Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
English grammar
Материал туралы қысқаша түсінік
Толық қамтылған грамматика
Авторы:
17 Наурыз 2024
125
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Искакова Ш.Г., Кенжегалиева А.Г.
ENGLISH GRAMMAR
AND EXERCISES
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫ
ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Оқу əдістемелік құралы
Орал, 2015
ӘОЖ 81.2.Англ 2
Е61
Құрастырған: Искакова Ш.Г., аға оқытушы
Кенжегалиева А.Г.,аға оқытушы
Рецензент: Чечетко М.В., фил. ғыл.канд.
Муханбеткалиев А.С., пед. ғыл.канд.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫ
ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді. 25 мамыр 2015ж., № 11
хаттама
Көптілді білім беруді дамыту орталығының отырысында басылымға
ұсынылды. 25 мамыр 2015ж., № 6 хаттама
Университеттің ОӘК-мен мақұлданды. __мамыр 2015ж., №_ хаттама
Ұсынылып отырған оқу құралы жоғары оқу орындарының
студенттеріне жəне өз бетімен ағылшын тілін үйренушілерге арналған.
Ағылшын тілі грамматикасы қазақ тіл құбылыстарымен салыстырмалы
түрде қарастырылып, ағылшын тілін үйренуде ана тілі кедергі
боларлық немесе жеңілдік тигізетін жақтары көрсетілген. Ағылшын
тіліндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістіктің мағыналық
топтары мен лексика-грамматикалық категориялары кестелер арқылы
көрсетілген. Бұл тілдің негізгі заңдылықтары мен ережелерін жеңіл
игеруге мүмкіндік жасайды. Ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын
дамыту мақсатында оқу құралында əр тақырыпқа арналған лексикаграмматикалық жаттығулар мен тест берілген.
© «Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстанаграрлық-техникалық
университеті» РМК, 2015
2
Алғы сөз
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында «Үш тілің тұғырың» деп үш тілге - қазақ тілі, орыс
тілі, ағылшын тіліне назар аудару туралы айтып өтті. Ағылшын тілі бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен
журналистиканың барлық салаларында кеңінен колданылып келе жатқан
тілдердің қатарына жатады.
Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге
көбеюуде. Ағылшын тілін оқып үйрену үшін, қазақ тілі негізінде
құрастырылған бұл оқу- əдістемелік құралы жоғары оқу орындары қазақ
бөлімі студенттеріне жəне өз бетімен ағылшын тілін үйренушілерге
ұсынылып отыр. Оқу-əдістемелік құралы ағылшын тілі бағдарламасының
талаптарына сай жазылған.
Оқу əдістемелік құралының мақсаты ағылшын тілінде оқудың негізгі
ережелерімен таныстыру, оқу бағдарламасы көлемінде сөйлеу, жазу, оқу,
аудару дағдыларына үйрету.
Оқу құралы екі бөлімнен тұрады. Әр сабақтың құрамы негізінен келесі
түрде:
1. Грамматикалық
тақырыптар
мен
ережелер.
Лексикаграмматикалық жаттығулар
2. Оқу ережесіне сай жаттығулар мен тест. Өткен материалдарды
пысықтау.
Берілген
грамматикалық
тапсырмалар
негізінен
студенттің
тақырыпты қалай түсінгендігін тексеруді жəне өтілетін функционалдық
үлгілерді қолдануға үйретуді мақсат етеді. Жоғарыда көрсетілген
мақсаттарға жету үшін əр сабақты белсенді түрде меңгеруге арналған
сөздер мен жалпы лексика-грамматикалық терминдер жəне олардың
қолданылуын бекітуге арналған жаттығулар мен тест берілген. Оқу
құралының арнайы бөлімі грамматикалық материалды қайталауға жəне
ғылыми-əдебиет көздеріне тəн кейбір қиын грамматикалық құбылыстар
мен синтаксистік құрылымдарды жаттықтыруға арналған.
Оқу құралы қазақ аудиториясының студенттеріне көмегін тигізері
сөзсіз.
3
Part 1.Морфология (грекше: morphe - форма; тұлға жəне logos - ілім)
- сөз туралы грамматикалық ілім. Морфология сөздің грамматикалық
мағынасын қарастырады, ол сөздердің қай сөз табына жататынын , сөз
таптарының жасалу жолдары мен түрленуін сөз етеді. Сөздердің қай сөз
табына жататыны төмендегі белгілері бойынша ажыратылады:
а)
жалпы мағынасы;
ə) мағына тудырушы қасиеті (префикстер мен жұрнақтар);
б)
грамматикалық көрсеткіштері (артикль, предлог жəне
жалғаулар);
в)
сөйлемдегі атқаратын қызметіне байланысты.
Ағылшын тілінде сөз таптарын жүйелегенде, қазақ тіліндегідей үш
топқа бөлуге болады:
а)
Notional words - Атау сөздер (толық мағыналы сөздер);
ə) Auxiliary words - Көмекші сөздер (толық магынасы жоқ сөздер);
б)
Interjection - Одағай сөздер.
Ағылшын жəне қазақ тілдерінде атау сөздерге зат есім, сын есім, сан
есім, есімдік, етістік, үстеу жатады. Атау сөздер айналадағы шындыкты
(зат, белгі, сан, үдеріс т. б.) бейнелеп, олардың атауы ретінде колданылады
жəне олар толық сөйлем мүшесі бола алады.
Көмекші сөздер атауыш сөздермен себелесіп келіп қана жұмсалады.
Көмекші сөздерге ағылшын тілінде көмекші есімдер, шылаулар (септеулік,
жалғаулық, демеулік), көмекші етістіктер, предлогтар, сол сияқты зат
есімнің көрсеткіші болып табылатын артикльдер жатады. Қазақ тілінде
көмекші сездерге шылау сөздер, көмекші есім, көмекші етістіктер жатады.
