Материалдар / "Еңбекқорлық пен еріншектік" тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Еңбекқорлық пен еріншектік" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2021
7477
15 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Б Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі

5 «Д» сыныбы

Сынып жетек5 «Д» сыныбы

Сынып жетекшісі: Байгунова Г.А.

Сабақтың тақырыбы: «Еңбекқорлық пен еріншектік»

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: оқушылардың “еңбек” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбекқор мен еріншек туралы мақалдарды түсіне білу;

Дамытушылық: еңбекке қызығушылықтарын арттыру.

Адам еңбегін бағалай білуге,еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

ІІ.Ой қозғау

Мұғалім: Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы,өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып,тиісті құрал-саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-қимыл процесі.Еңбек адамның өзінің өмірлік қажетін қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері,байлықты жасаушы.Ұлы ақын Абай атамыз: «Тамағы тоқтық,жұмысы жоқтық,аздырар адам баласын» деп,еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегенділікпен тамаша тұжырымдап берді және «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап»-деп,шегелей түседі. Демек,адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарады.Еңбек - адамның жан дүниесін жаңғыртып,жігерін жанып,ой-қиялына қанат бітіретін бірден-бір құдіретті күш.Ұлы суретші Леонардо да Винчи: «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді», - деген екен. Даналығы түпсіз терең,тарихи тәжірибесі ұшан-теңіз халық: «Асық ойнаған - азар,доп ойнаған – тозар» деп,еңбектен аза бойы қаза болып қашатын еріншектерді «жатыпішер жалқау» деп жиренген

ІІІ.Негізгі бөлім:

Ой жүйрік»”

Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • .“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Еңбектену адамға не үшін қажет?

  • Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

  • Еріншек”деп кімді айтады?

  • Еріншектікті жеңуге бола ма?

: «Біле жүрейік»

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 

Жалқау екендігіңізді мойындаңыз

Жалқаулықты жеңіп және өміріңізді өзгерткіңіз келсе, жалқау екендігіңізді мойындаңыз. Шынымен жалқаулық  дегеніміз, адамның мақсатына жетуге бағытталған істі аяқтамауы. Адам бақытқа және нәтижеге жету үшін өз ісімен айналысуы керек. Сондықтан да мақсатыңа жету үшін өз ісіңізбен айналысқаныңыз жөн.

Денені шынықтыру арқылы жалқаулықты жеңу

Егер сіз жалқаулықты жеңудің тез және мінсіз тәсілін іздесеңіз, сіз оны таптыңыз. Жақсы нәтижеге жету үшін, өзіңізге ұнайтын жаттығуларды жасаңыз. Денеге түсетін осы физикалық ауырлық сізге жаман ойлардан арылуға көмектеседі, ойлау қабілетіңіз жақсарады, алға қойған мақсатыңызға жетуге көмектеседі.Спорт адамды шынықтырады және жетістіктерге жету үшін күш-қуат береді.

 Сүйікті ісіңмен айналыс

Егер сіз жалқаулықтың бар екеніне сеніп және оны жеңу керек деп ойласаңыз, сонда өміріңіздегі өз жолыңызды, бағытыңызды іздеңіз. Бұны сіздің ең сүйікті ісіңіз деп атауға болады, бұл істен басқалар шаршаса, ал сіз шаршамайсыз, өйткені ол сізге ұнайды. Егер сондай іс таппасаңыз, табуға тырысыңыз. Өйткені сүйікті жұмысыңыз сізге көбірек табыс әкеледі. Ұнаған ісіңді тапқаның жақсы болады, ол ісің сені бақытты етеді, шаршамайсын және сонымен қатар ақша табасын

«.

Бабалар сөзі – даналық көзі

Абайдың 38 – қарасөзінен: “Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек.

Әуелі – надандық,

екінші - еріншектік,

үшінші – залымдық”

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. * Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай,

Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған.

Орынды іске жүріп ,ой таппаған,

Не болмаса жұмыс қып ,мал бақпаған.

Қасиеті болмайды ондай жігіт

Әншейін құр бекерге бұлғақтаған


Еріншектің ертеңі таусылмайды.
Еріншектің ісі екі

Еңбекке үйренем десең, ерінбе,
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Ер еңбегімен озады,
Еріншек езілумен тозады.
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді.

ҮІІ Қорытынды:



Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.

Абай – Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

Балалар, сендер болашақта ата –ананың үмітін ақтар, еңбекқор саналы азамат болатындарыңа сенімдімін. Сендердің қазіргі міндеттерің жақсы оқып, тәртіпті болу. Жақсы оқудың да өзі еңбек. Тәрбие сағатымыздың соңын Менделеевтің сөзімен аяқтағым келеді. «Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды екен». Еңбегі арқылы адам өз арман мақсатына жетеді екен. Келген қонақтар мен ата-аналарға көп-көп рақмет! Кездесу кешіміз аяқталды, сау-саламат болыңыздар.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!