Ұйымдастыру бөлімі
|
- Оқушылармен
амандасу;
- Сыныпты сабаққа
даярлау;
- Оқушыларды
түгендеу;
- Оқушылар назарын сабаққа аудару.
|
- Оқушылар
амандасады;
- Сыныпты сабаққа
даярлайды;
- Сабаққа түгел
қатысады;
- Оқушылар назарын сабаққа аударады.
|
- Оқушыларды сыпайы,
мәдениетті амандасуға, сөйлеу мәдениетіне, ұқыптылыққа
үйрету.
|
Негізгі бөлім:
|
Мұғалімнің сөзі:
«Салеметсіз бе?!, оқушылар, бүгінгі сабақта сізді масса ұғымымен
таныстырам».
Қоршаған
ортада кез-келген нәрсенің өзінің массасы болады. Оның өлшем
бірлігін білесіңдер: «кг-килограмм немесе г-грамм». Шартты белгісі:
«m» - латын әрпі. Массаны өлшейтін құрал – «таразы». Сабақта
көрсететіні – екі жақты таразы. Жалпы осы таразыны көрсетіп,
таныстырам.
Содан кейін оқушыларға сұрақ
қоям:«10 кг секер ауыр ма?, әлде 10 кг темір ауыр ма?».
Егерде сұраққа жауабын
таппаса, тақтаға мысал келтірем:
«100г+50г=150г, 120г+200г=320г, 40г+93г=133г...» және т.б.
келтіре беруге болады. Бірақ 3-4 мысалдан артық кетпеу
керек.
Оқушыларға таразымен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетем.
Оқушыларды үш топқа бөлем, әрбір топқа бір таразыдан берем. Содан
кейін жеке-жеке оқушыларға бір-бір алмадан үлестіріп берем. Оның
салмағын өлшегізем, дәптеріне жазғызам. Күнбағыс дәндерін, гречка
салафанға салып, әрбір топқа, бөлек-бөлек беріп, салмақтарын
өлшегізем.
Сабақты қорытындылауға
жеткенде әрбір оқушылардың алмаларын пышақпен үш бөлікке бөліп
беріп, бөліктерін дәптерлеріне: m1,m2,m3 етіп жазғызам. Осы үш
бөліктерді бір-біріне қосқызып, басындағы өлшеген алманың
салмағымен салыстырғызам.
Соңына қарай, басында қойған сұрақты қайтып
қоям.
|
Алдымен мұғалімнің айтқанын
тегіс мұқият тыңдап назар аудару.
Тақырып аясында пікір
алмасу, ойын жетік жеткізу.
Оқытушы
қойған сұрақтарға жауап беру;
Берілген тапсырмаларды
орындау;
Оқытушы қойған сұраққа жауабын табу.
|
Оқушылардың ой- өрісін
кеңейтеді, оларды жауапкершілікке, өз беттерінше бір- бірін тыңдап
жұмыстануға баулиды.
Масса
ұғымымен танысады, және денелердің салмақтарын өлшеуге
үйренеді;
Оқытушы қойған сұрақтың
жауабына: «секер мен темірдің салмақтары өзара тең» деп жауап
береді.
|
Қорытынды:
|
- Оқушылармен бүгінгі
сабақты қорытындылайм;
- Белсенді қатысқан
оқушыларды мадақтайм;
- Оқушылармен қоштасам.
|
-
Оқушылар сабақта түсінгенін айтып беру;
- Оқытушымен
қоштасу.
|
-
Оқушылар сабақта түсінгендерін айтып береді;
- Оқушылардың ұтымды ой айта
білуін, өз беттерінше шешім қабылдай білуі туралы ой қорытуын
қадағалау.
|