Одағай сөздер сөйлемдегі қолданылуымен де, берер мағынасымен де
барлық сөз таптарына ұқсамайтын ерекшелікке ие. Бұлар белгілі бір
ұғымды білдіре алмайтын, сөйлемде ешқандай сөйлем мүшесі қызметін
атқармайтын, тек адамның көңіл күйі, ішкі сезімін ғана білдіретін сөздер.
Сонымен, сөз таптары дегеніміз - грамматикалық жағынан ыңғайлас
келетін сөздердің тобы. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөз таптары (Parts of
speech) төмендегідей.
Ағылшын тілі: The Noun - Зат есім / The Adjective - Сын есім / The
Numeral - Сан есім / The Pronoun - Есімдік / The Verb - Етістік / The Adverb
- Үстеу / The Conjunction - Шылау / The Interjection - Одағай / The
Preposition
- Предлог.
Қазақ тілі: Зат есім / Сын есім / Сан есім / Есімдік / Етістік / Үстеу /
Шылау / Одағай / Модаль сөздер / Еліктеуіш сөздер. Екі тілдегі
айырмашылық сол - қазақ тілінде Предлог, Артикль жоқ, ағылшын тілінде
Модаль сөздері мен Еліктеуіш сөздер болмайды. Енді əр сөз табын жекежеке қарастырайық.
4
Зат есім (The NOUN)
Ағылшын жəне қазақ тілдерінде зат есім - заттардың атын,
нəрселерді, табиғат пен қоғамдық құбылыстарды, уақиғаларды, ұғымдар
мен түсініктерді кең мағынада білдіретін сөз табы.
Екі тілдегі зат есімді жеке сөз табы ретінде танытатын үш белгісі
(морфологиялық, семантикалық, синтаксистік) болады. Енді осы үш
белгіні сипаттап көрейік.
Morphological description of the noun
(Зат есімнің морфологиялық сипаты)
Зат есімнің морфологиялық сипатын түсіну үшін зат есімнің
құрылымын, жасалу тəсілін, түрлену жүйесін талдау керек. Алдымен зат
есімнің құрылымына тоқталайық.
The structure of the noun
(Зат есімнің кұрылымы)
Ағылшын тілінде зат есімдер құрылымы жағынан Simple (Жалаң),
Derivative (Туынды), Compound (Күрделі) болып бөлінсе, қазақ тілінде
олардың екі түрі (Жалаң, Күрделі) болады.
Simple nouns
(Жалаң зат есімдер)
Ағылшын тіліндегі Simple (Жалаң) зат есімдер тек қана түбірден
тұрады. Қазақ тіліндегі жалаң зат есімдер екі салаға (түбір зат есімдер,
туынды зат есімдер) бөлінеді. Түбір зат есімдер тек түбір сөзден тұрса,
туынды зат есімдер зат есім, сын есім, етістік, сан есімдерге жұрнақтар
жалғану арқылы жасалады.
Simple Noun (English)
Жалаң зат есім (Kazakh)
a book - кітап
қыз - a girl
a week - апта
би - a dance
a son - ұл
қой - a sheep
Derivative nouns
(Туынды зат есімдер)
Қазақ тілінде туынды зат есімдер, жоғарыда айтылғандай, түбір
сөздерге жұрнақтар жалғануы арқылы жасалса, ағылшын тіліндегі
туынды
(Derivative) зат есімдер - зат есім, сын есім, етістік, сан есімдерге
жұрнақтар мен префикстердің жалғануы арқылы жасалады.
Compound nouns
(Күрделі зат есімдер)
Ағылшын, қазақ тілдеріндегі күрделі зат есімдер біріккен зат есімдер,
қосарланған зат есімдер, құрама зат есімдер, қысқарған зат есімдерден
кұралады. Кесте түрінде қарастырайық.
5
Comparative chart of English and Kazakh compound nouns
(Ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі күрделі зат есімдердің
салыстырмалы кестесі)
Ағылшын тілі
Түрлері
Зат есім+зат есім
Зат есім+үстеу
Сын есім+зат есім
Есімше+зат есім
Есімдік+зат есім
Зат есім+предлог+зат есім
Етістік+есімдік+үстеу
Сын есім+етістік +үстеу
Үстеу+етістік
Үстеу+зат есім
Етістік+үстеу
Қазақ тілі
Түрлері
Зат есім+зат есім (біріккен)
Зат есім+зат есім (кіріккен)
Зат есім+зат есім (қосарланган) Зат
есім+зат есім (сөз тіркесі)
Зат есім+зат есім (қысқарған сез)
Мысал
airmail, seaman looker-on, hander-on
blackboard, blackbird boiling-point hegoat, she-wolf mother-in-law hand-medown merry-go-round outgo, off shoot bylaw, overcoat feedback
Мысал
Жанбота, итбалық қайынапа, белбеу
ата-ана, жауын-шашын ауа райы, сабак
кестесі ҚР, ҚазҰПУ, ҚазҮТУ
Lexical and grammatical descriptions of English and Kazakh nouns
(Ағылшын, қазақ тілдеріндегі зат есімдердің лексикалықграмматикалық сипаты)
Зат есімдер заттық ұғымды білдіріп, əртүрлі семантикалық
категорияларды қамтиды. Қазақ тілінде зат есімдердің нактылық жəне
абстрактілік, жалпылық жəне жалқылық, даралық жəне жинақтылық,
жекелік жəне топтық семантикалық категориялары болады. Ағылшын
тілінде зат есімдердің Countable (Саналатын) жəне Uncountable
(Саналмайтын), Proper (Жалқы) жəне Common (Жалпы), Concrete
(Нақтылық) жəне Abstract (Абстрактілік), Animate (Жанды) жəне
Inanimate (Жансыз), сияқты семантикалық категориялары болады. Енді
екі тілдегі əрбір топтарды жеке-жеке талдайық. Ағылшын тіліндегі зат
есімдер, жоғарыда айтылғандай, лексикалык мағынасына карай, қазақ
тіліндегідей жалқы жəне жалпы есімдерге бөлінеді.
