Материалдар / Ер есімі-ел есінде

Ер есімі-ел есінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Ер есімі-ел есінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
639
0 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ер есімі-ел есіндеСабақтың мақсаты: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы оқушыларға түсінік беру. Сөздік қорын молайтып,нақты деректерге сүйене отырып,ой-өрісін дамыту.Герман фашизмінің әділетсіз,қатігез болғандығын айту. Отандастарымыздың жанқиярлық ерлігін шынайы әңгімелеу.Өз отанын және Отанды қорғаған ерлерді құрметтеуге патриоттық сезімін тәрбиелеу.Көрнекілігі: батырлардың суреттері, әдеби кітаптар,ТСО,слайдтар.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі,безендіру ,портреттерді ілу.Әнұран Кіріспе:1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұзтаздар,оқушылар. Бүгінгі «Ер есімі-ел есінде» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.Халықтың қалыпты өмірін,тіршілігін күрт өзгерткен қатерлі де қаһарлы,қатал да, ауыр кезең туды. Фашистік Германияның негізгі мақсаты Кеңес одағын жаулап алу еді.Осы мақсатын орындау үшін «Барбаросса» жоспарын жасады. Оны Германияның басшысы 18 желтоқсанда 1940 жылы Гитлер бекітті.2 жүргізуші:1941 жылы маусымның 22 күні, күн сәскесі түскенде кенет радио көңілді музыканы кілт үзіп, Москвадан неміс фашист жендеттерінің соғыс жарияламастан елімізді басып кіргені жөнінде қаралы хабар таратты.Сөйтіп, Ұлы Отан соғысы басталды.Ел тыныштығын бұзған бұл өрескел жағдай рухани сананы билеп алды.Ашу мен ыза кернеген Отандастарымыз жауға тойтарыс беріп оларды жер бетінен аластатуға бел байлады. Міне осылай, Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды.Ол сұрапыл соғыс біздің жерімізге орасан зор шығын мен қиындықтар алып келді. Мунира: Бүгінгі бейбітшілік заманда өмір сүріп болашақ үшін белсене еңбек етіп жатқан азаматтар осынау шат заманның бірден орнай қалмағанын жақсы біледі.Сания:Сонау,1941 жылы Германия жендеттері біздің елімізге баса көктеп кіріп, Отанымыздың бостандығына қауіп төнген шақта туған еліміздің, халқымыздың тәуелсіздік жолында Кеңес адамдарды ерлік пен қаһармандықтың тамаша үлгісін көрсетті.Бақдәулет:Ұлы Отан соғысындағы ерекше ерлігі үшін Қазақстанның 369 жауынгеріне «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.Оразкүл,ҰлбосынӘн: «Мәншүк» Жансая:Тағы басқа 91 әйелге «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Олардың ішінде қазақстандық қос жұлдыз Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова бар.Бағлан:Осы соғыста бүкіл жер шарының 50млн-нан астам адамы құрбан болса,біздің еліміздің 20млн-ға жуық азаматы өз елінің бостандығы мен тіуелсіздігі үшін өмірлерін құрбан етті.Мейіржан:Жаралғандай жалыннан,Жайсаң батыр-Бауыржан.Естігенде есімінЖау есінен жаңылған.Бұзып-жарып қоршаудыЖолсыз жерден жол салған.Ұлжан:Оқ борады күн-түні,Жатты жерді от қарып.Алға қарай ұмтылдыБатыр қазақ Тоқтаров.Туын жықпай қолдағыОпат болды ел үшінКеудесімен қорғадыҰлы Отан жеңісін.Ұлбосын:Жер мен көктің арасынШарпығанда қалың өртӘлия орыс қаласынАзат етіп болды мерт.Ол Жеңісті көрген жоқ,Келді кейін азат күн.Бірақ мәңгі өлген жоқБатыр қызы қазақтың.Сания:Отан үшін жандарын пида еткен, аталарымыздың рухы алдында бас иеміз! Жасұлан:Дәл осынау жадыраңқы мамыр күні,Болсадағы қай ғасырдың,қай жылыҰлы Отаным басын иіп бір минутЕсіне алмақ сол бір опат қайғыны.Мейіржан: Мәңгілік алау.Отан үшін мерт болғанды танып біл,Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!