Материалдар / Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру жұмыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру жұмыстары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2024
412
7 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1













ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ



















Тараз қаласы 2024 ж



Мазмұны

Аңдатпа

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1 Инклюзивті білім беру ұғымы, саясаты, әдіснамасы және заңнамалық базасы

2.2 Бағдарлама және олармен жұмыс істеу нысандары есептелген нысаналы топтар

2.3 Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті (кіріктіре) білім беруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

2.4Инклюзивті сыныпта оқитын оқушыларға берілетін тапсырма түрлері

2.5 Инклюзивті оқушыларға арналған психологиялық ойындар

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер






























Аңдатпа

Жобадаерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру жұмыстарының маңызы жайлы қарастырылған.Инклюзивті білім берудің мән-мағынасы, мазмұны, ұстанымдары ашылады. Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту, дамыту мен қалыптастыру жолдары қарастырылады. 


Аннотация

Проектом предусмотрено значение работы по социализации детей с особыми образовательными потребностями. Раскрываются смысл, содержание, принципы инклюзивного образования. Рассматриваются пути обучения, развития и формирования детей с особыми образовательными потребностями.



Annotation

The project discusses the importance of work on the socialization of children with special educational needs. The essence, content, and principles of inclusive education are revealed. Ways of teaching, developing and forming children with special educational needs are considered.





















Кіріспе


Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес даму жолы қоғам өмірінің барлық саласын елеулі өзгерістерге әкелуде. Қазіргі қоғам дамуының қажеттілігіне сай егеменді еліміздің алдында тұрған басым міндеттердің бірі-арнаулы білім беру мазмұны бойынша білім алатын ерекше қажеттіліктері бар тұлғаға педагогикалық көмек көрсетудің тиімді жолдарын ұйымдастыру. Бұл өзекті мәселенің мазмұны мен міндеттері, дамыту жетістіктері отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып анықталады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050 жыл бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелері мен білікті мамандар ұсыну»- деп атап көрсеткен. Білім беру саласындағы шешімі толық табылмаған мәселенің бірі-инклюзивті білім беру.

Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасының шеңберінде шешімін табуы қажет.

Елімізде кейінгі жылдарда даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қатары өсіп отырғандығын ҚР Білім және ғылым министірлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің мына төмендегі статистикалық мәліметтерінен байқауға болады. Мысалы: «2005жылы мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 124 мыңды құраса, 2011жылы 149 мыңнан асады,олардың ішінде 29 212-сі немесе 19,5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар, олардың 41,4% арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің қарқынды қызметінің нәтижесінде 2012 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтау бойынша 151 216 бала белгілі болды» деген мәліметті алға тартады. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбір болған қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда мүмкіндігі шектеулі ересектердің өз құқықтарын іске асыруға байланысты мүгедектік мәселелер жиі туындап жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы мәселелер санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың азаматтық ар-ожданын кемітіп, оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әртүрлі кемсітуші көрністер болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз, нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалуы салдарынан үлгірмеушілер қатарына жатады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі- мектептегі инклюзивті білім беруді жетілдіру. Осыған сай баламен және оның ата-аналарымен бірлестік, білім алу орталарын ұйымдастыруда психологиялық жайлылыққа жағдай жасау инклюзивтік оқытудың ең басты шарты. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде орта мектеп мұғалімдерінің 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007жылы 49пайызы ғана қолдамаған. Яғни мұғалімдердің басым көпшілігі бұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивті білім берудің дамып жатқаның көрсетеді. Бірақ, шешімін таппаған мәселелер әлі де жеткілікті. Орта білім беретін мектептерге мұғалімдерді даярлау, мектептердің мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдау мәселелері шешілуі қажет. Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім мазмұны дидактикалық талаптардан белгілі бостандық алулары яғни, оқыту дифференционалды, балаларға түсінікті, психологиялық-педагогикалық құралдар қолданылған және баланың жеке дамуының әлуметтік мәдениетін дамытатын болуы керек.

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың көретін қиындықтары: оларға жеткілікті түрде көңіл бөлінбеуінен, қарым-қатынастың аздығынан, эмоционалдық еріктік регуляцияның, өзін-өзі бақылаудың жетімсіздігінен, оқуға деген мотивацияның төмен деңгейінен және жалпы танымның салғырттығынан, сол сияқты қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөздің жетімсіздігі тәрізді жекеленген психикалық үрдістердің жетілмегендігінен, қозғалысын жүйелей алмауы түріндегі моториканың бұзылуынан, қозғалуының тежелуінен, төмен жұмыс қабілетінен, қоршаған орта түсінігінің және білім қорының шектеулігінен, оқу-танымдық әрекеттерінің операционалдық компоненттерінің тізілмеуінен туындайды, яғни осындай ақаулықтарды жою мақсатында әлем тәжірибесі бізге инклюзивті білім беруді ұсынуда.

Мүмкіндігі шектеулі балалар құқығының кепілдігі «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан республикасының конституциясы бекітілген.

Инклюзивті оқыту деген не? Және бүгінгі күні білім беру үрдісіне инклюзивті оқытуды енгізу керекпе? деген сұрақтар әлі қарастырылып жатыр.

Мақсаты: жеке тұлғаның әлеметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, оқыту іс-әрекетіндегі негізігі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

1.Сәйкес келетін деңгейіне психофизилогиялық мүмкіндігін дамыту:артикулярлық аппаратын, фонематикалық есту қабілеті, қолының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы, көру-моторлық қозғалыс т.б.

2.Мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік-адамгершілік жағымды мінез-құлық қалыптастыру.

3.Оқуға қызығушылығын дамыту.