Common nouns
(Жалпы есімдер)
Ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі жалпы есімдерге жанжануарлардың, заттардың, ұғымдардың, құбылыстардың, халықтардың
жалпы атаулары жатады. Басқа сөзбен айтқанда, жалпы зат есімдерге
тілдегі əр алуан деректі жəне дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат
есімдер жатады. Жалпы зат есімдер жекеше жəне көпше түрлерге өзгере
береді (ағылшын тіліндегі саналмайтын зат есімдерден басқалары).
6
Мысалы, a river – өзен a town — қала rivers — өзендер towns — қалалар.
Proper Nouns
(Жалқы есімдер)
Жалқы есімдер - əдетте, бір затты өзі сияқты көптеген біртектес
заттардың арасынан ерекшелеп, жекелеп айтуға байланысты жұмсалатын
зат есімдер болып табылады. Ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі жалқы
есімдер тек қана жекеше тұлғада қолданылады. Жəне оларға есептік сан
есімдер анықтауыштық қызметте тіркесе алмайды. (Two Almaty - Екі
Алматы немесе Six Asel - Алты Әсел деп айтуға болмайды). Ағылшын,
қазақ
тілдеріндегі
жалқы
есімдерге
адамдардың,
заттардың,
құбылыстардың, жануарлардың жеке атаулары жатады.
Countable nouns
(Саналатын зат есімдер)
Ағылшын тілінде зат есімдер саналатын жəне саналмайтын болып
екіге бөлінеді. Саналатын зат есімдерге санауға келетін белгілі бір орын
мен заттардың атауы жатады. Олардың алдына a/an, the артикльдері
қойылады.
Мысалы, a bed - төсек, a pen — қалам, the bird - құс т.с.с. Ағылшын
тіліндегі саналатын зат есімдер жекеше жəне көпше түрде қолданылады,
олардың көпше түрі -s/-es жалғаулықтарының жалғануы арқылы жасалады:
a banana - bananas, a friend - friends, a beach - beaches. Саналатын зат
есімдермен келген етістік олардың жекеше жəне көпше түріне байланысты
өзгереді. Мысалы: Where is my pen? Where are my pens? Саналатын зат
есімдер сан есімдермен де қолданылады. Мысалы, two bags, three girls.
Ескерту. Зат есімнің көпше түрінің жасалуы туралы толық
мағлұматты зат есімнің көпше түрі тақырыбында ала аласыздар.
Uncountable nouns
(Саналмайтын зат есімдер)
Ағылшын тіліндегі саналмайтын зат есімдер қазақ тіліндегі көптік
мəнді зат есімдермен мағыналас. Ағылшын тіліндегі саналмайтын зат
есімдер тек жекеше түрде қолданылады, олардың алдына артикль
койылмайды. Саналмайтын зат есімдермен келген етістіктер тек жекеше
түрде қолданылады. Мысалы, Here is some information for him.
Сонымен қатар олар сан есімдермен қолданылмайды. Мысалы,
some information. Ағылшын тіліндегі кейбір зат есімдерге -s жалғауы
жалғанғанымен, олар саналмайтын зат есім болып есептеледі де, етістік
жекеше түрде қолданылады. Мысалы: The news is bad today. Ағылшын,
қазақ тілдеріндегі зат есімнің бұл категорияларының өзіндік ерекшеліктері
бар - олар затты топтап атайды, сонымен қатар оларға практикалық тілде
жалғаулар жалғанбайды. Оларға төмендегі зат есімдер жатады:
а)
жаратылыс құбылыстарының атаулары:
rain - жаңбыр, snow — қар, snow storm - қарлы боран
ə) ұсақ заттар, ұнысқан майда заттар мен үгітінді заттардың атаулары:
7
flour - үй, hair - иаш, dust - шаң, wool - жүн
б)
сұйык заттардың аттары:
tea - май, oil - сұйық май, sour milk - айран, milk - сүт, coffee - кофе
в)
газ тектес ұшатын заттардың аттары:
steam - бу, air - aya, smoke - түтін, fog - туман
г)
дерексіз үғымдарды білдіретін заттардың атаулары:
mind - ақыл, ой, sense - сезім, sorrow - қайгы, қасірет, honesty - адалдъқ
г)
өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары:
gold - алтын, silver - күміс, steel - құрыш.
Ескерту. Ағылшын тілінде кейбір саналмайтын зат есімдер кейде
саналатын зат есімдер ретінде де қолданылады, бірақ олардың мағыналары
басқаша болып өзгереді. Мысалы,
Our boss needs some paper to write on. — Біздің басшымызға жазу
үшін қағаз қажет. My father bought a paper to read. — Менің əкем газет
сатып алды.
Can you lend me an iron? - Үтігіңізді бере тұрмайсыз ба?
There is much iron in Kazakhstan. - Қазақстанда темір көп.
Енді саналатын жəне саналмайтын зат есімдерді салыстырып көрейік.
Countable nouns
Uncountable nouns
(Саналатын зат есім)
(Саналмайтын зат есім)
My granddaughter eats an
She eats cheese every day. apple every day. - Менің Ол күнде ірімшік жейді. She
немерем күнде алма жейді. She likes cheese. - Ол ірімшікті
likes apples. - Ол алманы жақсы жақсы көреді. Cheese сөзі көреді. Apple сөзі саналатын саналмайтын
зат
есім.
зат есім, зат есімнің жекеше Саналмайтын зат есімнің тек
түрі (an apple) жəне көпше түрі бір формасы, яғни жекеше
(apples), оларды бір, екі, үш түрі (cheese) болады. Оларды
деп санай аламыз. Мысалы, бір, екі, үш деп санай
Give me three apples, please.
алмаймыз, яғни One cheese,
two cheese деп айтпаймыз.
