Материалдар / Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін жұмыстарының психологиялық ерекшеліктері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін жұмыстарының психологиялық ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми- әдістемелік дамуына көп көңіл бөлінуде.Инклюзивтік білім берудегі педагогтік құзіреттілік оқыту мен тәрбие үрдісінде балаға қайтіп, қалай көмек беру жолдарын білу. Инклюзивтік білім беруде балаға деген педагогикалық ықпалдың позитивтік мүмкіндігі , ол дер кезінде жоғарыда айтылған эмоциялық дағдарыстағы баланы байқап, көру болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2022
586
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін жұмыстарының психологиялық ерекшеліктері.

Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми- әдістемелік дамуына көп көңіл бөлінуде.Инклюзивтік білім берудегі педагогтік құзіреттілік оқыту мен тәрбие үрдісінде балаға қайтіп, қалай көмек беру жолдарын білу. Инклюзивтік білім беруде балаға деген педагогикалық ықпалдың позитивтік мүмкіндігі , ол дер кезінде жоғарыда айтылған эмоциялық дағдарыстағы баланы байқап, көру болып табылады.

Қазіргі демократиялық қоғамда әр адамның өзін өзі дамытуға, осы қоғамда айқындалуына, қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен айналысуға таңдау бостандығы бар,өмірін толыққанды етуге, былайша айтқанда өз тағдырына қатысты субъект болып, өмірін мағыналы етуге құқылы. Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткенұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде ерекше білімді қажет ететін балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады»,-делінген Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауында. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған білім беру қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді.

Психологиялық, педагогикалық түзету кабинеті өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, « Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын», Қазақстан Республикасының білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырып келеді.

Нақты оқу үдерісінде аталған тенденциялар маманның әрбір баланы қамтамасыз етуге міндетті психологиялық жайлы жағдайды құрудан және білім беру сапасын жоғарылатудан байқалуға тиісті. Кабинетке келіп түзету алатын балалардың ауруының түріне қарай түзету бағдарламасын кабинеттің әр маманы жасап, оқу жылының аяғында қорытынды нәтижесін жасап шығарады.

Кабинеттің әдіскері мамандар өткізетін түзету сабақтарының кестесін шығарып, әр маманның күнделікті түзету сабақтарының жоспарын бекітіп, ұсыныстарын жасап, балалармен өтетін түзету сабағының тиімді болуына, түзетуіне және балалардың ой-өрісінің дамуына бағыттап отырады. Кабинет мамандарымен өткізілген педагогикалық кеңестерде түзету сабағын өткізген кезде мамандардың жаңа технологияға көңіл бөлуіне баса назар аудару керектегін айтып, балаларды түзету кезінде өзіне-өзі қызмет ететін жағдайға жеткізуге жәрдемдесу және оларды еңбекке баулудың кәсіпкерлікке бейімдеудің қажеттілігі бірінші тұратыны ескертілуі және оның орындалуы талап етіледі. Балаларды түзету кезінде жалпы және ұсақ моторикамен жұмысты міндетті түрде мамандардың естен шығармауы үнемі қадағаланады.

Әрбір балаға жеке дамыту бағдарламасы баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып кешенді зерттеуден кейін төмендегідей мақсат пен міндеттерді жүзеге асыра отырып жасалады.

Міндеттері: баланы кешенді зерттеу (медициналық-психологиялық-педагогикалық) және дамыту жеке бағдарламасын құрастыру;
Зияты бұзылған балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып мектепке дайындау
Коррекциялық жұмыс баланың дамуында екіншіреттік ауытқуларды алдын алу және жоюға бағытталған болады.
Зияты бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу типтік арнайы бағдарламасымен жұмыс жасаймыз. Бұл бағдарлама 
арнайы мектеп жасына дейінгі білім берудің негізгі мақсатын жүзеге асыруға бағыталған. Ол дегеніміз, зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік дамуына эмоционалды жағдай жасап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Арнайы мектеп жасына дейінгі білім берудің міндеттері: түзете- дамыту үрдісін ұйымдастыру, танымдық үрдістердің дамуы үшін екіншілік ауытқушылықтардың алдын алу; қоршаған ортамен өзара байланысуды меңгеру жолдарын қалыптастыру; баланың жасына сай бала әрекетінің барлық түрлерін қалыптастыру; зияты зақымдалған әр баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып мектепке оқытуға дайындау.

