Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Ереже Қазақ тілі
Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі ереже
Көмекші құрал бастауыш сынып бағдарламасына
сәйкес жазылған. Құрал мектеп оқушыларына арналады. 1 – 4 сыныптарының қазақ тілі оқулығында кездесетін
ереже, емлемелері жинақталды.
Бұл құралды қазақ тілі сабақтарында
жаңа материалмен танысу, өткен материалды
еске түсіру, оқушы біліміндегі кемшіліктерді жойып, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
мақсатында пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
09 Қазан 2023
677
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1.Сөз сөйлем, дыбыс, әріп.
Сөз дыбыстардан құралады.
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
Дыбыстарды айтамыз, естиміз, әріптерді көреміз, жазамыз.
Сөйлем сөздерден құралады.
Сөйлемдегі сөзедер бір-бірінен бөлек жазылады.
Аяқталған ойды білдіреді.
Мысалы: Бидай жайқалып тұр.
Мереке құтты болсын!
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.
Сөйлемнің соңына нүкте қойылады (.,?.!) қойылады.
2. Дауысты дыбыс әріптер:
а,ә,е,о,ү,ұ,ы,і,и,(у),ю,я,ё,э,ө
Дауыссыз дыбыстар әріптер:
б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у),
3. Алфавит.
Қазақ алфавитінде 42 әріп және екі таңба бар.
Алфавитте әріп аты аталып, орын реті белгіленеді.
4. Жуан дауыстылыр: а, о, ы, ұ.
Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, і, ү.
Жұп дауыстылар: а - ә, о – ө, ы – і, ү – ұ.
5.Буын
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады:
мысалы: ат, а –та, ба –ла- лар.
6. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады:
Қозы, лақ, т.б
Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады:
өзен, күрек, т.б
7. й, ң, у екі дауыстының ортасында келсе, екінші буынның
басында айтылады: қа-йық, та –уық, жа –ңа.
8.Тасымал.
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.
Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң жарты сызықша (дефис)
қойылады. Мысалы:қар- лы –ғаш, қарлы- ғаш т.б
9.Тасымалдауға болмайтын сөздер: от, сүт,қант, о –рақ, ө –зен.
10. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, ондағы дауыссыз
дыбыстар да жуан болып айтылады: Дала, домбыра.
11.Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, дауыссыз дыбыстар
да жіңішке болып айтылады: өзен, темір.
12. Зат есім.
Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Зат есімдерге
Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар койылады.
13. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.
Кісінің аты –жөні, жер –су аттары, үй жануарларына қойылатын
аттар бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Серік, Айгүл,
Астана, Шардара, Мойнақ.
14. Етістік.
Заттардың қимылын іс әрекетін білдіретін сөздерді етістік
дейміз. Не істеді? Қайтті? Не қылды? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: өсті, ойнады, сайрады. т.б
15. Сын есім.
Заттың түрін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Оларға
Қандай? Қай? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: тәтті, жақсы,
биік, арзан, т.б
16. Сан есім.
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан
есімдерге Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: бес, алтыншы, жеті, т.б
17. Сөйлем. Хабарлы сөйлем.
Сөйлемдегі сөздер бір –бірімен байланысты болады. Олардың
байланысын сұрақ қойып білеміз.
Сөйлемнің үш түрі бар:
Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем.
18. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді
Хабарлы сөйлем деп айтамыз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте
(.) қойылады.
Мысалы: Оқушылар мектепке келді.
19. Сұраулы сөйлем.
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
Мысалы: Сен сабақтан қалдың ба?
20. Лепті Сөйлем.
Адамның көңіл-күйін , сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем
дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Сөйлем соңына леп
белгісі (!) қойылады.
Мысалы: Алақай, әкем шаңғы әкелді!
Мына гүлдің иісін –ай!
21. Тілмен сөйлесу.
Тіл арқылы адамдар бір-біріне хабар береді, білмегенін
сұрайды, кеңеседі.
22. Сөйлеу
Сөйлеу
Ауызекі
сөйлеу
Жазбаша
сөйлеу
Ауызекі сөйлеу өте ертеде пайда боды.
Олар – біз дыбыстап айтатын немесе құлағымызбен еститін
сөйлемдер.
Сөйлеу қызыметін ауыз атқаратыны белгілі.
Сондықтан сөйлеудің бұл түрін «ауызекі сөйлеу» деп атайды.
Сөйлеуге тіл, тіс, ерін қатысты.
23. Жазбаша сөйлеу
Жазылып берілетін хабарды айтамыз.
Жазу үшін әріпті немесе басқада таңбаларды пайдаланады.
Ертеде тасқа сурет салып білдіретін болған.
Қазір жазуды жол белгілерінен байқауға болады.
24. У дыбысының дауысты болуы.
Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын
келген У дыбысы дауысты болады.
Мысалы: Сурет, жазу.
25. Дауыссыз У.
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын
келген У дыбысы
дауыссыз болады.
Мысалы: Әуе, уақыт, Зәуре, ауылдас, т.б.
26. У әріпінің жазылуы.
Ы, І, әріптеріне аяқталған сөздерге У әрпі қосылса,
Ы, І, әріптері түсіп қалады.
Мысалы: оқы-оқу, тоқы - тоқу, т.б.
27. И әрпінің жазылуы.
И дыбысының алдында Ы, І естілгенімен, олар жазылмайды.
28. Сый, Тый, және бұлардан тараған сөздерде тек ый
жазылады.
Мысалы : Сыйлық, тыйым, сыйды, т.б.
29. Я әріпінің жазылуы.
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен жазуда олардың орнына Я
әріпі жазылады.
Мысалы: Мая, таяқ, Жансая, қоян, т.б.
30. Ю әріпінің жазылуы.
Сөзде йу дыбыстары естілгенмен жазуда олардың орнына ю
әріпі жазылады.
Мысалы: аю, көркею, еңкею.
Сөздегі и әріпінен соң у жазылмайды, ю жазылады.
Мысалы: Кию, қию, жию.
31. Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді:
Үнді: л,м,н,ң,р,й,(у).
Ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з.
Қатаң: қ,к,п,с,т,ф,х,ц,ч,щ,ш.
32.Дауыссыз б мен п.
Сөз соңынды б естілгенімен, п әрпі жазылады.
Мысалы: кітап, доп, қап.
П дыбысынан аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе,
п дыбысы б-ға айналады.
Мысалы: кітап- кітабы, доп- добы.
33. Дауыссыз к мен ғ
Ғ әріпі сөздің соңында жазылмайды.
Қ –ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, Қ дыбысы
Ғ- ға айналады.
Мысалы: қабақ – қабағы, атақ – атағы.
34. Дауыссыз к мен г
Сөз соңында к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г –ге
айналады.
Мысалы: елек – елегі, бүйрек –бүйрегі.
35. дауыссыз л мен р
Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен
олар жазылмайды.
Мысалы: лақ, рет, рас, лай, т.б
36. Дауыссыз н мен ң
Ң әріпі сөз басында келмейді. Ң әріпін н әріпімен шатастырып ала
береді. Мысалы: үңгір, жауынгер, шаңғы
37.Мәтін
Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп
сөйлемнен құралады.
Мәтінге ат қоюуға болады.
Мәтін түрлері:
1. Әңгімелеу (не істеді?)
2. Сипаттау (қандай?)
3 . Пайымдау (неліктен? )
38. Сөз құрамы. Түбір мен қосымша.
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз
дейміз.
Мысалы: көк, күріш, т.б.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.
Мысалы: көкшіл, күріштің.
39. Жұрнақ пен жалғау.
Қосымша жұрнақ, жалғау болып бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.
Мысалы: жұмыс - жұмысшы, ойын - ойыншық.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Мысалы: жұмыс -жұмыста, ойын - ойынға.
40. Түбірге жұрнақ та жалғау да жалғана береді.
Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады.
Мысалы: күріш-ші-ге, жыр-шы-лар.
41. Туынды сөз.
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды
сөз дейміз. Мысалы: Ерулік, татулық, ақылды.
42. Түбірлес сөздер.
Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай
сөздерді түбірлес сөздер деп аталады.
Мысалы: ойын, ойыншық, ойна.
