Материалдар / Ерекше білім берулі қажет ететін балалардың сөйлеу тілін дамытуда инновациялық технологияны қолдану Сексенбаева А.Т.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ерекше білім берулі қажет ететін балалардың сөйлеу тілін дамытуда инновациялық технологияны қолдану Сексенбаева А.Т.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен дамыту жұмыстарын жүргізетін барлық педагогтарға арналады. Инновациялық технологиялардың тиімділігі көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
661
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерекше білім берулі қажет ететін балалардың сөйлеу тілін дамытуда инновациялық технологияны қолдану

Сексенбаева А.Т.


Зерттеудің өзектілігі: ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балаларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнынын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Сондықтан балалардың ішінде ерекше категориялы балаларға білім берудің формаларын, әдіс – тәсілдерін жетілдіру аса қажет.

Қазіргі таңда еліміздегі оқу – тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде,балалармен тәрбие жұмысын дамыту мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық – адамгершілік қасиеті мол, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Зерттеу мақсаты: заманауи дәстүрге сай ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалардың сөйлеу тілін инновациялық технология арқылы дамыту.

Зерттеу нысаны: ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалар.

Зерттеу пәні: ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалардың сөйлеу тілін дамыту ерекшелігі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалардың сөйлеу тілін инновациялық технология арқылы дамытсақ, болашақта баланың ойын еркін жеткізуіне, жеңіл тіл табысуына қол жеткіземіз.

Зерттеудің міндеттері:

- Есті бұзылысының қалыптасу себептері, түрлері және ерекшеліктерімен танысу;

- Ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалардың сөйлеу тілін дамытуда шетелдік және отандық ғалымдардың жұмыстарын талдау;

- Қазіргі кездегі есті қабілеті зақымданған балалардың сөйлеу тілінің дәрежесін анықтау;

- Ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалардың сөйлеу тілін дамытуда заманауи технологияның тиімділігін анықтау және оларды талдау.

Медициналық зерттеулердің қорытындылары бойынша, қазіргі кездегі ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалар санының дәрежесі өсіп келеді. (шамамен, 1000 адамның ішінен 16-17 жағдай), сондықтан осы балалардың бейімделуін жетілдіру қоғамда үнемі өзекті мәселе болып табылады. Есту бұзылысы бар балаларды оқыту өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда жалпы инвалидттық ішінен кереңдік бойынша инвалидттық 9% құрайды [1].

Сөйлеу тілінің фонетикалық жағындағы дыбыстардың айтылуында буындық құрамы әр түрлі сөздерді қайталаула толып жатқан қателер жіберіледі және артық дыбыстармен толтырылады. Есту қабілеті нашар балалар фонетикасы жағынан ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді айтылуында жиі шатастырады.

Бұл жерде кемістіктерінің ерекшеліктері төмендегідей болып бөлінеді:

а) ұянды қатаң, ысқырықты ызың, жуанды, жіңішке дыбыстармен шатастырады;

б) бір дыбысты екіншісімен алмастыратыны жиі кездеседі, мысалы с-з, т-д және тағы басқалары;

в) ұяңдалып айтылу ақаулығы; жіңішкеріп айтылу ақаулығы;

г) аффрикатты дыбыстардың кеш қалыптасуына байланысты дыбыстар құрамындағы біреуінің жоқ болуы;

д) шатастырылып айтылатын дыбыстар.

Мұнымен қатар есту қабілеті нашар балалар сқйлеу тілі мүшелеріндегі күрделі дыбыстардың айтылуын меңгере алмайды /р, л, ч, ц, ж. т, б/.

Сөйлеу тіліндегі жалпы көмескілік және дауыс ырғағының ажарсыздығы нашар еститіндерге тән қасиет. Бұндай балалардың дауысы күңгірт және үні әлсіз. Сөйлеу тілінің шапшаңдығы баяу болады.

Ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балаларда сөйлеу тілінің дамымауы екі түрде қарастыруға болады: есту қабілеті зақымымен байланысты және байланыссыз. Екінші түріне, мысалы, кекештеніді, дизартрияны, ашық және жабық турдегі органикалық ринолалияны, сонымен қатар, моторлы дислалия және де оптикалық дисграфи мен диселксияны. ЕҚЗБ-дағы қалыпты есту қабілеті бар балалардағындай бұл түрдегі патологияларға түзету әдістерін қолдана отырып, жоюға болады.