Ерлік даңқы ешқандай өшпейді,Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!Олар-сенің таңғы шапақ нұрың ғой,Олар-сенің мәңгі асқақ жырың ғой!Мәңгі алауға жиі барып әрдайым,Бас киімді қолыңа алып,гүлің қой!Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!Отанының бақыты үшін мерт болған,Батырларды есіңе ұста құрметте!Ән: Хор: «Көгершін»Көрініс: «21 июнь 1941ж»21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»1 әйел: Оразкүл «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»2 әйел: Сәния «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»1 азамат: БекжігітАт басына күн туса,Ауыздықпен су ішерЕр басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?1 жүргізуші:Уа, халқым!Күн туды сенің басыңа,Жау кірді сенің жеріңе,Сұм фашистен қорғауға,Аттан, халқым майданғаАсқар:«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,ШығамызСоңғы күшпен,Соңғы айбынмен,Қорғаймыз байтақ елді,Өйткені оныӘр ұрпақ өз тұсында қорғай білген. Бәрі: Отан үшін аттанайық!Асқар:Коммунистік партия мен Кеңес халқы тәрбиелеген 28 батыр Отанымыздың жүрегі Москваға жаудың бірде-бір танкісін,бірде-бір солдатын жібермей қорғап қалды.Қымбат:Тастар көкке атылдыОрман шулап,тау құлапЖиырма сегіз батырды,Жеңе алмады жау бірақ.Бектөре:Жамылды жер тұмандыӨрт ішінде қалды бақ.Жиырма сегіз қырандыЖеңе алмады жау бірақ.Х.Арай:Жау жеңілді ақыры,Атты бейбіт таң күліп.Жиырма сегіз батырын,Ұмытпайды ел мәңгілік!Мунира:1941 жылы Ленинградты қорғау бекіністерін жасауға 60мың оқушы қатысты,100-деген мың балалар әкелері жұмыс істеген завод,фабрика станоктарында 10-12 сағаттан тізе бүкпей еңбек етті.Анаргул:Ленинград балалары,блокадада қысқа мерзім ішінде жандырғыш қоспалар құюға керекті 1млн-ға жуық бос шина және 300тонна түсті және қара металл сынықтарын жинап өткізді. Ленинград балалары газет-журнал,көшелерді тазартуға,бекініс жасауға қатысты.Оразкүл:Бекжігіт:Қымбат:Болат:Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)Немересі:  Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)Әжесі:  Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.(қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).Немересі: — Аттан! — деді,Ол қазір аттанады.Жауынгердің ролін атқарады.Неге бізге үмітсіз тесілесің?Аттан, әке,Жолыңнан кешігесің.Кудесінде жаны бар пақырларың,Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)Әкесі: — (әкесі қолындағы бір жасар қызын ұлына беріп тұрып)Тыңда балам, тыңда күнім,Болуға жара қолқанат.Кәрі анам, сәби қарындасың,Барлығы саған аманат.Әжесі: — Оралсын аман жеріне,Көріссін туған елімен.Келің-ау көздей қалтағаТопырақ салып беріп жібер.Келін: — (қалтаға салынған топырақты берген келін)Кебін киген өледі,Кебенк киген келеді.Үлкен үйден дәм татса,Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)Бақдәулет:Балнур:Асқар:Анаргул:Мықтыбек:Жумабек:Би: «Сарбаздар»Балнур:Жасұлан:Х.Арай:1 жүргізуші: Ия ,Жеңіс күні –бұл еліміздің фашистік құлдықтан азат етілген күні.Бірақ ,1941 жылдың желтоқсанында Москва түбінде,қар жамылған далада,бір табан кейін шегінбей,жаудың бетін қайтарғандар үшін «Жеңіс» күні алыс еді.2 жүргізуші:Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ! Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Сайн,Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Нұркен Әбдіров,Сергей Луганский, Сабалақ Оразалинов, Мұсабек Сеңгірбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен әпкелерімізді, апаларымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті.Мунира: тақтадағы слаидты таныстырып өтеді1 жүргізуші: «Жеңіс»деген –жақсылықтың сыңары,Жігерменен, құштарлықтың құралы.Күрескердің арманы мен ұраны,Қуаныш пен мерекенің бұлағы.2 жүргізуші:Жеңіс күні! Бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Бірақ бұл оңайлықпен келген жоқ емес пе?1 жүргізуші: Ия,ешкім де,ешқашан да ұмытылмақ емес!2 жүргізуші:Соғыс-қиратушы күш, барды жоқ ететін, жұпты тұл ететін қасірет! Ұлы Отан соғысында 70млн адам құрбан болса,оның 20млн Кеңес Одағынан, ал оның 350мың-нан астамы қазақ еді.Арай:Жауыздар жасағанда қастандығын,Бейбіт елге бір зұлмат басталды күн.Сұм фашистің тарихын білеміз ғой, Қырық бірде соғысты ашқандығын.Және біздер білеміз қырық бестеБас сауғалап олардың қашқандығын.Жаулап алам деп келіп,БабамыздыңЖеңе алмаған рухының асқарлығын.Отан үшін от кешкен батырлардың, Ерліктері өшпейтін дастан бүгін.Даңқтарын олардың тілеймін мен,Ғасырлардан ғасырға асқандығын.Мунира:Байқап тұрсаң сол жылдар келісті кім?Қазанынан қайғының ел ішті мұң.Жарылған бомбалардың әсерінен,Сорпасы қайнап жатты жер үстінің.Батыс жақтан бір қауіп төніп келді,Тарылтам деп Кеңестің кеңістігін.Ақырында бабалар Берлинді алып,Біржолата құлатты неміс туын.Есепсіз ерліктердің арқасында,Тойлап жүрміз біз бүгін ЖЕҢІС КҮНІН.2 жүргізуші:Жеңіс күні ол қалай келді?1945 жылы Рақымжан Қошқарбаев және Григории Булатов тіккен Жеңіс туы желбіреді.1 жүргізуші: 8 майда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды.2 жүргізуші:1945 жылдың 9 май күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.Ән: «Атамекен»





























Сабақтың мақсаты: Айтыс өнері туралы және жыр алыбы - Жамбылдың өмірі мен шығармашылығын оқушыларға түсіндіру. Ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Өнерге қызығушылығын арттыру. Ой - өрісін дамыту, шығармашылық қиялын шыңдау.Сабақтың міндеттері: Білімділік Оқушыларды 100 жасаған жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ өнерінде алатын орны мен маңызын түсіндіру.Тәрбиелік: Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу. Олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету, тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, музыкалық, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.Сабақтың түрі: Ашық сабақҚолданылатын оқу - әдістемелік әдебиеттер:1. Ш. Құлманова, М. Оразалиева, Б. Сүлейменова.«Музыка» оқулығы. 3 сынып. Алматы. «Атамұра» 1999 ж.2. Ш. Құлманова, М. Оразалиева, Б. Сүлейменова.«Музыканы оқыту әдістемесі» 3 сынып. Алматы. «Атамұра» 1999жҚолданылатын музыкалық материалдар: Ж. Жабаев. «Балаларға» әні - тыңдау.Қолданылатын техникалық құрал - жабдықтар және көркемдік құралдар:Күйсандық, магнитофон таспасы, СD диск, әннің сөзі жазылған плакат, буклет, интерактивті тақтаҚолданылатын әдістер: Әңгімелеу, ынталандыру, тыңдау, талдау, салыстыру.Пәнаралық байланыс: Сурет, дүниетану, қазақ тілі, ана тілі.Қ/с Сабақтың құрылысы Жоспары Уақыты1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгелдеу әндету. 2 минут2. Үй тапсырмасын сұрау Ақындар айтысы 8 минут3. Жаңа сабақ Жыр алыбы - Жамбыл 10 минут4. Музыка тыңдау Ж. Жабаев «Балаларға» 4 минут5. Дауыс ашу До мажор (G - dur) гаммасын әндету 3 минут6. Әндету «Бүгін қай күн?» 5 минут7. Қорытындылау Тірек сызбасымен жұмыс 4 минут8. Үйге тапсырма Жамбыл Жабаев туралы түсінік айту, «Балаларға» әнін жатқа әндету. 2 минут9Бағалау «3», «4», «5» 2 минутСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Мұғалім: Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.