Материалдар / Ер есімін –ер сақтар.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ер есімін –ер сақтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Тамыз 2018
501
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ер есімін –ер сақтар.

Мақсаты: Отанына адал , елін , жерін сүйетін , патриоттық рухы жоғары, батыр,қайсар, жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету , насихаттау , үйрету .Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым ету.

Көрнекілігі: Ауған соғысы ардагерлері туралы слайд, буклеттер.

Өтетін орны: акт залы.

1-жүргізуші :Қайырлы күн қымбатты, аса қадірменді кешіміздің қонақтары , ұстаздар мен қонақтарІ

2-жүргізуші :Армысыздар ауғандық жауынгерлер

Дауыл көрген , Ауғанның қанын көрген

Алға қарап арманға қол созайық

Аға тауып алқалы қауымды елден .

1-ж. 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс-зұлымдық.Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы , нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі- Ауған соғысы .

2-ж.Батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп , қаһармандық танытқан , өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған , өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету мақсатындағы «Ер есімі – ел есінде » атты Ауған соғысы күніне арналған патриоттық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз !

1-ж.Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспегені анық. Өткен әрбір соғыс мыңдаған , миллиондаған адам шығынын әкеліп , қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.

2-ж.Жанын қиған сен үшін

Тоқта достым, сабыр ет.

Үнсіз тұрып бір минут

Басыңды иіп, тәжім ет.

Осы Ауған соғысында батырлық пен ерлік жасап қаншама жерлестеріміз қаза болды. Ауған жерінде қаза болған интернационалист жауынгерлерімізді еске алуға бір минуттық үнсіздік жариялаймыз.

1-ж.Еске алып құрметтейміз.

Құрбандардың рухын

Қабірлері нұрға толсын

Суық жерде жылынсын.

Есіл ерлер ескерткішке

Айналсаң да біз үшін.

Мәңгі бақи тірісіңдер .

Мәңгі бақи тірісің!

2-ж.Батырлықтың уызына жарыған.

Ер тү ркіні байрағынан таныған .

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған деп Әнұран.(Әнұран шырқалады)

1-ж.10жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып , бұл дүниеде періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғаныстандағы соғыс 9жыл 10айға созылды.

  • Жау дейміз-ау , қолдан жасап жауыңды , саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздатып бауырды, балдай ішкен кеңестің ол сұрапылды дауылды заманы еді.

  • Осындай ауыр аманат арқалап , өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жжерлестеріміздің еңбегі ерен.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!