Ал ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балаларда сөйлеу тілінің дамымауы түрлі деңгейде кездеседі. Алайда, жалпылай айтатын болсақ, ерекше білім берулі қажет ететін балалардың баланың есту арқылы қабылдауы шектеулі мүмкіндігіне байланысты сөйлеу тілінің барлық жақтары дамымайды. Олар қоршаған ортадағы адамдардың сөйлеу тілін түсінбегендіктен, өздерінің ауызекі сөйлеу тілі де бұзылады (дыбыстардың айтылуы, сөздік қоры, грамматикалық жағы).

Бұл теория түсінікті, себебі балалардың сөйлеу тілі еліктеу арқылы дамиды, ал егер, есту мүмкін емес дыбыстарға бала еліктей алмайды.

Енді ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалардың сөйлеу тілінің барлық жақтарын қарастырып көрейік.

Бұл түрдегі балалардың сөйлеу тілді түсінбеуі (импрессивті сөйлеуі) оны қабылдай алмауымен түсіндіріледі. Алдымен сөзді түсіну үшін, оны қабылдау керек, яғни біріншіден, оны дұрыс есту керек, ал егер есту қабілеті төмен болса, онда оны түсіну мүмкін емес. Ерекше білім берулі қажет ететін балалардың бала төмен жиіліктегі дыбыстарды тіптен қабылдамайды, сол себепті кейбір дыбыстарды ажырата алмайды. Жоғары жиіліктегі «с» және «ц» дыбыстарын тіпті бірінші дәрежелі ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалардың 84 % дұрыс ажырата алмайды. Яғни, бұл олардың есту арқылы қабылдай алмайтындығын білдіреді, сонымен қатар осы дыбыстар кездесетін сөздерді де түсінуі қиындатылады. Алайда есту қабілеті төмен балалар бірнеше дыбыстарды ажырата алмайды. Сонда олар қалайша басқа адамдардың сөздерін түсінеді?

Дыбыстарды дұрыс қабылдау үшін келесі әдістер әсер етуі мүмкін.

Алдымен, әңгімелесудегі нақты жағдаяттарды алайық. Мысал келтіретін болсақ, «п» және «б» айтылу жағынан ұқсас әріптерді есту қабілеті төмен бала әңгімелесу кезінде «біл» сөзін «піл» сөзінен ажырата алмауы мүмкін. Алайда әңгіме тақырыбына байланысты ғана бала оның нақты қандай сөз екенін біледі.

Екіншіден, көршілес тұрған тіркестегі сөзге байланысты ажырату. Мысалы «қас» және «қаз», тіркесті сөз арқылы ажыратуы мүмкін, «адамның қасы», «қаз ұшып келеді».

Үшіншіден, тіркестерді лексикалық жағынан ажырату. Мысалы, «мама» және «папа» деген сөздерді бала шатаспайтындай, түсіндіру үшін «ана», «әке» деп айту арқылы дұрыс қабылдауына бағыттай аламыз.

Төртіншіден, көру арқылы қабылдау сөзді түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, бұл жерде «с» мен «ш», «з» мен «ж», «п» мен «т» және «б» мен «д» сияқты дыбыстар туралы атйып тұрмыз. Мұнда артикуляциялық дыбыстар ЕҚТБ-дың көру арқылы қабылдауының көмегімен түсінуіне көмектеседі. Мысалы, «дау» мен «бау», «папа» және «тата», «саян» және «шаян», «бала» ж»не «дала», т.б.

Бұл сөйлеу тілін қабылдау әдістермен ЕҚТБ қиын шарттар да қолданады (мысалы, телефонмен сөйлескенде немесе қатты шулы жерде). Алайда , сөзді толықтай дұрыс түсіну үшін грамматикалық жағынан сауатты және сөздік қорының деңгейі жеткілікті дәрежеде болу керек. ЕҚТБ сөйлеу тілін түсіну олардың есту қабілетін толықтай компенсациялауына әкелмейді, бірақ лексико-грамматикалық жағын дамыту сөйлеу тілін анағұрлым түсінуіне әкеледі.