Көтерген көкке төбе тірелгенше,Иеді көпшілікке басын Жамбыл.Саламатсыңдар ма, балалар?!Оқушы: Саламатсыз ба?!Мұғалім: Отырыңдар! Бүгін сыныпта кім жоқ?II. Үй тапсырмасын сұрау:Мұғалім: Өткен сабақты еске түсірейік. Өткен сабақта біз қандай тақырыпты өттік?Оқушы: Біз өткен сабақта «Ақындар айтысын» өттік.Мұғалім: Жарайсың! Кім айтады? Ақын дегеніміз кім?Оқушы: Ақын - поэзиялық туындыларды (өлең, жыр - дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ақын ұғымының жырау, жыршы, өлеңші сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың бәрін қамтиды. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр - дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған. Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарына қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны” деп атайтын болды. Қазақ халқының Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, т. б. ақындары көптеген мұра қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан - жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар тек қазақ халқында ғана емес, туысқан қырғыз, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Бірақ мұндағы ақынның тұлғасы мүлде басқа. Жазба әдебиет өкілдерін алсақ, бұлардың өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі қай жағынан да жаңа, соны қасиет - сипаттар мол. Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан - жақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров сияқты көптеген ақындар өз үлесін қосқан. Сөйтіп, ақын деген сөздің мағынасы өте кең, ол поэзиядағы әр түрлі тарихи кезеңдердегі, әр қилы дарын иелерін қамтиды. Соларды үлкен екі топқа бөліп, жырау, жыршы, термешілерді, өлең - жырды ауызша шығаратын, ауызша (домбырамен) суырып салып айтатын ақпа ақын сөз зергерлерін жинақтап жыршы ақын деп атауға болады. Сонда оларды жазба әдебиетінің өкілі жазушы ақыннан бөліп алып, өз алдына бөлекше шығармашылық тұлға ретінде қарауға мүмкіндік туады. Ауызекі тілде әнші ақындар, айтыскер ақын т. б. деп бөлу де қалыптасқан.Мұғалім: Дұрыс! Ақындар айтысына кімдер қатысады?Оқушы: Ақындар айтысына өлең сөз өнерін шебер меңгерген суырыпсалма, яғни тез арада жауап қайтара білетін ақындар қатысады. Ақындар айтысында «жаттама» өлеңдер аз болады. Айтыс сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ел тарихын, ел жайын білуді керек етеді.Мұғалім: Ақындар айтысу мәнеріне қарай не қолданады?Оқушы: Әрбір ақын айтысу мәнеріне қарай белгілі бір ырғақ немесе әуен қолданады.Мұғалім: Жарайсың! Әсерлі болу үшін ақындар айтысты неніңсүйемелдеуімен орындаған?Оқушы: Әсерлі болу үшін ақындар айтысты домбыраның, баянның не қобыздың сүйемелдеуімен орындаған.Мұғалім: Дұрыс! Қазақ халқының қандай айтыскер ақындары болған?Оқушы: Қазақ халқының Нартай, Жамбыл, Кенен, Базар, Біржан, Әсия, Әселхан, Қонысбай, Баянғали, Әлфия, Абаш, Сара тағы да басқа айтыскер ақындары болған.Мұғалім: Өткен сабақта біз қай ақындардың айтысына толық тоқталып өттік?Оқушы: Өткен сабақта біз Біржан сал мен Сара Тастанбекқызының айтысына толық тоқталып өттік.Мұғалім: Сара Тастанбекқызы туралы не айта аласыңдар?Оқушы: Сара Тастанбекқызы (1878 - 1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман. Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады. Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады. Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған
Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!