Саналатын зат есімнің Саналмайтын
зат
есімнің
алды- на a/an/the артикльдері, алдында а/ап артикльдері
some
қолданылады
(a/the қолданылмайды бірақ a...of,
student, а/ the table, an/the some қолдананылады:
umbrella, a/ the car, a/the house, (a piece of music, a cup of tea, a
the car(s), the boy(s), the bar of chocolate, a piece of
teacher(s), the university(ies), the cheese, a bowl of rice, a can of
key(s), some shoes, some letters, oil, a bottle of milk, a game of
some books).
tennis, a glass of water, a jar of
honey, a loaf of bread, a piece of
paper, a piece of wood, a slice of
8
cake, a chunk of ice, a lump of
sugar,
some paper,
some
information, some news, some
bread, some money, some salt)
Саналатын зат есімдер жекеше
түрде
жеке
өздері
қолданылмайды, олар а/ап/ the
артикльдерімен келеді. Мысалы, I want an orange.
Көпше түрдегі саналатын
зат есімдермен some, any
есімдіктері қолданылады. Some
көбінесе болымды сөйлемде, ал
any
болымсыз,
сұраулы
сөйлемдерде
қолданылады.
Мысалы, Some of these books
are quite useful. - Мына
кітаптардың
кейбіреуі
өте
пайдалы. Do you have any books
about Kazakhstan? — Сізде
Қазақстан туралы кітап бар ма?
Саналатын зат есімдердің
көпше түрінде many сөзі
қолданылады. Мысалы, There
are many cars in the street. Көшеде көп машина бар. Did
you buy many books? - Сіз көп
кітап сатып алдыңыз ба?
A lot of (коп) сөзі саналатын жəне саналмайтын зат
есімдермен қолданылады. They
bought a lot of books. - Олар көп
кітап сатып алды.
Саналатын зат есімдерінің
көпше түрінде (a) few сөзі
қолданылады. Мысалы,
She's got a few friends, so she’s
not lonely. - Оның біраз
9
Саналмайтын зат есімдер
жеке
тек
өздері
ғана
қолданыла береді.Мысалы, I
drink tea every day. Can you
hear music?
Саналмайтын зат есімдермен
де some, any есімдіктері
қолданылады. Some көбінесе
болымды сөйлемде, ал any
болымсыз,
сұраулы
сөйлемдерде қолданылады.
Мысалы, My mother gave
me some advice. - Менің анам
маған біраз кеңес берді. She
hasn't got any money. - Оның
ақшасы жоқ. We haven't got
any food. - Бізде ешқандай
тамақ қалмапты.
Ал
саналмайтын
зат
есімдермен
much
сөзі
қолданылады. Мысалы, There
is much snow in the street. Кешеде кар көп. Did they buy
much butter? - Олар көп май
сатып алды ма? I haven't got
much luggage. - Мен- де көп
жүк жоқ.
They bought a lot of food. Олар көп тамақ сатып алды. Do you drink a lot of (much)
tea? - Сіз шайды көп ішесіз
бе? - I don't drink much tea. Мен көп шай ішпеймін.
Ал
саналмайтын
зат
есімдермен (a) little сөзі
қолданылады. Мысалы, We
have a little money, so we are
not poor. - Біздің біраз
достары бар, сондықтан ол
жалғыз емес. He's got few
friends, so he's lonely. - Оның
достары өте аз, сондыктан ол
жалғыз.
Ескерту.
a few сөзі - аздаған, біраз, бірақ
көп емес деген мағынада
қолданылады.
Ал few сөзі - өте аз (жоққа
тəн) деген мағынаны білдіреді.
ақшамыз бар, біз кедей
емеспіз. They have little money.
They are very poor. - Олардың
ақшасы өте аз. Олар кедей.
Ескерту.
a little созі - аздаған, біраз,
бірақ көп емес деген мағынада
қолданылады. Ал little сөзі өте аз (жоққа тəн) деген
мағынаны білдіреді.
Тақырыпты пысықтау үшін жаттығуларды орындаңыз.
1.1.
Your mother is visiting you. Rewrite the questions you ask your
mother, using a few or a little instead of some. (Сіздің анаңыз қонаққа
келді. Some сөзінің орнына a few, a little сөздерін колданып, сұраулы
сөйлемді қайтадан жазыңыз).
1.
Would you like some tea? Would you like a little tea?
Would you like some milk in your tea? .
2. ....................................................... Would you like some more sugar
in your tea?....................................................
3. ....................................................... Would you like some biscuits?
4. ....................................................... Can I bring you some cake?
5. ....................................................... Shall
I
make
you some
sandwiches? ..................................................
1.2.
Put in little/a little/few/a few (Көп нүктенің орнына little/a
little/few/a few сөздерін қойыңыз).
1. ....................................................... We'd like to practice our Kazakh
more but we have .......................................... opportunity.
2. ........... There was
traffic, so I arrived earlier than I expected.
3. ........... There was
food in the fridge. It was nearly empty.
4.
The bus service isn't very good at night - there are ... buses after 9
o'clock.
5. 'When......................... did your sister go out?' ' minutes ago.’
6. 'Would ............................ you like some soup?'- 'Yes, , please.
1.3.
Complete the sentences. Use a lot of with one of these words:
traffic accidents, fun, books, interesting things. (Берілген сөздердің алдына a
lot of-'t'x қолданыңыз).
1. ................................................................. It took them a long time to
drive here. There was ...............................................
2. ....................................................... I enjoyed my visit to the museum.
I saw..............................................................
10
3. ....................................................... My sister likes reading. She has
4. ....................................................... The road is very dangerous. There
are
5. ....................................................... They enjoyed their holiday. They
had
1.4.
Complete the sentences. Use much or many + one of these words:
times, time, people, luggage, countries, journals. (Берілген сөздердің алдына
much немесе тапу-ці қолданыңыз).
1. ....................................................... They know London very well.
They’ve been there ........................................
2. .................. 'Have you got
?' No, only this bag.'
3. ............................................. He doesn't read much. He hasn't got
4. ................................................... I haven't lived here very long, so I
don't know ................................................
5. ................................................... Quick! We must hurry up. We
haven't got ................................................
6. ....................................................... Does your daughter travel a lot?
Has she been to ............................................. ?
1.5.
