай отырып, түрлі бейнелер мен бұйымдар жасауөнері. Оны жасауға арналған арнайы квиллинг қағазы да болады. Ағылшын тілінде бұл өнер «quilling»-«quill» сөзінен шығып, «құс қауырсыны» деген мағынаны білдіреді. Себебі, ертеде қағазды шиыршықтап орау мақсатында құстыңқауырсынын пайдаланған. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою-өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны. Біреулер шиыршықталған қағаздан алуан түрлі бұйымдар жасау орта ғасырларда Еуропа елдерінде дамыған десе, енді біреулер оны Таяу Шығыстан бастау алған дегенді алға тартады. Сондай-ақ бұл өнердің шыққан жері - Ежелгі Египет дейтіндер де кездеседі.

Дегенмен, бұл айтылғандарға қарамастан, квиллингтің отаны негізінен Оңтүстік Корея саналады. Бүгінде бұл елде қағаздан түрлі бұйымдар жасаушылардың үлкен Ассоциациясы да жұмыс істейді. Сондай-ақ шиыршықталған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фотоальбомдарды сәндеуге кеңінен қолданады.

Квиллингке арнаған құралдар:

  • Диаметрі бір милиметрдей болатын біз, пинцет, қайшы, пинцет сияқты, өткір ұштары болуы қажет.Шашақтарды неғұрлым дәл қию үшін. Желім

Сарамандық жұмыс: квиллинг техникасы

Техникалық қауіпсіздік ережесі:

Қайшымен жұмыс істеу ережелері:

  • Қайшыны үстелдің шетіне қойма, ашасын жауып қой.

  • Жұмыс істеу кезінде қайшының кесетін бағытын және сол қолыңның саусақтарын қадағала.

  • Қайшының ұшын жоғары ұстама.

  • Жолдасыңа қайшы берер кезде жабық күйінде, жұмыс істейтін бөлігін ұстап, сақинасын жолдасыңа қаратып бер.

  • Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек.

  • Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қойма.

  • Керекті құрал-жабдықтардың жұмысқа дайындығына көз жеткіз.

  • Жұмыстан кейін орныңды жина.

  • Жалпы қолданылатын жабдықтарды сабақтан кейін мұғалімге бер.

Алғашқы қарағанда қағазды орау техникасы қиын емес. Квиллингке арналған қағаз жолағы тығыз спиральге оралады. Егерде квиллингке арналған қағаз лентасыныңұшын біздіңұшына ораса орауды бастау оңайға түседі. Спиральдің ортасын қалыптастырғаннан кейін жұмысты квиллингке арналған құралсыз жалғастырған жөн. Бұлай сіз саусақтарыңызбен шеңбердің бір қалыпты оралып жатқанын сезе аласыз. Нәтижесінде диаметрі сантиметрден кем болатын тығыз спираль қалыптасады. Ол болашақ барлықәртүрлі формалардын негізі болады. Содан кейін қағаз спиралі керек мөлшерге шейін тарқатылады, содан соң одан қажет квилингтік фигура қалыптастырылады. Қағаздың ұшы желім тамшысымен ұстатылады. Қысып және басып шеңберді әртүрлі формаларға келтіруге болады. Квиллингте барлығы 20 базалық элемент бар, бірақ оларды жасау принципі біреу: ораймыз, қысамыз-фантазияңызға сүйене отыра сіз әрқашанда квиллингтің жаңа формаларын, элементтерін ойлап таба аласыз.

Орындалу барысы: қағаз ораудың кезеңдері.

  • Екі саусақпен қағаз жолағын ал. (фото 1)

  • Ұшы кішкене майысу үшін, жолақтын ұшын басқа қолдын екі саусағымен қысып, үстінен тырнақпен жүргізе отырып, соз. (фото 2)

  • Майсқан жолақтын ұшы оп оңай бізге оралады. Тығыз ғылып бірнеше рет ора. (фото 3)

  • Оралымның диаметрі 3-4 мм жеткен кезде оны бізден алып қолмен орауға болады. (фото 4)

  • Қағаз лента тарқатылмайтындай тығыз дискіні екі қолмен орап саусақтармен ұстап тұр. (фото 5)

  • Жолақ оралды. (фото 6)

  • Енді саусақтарды сәл босанқырат, спиральге кішкене ашылуға мүмкіндік беру үшін. (фото 7)

  • Жолақтын ұшын ПВА желімімен желімде. (фото 8)

  • Енді ораманы екі саусағымен қыс. «Тамшы» атты оралым пайда болды. (фото 9)

  • Қысу және басу жасау арқылы оралымдарға әртүрлі форма беруге болады.(фото 10)

  • Бұл «тамшы» және «жапырақ» оралымдары. (фото 11)

Сергіту сәті: жаттығу жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Квиллинг қандай өнер?

2. Квиллинг сөзі қандай мағынаны білдіреді?