Мектеп жасына дейінгі түзету педагогикасының негізгі қағидалары

  • Генетикалық (онтогенетикалық)

  • Дамыта оқыту

  • Дамудағы ауытқулықтарды түзету мен диагностикалаудың бірігіп жүру

  • Біріншілік және екіншілік ауытқулықтардың ара қатынастығын ескеру

  • Түзету және орынбасу (компенсация)

  • Баланың психикалық үрдістері мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тұлға болып дамытуда негізгі әрекетін ескеру қағидасы.


Бағдарлама зияты зақымдалған балалардың моторлы, 
сенсорлы, ақыл ойдың, сөйлеу тілінің, эмоциясының және әлеуметтік тұлғалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін, негізгі әрекетінің сипатын, қатынас түрлерін ескере отырып құрастырылған.

Түзетушілік-педагогикалық үрдіс білімнің келесі аймақтарымен жүзеге асырылады:

  • Денсаулық”

  • әлеумет”

  • Таным”

  • Қатынас”

  • Шығармашылық”

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете –дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар.

Балаларға ерте жастан түзете –дамыту көмегін көрсету үдерісінің мазмұны мынадай іс-шаралардан тұрады:

-баланың психофизикалық даму деңгейін кешенді әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету көмегінің бағыттарын анықтау мақсатында пәнаралық бағалау;

-жеке дамыту бағдарламасын құру;

-жеке дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;

-ата –аналарды баланың дамуын бағалау мен бақылауға үйрету,үй жағдайында дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтарды ұйымдастыруды үйрету;

-ата-аналарға әлеуметтік –психологиялық қолдау көрсету, мүмкіндіктері шектеулі балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілденген әлеуметтік қолдаулар туралы және мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру;

-жеке түзете –дамыту бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жасау (ата-анамен бірлесіп).

Түзете дамыту үдерісінің негізгі құралдары ретінде мынадай материалдар қолданады.

  1. Баланың психофизикалық даму деңгейін бақылау арқылы анықтау үшін ата-аналарға арналған сауалнама.

  2. Баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан тексеру кестелері (топтық бағалау)

  3. Баланың ойын әрекеті барысындағы мінез-құлқын бақылауға арналған кестелер.

  4. Жеке дамыту бағдарламасының барлық бөлімдеріне арналған анықтамалық –әдістемелік материалдар.


Түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырушы топ мамандары әр түрлі көмекші компенсаторлы –техникалық құрал –жабдықтарды, арнайы құралдар мен психофизикалық даму деңгейін бағалауға арналған компьютерлік бағдарламаларды қолданады.

Жеке дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады: «Әлеуметтік –психологиялық қолдау», « Түзете -дамыта оқыту» .Жеке дамыту бағдарламасын құрып, жүзеге асыру барысына жетекші маман педагог –дефектолог немесе психолог жауапты болып табылады.

Әр бөлім төрт кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер жеке дамыту бағдарламасының бланкісінде тіркеледі.

  1. Баланың даму жағдайы мен ерекшеліктері және қажеттіліктерін анықтау.

  2. Түзете –дамыту көмегін көрсету.

  3. Түзете –дамыту көмегін жоспарлау.

  4. Түзете –дамыту көмегінің тиімділігіне мониторинг жасау.


Баланың дамуын бақылау нәтижелері, түзете –дамыту жұмыстарының тиімділігі мен дұрыстығын бағалау және әлеуметтік құқықтық кепілдемелері мен тиесілі қызмет түрін алу барысы үш немесе алты айда (бала аңғарымына байланысты) тіркеліп отырады. Мамандар жұмыс нәтижелерін «жеке дамыту бағдарламасының тиімділігі» деген бөлімге жазып отырады.

Ата –аналарды оқыту топ мамандарының міндеті болып табылады. Ата –аналарға баланың дамуын бағалау мен бақылау туралы, бала күтіміне байланысты және қажетті құрал –жабдықтар мен ойыншықтарды қолдану туралы,үй жағдайында сабақтар өткізуге қатысты және т.б кеңестар беріледі. Ата –аналарды оқыту (кеңес беру, тренингтер, дәрістер) мамандардың оқыту жоспарына отбасына қолдау көрсету ретінде енгізіледі. Ата –аналармен жұмыс жоспарына ЖДБ –ның барлық тарауларына жататын « Ата –аналарға кеңес беру» тарауы жатады.

Түзету кабинетінде даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап қана қоймай, мектеппен байланыста болып ынтымақтаса тәжірибе алмасып отырамыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!