Put the correct word in the following sentences (Берілген
сөздердің дұрысын таңдап, көп нүктенің орнына қойыңыз).
1. ........................................ ( pieces/ slices/ litres) I've just put forty of
petrol in the car.
2. ......................................... ( glass /slice/piece) Would you give me a
of milk, please?
3. ................................... (cups/glasses/spoonfuls) I take two of sugar in
my tea.
4. ................................ (piece/cup/slice) I'd like a of tea, please.
5. ......................................... (spoonful/piece/cup) That was a difficult
of homework.
6. ................................ (glass/piece/slice) We need a
of information.
7. ................................ (slice/kilo/piece) I'd like half a of coffee, please.
8. ................................................ (bottles/cups/ pieces) My mother gave
me two .................................................. of advice.
9. ......................................... (slice/piece/bottle) Could you buy a
of
milk at the shops?
Concrete nouns
(Деректі зат есімдер)
Көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы заттармен
байланысты ұғымдарды білдіретін зат есімдер ағылшын жəне қазақ
тілдерінде деректі зат есімдер болады. Мысалы, water - су, iron - темір,
street - көше, girl - қыз.
Abstract nouns
11
(Дерексіз зат есімдер)
Ағылшын, қазақ тілдеріндегі нақтылы затты, нəрсені білдірмей, тек
қана сапаның, жай-күйдің, іс-əрекет, қозғалыстың, құбылыстың атын
дерексіз зат ретінде білдіретін, заттық мағыналары тек ойлау кабілеті,
кейбір сезім мүшелері арқылы топшыланып сезілетін, ұғылынатын
сөздердің тобын дерексіз зат есімдер дейміз. Мысалы, kindness мейірімділік, fear - қорқыныш, conversation - əңгіме.
Екі тілде де дерексіз зат есімдердің өзіне тəн грамматикалық белгісі
болады. Олар есептік сан есімдермен тіркесе алмайды (two kindness - екі
мейірімділік, three fear - үш қорқыныш деп айтылмайды), сонымен қатар
олар жекеше тұлгада жұмсалады. Кейбір дерексіз зат есімдер көптік
жалғау қабылдап, басқа ұғымды білдіреді. Ағылшын жəне қазақ
тілдеріндегі зат есімдердің мағыналық топтарын кесте түрінде көрсетейік.
Classes of English nouns (Зат есімнің мағыналық топтары)
Abai, Dickens, Astana, London, Sunday, August
Proper nouns
man, woman, family, cotton, friendship, government
Common nouns
a bird, a cat, a flower, police, sugar, gold, a house
Concrete nouns
strength, linguistics, weather, summer, direction
Abstract nouns
a desk, a student, a teacher, a boy, a son, a daughter
Countable nouns
business, behavior, progress, money, furniture, advice,
Uncountable
news, water, life, fun, happiness, accommodation,
nouns
weather
an actor, a worker, a fish, a dog, a horse, a cat
Animate nouns
a car, a telephone, a building, a park, a watch
Inanimate nouns
Classes of Kazakh nouns (Қазақ тіліндегі зат есімнің мағыналық
топтары)
жер, кітап, цалам, арыстан, піл, қарлыгаш,
Жалпы зат ееім
Common noun
құмырсқа, боран, дауыл, сел, согыс, шабыс
Абай Құнанбаев, Сабыр, Зәмзәм, Қазақстан, АстаЖалқы зат есім
Proper noun
на, Алматы, Алатау тауы
қыз, ұл, көше, гул, алма, шие, парта, тақта, сәбіз,
Деректі зат есім
Concrete noun
сарымсақ
арман, ой, ақыл, сезім, қуаныш, өтініш, батырлық,
Дерексіз зат есім
Abstract noun
ептілік, шыдамдылық, гарыш
адам, бала, әже, әпке, кісі, ақын, жұмысшь, жігіт,
Жанды зат есім
Animate noun
бойжеткен
агаш, гүл, гимарат, мемлекет, теледидар,
Жансыз зат есім
Inanimate noun
телефон,қүмыра
Заттык зат есім алтын, күміс, агаш, нан, сүт, ет, күріш, су, көмір
Material (things)
Жинақтау зат ссімі адамзат, ата-ана, құс, жануар, жеміс, азық-түлік,
Collective noun
туган-туыс, табигат, отбасы
12
Plural form of the noun
(Зат есімнің көпше түрі)
Қазақ тілінде зат есімнің көпше түрі оның жекеше түрлеріне –лар/ лер/- тар/-тер/-дар/-дер көптік жалғауының жалғануы арқылы жасалса,
ағылшын тілінде зат есімнің көпше түрі көбіне жекеше түрдегі зат
есімдерге -s/-es жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Олардың
оқылуы əртүрлі болады:
a) -s жалғауы дауыстылар мен ұяң дауыссыздардан соң [z] болып
оқылады:
a toy - ойыншық
toys |biz] - ойыншықтар
a girl - қыз
girls [дз:1г] - қыздар
Қазақ тілінде егер зат есім жіңішке дауыстылар мен ұяң
дауыссыздарға аяқталса, онда зат есімге -лер,-дер жалғаулықтары
жалғанады: əже - əжелер кеме - кемелер
күн - күндер
егіз - егіздер
ə)
ағылшын тілінде -s жалғауы қатаң дауыссыздардан соң [s]
болып оқылады:
a student - студент students [stju:dsnts] - студенттер a map - карта
maps [maeps] - карталар
Қазақ тілінде жуан дауыстылар мен қатаң дауыссыздарға аяқталған