Су, сусын, сулық, сушы, т.б.
43. Қосымша жалғағанда кейбір түбір сөздердің жазылуы
өзгереді. Мысалы: доп-добы, халық- халқы, сеп-сеуіп.
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын
қосымшалар да жуан болады.
Мысалы: жұмысшы-да.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын
қосымшалар
да жіңішке болады.
Мысалы: Суретш-ші-лер.
44. Э дыбысы – дауысты дыбыс: Эфир
45. В дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында
келе береді.
Мысалы: вокзал, автобус, паравоз.
46. Ф дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс.
Ол сөздің барлық буынында келе береді.
Мысалы: фабрика, телефон, телеграф.
47. Ч, Щ дыбыстары – қатаң дауыссыз дыбыстар.
48. Ц дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс.
49. Х, Һ дыбыстары – қатаң дауыссыз дыбыстар.
50. Сөйлем мүшелері.
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған
толық мағаналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
Кім? Немен? Не істеді? Мысалы: Айдын бормен жазды.
51. Бастауыш. (Тұрлаулы мүше)
Кім? Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі
мүшесін бастауыш дейміз. Мысалы: Сәуле тоқыды.
52. Баяндауыш. (Тұрлаулы мүше)
Бастауыштың ісін қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш
дейміз. Баяндауышқа не істеді? не қылды? Қайтті? деген
сұрақтарға қойылады. Мысалы: Сара жазды.
53. Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалса
бастауыштан кейін (-) қойылады. Мысалы: Әмір- күйші,
Алматы –сәулетті қала.
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дейміз.
54. Тұрлаусыз мүшелер.
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем
мүшелерін, тұрлаусыз мүшелер дейміз.
Оларға: қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? т.б.
сұрақтар қойылады.
55. Сөйлем мүшелері маңынасына қарай өзара байланысып
айтылады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы
анықтаймыз.
56. Жалаң және жайылма сөйлем.
Жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң
сөйлем дейміз. Мысалы: Әсет оқыды.
Тұралаулы мүшелерден басқа тұралаусыз мүшелері де бар
сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Мысалы: Әсет жақсы оқыды.
57. Қаратпа сөз.
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер
болады. Ондай сөздерді қаратпа сөз дейді.
Мысалы: -Ия, балам, оқып жүрсің бе?
58. Сөз таптары: Зат есім. Етістік, Сын есім, Сан
есім, Есімдік, Үстеу, Шылау, Одағай.
59. Зат есім: Негізгі және туынды зат есім.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.
Мысалы: Ана, жер, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді
туынды зат есім дейміз. Мысалы: Іскер, байлық, кезекші, т.б.
60. Жалқы есім.
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға
қойылған аттаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есім әр
уақытта бас әріппен жазылады.
Мысалы: Сәуле, Асқар, Шымкент, Көксерек.
61. Жалпы есім.
Жалқы есімнен басқа зат есімдер жалпы есім болады. Олар
кіші әріппен жазылады.
Мысалы: қазан, гүл, ұста, үстел, т.б.
62. Зат есімнің тәуелденуі.
Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік
жалғаулары дейміз.
Тәуелдік жалғаулары үш жақта жекеше және көпше түрде
айтылады.
Жекеше
көпше
Менің дәптерім
Біздің дәптеріміз
Сенің дәптерің
Сендердің дәптерлерің
Сіздің дәптеріңіз
Сіздердің дәптерлеріңіз
Оның дәптері
олардың дәптерлері
63. Зат есімнің септелуі.
Сөйлемдегі сөздерді бір –бірімен байланыстыру үшін жалғанатын
жалғауларды септік жалғаулары деп аталады.
Қазақ тілінде 7 септік бар:
Атау септік
Кім?
Не?
ұста.
Ілік септік
Кімнің ? Ненің?
ұстаның
Барыс септік
Кімге?
Неге?
ұстаға
Табыс септік
Кімді?
Нені?
ұстаны
Жатыс септік
Кімде?
Неде?
ұстада
Шығыс септік
Кімнен? Неден?
ұстадан
Көмектес септік Кіммен? Немен?