4.Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту (оқу белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу т.б.) арқылы оқудағы негізгі қиындықтарды жою. 

5.Жалпы интеллектуалдық жас ерекшелігіне қарай дамыту (салыстыру қарым-қатынас, практикалық топ, ойлау т.б.)

6.Жалпы даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауыртпашылықты түзету.

7.Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуына және біліктілік дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

-психофизиолгиялық мүмкіндігі дамиды.

-оқудағы негізігі қиындықтары жойылады.

-Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез-құлық қалыптасады.

Жобаның өзектілігі: қамқорлықты қажет ететін тұлғаларға қатысты бола отырып, заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды қоғамға бейімдеу болып келеді. Қазақстан Республикасының білім беру саясатының құзырлы міндеті – білім беру сапасын көтеру және халықтың барлығы үшін сапалы білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға үздіксіз білім беру басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұған қазіргі таңда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі баланы барлығымен теңдей білім алуға құқылы болуына кепілдік беретін “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994), 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламалары, ҚР «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық-түзетушілік қолдау» сияқты Заңы т.б дәлел. Осы бағытта тәуелсіздік жылдарының алғашқы күнінен бастап жан – жақты дамуға қадам басқан еліміз өз ішіндегі жаңашылдықтарды басқа дамыған елдермен қарым-қатынас жасау арқылы енгізіп келеді. Әлемдік жаҺандану үрдісі еліміздің экономикасына ғана емес, білім беру жүйесіне де оңтайлы әсерін тигізіп, білім беру жүйесіндегі талаптар мен міндеттерді күшейте түсті. Осыған орай, мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды оқыту мәселесі де ілгері қадам басып келеді. Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды заманауи Қазақстан жағдайында кәсіби тұрғыда қалыптастыру арқылы әлеуметтендіру мәселесі өзекті. Оның қажеттілігі келесі жағдайлармен анықталып отыр. Білім беру күрделі үрдіс ретінде саналады. Білім беру жүйесі білім алушылардың тұлғалық қалыптасуы мен өзін –өзі дамыту үшін нақты жағдайлардың үйлесімділігі болып келеді. Қоғамда күрделі құрылымды қажет ете отырып білім берудің маңызды бір мәселесі олардың ерекше білім беруді қажет ететін білім беруді қажет ететін тұлғалар үшін қолжетімділігі болып саналады.

Жобаның жаңалығы:

Еліміздің іргетасын қалаушы азаматтар бүгінгі өскелең жас ұрпақ екені баршамызға белгілі.Сондықтан олардың денсаулығы,білімі мен тәрбиелілігі әрдайым күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі.Халық даналығы «адам ұрпағымен мың жасайды» деп әрқашан өсіп келе жатқан кішкентай азаматтардың дұрыс дамуына,қатарынан кем қалмай,дұрыс қалыптасуына ерекше мән берген.Ата­­­­- бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне қатысты көзқарасын қастерлеп,оны әрдайым жадында ұстап,игі істердің бастауында қағида ретінде басшылыққа алып отыратын еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев : «Балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқысыз болуға тиіс емес.Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын.Бала тәрбиелеу болашаққа ең үлкен инвестиция.Бұл мәселеге осылай қарап,балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деген болатын.Әсіресе, елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау үшін жауапкершілікті ең алдымен мемлекетіміз алды.Елімізде әлеуметтік институттар құрылып,ерекше қажеттілікке ие адам мен әдеттегі адамды қоғамда тең әлеуметтік дәрежеде қабылдауы мақсатында жұмыстардың жүргізілуі,еліміздің әр аймағында құрылып,жұмыс жүргізіп жатқан балаларды оңалту орталықтарының құрылуы осының айғағы.


Кемшіліктері:

Қазақстандағы білім беру жүйесінде:

- әрбір білім алушыны тұлғалы даму траекториясына, даралап оқыту әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-педагогикалық қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің моделі жасалмаған;

- білім беруге арналған икемді оқу бағдарламалары әзірленбеген;

- жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база жеткіліксіз;

- оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды, балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторларын жою;

- ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды кәсіпалды және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған;

- мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдасты жою;

- көптеген балалардың білім алу қажеттіліктері жеткіліксіз қамтамасыз етілген, нәтижесінде олардың әлеуметті мүмкіндіктері толық жүзеге асырылмаған;

- халықаралық TIMSS, PISA, PIRS зерттеулеріндегі Қазақстандық оқушылардың көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз деңгейде;

- әлеуметтік бейімдеудің жеткіліксіздігінен девиантты мінез-құлықты балалардың саны көбеюде, балалар арасындағы қылмыс, суицид бұзылыстары да азаймай отыр;

- Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады;

- түлектердің функционалды сауаттылығы төмен қалыптасқан, жұмысқа орналаса алмайды, қатер тобына түседі.

Осы проблемаларды болдырмас үшін инклюзивті білім беруді дамытуды ақпаратты қамтамасыз ету:

- қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ балалар ұйымын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті атқарушы органдармен әзірлеуді көздейді ;

- әр білім алушыны компенсаторлы техникалық және көмекші құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары, қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін түзету педагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандыруды техникалық-экономикалық негізін әзірлеуді көздейді.

















Негізгі бөлім


Инклюзивті білім беру ұғымы, саясаты, әдіснамасы және заңнамалық базасы

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.



Латын тілінен аударғанда inclusion «енгізу»(включение) деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған  мемлекеттік саясат.Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың  оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда  жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар.

Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы  психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед  мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында,  типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [1] Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады.

Инклюзивті білім беру  мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді.

Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:

-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;

- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;

- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұт

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!