зат есімдерге -лар, -тар, -дар жалғаулықтары жалғанады: ата - аталар ана
- аналар
қазақ - қазақтар
адам - адамдар
б)
ағылшын тілінде х əрпі мен ss, sh, tch, сһ тіркестеріне
аяқталган зат есімдерге -es жалғауы жалғанады да, [iz] болып оқылады:
a match - сіріңке
matches [meetjiz] - сіріңкелер
a box - қорап
boxes ['boksiz] - қораптар
a dress - көйлек
dresses [’dresiz] - көйлектер
a bench - орындық benches ['bentjiz] - орындықтар
в)
ағылшын тіліндегі күрделі зат есімдерде көптік жалғауы негізгі
зат есімге жалғанады:
a father-in-law
fathers-in-law
a daughter-in-law
daughters-in-law
г)
ағылшын тілінде жекеше түрдегі зат есім у əрпіне аяқталып,
оның алдында дауыссыз тұрса, -es жалғауы жалғанады да, у əрпі і əрпіне
өзгереді:
a city - қала
cities [sitiz] - қалалар
a baby - бөбек
babies [beibiz] — бөбектер
Ескерту. Егер зат есім у əрпіне аяқталып, оның алдында дауысты
тұрса, у əрпі өзгермейді:
a toy - ойыншық
toys [toiz] - ойыншықтар
a boy - ер бала
boys [boiz] - ер балалар
13
ғ)
ағылшын тілінде кейбір зат есімдердің көпше түрі түбір
сөздегі дауыстының өзгеруі арқылы жасалады, ал қазақ тілінде бұндай
құбылыс болмайды:
a man — ер адам
men - ер адамдар
a woman - əйел
women - əйелдер
a foot - аяқ
feet - аяқтар
a tooth - тіс
teeth - тістер
д)
ағылшын тілінде егер зат есім f əрпіне жəне fe əріп тіркесіне
аяқталса, оған -s/-es жалғаулары жалғанып, f пен fe v-ra өзгереді, ал қазақ
тілінде мұндай ереже болмайды:
a leaf - жапыракleaves - жапырақтар
a knife - пышақ knives - пышақтар
Ескерту. Кейбір зат есімдер f пен fe əріп тіркесіне аякталғанымен, тек
-s жалғауы жалғанып, |s] болып оқылады: roof - шатьір, үйдің төбесі roofs шатырлар, үйлердің тобесі handkerchief - бет орамал handkerchiefs - бет
орамалдар
е)
ағылшын тілінде егер жекеше түрдегі зат есімдер о əрпіне
аяқталса, оның көпше түрі екі жолмен жасалады:
1) егер о əрпінің алдында дауыссыз дыбыс тұрса, онда зат есімге -es
жалғауы жалғанады:
tomoto - қызанақ tomatoes - қызанақтар
potato - картоп
potatoes - картоптар
hero - батыр
heroes - батырлар
2) кейде о əрпінің алдында дауысты тұрса, онда зат есімге -s жалғауы
жалғанады:
radio - радио
radios - радиолар
studio - студия
studios - студиялар
zoo - хайуанаттар паркі zoos - хайуанаттар парктері
ж)
ағылшын тілінде кейбір грек жəне латын тілдерінен енген зат
есімдер сол тілдегі көпше түріН сақтайды:
analysis - талдау
analyses - талдау
basis - негіз
bases - негіз
criterion - белгі
criteria - белгілер
з)
ағылшын тілінде кейбір зат есімдер тек көпше түрде
қолданылады да, қазақ тіліне жекеше түрдегі зат есім ретінде аударылады:
trousers - шалбар socks - шұлық
scissors - қайшы
spectacles - көз əйнек
goods - тауар
spirits - көңіл күй
clothes - киім
savings - жинақталған қор
и)
ағылшын, қазақ тілдерінде кейбір зат есімдер тек жекеше түрде
қолданылады, əдетте, олар саналмайтын зат есімдер болып табылады:
advice - ақыл, кеңес alphabet - əліпби
information - хабар bedding - төсек-орын
14
weather - ауа райы clothing - киім
knowledge - білім furniture - жиһаз
air - ауа
luggage - жүк
hair — шаш
scenery — көрініс
tea - шай
paper - қағаз
freedom - бостандық
sleep - ұйқы
anger - ашу
help - көмек
football - футбол time - уақыт
health - денсаулық hope - үміт
к) ағылшын жəне қазақ тілдерінде кейбір зат есімдер жекеше жəне
көпше түрінде бірдей тұлғада қолданылады:
a deer - бұғы
three deer - үш бұғы
a fish - балық
five fish - бес балық
a sheep - қой
four sheep - төрт қой
an offspring - ұрпақ many offspring - көп ұрпақ a Swiss - швед
ten
Swiss - он швед
a Chinese - қытай
many Chinese - көп қытай
a means - қаражат, тəсіл a lot of means - көп қаражат, көп тəсіл. Қазақ
тілінде бұндай құбылыс көптік мағынаның синтаксистік тəсіл арқылы
берілуі, яғни көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы қолданылуы болып
табылады. Енді ағылшын жəне қазақ тіліндегі зат есімнің көпше түрінің
жасалуының кейбір ерекшеліктеріне көңіл бөлейік. Төмендегі
мысалдардан екі тілдегі көптік жалғаулы зат есімдердің дыбыс
үндестігінің кейбір ұксастықтарын байқауымызга болады:
а)егер ағылшын тілінде сөз дауысты жəне ұяң дауыссыздарға
аяқталса, онда -s жалғауы ұяң болып оқылады. Ал қазақ тілінде сөз
дауыстыға, ұяң дауыссыздарға аяқталса, онда көптік -лар/-лер/-дар/-дер
жалғанады. Ағылшын тілі
Қазақтілі
day - days
көше - көшелер
bag — bags
бала - балалар
ə) ағылшын тілінде сөз қатаң дауыссызға аяқталса, онда жалғаулар
қатаң болып оқылады, ал қазақ тілінде сөз қатаң дауыссызға аяқталса,
көптік -тар/- тер жалғаулары жалғанады.
Ағылшын тілі
Қазақтілі
student - students ['stju:dsnts]қарт + тap
cap - caps [kasps]
терек + тер
Exercises
(Жаттығулар)
1.6.