3.Квиллинг әдісі бойынша не жасауғаболады?

4. Квиллингте барлығы неше элемент бар?

Қорытынды: Оқушылардың дайындаған жұмыстарын бағалау.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі





Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.



Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстырады.

Өзінің және сыныптастарының жұмысын талдап, өз ойын айтады.

оқулық



Қарындаштар


Жұлдызша суреттері


Оқулық, жұмыс дәптері, гуашь, палитра, қылқалам, су, түсті қарындаштар.

От шашу.

36-45 мин Аяқталуы


Кері байланыс «Маған үш зат айт» әдісі бойынша өтеді.

  • Біз бүгін ------оқып үйрендік.

  • Біздің топ --------жақсы жасай алды.

  • Мен -------өте жақсы жасай алдым.

Үйге тапсырма: Аққудың суретін салып, аяқтау .


Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру.




Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Еңбекке баулу

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 1

сабақ 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің отбасым және достарым (қағаз түрлерімен жұмыс)

Сабақтың тақырыбы:

Әдемі ыдыстар – қағаз маше

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.2.1.1 қарапайым әдіс-тәсілдерді пайдаланып, материалдарды жинау, сұрыптау, қолдануға дайындау;

2.2.1.2 сәндік-қолданбалы өнер элементтері

Сабақтың мақсаты:

  • «Квиллинг» туралы мағлұмат беру, қағазды шиыршықтау арқылы қажетті бұйымдар жасап үйрету;

  • Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары ұғымдарымен танысу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында ақырын музыка ойнап тұрады

Амандасу.

Оқушыларды топқа бөлу. Қызыл, жасыл, сары, көк түстері арқылы

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.



11-20 мин




Ортасы






21-39 мин













Теориялық бөлім

Папье - маше – желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс.Жұмыс кезінде қағаз, желіммен басқа гипс және басқа да қосымша материалдарды пайдаланады. Папье - маше шамамен жұмысқа керекті үлгіні алу үшін, алдымен сазбалшықтан керекті ыдысымыздың мүсінін жасап алуымыз керек.

Мүсіндерді орындауда әр түрлі ережелер бар. Қалай болса солай сомдамайды. Жануар болсын, адамды болсын сомдағанда оның өлшемдері, пропорциясы сақталуы керек. Ол заттардың жеке - жеке бөліктерінің арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді.

Осыны жетілдіре түсті атақты мүсінші Поликлет өзінің бірінші рет «Пропорциялық заңдылық» еңбегін жазды және бірінші рет бейнелеу өнерінде адамның ішкі пластикалық қимыл – қозғалысын (психологиясын) мінез - құлқын көрсеткен. «Дорифор» мүсінін өмірге келтірді. Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін. Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.

Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.
Бедерлі мүсіннің екі түрі болады, олар: барельеф және горельеф. Егер де мүсіндегі тұлғалар кеңістіктен өз қалыңдығынан жарым - жартылай шығып тұрса, ондай мүсінді барельеф деп атайды.Ал мүсін өз қалыңдығынан жарым - жартылайдан гөрі көбірек шығып тұрса горельеф дейді.

Папье-маше қағаз массасынан желім, гипс араластырылып жасалынған қатты нағыз бұйым. Ол француз тілінен аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағына білдіреді. Папье-машеден бұйым жасау аса қиын емес, алайда ол ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Материалды кептіру де ұзақ уақытты алады. Папье машеден әр түрлі қобдиша, маска, ойыншықтар жасауға болады. 

  1. Қеректі құрал-жабдықтар

        1. қағаздар немесе газет;

        2. су;

        3. ұн;

        4. өзіңе ұнаған кез келген ыдыс (шәйнек, кесе);

        5. қайшы. 

4. Жұмысты орындау әдістемесі

1.Ыдыс жасауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз. 
2.50 мл суға 2 ас қасық ұн салып, араластырып, желім дайындап аламыз. 
3.Таңдаған ыдысыңызды төңкеріп қойып, ыдысқа газет қиындылары жабысып қалмауүшін вазелин майын жағамыз. 
4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып, ыдысты айналдыра желімдейміз. 
5.Осылайша 4-5 рет қабаттап газет қиындысын жабыстырып, ыдысты бөлме температурасында кептіреміз. 
6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз. 
7.Дайын ою- өрнекті түсті қағаздан қиып алып желімдейміз немесе акварель бояуымен алуан түрлі гүлдердің суретін салып безендіреміз. 

5. Нәтижелерді дайындау

Оқушылардың жасаған жұмыстарын өз қалауларынша безендіріп, жұмыс барысын және де қосымша тапсырмаларды орындап қорғауға дайындайды.

6. Сұрақтар

1. Қағаздың түрлері?

2. Оригами қағаздың өнделу тарихы?

3. Қатырма қағаздың негізгі түрлері?

4. Қағаз қалдықтарынан не жасауға болады?

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.












Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.





Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

Шығармашылықжұмыстыорындау материалдары мен техникалары ұғымдарымен танысады.



Оқулық,

мәтіндер.

Квиллинг суреті.

акварель



Акварель

https://infourok.ru/magazin-materialov?

40-45 мин

Аяқталуы


5 мин

Оқушылар көлемді ғимараттар мен сәулет үлгілерін қалай жасауға болатынын, ғимараттарды қалай безендіретіндерін, олар не үшін керек екенін білді.

Ғимараттар мен кешендердің көлемді үлгілерін жасап, өз шешімдерін түсіндіруді үйренді.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсінді

Жұмысты аяқтау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.



Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:




Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: сабақ 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің отбасым және достарым (қағаз түрлерімен жұмыс)

Сабақтың тақырыбы:

Құстарға жемсалғыш жасаймыз.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.2.1.1 қарапайымәдіс-тәсілдерді пайдаланып, материалдарды жинау, сұрыптау, қолдануға дайындау;

2.2.1.2 сәндік-қолданбалы өнер элементтері бар бұйымдарды орындау тәсілдерін талдау

Сабақтың мақсаты:

Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) қарапайым көлемді пішіндерді жасау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сабақта атмосфералық қатынасорнатау қалыптастыру.

Амансың ба? Алтын күн,

Амансың ба ? Көк аспан.

Амансыңба достарым ,

Сендерді көрсем қуанам.

Балалар біз бір- біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылуы арқылы,жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша,қандай қуаныш!

Сыныпты конфеттер арқылы екі топқа бөлеміз.

( Конфеттің қағазындағы суретке көңілімізді аударамыз). Өткен сабағымызды еске аламыз.

«Суреттер галереясы» әдісі арқылы.

1.Ұсынылған суреттердің арасынан мектепке қатысты суреттерді топтастыр.

2. Неліктен осы суретті таңдағандығыңды түсіндір қазақша,орысша,ағылшынша атауларымен таныстыру.

3.Сурет бойынша сұрақтар құрастырамыз.

Кері байланыс :Топтарды « Жұлдызшамен» бағалау әдісін қолдану.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Суретті қағазды конфеттер.





Суреттер жиынтығы.





Ортасы





«Миға шабуыл» әдісі. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылардың назарын өзіме аударам:

«Доп ойнаймыз» сұрақ жауап тәсілі 1. Қандай табиғи материалдарды білесіңдер?(қабық, бұтақ, тас т.с.с.) 2. Кептірілген материалдарды ата(шөп, гүл, қамыс, қоға, жапырақ т.б)

Екінші өңдеуге қажетті материалдар?(жұмыртқаның қабығы, жаңғақ қабығы, шемішке т.б)

Жануарлардың өз тіршілігі үшін пайдалы бейімділіктері өте көп. Бәрін айтып танысу қиын. Қарағай, шырша бүрлерінің қатты қабыршағын шағып, дәнін алу үшін қураған ағаш діңін ұңғып, ұя жасау үшін мұндай өтіп тұмсық қажет қой.

Қауіпсіздік ережесін сақтау

  1. Қайшыны жолдасыңа сап жағымен ұсынамыз.

  2. Инені киімге қадауға болмайды

  3. Қайшыны ашық тастама.

  4. Желімді ауызға салма.

Өз бетінше жұмыс

Жем салатын қорап жасау

Топтастыру әдісі

Shape4

Құс түрлері




Shape8 Shape7 Shape6 Shape5

Shape10 Shape9

Қарылғаш

Қарға


Shape12 Shape11

Көгершін

Сауысқан





Жұмбақ шешу

Аузы бар, тілі жоқ

Терісі бар, жүні жоқ

Қанаты бар ұшпайды

Су астында қыстайды (Балық)

Үй ішін аралап

Түнрде көп жортады

Қаптарды жыртып

Мысықтан қорқады (Тышқан)

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Жұмысты аяқтау

Тұтас қатырма қағаздан құрастыру арқылы оқушылар табиғат нысандарын жақсырақ қабылдап, бұрын назарына ілінбеген нәрселерді елей бастайды. Сондай-ақ оқушылар штрих және бояу жағындысы арқылы әсерлі жұмыстар орындайды.

Оқушылар сызықпен танысты.





Сондай-ақ оқулықтағы мәтін, иллюстрациялар мен сұрақтарды пайдаланып, жұмыс істейді.




Дискриптор

Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) қарапайым көлемді пішіндерді жасайды.

АКТ қолдану

Мұғалім- оқушы

https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&img_url=Құрал- жабдығын қадағалау т.б.


ҚЕ. қайшы мен желіммен.




Ұжымдық, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.

https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&img_url=


Аяқталуы



Өз сабағыңызды талдау үшін осы әдісті пайдаланыңыз. Көңіл-күй смайликтерін жабыстыру.

Picture 1


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!