ұстамен
64. Зат есімнің жіктелуі.
Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда оған І, ІІ жақта
жіктік жалғанады.
Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне
байланысты жекеше, көпше, түрде жалғанады.
Жекеше:
Көпше.
І-жақ бишімін
бишіміз
ІІ-жақ бишісің
бишісіңдер
ІІІ- жақ биші
биші
65. Етістік. Негізгі және туынды етістік.
Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз:
Мысалы: оқы, көр, т. б.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті
туынды етістік дейміз.
Мысалы: шегеле, ақылдас, өрнекте, сабында, т. б.
66. Болымды және болымсыз етістік.
Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді.
Болымды етістік: сөйле, сыз, жүр, т.б
Болымсыз етістік: сөйлеме, сызба, жүрме, т.б
67. Дара және күрделі етістік.
Етістіктің дара етістігі бір сөзден тұрады.
Мысалы: келді, оқыды, барды.
Күрделі етістік екі-үш сөзден құралады.
Мысалы: оқып отыр, келе жатыр.
68. Етістіктің жіктелуі.
Етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі
дейміз.
Мен оқыдым
Біз оқимыз
Сен оқыдың
Сендер оқисыңдар
Ол оқыды
Олар оқиды
69. Етістіктің шақтары.
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін (уақтын) білдіреді.
Соған орай етістіктің үш шағы болады.
Осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Осы шақ:
Ойлап отырмын.
Өткен шақ: Ауылға келді.
Келер шақ: Ол көмектеседі.
70.Сын есім. Негізгі және туынды сын есім.
Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз.
Мысалы: Әдемі, таза.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім туынды
сын есім дейміз.
Мысалы: өнерлі, күшті,ақылды,үлгілі, сөйлегіш т.б.
71. Қарсы мәндес сын есім.
Мағаналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын
есім дейміз.
Мысалы: қалың-жұқа, ақ-қара, биік-аласа, жуан-жіңішке т.б.
72. Дара және күрделі сын есім.
Дара сын есім бір сөздер тұрады. Мысалы: көк, сұйық, т.б.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады:
Мысалы: ақ сары, қара ала, қара сұр, т.б.
Күрделі сын есінің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек
жазылады.
73. Сан есім. Есептік және реттік сан есім.
Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді
есептік сан есім дейміз.
Мысалы: Екі, үш, жеті т.б.
Нешінші? Сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан
есім дейміз.
74. Дара және күрделі сан есім.
Дара сан есім бір сөзден болады.
Мысалы: елу, жүз, мың, екі, т.б.
Күрделі сан есім екі немесе оданда көп сөзден болады.
Мысалы: елу тоғыз, жетпіс жеті, жиырма бес, он екі, т.б.
75. Буын үндестігі.
Сөздегі дауысты дыбыстар бірыңғай жуан не бірыңғай
жіңішке болып келеді. Оның себебі қосымшалар түбір сөздің
соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай үндесіп
жалғасады.
Мысалы: карандаш – тар - ды. Сіңлі –лер - ім.
76. Дыбыс үндестігі.
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп
айтылуын дыбыс үндестігі деп атайды
Мысалы: ертеңгіні, үлкендерден, қайықтарға, т.б.
77. Сөз тіркесі.
Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан
да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз.
Мысалы: жасыл жайлау, көк аспан.
78. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем.
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай
сөйлем дейміз.
Мысалы: Сабақ басталды. Қар жауды.
Екі немесе одан да көп сөйлемнен құралған сөйлемді
құрмалас сөйлем дейміз.
Мысалға: Мен сыртқа шықсам, Айнұр күтіп тұр екен.
Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің арасына үтір, қос
нүкте қойылады.
79.Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.
Сөйлем мүшесі дара сөзден де күрделі сөзден де жасала
береді. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің дара
мүшесі дейміз. Мысалы: Шығыстан жел соқты.
Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін
сөйлемнің күрделі мүшесі дейміз.
Мысалы: Шығыстан жел соға бастады.
80. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған
сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады.
Мысалы: Дүкеннен нан, шай,май, кәмпит әкелді.
81. Қыстырма сөз.