Give the plural forms of the nouns and write them into three
columns according to their pronunciation: |s], [z], |iz]. (Зат есімдерді көпше
түрге өзгертіп, оларды айтылу ережесіне ([s]; [z]; [iz]) байланысты үш
бағанаға орналастырыңыз).
Dog, shop, box, tree, chemist, car, day, fox, bottle, check, house, baby,
15
noun, hero, student, night, animal, present, mistake, knife, cargo, accident, loaf,
lady, light, face, hand, way, glass, book, dish, fish, city, factory, key, tomato,
chief, Write plural forms of the nouns and explain their formation. (Зат
есімдердің көпше түрін беріп, жасалу жолдарын түсіндіріңіз).
Man, woman, child, foot, deer, sheep, tooth, mouse, goose, baby, donkey,
brush, box, pencil, half, story, ship, country, computer, university, building,
office, hero.
1.7.
Classify the nouns according to their use: a) as singular; b) as
plural;
c) as singular and plural. (Зат есімдердің қолдануына байланысты: а)
жекеше тұлғада; б) көпше тұлғада; с) жекеше əрі көпше тұлғада
топтаңыздар).
Alphabet, information, bedding, clothing, furniture, fish, shoes, trousers,
pyjamas, machinery, offspring, tongs, bellows, poetry, physics, statistics,
gymnastics, spectacles, thanks, cattle, billiards, crowd, data, family, crew,
outskirts, surroundings, thanks, clothes, contents, goods, jeans, means, army,
audience, class, company, group, media, press, public, staff, rubbish, scenery,
health, traffic, permission.
Case
Ағылшын тілінде зат есімнің септелуі қазақ тіліндегі зат есімнің
септелуінен сан жағынан өзгеше. Қазақ тілінде жеті септік болса, ал
ағылшын тілінде зат есім екі септікке түрленеді: Common case (қазақ
тіліндегі Атау септігіне сəйкес) жəне Possessive Case (қазақ тіліндегі Ілік
септігіне сəйкес келеді). Сонымен, ағылшын тіліндегі Common case-ті
шартты түрде «Атау септік» деп аламыз, ал Possessive Case -ті «Ілік
септік» деп аламыз. Common case - жалғаусыз септік. Мысалы: a manager
- басшы, басқарушы.
Ескерту. Ағылшын тілінде Common case (атау септік) зат есімдер of/
to/by/with предлогтарымен тіркесе келіп, қазақ тіліндегі кейбір септіктерге
сəйкес келеді.
1. Ағылшын тіліндегі of предлогымен тіркескен зат есімдер қазақ тілін
де ілік септігіне сәйкес келеді. Мысалы: The house of my friend. - Менің
досымның үйі. (кімнің үйі?) The leg of the table. - Үстелдің аяғы. (Ненің
аягы?)
2. То предлогымен тіркесе келген зат есім қазақ тіліндегі барыс
септігіне сəйкес келеді. Мысалы, She showed the composition to the teacher. Oл шыгарманы оқытушыға (кімге?) көрсетті.
Сонымен қатар ағылшын тілінде зат есім етістік пен тура
толықтауыштың ортасында келсе, онда ол қазақ тілінде барыс септігіне
сəйкес келеді.
Мысалы: She showed the teacher the composition. - Ол шыгармасын
оқытушыга (кімге?) көрсетті.
16
3. By предлогымен қолданылган зат есім қазақ тіліндегі комектес
септікке сəйкес келеді. Мысалы: She usually washes children's clothes by
hand.
- Oл əдemme балалардың киімін қолмен жуады. (Немен?)
4. Ағылшын тіліндегі зат есім with предлогымен қолданылғанда, қазақ
тілінде көмектес септікке сəйкес келеді. Мысалы: I opened the door with a
key.
- Meн есікті кілтпен аштым. (Немен?)
Possessive case
Ағылшын тіліндегі зат есімнің тəуелденуі. Possessive case қазақ
тіліндегі Ілік септікпен сəйкес келеді. Зат есім сөйлемде өзінен кейінгі зат
есімнің анықтауышы болып, whose? — кімдікі? кімнің? кімдердің? деген
сұрақтарға жауап береді.
Ағылшын тіліндегі бұл септіктегі жанды, жансыз заттарды;
жинактау мағынасындагы құн, салмақ, арақашықтык,, уақыт ұгымдарын;
теңіздердің, планеталардың атауларын білдіретін зат есімдерге дəйекше
(апостроф') жəне -s жалғауы жалғануы аркылы жасалса, қазақ тілінде тың, -дың, -тің, -дің, ның, -нің, -лық, -лік т.с.с жалғаулықтары арқылы
жасалады.
Aidana's sister. - Айдананың сіңлісі.
The cow's legs. - Сиырдың аяқтары.
The family's pride. - Отбасының мақтанышы.
People's honour. - Халықтың намысы.
Eight hours' working day. - Сегіз сағаттық жұмыс күні.
At the day's distance. - Бір күндік жол.
A week's leave. - Бір апталық демалыс.
The sun's ray. - Күннің сəулесі.
The Venera's light. - Шолпан жұлдызының жарығы.
The Aral Sea's ecology. - Арал теңізінің табиғаты.
Ағылшын тілінде егер затқа (нəрсеге) екі адам иелік ететін болса,
тəуелді септіктің дəйекшесі жəне -s жалғауы соңғы зат есімге жалғанады,
қазақ тілінде де жалғаулық соңғы зат есімге жалғанады:
Marat and Kasym's flat. - Марат пен Қасымның пəтері.
Ағылшын тілінде көпше түрде қолданылатын көптік жалғаусыз зат
есімдерге тəуелді септікте дəйекше жəне -s жалғанады:
Children's mother. - Балалардың анасы.
Егер көптік жалғаулы зат есім ілік септікте тұрса, оған тек дəйекше
қойылады да, анықталушы зат есім артикльсіз жазылады:
The students' tests are good. - Студенттердің бақылау жұмыстары
жақсы.