ЕҚЗБ сөздік қорының деңгейі әртүрлі және өзіндік ерекшеліктері болады. Олардың ең бастыларын атап өтсек:

  • Сөздік қорының аздығы. Есту қабілетінің зақымының белгілі бір деңгейінде бала сөздерді және олардың мағыналарын өз бетімен меңгере алмайды (егер де баламен қандай да бір арнайы жұмыс жүргізілмеген жағдайында).

  • Сөздің анықсыздығынан бала өзінің қолданатын сөздердің мағынасының түсініксіздігі. Мысалы, бала сөз таптарын ажырата алмау себебінен сөзді басқа сөзбен алмастыруы мүмкін («біл» мен «піл»). Яғни, бала сөздің дыбыстарын түсінбегендіктен, сөздерді ауыстырады.

  • Дыбысталуы жағынан бірдей сөздерді ауыстыруы да сөйлеу тілін түсінуге әсерін тигізеді. ЕҚТБ жиі кездерде сөздердегі буындар санын дәл түсінбеуі мүмкін. Мысалы, сағыз- саз, барады-барды, нан- аң, қазан- қан.

  • ЕҚЗБ сөздің дыбыстарын сөздің мағынасы өзгеретіндей алмастыруы мүмкін. Сөздің анық естілмеуіне байланысты ЕҚЗБ сөздегі екпін қай дыбысқа түсетінін ажырата алмайтындығынан басқа сөзге алмастырады. Яғни, бұл кезде буындарды нақты айту қажет.

  • Кейбір сөздерде екі немесе үш дауыссыз кездескен кезде, бала ол сөзді айтқанда, кейбір дыбыстары түсіп қалуы мүмкін (жұмыртқа-жұмытқа- жұтқа).

  • Акустикалық жағынан ұқсас дыбыстарды алмастыру, бұл кезде сөздің мағынасы өзгереді («дала» мен «бала», «ауа» және «ала»).

Сөздің дыбыстық құрамын жеткілікті меңгерген бала жазуында сөздің тек екпін түсетін буынын ғана жиі қайталайды, ал кейде сөзді танымастай етіп өзгертіп жібереді /«дырна» - қырман/. Сөздік қорының кедейлігі және тілдің грамматикалық құрлысын жеткілікті меңгермеуі оқығанын шала түсінуіне себеп болады.

ҚР білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қоғамның даму деңгейінің жоғарылауы білім беру сапасын арттыруға тікелей қатысты [2].

Ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалардың сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым баланың жан-жақты даму деңгейі жоғарылай түседі. Қазіргі кезде тіл дамытуға арналған көптеген әдіс-тәсілдер және сол әдістерді қолданатын мамандар саны да жеткілікті. Алайда бұл жұмыстар баланың толықтай сөйлеу тілін меңгеруге жеткіліксіз. Сол себепті қазіргі заманға сай жаңа технологияларды да қолдану қажеттігі туындап отыр.

Қазіргі заман әлеуметтік желілердің адамзат әлемін билеп алған заман деуге де болады. Қазіргі кезде бәрі әлеуметтік желілерсіз өмір сүру мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Бұл заман талабы.
Бізге қазіргі керегі- балалардың оқып, білім алуы. Сондықтан ең керекті, тиімді әлеуметтік желілердің көбейгені жақсы.

Әлеуметтік желілердің ерекше білім берулі қажет ететін балалардың балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін пайдасы болатындай белгілі бір бағдарлама құру қажеттігі туындайды. Осы мақсатты көздей отырып, біз қоғам талабына сай бағдарлама құрғалы отырмыз.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясында мақсат етіп алып отырған Қазақстанның дамыған 50 елдер қатарына кіріп, бәсекеге қабілетті ел болуы үшін келешекте дені сау, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу қазіргі педагогтардың үлкен парызы [3].

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2050» «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға кіріктіру мәселелеріне қарастыру қажет екені көрсетілген. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз ортамен қамтамасыз ету қажет. Мүмкіндігі шектелген азаматтарға көмек беру- өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Назарова Л.П. Системная характеристика роли слуха как основы моделирования специальной дидактической системы // Известия Российского государственного педагогического университета им. А.И. Герцена. – 2005. - №12/том 5.

2 Қазақстан Республикасының білім беруді дамытутудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы. - Астана, 2010.

3 Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».- Алматы: Дәуір, 1997.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!