Өздері сөйлем мүшесі болмайтын,бірақ сөйлемде айтылған
ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер
болады. Ондай сөздерді қыстырма сөздер дейді.
Мысалы: Әйтеуір кешікпесеңдер болды.
Қыстырма сөздер бір сөзден де бірнеше сөзден де жасала
береді.
Мысалы: бәсе,сірә, әуелі,т.б.
Амал қанша, өкінішке орай т.б.
Ұмытып барады екен, неге екенін кім білсін.т.б
82.Күрделі сөздер.
Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз
дейміз. Мысалы: Сарыарқа, бозторғай, ауыл-аймақ, темір жол,
көлбақа, Нүргүл, т.б
83.Біріккен сөздер.
Кейбір сөздер екі түбірден құралады. Екі түбірден жасалған
сөздерді біріккен сөз деп атайды.
Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
Мысалы: көкқұтан, итмұрын, Алатау, Айдос.
84.Қос сөздер. Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы
жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің
арасына дефис (-) қойылады: қора-қора, бүгін-ертең, әке- шеше,
ар-ұят.т.б.
85. Қысқартылған сөздер.
Бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылады: АҚШ,
КХР, педкеңес, кг, см, т.б. бұларды қысқарған сөздер дейді.
86. Есімдік
Зат есім , сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді
есімдік дейміз.
Есімдіктер: мен, сен, біз, ол, өзі, сол, кім, ешкім, әркім, ешқашан,
әрқайсысы,т.б
87. Жіктеу есімдігі.
Мен, біз, сіз, ол сөздерді жіктеу есімдіктері деп аталады. Олар
жіктеледі, септеледі.
88. жіктеу есімдігінің септелуі.
А. Ол
біз
мен
І. Оның
біздің
менің
Б. Оған
бізге
маған
Т. Оны
бізді
мені
Ж. Онда
бізде
менде
Ш. Одан
бізден
менен
К. Онымен
бізбен
менімен т.б
89. Үстеу
Іс – әрекеттің мезгілін,мекенін, сын-қимылын білдіретін
сөз табын үстеу дейміз.
Үстеулер Қашан? Қайда? Қалай? деген сұрақтарға жауап береді
Кемел кітапты тез оқиды. Алмас қазір келеді.
Қашан?Сұрағына мезгіл үстеулер жауап береді.
Мысал: Қазір барамын,ертең келеді.
Қайда? Сұрағына мекен үстеулер жауап береді.
Мысалы: жоғары,ілгері,артта,алға,т.б.
Қалай? Сұрағына сын-қимыл үстеулер жауап береді.
Мысалы: тез оқиды, ақырын сөйлейді, әрең ашты,лезде, кенет,
жылдам,т.б.
90. Шылау
Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз.
Шылаулар: мен (бен,пен,және да (де), та (те), ма (ме), ба (бе), па
(пе) дейін, шейін, қана,қой, ғой, үшін, туралы, ақ.
91. Шылау тұлғалас қосымшалар.
Қосымша сөзбен бірге жазылады, шылау бөлек жазылады. Су жоқ
–су да жоқ. Сапар мен Сәрсен сөйлесті – Сапар Сәрсенмен
сөйлесті.
92. Одағай.
Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңілкүйін білдіретін сөзді одағай дейміз.
Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді,
сөйлем мүшесі болмайды: бәрекелді, бұл бала жырды жақсы
оқиды екен.
Одағайлар: алақай, бәсе, пай –пай, шіркін, оһо, пәлі, әттең,
мәссаған, айналайын –ай т.б.
Түркістан облысы
Келес ауданы
Абай ауылы
Көмекші құрал бастауыш сынып бағдарламасына
сәйкес жазылған. Құрал мектеп оқушыларына арналады.
1 – 4 сыныптарының қазақ тілі оқулығында кездесетін
ереже, емлемелері жинақталды.
Бұл құралды қазақ тілі сабақтарында
жаңа материалмен танысу, өткен материалды
еске түсіру, оқушы біліміндегі кемшіліктерді жойып,
өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
мақсатында пайдалануға болады.
Шығармашылық жұмыс
_________________________________________________________

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)