Gender
(Зат есімнің род категориясы)
17
Қазақ тілінде род категориясы болмайды. He, she, it қазақ тіліне тек
ол болып аударылады. Ағылшын тілінде he ерлер туралы айтқанда
қолданылады: boy scout, man student; mate nurse, he - goat, he - elephant.
She, керісінше, əйелдер, қыздар, бикелер туралы айтқанда
қолданылады: she-goat, she - elephant, girlfriend. Кейде -ess жалғаулары
əйел адам екендігін білдіруде колданылады: waitress, lioness, actress,
hostess.
Lady сөзі сыпайыгершілікті көрсетеді, бірақ бұл сөз əйелдер туралы
ресми, ғылыми жəне медициналық контексте қолданған жағдайда ғана
қолданылады: Lady - doctor, business lady, lady of quality, Lady Diana.
Артикль (The Article)
Ағылшын тілінде екі артикль бар: белгісіз жəне белгілі артикль.
Белгісіз артикль one сан есімінен, белгілі артикль that (анау) сілтеу
есімдігінен шыққан.
Артикль қолданылады:
- əрбір жалпы есім алдында.
Артикль қолданылмайды, егер зат есім алдында:
- сілтеу немесе тəуелдеу есімдіктері,
- тəуелдеу септігінде басқа зат есім,
- есептік сан есім,
- no болымсыздығы тұрса.
Мысалы: This is my book. I have no book. It’s teacher’s book.
Зат туралы бірінші рет айтқанда белгісіз артикль а (an)
қолданылады. Осы затты екінші рет айтқанда белгілі артикль the
қолданылады.
Белгісіз артикль.
Белгісіз артикль бір класқа жататын заттардың ішіндегі бірі деген
мағынадағы зат есімнің алдында қолданылады.
Мысалы: I bought a book yesterday.(сондай заттардың бірін) I have an
apple. (бір)
Егер де сөз дауыссыз дыбыстан басталса, онда сөздің алдында а [ə]
артиклі қойылады.
Мысалы: а table үстел, a book кітап
Егер сөз дауысты дыбыстан басталса, онда сөздің алдына аn [ən]
артиклі қойылады.
Мысалы: an apple алма, an old man шал, қарт адам.
Белгісіз артикль тек жекеше түрдегі саналатын зат есімдердің
алдаында тұрады. Саналмайтын зат есімдер мен көпше түрдегі зат
есімдердің алдында артикль қолданылмайды.
Белгісіз артикль қолданылмайды:
а) саналмайтын жəне «дерексіз» зат есімдермен:
18
I like coffee and tea. Friendship is very important in our life.
б) көпше түрдегі зат есімдермен:
these are the nicest cars I have ever seen.
в) жалқы есімдермен:
I told Jane about that.
г) өзінен кейін есептік сан есім қолданылған зат есіммен:
I have read page eight of the magazine.
Белгісіз артикль а келесі құрылымдарда қолданылады:
I have a …
This is a …
I am a …
I see a …
There is a …
He is a …
Белгілі артикль the
Белгілі артикль the бір класқа тəн заттардың бірін немесе бірнешеуін
бөліп көрсетеді.
The book I bought yesterday was interesting. – Кеше мен сатып алған
кітап қызықты болды. (бұл айтушы бір кластан бөліп алған заттың
белгілісі)
Белгілі артикль the саналатын да, саналмайтын да зат есімдермен,
жекеше жəне көпше түрдегі зат есімдермен қолданылады.
Мысалы: This is a book. The book is interesting. (жекеше түрдегі
саналатын зат есім)
This is meat. The meat is fresh. (саналмайтын зат есім)
These are books. Тhe books are good. (көпше түр)
Егер сөз дауыссыз дыбыстан басталса, онда белгілі артикль the [ðə]
болып айтылады.
Мысалы: Тhe table [ ðə teibl]
The book [ðə buk]
Егер сөз дауысты дыбыстан басталса, онда белгілі артикль the [ði:]
болып айтылады.
Мысалы: The apple [ði: əе рl], the old man [ði: ould məе n]
Белгілі артикль қолданылмайды:
а) қай зат туралы айтылғаны белгілі болса:
Open the door, please. I am going to the University.
б) жаратылысында жалғыз нəрсе немесе құбылыс туралы айтылса:
The moon is shining brightly.
в) егер зат есім алдында күшейтпелі шырайдағы сын есім тұрса:
This is the most interesting book.
г) in the north, to the west, at the cinema, the same, in the country, the
rest of the … сөз тіркестерінде.
Географиялық атаулар жəне артикль
Географиялық атаулармен əдетте артикль қолданылмайды. Артикль
келесі жағдайларда қолданылады:
19
а) көл, өзен, мұхит, тау жотасы, арал топтары атауларымен белгілі
артикль қолданылады: the Pacific Ocean, the Black Sea, the Thames, the
British Isles.
б) белгілі артикль кейбір ел, облыс жəне қала атауларымен
қолданылады: the Ukraine, the Crimea, the Caucasus, the Netherlands, the
Hague, the Riviera, the Congo, the West Indies
в) жанұяның жинақтау атауымен: The Petrovs – Петровы.
Сын есім. (The Adjective)
Сын есім қандай деген сұраққа жауап береді.
Мысалы: red қызыл, good жақсы, interesting қызықты, Russian орысша.
Өзінің құрылысы бойынша сын есімдер жай (big үлкен, small
кішкентай, short қысқа), туынды (cultural мәдениетті, hopeless үмітсіз,
doubtful күдікті) жəне күрделі болады (dark-blue қара-көк, red- hot
қыздырылған).
Ағылшын тілінде сын есімдер жақ түрінде, көпше түрінде, септеу
түрінде өзгермейді.
Мысалы: a young man жас жігіт, a young woman жас əйел, young people жас
адамдар, with a young man жас жігітпен.
Шырайлар (Degrees of Comparison)
Ағылшын тілінде сын есімдердің үш шырайы бар: жай шырай (The
Positive Degree), салыстырмалы шырай (The Comparative Degree) жəне
күшейтпелі шырай (The Superlative Degree

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)