ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС

Тақырып бойынша 28 материал табылды

ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС

Материал туралы қысқаша түсінік
ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС Ақпараттық кеңес
Материалдың қысқаша нұсқасы

6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп

Болашақ қорының қолдауымен ашылған

ИҚК педагог ассистент маманы



ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ

АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС

 

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.      

В. А. Сухомлинский

Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу.  Ата-аналардың мақсаты педагогтармен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-кеңестерін тыңдап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. Мамандар ата-аналармен тығыз қатынаста жұмыс істеуі керек. Маманның  ұсыныстары ата-анаға өз баласын жақсы түсінуге көмектеседі, онымен өз қарым-қатынасын құруды  үйретеді және оған қоршаған өмірде толық бейімделуіне  көмектеседі.

Көптеген ата-аналар педагог уақыттарын үнемі «ерекше» балаларға жұмсайтындықтан, денсаулығы бар балаларға жеткіліксіз назар аударады деп уайымдайды. Алайда кәдімгі топтарға ерекше қажеттіліктері бар 3-4 баладан артық қосылмайды және педагог денсаулығы бар балаларға қанша уақыт бөлсе, оларға да сондай уақытын бөледі. Мамандар ата-аналарды өз баласымен ынтымақтастықтың психологиялық — педагогикалық технологияларына, оны түзете оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістеріне үйретеді, сондай-ақ оларға психологиялық қолдау көрсетеді.

Ендігі кезекте ерекше балалардың ата-аналарына балабақшаның арнайы психологы тарапынан берілетін келесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы  психологиялық кеңеске құлақ түріңіз:

1.Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
2.Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

Ата-анаға психологиялық  көмек көрсете отырып, өз баласының кемістігін түзету жолында  сауаттандыру  —  қысқа мерзімде жоғары нәтижелерге жетудің негізі.

Балабақшада ата-аналардың белсенділіктерін арттыру, олардың назарын балалармен жүргізілетін түзету жұмысының міндетін іске асыру барысына аудару мақсатында  «Ана, бала және маман» үштік одағын құру қажет деп есептеймін,  Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Үш тілдің патшалығы» тақырыбында іс-шара, «Менің ұшқыр балақайым» тақырыбында дөңгелек үстел,  «Танымдық процестерін дамыту» тренингтері, «Мен дарынды баламын…» атты шығармашылық дарындылар байқауы,  сауалнама сұрақтарына жауап беру сияқты шаралар өткізілді.

Осы шараларды өткізудегі басты мақсат —  ата-аналармен байланысты нығайту, ата-анаға балабақша жұмысының барысымен таныстыру, ата-ананың баласының болашағына сенімін ояту. Ата-аналар жиналыстарының көтеретін мәселелері мынадай болуы мүмкін:

Отбасының баланың тілін дамытудағы көмегі.

Баланың сөздік қорын қалай молайтуға болады?

Баланың танымдық қызметін дамыту.

Баланы қалай тыныштандыруға болады?

Ерекше балаларға ата-аналар тарапынан психикалық зорлық көрсеткені де бала денсаулығына зор ықпалын тигізеді. Мұндай зорлық түріне мыналар жатады:
-балаға үнемі сын көзбен қарау;
-баланы кемсіту;
-баланы қорқыту;
-баланы шектеу;
-баланың мүмкіндіктері мен жасына сай емес талаптар қою;
-үлкендердің сөздерін орындамау.

Осындай психикалық зорлық көрсетпеу туралы ата-аналарға психологиялық кеңес беру арнайы психолог маманының міндеті болып есептеледі.

Тәжірибеге жүктелетін болсақ, егер сөйлеу кемістікті уақытымен түзетіп игертпесе, бала балабақшада қиындыққа кездеседі. Бала үшін жанұя не істеуі керек?  Ең алдымен өз баласына тән қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтап алу керек.  Бұл тиімді емдеу мен реабилитация жолын таңдауға көмектеседі, баланың жанұяда жеке өмірге бейімделу мүмкіндіктерін анықтайды.  Дамуында ерекшеліктері бар балаға ең жақсы реабилитация —  бұл оларды күнделікті өмірге тарту екенін ата-анаға түсіндіретін де ,  ұйым мен отбасының  бірлескен қарым-қатынасын жүзеге асыратын да педагог мамандар, яғни сіз бен біз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.08.2024
619
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі