Материалдар / "Ер есімі-ел есінде" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ер есімі-ел есінде" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2018
2150
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: “Ер есімі – ер есінде”

Мақсаты:

  1. Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын,халықтың Отансүйгіштік қасиетін,аталарымыз бен әкелеріміздің, апаларымыздың қаһарман ерліктері мен еңбектерін түсіндру.

  2. Отанды сүюге,қорғауға,батырлыққа,ерлікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:суреттер,шарлар,гүлдер,буклет,мәңгілік алау.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Зал ішін мерекеге сай безендіріп,музыка арқылы балаларды сахнаға шығару.

2.Сынып жетекші

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар 1«Ә» сынып оқушыларының «Ер есімі – ел есінде» атты кешіміз соғыс ардагерлеріне, бізге бақытты бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңістің 70 – жылдығына арналады. 1.Самат:Құрметті қонақтар, ұстаздар. Ұлы Жеңістің 70 – жылдық мерей тойына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты кешімізге қош келдіңіздер. 2.Жұпар:Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы Ұлы Отаным басымды иіп бір минут

Есіне алмақ сол күнгі қайғыны. Кеңес одағының батырларына, ардагер ата-апаларымызға басымызды иеміз. 1.Самат: 1941жылы 22- маусым күні халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Алихан:« Баяндама»

Әдеби монтаж: 1.Орал: Бұлт түнеріп аспаннан Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған.

2.Асқат:Ұмтылды сол соғысқа Отан үшін Әлия,Мәншүк сынды жауынгерлер. Елімді жау қолына бермейміз деп, Қиылды қыршынынан қаншама ер. Қорғаған елімізді бар күшімен.

Жауларды қуып шықты жерімізден

Сыйлады бейбітшілік елімізге. 3.Ақниет:Жеңіс оңай келмегені белгілі

Ешқашан да ұмытпайды ел мұны

Үлгі - өнеге - Отансүйгіш жастары. Жаужүрек қыз Әлияның ерлігі. 4.Самат:Мынау батыр Бауыржанның тұлғасы,

Мынау Мәншүк - ұлдан артық қау басы.

Мынау Сұлтан – жау қолқасын суарған

Қайран сарбаз, Октябрьдің құрдасы.

5.Балпық:Мынау біздің – Төлеген Тоқтаров ,

Тар кезеңде қолды бастап жөнелген.

Фашистердің жолбарысын шөктіріп,

Сүйреп шыққан экипажын төбеден. 6.Жанполат: Мынау Қасым Қайсенов қой партизан,

Гранатын кезеп келеді басып паң.

Жау танкісін жалынға орап барады

Сескенбейтін, сыр бермейтін неткен жан.

7.Мерей: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Отаным еркелеймін енді кімге.

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің.

Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

8.Медет: Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр ағалар,

Жаттап алғын балалар.

Болашақты бізге мирас етем деп

Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.

9.Оралхан: Бейбіт күн тыныштық!

Біз үшін тым ыстық.

Тыныштық әнін біз

Шырқайық бәріміз.

Бақытқа жетіп бар адам,

Балалар тыныш ұйықтасын!

10.Жанполат: Қызыл қанмен боялғанда жер жүзі

Қаза тапты қазақтардың ұл-қызы

Төтеп беріп жаудың әрбір оғына,

Азат етіп,тәуелсіздік алғызды.

Есімдері жазулы ғой әрбір бетте,

Ұмтылмас ерліктері әр сәтте

Барлығы да батырлардың арқасы.

Жалауымыз желбіреп тұр күн көкте.

11.Асқат: Жеңістің сыңғырлаған әдемі үні

Құлпырып тұр әсем боп,әрбір гүлі

Қуанышқа кенелген барша халық.

Қуатты болсын мерейлі Жеңіс күні.

12.Мереке:Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп

Жеңіс келді ән болып,

Жеңіс келді алақай

Тоя жейтін нан болып.

13.Мұқтархан:70 жыл ғой міне,Ұлы жеңіске,

Талай батыр кетті бүгін келмеске.

Қанша азаппен өтті талай сол күндер

Ешқашанда ұмытылмайды бәрі есте.

Бейбітшілік ұранымыз,

Достық,бірлік жыр әніміз.

Таңғажайып ұлы таңда.

Тату-тәтті тұрамыз біз!

14.Балпық:Қан майданда куә болып күміс Күн

Соғыс бұлты торлағанда жер үстін

Қанын төгіп бізге ерлер әкелген

70 жылдың тойы келді Жеңістің.

15.Жұпар:Бірлігіміз жарасқан,

Мәңгілік ел-көк аспан,

Елбасымыз Нұрсұлтан,

Бейбітшілік орнатқан,

Бірлігіміз жарасқан,

Бір шаңырық астында,

130-дай елмекен,

Табыламыз әрқашан.

16.Сара:Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырды.

Бейбітшілік болса!

Түрленіп бақша,бағы,

Тірлікте жақсарады,

Бейбітшілік болса!

Үйлер де құлпырады,

Ешкім де жыламайды,

Бейбітшілік болса!

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса!

17.Мадияр:Қанша қиын күн кешкен

Ардагерлер көп елде.

Нұрсұлтандай елбасы,

Басқарып елді келеді.

Бақытты өмір сүреді,

Мәңгілік елім менің де!

Концерттік бағдарлама.

Ән: «Ақ көгершін»

Орындайтын: Дербес Медет

Ән: «Мәншүк»

Орындайтындар:Сағын Мұқтархан, Аманбек Сара.

Би: «Қыздар тобы»



Ән: «Ақ кептерлер»

Орындайтын:Захытхан Алихан.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Қорытындылау.

1«Ә» сынып оқушыларының Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты кешіміз аяқталды.







«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Қ.Абдуллаев

Ашық тәрбие сабақ

Тақырыбы:

«Ер есімі –ел есінде»

Сынып жетекші:Ишанқұлова Рыскүл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!